Гетерогендік- құрамы бойынша біркелкіліктің болмауы.
Гомеостаз (этникалық) – этностың қоршаған ортамен тепетеңдік
жағдайы.
Демография – халықтану жөніндегі ғылым, оның даму заңдылықтары,
құрылымы және белгілі территорияларда орналасуын зерттейтін ғылым.
Депортация – халықтың тобын не тұтас халықты этникалық отанынан не
ұзақ жылдар бойы тұрған жерлерінен күштеп қоныс аударту.
Диаспора- өзінің шыққан жерінен, елінен басқа елде өмір сүріп жатқан
халықтың бір бөлегі. Диаспора күштеп қоныс аудару, геноцид қаупі және басқа
да әлеуметтік себептер нәтижесінде пайда болады.
Дискриминация – нәсілдік не ұлттық тегі, жынысы белгілері бойынша
және діни және саяси сенімдеріне қарай азаматтардың белгілі бір
категориясының құқығын шектеу не айыру.
Диффузионизм – этнологиядағы бағыт, кеңістіктегі мәдениет сипаты мен
мәдени элементтердің өзара ықпалдастығын зерттейді.
Европоцентризм – идеологиялық концепция, қазіргі мәдениет пен
өркениеттің дамуында жетекші ролді Европа алады.
Идентификация - белгілі бір этникалық топтардың бір-бірін және
адамдардың өзін-өзі бір топта қабылдауы.
Иммиграция - миграцияның құрамдас бөлігі қандайда бір елге
халықтардың енуін білдіреді.
Интеграция - мәдениаралық байланыстарда түрлі этникалық
топтардың
бір
қоғамға
басқа
негіздерде
бірігуіне
қарамастан
өзіндік мәдениет мазмұнын сақтап қалуы.
Комплиментарлық – тұлғалардың өзара ұнауы (не антипатия болуы)
«өзіміздікі» және «бөтендікі» деп, анықталып бөлінеді.
Конвергенция – қосылу, жақындасу.
Консолидация – ортақ мақсатқа жетудегі күресті күшейту үшін жекелей
тұлғалардың, топтың, ұжымның нығаюы, топтасуы және бекінуі.
Консорция – қысқа мерзімде бір тарихи тағдырмен біріккен адамдар
тобы, аяғында не құлайды не конвиксияға өтеді.
Конструктивизм – этнос пен этникалықты анықтаудың тәсілі, соған
сәйкес этникалық әлеуметтік иденттіліктің кең категориясы, ахуалдық
феномені болып табылады, конструктивизм этникалық категориялар
арасындағы шекара келісімді сипат алатындығын сызып көрсетеді.