Тарих, археология және этнология факультеті


Этникалық стереотип және этникалық образ



Pdf көрінісі
бет54/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78
Учебник Теор. этнология

Этникалық стереотип және этникалық образ. Стереотип түсінігі 
әлеуметтік норма түсінігіне өте жақын. Ол –адамның мінез құлқы және 
әрекетінің (жақсы-жаман) тарихи қалыптасқан бағасы. Бірақ нормадан мінез 
құлық стереотипінің айырмашылығы стандартталған.
Мінез құлық стереотипі форманы ғана емес, сондай ақ әрекеттің 
мазмұнына да ықпал етеді. Стереотиптік мінез құлық мотивацияға зәру емес. 
Онда ол ата-бабасының заңына сәйкес ақ әрекет етуі мүмкін. Бір жағынан етіп 
стереотип ролін артық бағалауға да болмайды, мінез құлық моделі мен реалды 
мінез құлық әр түрлі. Стереотип нақты дәстүр, әдет-ғұрып, этикет, еңбек, ойын, 
демалыста, мерекелерде, тәрбие тәсілінде, күтуде, т.б. жүзеге асатын мінез 
құлық бағдарламасының ролін орындайды. Стереотип идеалы мен оның нақты 
жүзеге асуы сәйкес болу керек, бірақ іс жүзінде олардың арасында алшақтық 
бар, оның үстіне әрбір қоғам әр сферада мінез құлықтың бұзылуына төзімділік, 
қатал қараушылықпен өздерінің стандарттарын жасап қойған.
Барлық этникалық стереотиптің көптүрлілігіне байланысты этнология 
қабылдау стереотипінің тобын бөліп алады. Этникалық стереотип көмегімен 
әртүрлі халықтар жөніндегі түсініктер қалыптасады. Этникалық стереотип 
мазмұны үш топ факторларымен анықталады: 1) ерекше стереотиптенген топ, 
сондай ақ қоғамдық тарихи даму барысында әдеттегі мәдениет пен құндылық 
санада бекітілген; 2) саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайда этникалық 
топтардың дамуы және сол кезеңде қалыптасқан араларындағы өзара қарым-
қатынас ерекшелігі; 3) басқа этностармен ұзақ және терең тарихи байланысы.
Этникалық образ бен мінез құлықтың стереотипі этностың тұрмыс 
салтының барлық саласында ашық не жасырын түрде өмір сүреді және әрбір 
нақты кезеңде басқа этноспен қатар өмір сүрудің жалғыз тәсілі деп 
қабылданады. Мінез құлықтың этникалық стереотип құрылымы әлеуметтік 
қауымдастықтағы әлеуметтік байланыстардың әртүрлі типі мен нақты 
қатынастар жүйесі ретінде көрініс табады. Этностың өмір сүруінің өзгеруі 
мінез құлық нормасының коррекциясымен, әлеуметтік психологиялық және 
этникалық көз қарастырымен байланысты. Этникалық топтың мінез құлқының 
өзгеру фактілері ретінде тарихи, экономикалық саяси, демографиялық, діни 
сондай ақ соңғы кезеңдегі шиеленісіп жатқан экологиялық және техникалық 
факторларды атауға болады.
Белгілі бір әлеуметтік нормаға сәйкестенген мінез құлықтың этникалық 
түріне қарағанда этникалық образ әйтеуір бір типтік қасиеті айқындалып және 


басқа этностар өкілдерінің сезімдік қабылдауына негізделген қысқа сипатталған 
форманы ұсынады. Этникалық образ тұлғаның сыртқы мінез құлқының өзіндік 
белгілеріне назар аударады, сол не басқа этностың жалпы тұтас бейнесін 
(облик) қалыптастырады. Біз «орыс», «неміс», «ағылшын» не «американдық» 
деп атағанда біз онда көп нәрсені ойға аламыз. Мәселен, біз нәсілдік 
ерекшеліктермен байланысты сыртқы олардың өзіндік белгілерін, темперамент, 
белгілі бір діни конфессияға жататындығын біліп тұрамыз.
Этникалық образдың қалыптасуында маңызды орын ұстаным, пейіл 
қасиеттерінің орны ерекше. Этникалық образ өз тарапынан эталон ретінде 
қарастырылады да адам өзінің жеке мінез құлқын негіздейді және реалды 
этникалық прообраздардан белгілі мінез құлық типін күтеді. Кез келген 
этникалық стереотип пен этникалық образ түпнұсқаға ішінара ұқсас және одан 
көбірек ерекшеленеді. Бірақ образ бен стереотиптің ақиқаты аса маңызды емес. 
Маңыздысы, ондай образдар мәдениаралық байланыста өмір сүруде және 
жұмыс істеуде. Біз адамды этникалық образда қабыладуға икемделгенбіз, егер 
ол образдан шығып кетсе, онда біз таң ақаламыз. Сондықтан да этникааралық 
қатынастар тек этникалық образдарға бағытталса,онда қателесеміз. Оның үстіне 
басқа этнос өкілдерімен байланысқа түскенде басқаның көзіне дұрыс көріну 
үшін өз халқыңның этникалық образын жақсы білуің керек, алғашқы қатынаста 
соған қарап қарсы алады.
Әрбір этносқа және әрбір жеке адамға әлеуметтік, этникалық және 
психологиялық сипаттама тән. Ал, оның көрініс әр халықта әр қалай. Міне бұл 
нақты халықтың этникалық образының қалыптасуының обьективті негіздемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет