емес, әртүрлі халықтармен олардың мәдениетінің өзараықпалдастық
проблемасы қызықтырады.
Көптеген этномәдени зерттеулер дәлелдегендей этникалық өзгерістер
халықтар арасындағы күрделі де қарама-қайшылықта өтіп жатқан әртүрлі
мәдени байланыстардың нәтижесі, ал этникааралық өзара қарым қатынастың
мазмұны көбіне процеске қатысушылардың бір-біріне деген түсіністігі,
келісімге келуі, әрбір өзара ықпалдастық танытатын
екі жақтың этникалық
мәдениеті айқындалады. Этнологияда этностардың өзара қарым-қатынасы
«этникаралық коммуникация» деген атау алды. Ол екі не одан да көп
этникалық қауымдардың әртүрлі формада жүзеге асыратын мәдени іс
әрекетінің материалдық және рухани жемісі.
Жақындасудың (контакт) 4 варианты бар. 1. толығу - этнос басқа
мәдениетпен кездесе отырып, оның кейбір жетістіктерін қабылдайды
(Индиялық Америка Европаға бірнеше өсімдіктермен дағдыны берді). 2.
күрделену- дамыған мәдениеттің ықпалымен
этнос мәдениетінің сапалы
өзгерісі. 3. кему- дамыған мәдениетпен кездесу өзіндік дағдыланған
мәдениеттен айырылу. 4. кедейлену (эрозия)- мәдениеттің өзгерісі (мысалы: айн
мәдениетінің жапон мәдениетінің ықпалымен біртіндеп жоғалуы.)
Этностың мәдениеті жоғарылаған сайын басқа мәдениетпен танысу
мүмкіндігі жоғары болады. Этникааралық коммуникация екі негізгі типтерге
бөлінеді.
Этникалық ассимиляцияны толығымен этнотрансформациялық үдеріске
жатқызуға болады. Себебі, мұнда әлсіз этносты толығымен не бөлектей күшті
этностың жұтып жіберуі. Бұл үдерісте бір этникалық қауым өзінен артық
этностың әдет ғұрпына, құндылығына, өмір салтына, тіліне біртіндеп бейімделе
бастайды. Көпсанды этнос және оның мәдениеті неғұрлым бай болған сайын ол
ассимиляцияға тез берілмейді.
Этникааралық интеграция этнологияда екі не бірнеше этникалық
топтардың өзара ықпалдастық нәтижесінде пайда болған бірақ әртүрлі
мәдениет өзінің этникалық белгісін, өзіндік
ерекшелігін сақтаған жаңа
мәдениеттің пайда болуы деп түсінеді. Бұл көпұлтты мемлекет аясында өзінің
этникалық сәйкестігін және мәдениет ерекшелігін сақтаған этникааралық және
мегаэтникалық қауымдардың қалыптасуын білдіреді.
Этникааралық коммуникацияда этностың статусы және оның басқа
этностармен қарым қатынасы мынандай факторлармен: саны, оның
миграциялық қозғалғыштығы және өзін өзі өндіру ресурсының қажеттілігі,
өзінің тілі мен мәдениетін дамытумен байланысты. Осы факторлармен
байланысты этнологияда барлық этникалық қауымдарды : аз санды этникалық
топ, түпкілікті және титульды халық деп бөледі.
Титульды халық деп өзінің мемлекеті, соның атын алған этносты айтады.
Титульды халықты тағыда жергілікті халық деп те атайды бірақ бұл атау нақты
емес. Халықаралық практикада жергілікті халық деп тайпалық өмір салтындағы
аборигендерді атайды.
Қазіргі әлемдегі этникааралық өзара қарым-қатынаста аз санды
халықтарға ерекше назар аудару қажет. Аз санды этникалық топ деп басқа
мемлекеттің территориясында өмір сүруші және өзіндік дәстүрлі мәдениет
белгілерімен этникалық болмысын сақтаған, өзінің ерекшелігін түйсінетін және
өзін дербес этникалық қауымға жатқызатын этникалық топты атаймыз.
Сондықтан да этникалық аз
санды халықтар біріншіден, титулды халыққа
қарағанда саны аз, екіншіден басымдық алмайды, үшіншіден өзіндік
этномәдени ерекшелігін сақтауға тырысады. Этникалық аз санды халыққа басқа
территорияда өмір сүретін титульды халықтың бөлігі (этникалық диаспора),
өзінің этникалық бірегейлігін сақтаған, көп елдерге тараған,
бірақ мемлекеті
жоқ, сондай ақ жергілікті халық бірақ келгінді халықтан сан жағынан аз санды
топтар (курдтар мен сығандар); ішкі отарланушы халықтар, жергілікті халық
бірақ келгінді халықтан саны аз топ. Титульды этнос, жергілікті халықтар мен
этникалық аз санды халықтардың өзара қарым-қатынасы аралығы әртүрлі сипат
алады, сондай ақ саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи мақсат мен
мүддесімен анықталады. Бұл қатынастың типі мен сипатын анықтайтын
критерий этникалық топтардың өзін-өзі тану (халықтың
өз тағдырын өзі тану
құқығы) құқығын жүзеге асыру деңгейі болып саналады. Өзін-өзі тану
құқығын барлық халық пен үкімет мойындау керек, бірақ әлі күнге дейін бұл
құқықты жүзеге асырудың механизмі мен критерийі жоқ. Сондықтан да іс
жүзінде этникааралық қарым-қатынастың мынандай формалары: геноцид,
апартейд, сегрегация, дискриминация түрлері болуы мүмкін.
Геноцид деп, этникааралық қарым-қатынастың түрі ретінде басымдыққа
ие этникалық қауымның өзімен қарым-қатынасқа түсетін басқа бір этносты
түгелдей не жартылай, бөтен нәсілділерді не діни топтарды жойып жіберуін
атайды. Бұл жерде
жойылатын топтың нәсілшілдік, этникалық немесе
психологиялық жағынан толыққанды емес екендігі жөніндегі тезис алға
тартылады. Геноцид - этникалық аз санды қауымның өкілдерін бұқаралық
сипат алатын қуғындауға ұшыратады не түгелдей құртып жібереді. Сондай ақ
олардың толығымен не бөлек-бөлегімен құрып кетуін тездететін жағдай
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: