Тарих, археология және этнология факультеті


Этникалық иденттіліктің қалыптасу негіздері



Pdf көрінісі
бет49/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78
Учебник Теор. этнология

 
Этникалық иденттіліктің қалыптасу негіздері. Жоғарыда айтып 
өткендей этнос, адамдардың еркі бойынша емес, тарихи үдерістердің 
барысында қалыптасатындығын білеміз. Бұл жерде этносты құрушы үдерістер 
ішкі этникалық, этникааралық және этникалықтан тыс сипат алу мүмкіндігі 
бар, әртүрлі ықпалдастық әсерінен дамиды. Осыған байланысты этнос күрделі 
құрылым, олардың әрқайсысы өздері сияқты бір құрылыммен ортақ қасиетке ие 
болу мен қатар өзіндік ерекшеліктерге де ие бола отырып, көбіне басқа 
этностардан ерекшеленеді.
Бұл 
аспектіде 
этникалық 
иденттілік, 
иденттіліктің 
қалыптасу 
маңыздылығына ие болады. Этнологияда этникалық иденттіліктің пайда 


болуының үш типін ажыратады: туғызушы механизм, қауымдастық белгілері, 
иденттілікті жүзеге асыру құралы (жағдайы).
Этникалық иденттілік механизмін туғызушы механизм әлемдегі және 
елдегі халықтардың әлеуметтік мәртебесі болып саналады. Бұрын не қазіргі 
кезеңдегі жоғары әлеуметтік мәртебе басқа халықтарға үстемдік жасауға 
ұмтылатын, не басымдық жасауға итермелейтін ұлттық артықшылықты 
тудырады. Әлеуметтік мәртебесі төмен қауым ұлттық олқылыққа ие, өзінің 
халқын төмен санайды, сондықтан өзінің ұлттық тегінен бас тартуға әзір 
тұрады. Этникалық иденттілікті қалыптастыратын механизм оның негізгі 
мазмұнын анықтайды, сондай ақ басқа халықтарды өзінің жалғасы, әлемдік 
этникалық картада өзінің халқы да кеңейеді, деген қатынасты қалыптастырады.
Этникалық идентификацияда қауымдастық белгілерге ұлттық мінез-
құлықты қалыптастыратын этникалық адамгершілік жиынтығы болып болып 
табылады. 
Ұлттық 
мінез-құлық 
белгілеріне, 
белсенділік-инерттілік, 
жауапкершілік-жауапсыздық, абырой – басымдық не өзін төмен санау сезімі
сенімділік- сенімсіздік (күдікшілдікке бейім), ұстамдылық- ысырапшылдық, 
төзімділік –төзімсіздік, адалдық – арамдық (өтірік, екіжүзділік), ашық жүректік 
– қулық, батылдық- қорқақтық, т.б. Ақиқатында әрбір халық осы қасиеттерді 
таратушы бола отырып, басқа халықтардың ортасында өзінің орнын алады.
Этникалық иденттілікті жүзеге асыру құралы мен жағдайында ең 
алдымен ұлттық тіл және жалпы территорияда өмір сүруді бөліп алу керек. 
Ұлттық тілдің арқасында этностың бірлігі қамтамасыз етіледі. Бір жердетұтас 
тұру да этностың бірлігіне жағдай жасайды. Бірақ жаңа ақпараттық және 
транспорттық байланыстар жағдайында тұтастық белгілер мен шашыраңқылық 
салыстырмалы болып қалады.
Этникалық 
иденттілікті 
зерттеу 
проблемасында 
этнологтардың 
пайымдауынша, этностың мәнін айқындауда қосымша болып саналатын 
этнодифференциялық белгілердің маңызы жоғары.
Этнодифференциялық белгілер жиынтығының ішінде ең алдымен 
адамдардың физикалық белгілер, сондай ақ нәсілдік белгілер жиынтығын бөліп 
алу керек. Адамды бағалау оның сыртқы түрінен, оның ішінде де нәсілдік 
тегінен бастау керек. Жалпы әлем халықтары көбіне біртекті нәсілдік құрамға 
ие, дегенмен де антропологиялық типтері ажыратылуы мүмкін. Мәселен, 
Германияда Баварияның оңтүстік бөлігіндегі тұрғындар солтүстікке қарағанда 
– қаралау, бет сүйегі кең, бойы биік емес. Ростовтық ресейліктер көбіне қара 
шашты, қаракөзді, көк көзді, сары шашты солтүстік батыс облыстардағы 
орыстардан көп ерекшеленеді. Елдің солтүстік батысындағы қытайлықтан 
Оңтүстік Қытай теңіз жағалауындағы қытайлықтан айырмашылығы көп.
Сонымен, шындығында нәсілдік белгілер мәнді этнодифференциалдық 
рол атқармайды. Оның үстіне қазіргі кезеңде нәсілдік белгілеріне қарай 
ажырататын, нәсілдердің араласуы тереңдеп кетті. Оның үстіне этнологияда 
бір үлкен нәсілге жататын араласқан халық-этностардың арасына қойылған 
нақты антропологиялық шекара жоқ. Мәселен, кейбір этностар әртүрлі нәсіл 
өкілдерін (кубалықтар, мексикандықтар, бразилиялықтар) құрайды.


Этникалық белгілерге қарай ажыртудың бірі мәдениет ерекшелігі болып 
саналады. Осы мәдениет саласында этностың барлық айрықша белгілері 
топталған. Этностың тілі, діні, өнері, әдет-ғұрпы, мінез-құлық нормасына 
қарай бір этносты екіншіден ажыратамыз. Оның ішінде мәдениет 
компоненттерінің этнодифференциялық белгілерінде маңызды рол тілмен 
байланысты. Бірақ ол барлық уақыттар бір тілдің бір этносқа жататындығын 
көрсете бермейді. Мәселен бір тілде (ағылшын, испан, португал, орыс және т.б.) 
бірнеше этнос сөйлеуі мүмкін. Сондай ақ басқа бір жағдайда, мәселен, бүгінгі 
ирландықтардың көпшілігі ағылшын тілінде сөйлейді де, аз ғана тобы ғана 300-
400 мың жыл бұрын сөйлеген ирландықтардың тілінде.
Этностың қалыптасуының ерте кезеңінде шешуші факторлардың бірі 
конфессионализм (діни) болды, соның ықпалымен де көптеген этникааралық 
қауымдастық қалыптасты. Бүгінде бұл белгі негізгі әлемдік дін ретінде өмір 
сүруде. Этникааралық конфессионалдық қауымдастық әдемнің көптеген 
халықтарын қамтиды. Бірақ әлемдік діндер адамның этникалық тегінің 
көрсеткіші саналмайды. Себебі, әлемде діннен гөрі этностар көп. Соған 
қарамастан бұл белгі этникалық дифференциация үшін маңызды белгі болып 
саналады. Мәселен, бұрын бір халық саналған сербтер мен хорваттар
конфессионалдық – мұсылмандық және христиан белгілеріне қарай дербес 
этностарға бөлінді.
Этникалық дифференцияда мәдени-шаруашылық белгі маңызды рол 
атқарады. Бұл жерде этносты бөлу шаруашылық түріне (аңшылық, терімшілік, 
балық аулау, егіншілік, т.б.), тұрмыс салты бойынша (отырықшы, жартылай 
көшпелі, көшпелі), еңбек құралдары түрі, киімдері мен басқа да материалдық 
мәдениет элементтеріне қарай бөледі.
Сонымен бірге этнодифференциалдық белгілердің маңыздыларының бірі 
әдет ғұрып, салт дәстүрлер. Оның ішінде отбасылық тұрмыс, отбасын құруға 
байланысты әдет ғұрып, салт дәстүрлер. Моногамиялық некемен қатар 
көптеген кейбір халықтарда полигамиялы неке, сондай ақ полиандрия некелік 
отбасылар сақталған.
Сонымен, қазіргі этнологияда этникалық иденттілік мәселесін шешетін, 
этнодифференция белгілерінің бірдей, жалпыға ортақ қабылдаған жүйесі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет