Тарих, археология және этнология факультеті



Pdf көрінісі
бет69/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78
Учебник Теор. этнология

Ұлтаралық неке - әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы неке. Ұлтаралық 
неке этникалық тегі әртүрлі адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың түрі. 
Этникалық үдерістерде отбасылық қатынастардағы мұндай ұлтаралық неке 
этникалық байланысты күшейтіп, халықтардың жақындасуына ықпал 
етеді.Ұлтаралық неке үлесі әр елде және әр аймақтарда әрқалай. Олар көптеген 
факторлармен: халықтың этноұлттық құрамы, орналасу сипаты (шашырай не 
шоғырланып), мәдениет, дін, дәстүр, тұрмыс салт, халықтың психологиясы, т.б. 
байланысты. Ұлтаралық неке көбіне халқының ұлттық құрамы күрделі 
аймақтарда және қалада кең таралған. 
Этнос (грекше, ethnos – тайпа, халық) – белгілі бір территорияда тарихи 
қалыптасқан, ортақ белгіге ие, тұрақты мәдениет (тілді қоса), психологиялық 
ойлауы, сондай ақ өзінің сана бірлігімен ерекшеленетін және сол тәрізді басқа 
құрылымдардан ажыратылатын (өзіндік сана құрылымымен), өзіндік атауға 
(этноним) ие, орныққан адамдар жиынтығы деп түсіндіріледі. Этностың пайда 
болу факторы мен белгілері бір бірінен ажыратылады. Этностың қалыптасуы 
территория бірлігі мен экономикалық өмір салты негізінде қалыптасады, бірақ 


ары қарай дамудың үдерісінде көптеген этностар өзінің территория ортақтығын 
жоғалтады. Өмір сүріп отырған этносты басқа этностан ажырататын, оның
жүйелі қасиетін білдіретін белгілер: – ол тіл, халық өнері, әдет ғұрып, дәстүр, 
мінез құлық нормасы, т.б. мәдениет компоненттері, ұрпақтан ұрпаққа берілетін 
этникалық мәдениет.
Этноним (грекше, ethos – халық onyma атау) – этнос атауы (халықтың, 
тайпаның, ұлттың). Этноним – этникалық өзіндік сананың маңызды белгісі. 
Этностың пайда болуы халықтың тарихымен тығыз байланысты, этносты 
зерттеу халықтың шығу тегін, оның этникалық байланыстарын ашуға 
көмектеседі. Эндоэтнонимдермен қатар (өзіндік атаулармен), сол берілген 
этностың арасында жүрген басқа халықтар берген экзоэтноним атаулары да 
кездеседі. Мәселен, өзін «дойч» деп атайтын этнос, орысша «немістер», 
французша – «аллеман», т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет