түрлі аймақтарындағы араласу - халықтардың
әлеуметтік өмір жағдайы ролі,
тұрмыс салтына қарай нәсілдік өзгерістерге түсуін зерттейді.
Қазіргі нәсілтану морфология және физиология, генетика мен
молекулярлы биология мәліметтеріне сүйене отырып, нәсілдерді жіктеу
проблемаларына, пайда болуы, олардың жер бетінде орналасуы, нақты тарихи
адамзат популяциясымен байланысты даму
және өзара ықпалдастықты
қарастырады. Нәсілдік айырмашылықтар топтық сипатта болады, нәсілдік
айырмашылықтарға көз жеткізу үшін жекелей адамдарды емес,
адамзат
ұжымын салыстыру керек. Нәсілдік ерекшеліктер тұқым қуалап, бірнеше
ұрпақтар бойы атадан балаға беріліп отырады. Сондықтан да мұндай
ерекшеліктерді зерттеу үшін
тұқым қаулаушылық-генетиканы, ең алдымен
адам генетикасын, немесе антропогенетиканы зерттеу керек. Әр түрлі
адамдардың физикалық белгілерімен,
көптеген тұқым қуалаушылық
ұқсастықтары олардың шығу тегінің бір екендігін немесе генетикалық
туысқандығын дәлелдейді.
Нәсілтану нәсілдің шығу тегі үдерісімен байланысты этностың пайда
болу проблемасымен айналысатындықтан этнография мен антропологияның
түйісіндегі ғылым болып саналады.
Сеператизм (француз сөзі, латынша separates – жеке, бөлек)
- сол не
басқа мемлекеттен бөліну қозғалысы және жаңа мемлекеттік құрылым құру не
ұлттық, тілдік не діни принциптері бойынша елдің бір бөлігінен автономия
алуды көксеуін айтамыз. Сеператизм ұлттық мемлекеттер құрылу үдерісінде,
ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуында, отарлық жүйенің күйреуі кезеңдерінде
кең таралды.Ұл-азаттық қозғалыстардан сеператизмнің айырмашылығы ол
халықтардың
мүддесін
қорғауды,
қоғамдық
даму
қажеттіліктерін
қанағаттандыруды міндет етпейді, ол халықтың аз қабатының оның ішінде де
көбіне аймақтық элитаның пайдасын қолдайды. Сонымен қатар ол бөлінуге,
оңашалануға, көп ұлтты мемлекеттерде аз санды
ұлттардың дербес әрекетке
дербес мемлекет не автономия құруға ұмтылудан көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: