Этникалық субстрат- жаңа этностың қалыптасуы үшін бастапқы
материал болуға (жаңа этностың бастапқы сатысын қалайтын халықтар тобы)
қызмет ететін этностар жиынтығы. Адамдар, ұрпақтары бір бірінен алыс алыс
әртүрлі этностар құрамына кірген, пассионарлық итеріс нәтижесінде жаңа
этникалық тұтастықты құрған, өмір сүріп отырған барлық басқа этностардан
өзгеше, өзіне тән мінез құлықты қалыптастырған қауымдастықты айтамыз.
Этникалық (этническое) – этносты біріктіруші, ажыратушы қызметін
атқаратын, халықтардың материалдық және рухани мәдениетінің өзіне тән
ерекшелік элементтері. Этникалықтың көрсеткіші тіл, мәдениет, психика ең
алдымен мәдениеттің сондай элементтері үшін дәстүрлілік пен тұрақтылық,
әдет-ғұрып, халық өнері, діні, мінез-құлық нормасы, т.б. тән сипат алған.
Мәдениет компоненттері өз кезегінде мінез-құлық, құндылықты бағалау
ерекшелігі, таңдау, т.б. көрініс табатын психика ерекшелігімен тығыз
байланысты. Себебі, этникалық қасиеттер тіл, мәдениет, психика саласына
қатысты болғандықтан оларды биологиялық емес, оларды кең мағынасында
әлеуметтік құбылыс деп қарастыру керек.
Тарихи-кезеңдік жоспарда этникалық тек тайпа мен халықтарға ғана тән
емес, ұлттық-ерекшелік ретінде көрінетін ұлтқа да қатысты. Ұлттық
ерекшелікте тек тіл, мәдениет, психика ерекшелігі ғана ұлтқа өтпейд
і****
Уния – (латынша unio- бірлік, бірлесу) – одақтас мемлекеттердің
бірлескен түрі. Оны нақты (органикалық) және дербес (жеке) Уния деп
ажыратуға болады. Нақты Уния деп атау - ортақ басшысы, ақша жүйесі бір,
біріккен армия және т.б. бірлесудің нәтижесінде екі (кейде үш) мемлекеттің
бірігуін атаймыз, оның маңызды басқару органы да сыртқы саясатта бір
бағытта жүргізеді. Қосылғаннан пайда болған жаңа мемлекет халықаралық
құқықтың жаңа субьектісі бола алады, ал қосылған мемлекеттер өздерінің
дербестігі мен халықаралық субьектілік құқығын жоғалтады. Қазіргі унияның
бір мысалы қысқа мерзім өмір сүрген сирия-египет униясы. Реалды уния
федерация не унитарлы мемлекет болуы мүмкін.
Дербес (жеке) Уния деп, - бір монарх билігіндегі екі не одан да көп
монархиялық мемлекеттердің бірлесуін атаймыз, мұнда әрбір мемлекет өзінің
билік пен басқару органдарын сақтап қалады. Іс жүзінде дербес уния мемлекет
басшысының ортақтығына негізделген одақтас мемлекет тәріздес. Мұндай
унияның мүшелері дербес халықаралық құқық субьектісі болып қала береді.
Қазіргі тарихта бірақ, дербес уния кездеспейді, ол феодалдық кезеңде таралған
болатын.
|