Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет57/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
Учебник Теор. этнология

Этномәдени 
өзара 
ықпал 
теориясы. 
Аккультурация 
және 
мобилизацияның мәдени бағытты, ішкі отаршылдық пен интеграцияның 
құрылымдық концепциясы. Р. Редфилд, Р. Линтон, М. Херсковиц. Қазіргі 
кезеңдегі этникалық процестер. Қазіргі кездегі әлемнің этникалық картасының 
жағдайы және оның дамуының анықтаушы факторлары.
Қазіргі барлық 
өзара 
ықпалдастық 
теориясы дәстүрлі 
және 
модернизацияланған екі қоғамның арасындағы шиеленісуден туындайды және 
екі бағытқа: дәстүрлі этникалық қауымның рухани мәдениет саласында 
модернизацияланған қауымға қарама қайшылықты негіздеуімен жүреді. 
Екіншісі экономика және әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласында бұл 
қауымдардың шиеленісуін зерттейтін құрылымдық бағыт. Мәдени бағыттар 
аккультурация және мобилизация концепцияларын, құрылымдық – бірігу 
(интегрированность) 
және 
ішкі 
отарлау 
концецияларын 
тудырды.
Аккультурация концепциясын ХХ ғ. 30 жылдары Р. Редфильд, Р. Линтон, М. 
Херсковиц жасады. Аккультурация осы күнге дейін этнологияда маңызды 
орын алады. Аккультурация деп бір этникалық топ мәдени қатынаста 


ерекшеленетін басқа топпен тікелей және үздіксіз байланысқа түсе отырып, 
өзінің алғашқы мәдени моделін жоғалтқан топ деп түсінеді. Кейде 
аккультурация өзара ықпалдасатын екі топтың да мәдени элементтерін таңдап 
алып өздеріне сіңдіреді. Сонымен перифериялы және үстем қауымдардың 
арасында кең көлемдегі өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету үшін бұл 
этникалық топтардың интеграциялануы біртіндеп уақыттың ықпалымен жүзеге 
асады. 
Мобилизация концепциясы көпұлтты мемлекет ішінде этникааралық 
өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырады, саясаттың мақсаты оларды 
бекіту. Бұл концепциялардың үлкен маңызы сонда, этникалық консолидация 
үдерісін қамтамасыз ететін жалпыұлттық мәдениет үдерісінің тиімді құралы. 
Мобилизация концепциясын жақтаушылар этникалық қауымдар арасындағы 
тұрақты мәдени өзараықпалдастық ұлттық интеграцияға толық жеткізе 
алмайды, деп түсіндіреді. Сондықтан да көпұлтты мемлекет биліктің барлық 
аппараты құралы арқылы халықтың инертті, дәстүрлі томаға тұйық тобын 
мәдениеті жоғары топқа мойынсындыру керек дейді. Ол үшін мемлекеттік 
символдармен құндылықтарға әсіресе бұқаралық коммуникацияға жүгіну 
керек. Концепцияның кейбір бөлігі саясат, экономика мәдениетті басқаруда 
этникааралық элитаның бірге қатысуын мақұлдайды.
Интеграцияланған, концепция этникалық үдерістер ағысын әсіресе 
мақсатты аккультурация үшін, мәдени бейімділікке барлық жағдайы бар 
дамыған елдерде бір мәдени фактормен түсіндіруге болмайтын жерде пайда 
болады. Дәстүрлілікті жақтаған перифериялық этникалық қауым ұлттық 
әлеуметтік экономикалық құрылымға нашар интеграцияланады және дәстүрлі 
мәдени символдарды жаңғырту деген идеяны бүркемеленіп ұлтаралық 
қайшылықты тудырады
.
Кейде қазіргі жағдайда перифериялы аудандарды бір экономикалық 
жүйеге 
ендіре 
алмайсың, 
этникалық 
топтар 
мекендейтін 
жаңа 
дискриминацияланған аудандар пайда болуы мүмкін, сондықтан этникалық 
топтардың жақындасуымен этникааралық қатынастар шиеленіседі. Қазіргі 
интеграциялық үдерістер және онымен байланысты аймақ бойынша еңбекті 
бөлу орталыққа бірігуге ынталандырады.
Құрылымдық интеграция концепциясы кейбір этникалық үдерістер мен 
жағдайға қолдануы мүмкін, бірақ оларды универсалды деп санауға болмайды. 
Этнос әлеуметтік-экономикалық жүйеге интеграциялануы мүмкін, бірақ 
сеператистік қозғалыстарға (Англиядағы шотландықтар мен уэльстер, 
Франциядағы корсикандықтар мен бретондықтар).
Ішкі отарлау концепциясы қазіргі әлемнің тағы бір қыры деуге болады. 
Егер интеграциялану концепциясы дамыған индустриалды елдерге тән болса, 
дамушы елдерде этникааралық үдерістер ішкі отарлау концепциясымен 
түсіндіріледі. Мәдени отарлау механизмін алып қарайтын болсақ, онда басқа 
мәдениет өкілдері әр түрлі себептерге байланысты (мәселен, саны, техникалық 
не әскери басымдығы және т.б.) бөгде территорияда қалады да өздеріне тән 
мәдени құндылықтарды, мінез-құлық моделі мен нормаларды сол 
территориядағы жергіілкті халыққа белсенді түрде таңады. Бұл жердегі 


«отарлау» термині не саяси не бағалау сипат алмайды, мұнда тек әртүрлі 
этномәдени жүйелер арасындағы өзара ықпалдастықты сипаттау үшін 
айтылады. «Отарлық ахуал» экономикалық дамуы төмен деңгейдегі жергілікті 
халықтарды нәсілі үстем не мәдениеті жоғары топтың үстемдігін айтады.
Қарастырылған концепциялар этникалық байланыстарға толық жауап бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет