Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет60/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78
Учебник Теор. этнология

Этникалық 
жанжалдардың 
классификациясы. 
Этникалық 
жанжалдардың бірнеше түрлері бар. Оны В.А. Тишков өзінің еңбегінде талдау 
жүргізілген. Жанжалдың формасы бойынша оларды латентті (жасырын) және 
актуализированные (ашық) түрлері бар. Латентті жанжалдар онжылдап, тіпті 
одан көп те өмір сүруі мүмкін, ол ашық түрге тек бір жағдайларда болуы 
мүмкін. Әдеттегідей, латентті адамдардың өмір салтына залал келтірмейді, осы 
кезеңде жанжалды шешу оңтайлы.
Этникааралық жанжалдарды жанжалданушылардың әрекеті сипаты 
бойынша да жүйелеуге болады. Күш көрсету жанжалдарында: аймақтық соғыс, 
ауыр қаруды қолданған әскерлердің қатысуымен бірнеше күнге созылған аз 
мерзімді қарулы қақтығыстар шығынның болуымен қатар жүреді, т.с.с.
Жанжалдың формасы мен көрінісіне қарай қарусыз түрі де болады. Бұл 
жанжалдаушылардың мүддесін жүзеге асыратын конституцияға, заңға 
қарсылық. Мұның басқа түрі митинг, демонстрация, аштық, азаматтық 
акциялар. Көрсетілген түрлердің әрқайсысы өздерінің әрекет ету формасымен 
ерекшеленеді. Институттық формада негізгі әрекет етуші өздерінің талаптарын 
билік институттары арқылы билік құрылымы, саяси партиялар мен бірлесулер, 
қоғамдық қозғалыстар арқылы жүзеге асырады.
Жанжалдың манифестік формасында бұқара халықтың біраз бөлігі 
субьект ретінде көтеріледі, сондықтан бұл формадағы жанжалды «бұқаралық 
әрекет жанжалы», деп атайды. Егер қарулы емес жанжалдардың барлығы 
этникалық топтарда психологиялық ширығуға, қоныс аударуға әкелсе, қарулы 
қақтығыстар шығынға адам шығынына дейін, босқындар ағысына, қоныс 
аударуға мәжбүр ететін күштеп депортациялаумен қатар жүреді. 
Жанжалдың классификациясының басқа типі- жанжалданушы жақтардың 
ұсынған негізгі мақсаттарымен байланысты. Бұл жағдайда федералдық жүйеде 
этникалық қауымдастықтың өзінің жағдайын жақсартуға ұмтылуынан пайда 
болатын статустық этникалық жанжал бөлінеді. Бұл жанжал өзінің мәні 
бойынша этникалық топтың мемлекеттің конфедеративтік формасы үшін 
күресуі. Мұндай жанжалдар мемлекеттік құрылым жүйесін өзгерту есебінен 
компромисске жету, яғни билік өкілеттілігін қайта бөлу арқылы 
трансформацияланған түрдегі полиэтникалық қоғамның бастапқы формасын 
сақтай отырып, орталық өкіметтен этнотерриториалдық автономияны 
басқаруға келу.
Этникалық жанжалдың этнотерриториалдық типі этникалық топтардың 
сол территорияда өмір сүру, оны игеру басқаруға деген ұмтылысынан 
туындаған. Бұл жерде басқа этностың даулы территорияда өмір сүруіне қарсы 
болу. Қазіргі этнотерриториалдық жанжалдар типі әдеттегідей этникалық 
репрессиялар салдары және реабилитациялық үдерістер нәтижесінде пайда 
болған. Этнотерриториалдық жанжалдардың басқа типтері территориалдық 
автономияны қалпына келтіру барысында (Поволжья немістері, қырым 


татарлары) немесе этностардың (гректер, кәрістер) құқықтық, әлеуметтік
мәдени реабилитациясы нәтижесінде пайда болады.
Жанжалдың тағы бір тобына кейбір этностардың көрші «ата мекені» не 
«туысқан» мемлекетпен қосылуға ұмтылуы (косово албандары) Бірақ мұндай 
жанжалдарды шешу өте қиын, оны тек күшпен ғана басуға болады. Бұл 
жанжалдарды билікті және қоғамның бастапқы құрылымын сақтай отырып 
экономикалық ресурстарын қайта бөлу арқылы ғана келісге келуге болады.
Мәдени-тілдік жанжалдар этникалық аз санды халықтардың жеке және 
қоғамдық өмірінде өзінің тілін, мәдениетін сақтап қалуға не оны қайта 
жандандыруға деген ұмтылысынан, талап тілегінен туындайды.
Өзінің жанжалдар типологиясына байланысты жіктеуін белгілі ғалым Д. 
Горовиц ұсынды. Ол экономикалық дамудың салыстырмалы арақатынасы 
ерекшелігіне және сеператистік аймақтар мен этникалық топтардың әлеуметтік 
модернизациясына негізделген. Осы тұрғыдан алғанда жанжалдың төрт 
варианты болады: 1) артта қалған ел аймағының артта қалған тобының
сеператизмі; 2) дамыған ел аймағындағы артта қалған этникалық топ 
сператизмі; 3) артта қалған аймақтағы дамыған этникалық топ сеператизмі; 4) 
елдің дамыған аймағындағы дамыған этникалық топ сеператизмі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет