Афин құқығының негізгі белгілері. Драконт заңдары,мазмұны, ерекшеліктері. Б.з.д.7 ғ. Драконт заңдары шектен шыққан қаталдығымен ерекшелендіреді.Жеміс жидек ұрлаған адам мен әкесін өлтірген адамға да өлім жазасы қолданылды, қанды кек алу шектелініп, құн төлеу заңдастырылды.Абайсызда кісі өлтірген жағдайда , дене жарақатын келтіргенде қауымнан қуу жазасы қолданылды.Афин азаматтары артықшылыққа ие болды,шетелдіктер –метэктер басқаруға қатыспады, құлдар тірі зат есебінде болды.Ауыр қылмыстар- мемлекеттік опасыздық,құдайсыздық. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: Афины демократиясының ќұќыќтыќ саясаты және заңдары қандай? -
Афинадағы рулыќ ќұрылыстың ыдырауы.
Әдебиеттер: -
Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. А.,2007. 34-38 б.
-
ИГП зарубежных стран под ред.О.А.Жидкова, Н.А.Крашенинниковой
-
Мұхтарова А.К. Шетелдер мемлекеті мен құқығының тарихы. А.
№ 7 дәріс
Тақырып: Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығы.
Дәрістің мазмұны -
Рим мемлекетінің пайда болу және дамының негізгі кезеңдері. Сервий Тулий реформалары.
-
Республикалық Римның қоғамдық саяси құрылысы.
-
Монархиялық басқару формасының орнауы, принципат және доминат.
-
мемлекет органдырының жо,арғы органдары. Rex (патша). Принцепс. Император (доминус). Сенат. Курия, центурия, труба бойынша халық жиналыстары.
-
Жергілікті басқару органдары.
-
Сот құрылымы.
-
Рим империясының бөлінуі.
Қысқаша мазмұны:
Рим республикасының құрылуы. Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге бөлінеді:
1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж.
2. Рим республикалық кезеңі б.з.д. 510 – б.з. 27 ж.ж.
3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж)
Азамат тарихының дамуына өзіндік үлес қосқан елдің бірі-Рим мемлекеті. Рим Италия территориясындағы кішігірім қала мемлекеттен алып империяға дейін өскен мемлекеттік құрылым. Грек қала мемлекеттерінің тарихынан олардың даму сатыларын әр сатыдағы даму заңдылықтарын көргендіктен енді Рим қала-мемлекетінің тарихына, оның билік формаларының мемлекеттік құрлысына, құқықтық жүйесіне әсерін түсінуге тырысайық.
Рим республикасының құрылуы. Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге бөлінеді:
1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж.
2. Рим республикалық кезеңі б.з.д. 510 – б.з. 27 ж.ж.
3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж)
Рим мемлекеті алты төбедегі қоныстардың бейбіт қосылуына (Синойкизм) пайда болған азаматтық қауым бастапқыда Римдегі саяси билік патшаның қолында болды. Патша әскери және діни билікті қолына шоғырландырғандықтан ақсақалдардың билікке ұмтылуын қанағаттандыру үшін ақсақалдар кеңесін құруға мәжбүр болды.
Рим патшаларының бірі –сергии туллии коғамдағы мүліктік жіктелістің күшейгендігін байқағандықтан мүліктік цензді енгізіп, Рим халқын алты класқа бөлді бұл қоғамдағы саяси күштердің ара салмағының өзгеруіне әсер етті. Римнің жетінші патшасы өр көкірек Тарквиниидің жеке басының кемшіліктері ақсақалдар мен патша арасындағы қарама-қайшылықты күшейтіп, патша билігінің құлауына алып келді. Бастапқыда Римде халық жиналыстары трибуттық – рулық жиналыстар болса, кейіннен Сервии Тулии реформасының нәтижесінде центуриаттық-жүздік жиналыстар болды. Центуриаттық жиналыстарда жоғарғы мемлекеттік қызметтерге сайланатын және маңызды саяси - құқықтық мәселелер қаралды. Жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды. Бірақ халық жиналыстарына ұсынылатын мәселелер алдын ала сенатта, сосын ақсақалдар кеңесінде қаралатын.
Патша билігін құлатуға қатысқан ақсүйектердің екі ірі тобының билік үшін күресін болдырмау ушін жыл сайын биліктегілерді сайлау жүйесі енгізіліп, Республикалық билеу формасы, яғни басқарудың барлық сатысына адамдар сайланып қойылатын болды.
Республикалық биліктің қалыптасуына және нығайуына ақсүйектер мен құқығы жағынан шектелген әлеуметтік топ – плебейлердің арасындағы курес те әсер етті. Осы күрестің нәтижесінде XІІ Таблица заңдары қабылданды. XІІ таблица заңдарында плебейлер құқы шектелген топ ретінде көрінсе бірте-бірте елдегі қиын жағдайларды пайдалана отырып плебейлер өздеріне саяси жэне экономикалық құқықтар алды. Плебейлер біртіндеп өздерінің өкілдерін мемлекеттік қызметкер дәрежесәне көтерді. Оларды халық трибундары деп атады. Бастапқыда екі халық трибуны болса,кейіннен олардың саны он-ға дейін жетті. Плебейлер өздерінің жиналысын «плебисит» шақыру құқына қол жеткізді және кейіннен бұл жиналыстың шешімі заң күшіне ие болды. Әлеуметтік топтардың арасындағы шиеленістің дұрыс шешілуі мемлекетік баскару жүйесінің тиімділігін арыттырғандықтан жэне де азаматтардың соғысқа деген ынтасын басып алынған территориядан жер беру арқылы қызықтыра білген. Рим басшылары біртіндер көрші территоряларды басып ала бастады.
Римнің мемлекеттік құрылысының басқаруға тиімділігі оның алып державаға айналуына әсер еткен фатордың бірі.
Сондықтан да Римнің мемлекеттік құрылысына тоқталып өтейік.
Рим республикасының ең жоғарғы билік органдары халық жиналыстары мен сенат болды.
Халық жиналыстарының үш түрі болды:
1. Куриаттық халық жиналыстары – Римдегі ең көне халық жиналысы және ол негізінен рулар бойынша жиналыс болды.
Римде 30 курия болды.
2. Трибуттық жиналыстар-территориялық жиналыс,яғни трип бойынша жиналатын жиналыс болды. Бұл жиналыста консулдар мен преторлардан басқа магистраттарға сайлау өткізілді.
3. Центуриаттық жиналыс- әскери-саяси бөлімдер бойынша,яғни халық жасағының тұрақты бөлімдері бойынша шақырылатын жиналыс болды және саяси жағынан ең маңызды орган болды. Центуриаттық жиналысты консул шақыра алатын болды және бұл жиналыста мемлекеттегі ең жоғарғы қызмет адамдары-консулдар мен преторлар сайланды.
Центурияттық және трибуттық жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды.
Ақсақалдар кеңесі - Рим республикасындағы ең маңызды басқару органдарының бірі.Бастапқыда ру ақсақалдарының жиналысы ретінде пайда болды және құрамында 300 рудың өкілі болды.Кеіннен,б.э.д. 1 ғ. Сенат құрамында 600 мүше болды. Сенат құрамына бұрын жоғарғы мемлекеттік қызымет атқарған адамдар кірді. Әр бес жылсайын сенаторлардың тізімін арнайы магистраттар-цензорлар тексеріп,қайта жасалып отырғСенатта мемлекеттік маңызы бар мәселелер мен заң жобалары каралып ,халык жиналысына бекітуге үсынылып отырған. Сенаттың шешімдері сенатуусконсульт деп аталып,магистраттар басшылыққа алатынқұжат ретінде маңызы болғанымен ресми түрде заң күші болмады.
Рим республикасында басқару жұмысын арнайы мемлекеттік қызметкерлер жүргізеді. Оларды магистраттар деп атады. Мемлекеттік қызыметтің екі түрі болады: ординаллық жэне экстраординарлық.
Ординарлық магистраттарға мына қызметтер кіреді:
1. Консулдар. Патша қуылғаннан кейін патшаның функциясын атқару үшін екі консулдың қызметті тағайындалады. Олар бір жылға халық жиналысында сайланып отырды.Б.ә.д 367 ж. консулдар тек патрицилерден сайланса,ал осы жылдан бастап консулдардың бірі плебейлерден сайлана бастады. Консулдың билігін көрсету үшін алдында салтанатты қарауылдар-ликторларжүріп отырады.
2. Цензорлар - Рим республикасында б.ә.д. 434 жылдан бастап сайлана бастаған магистраттардың бірі.Әр бес жылда 1,5 жылға сайланып отырған. Цензорлар азаматтардың санағын жүргізуге,сенаторлардың тізімін қайта қарауға жэне салықтың казынаға түсуін қадағалауға,мемлекеттік табысты жинауды тапсыруга жауапты болған және азаматтардың тәртібіне ,іс- әрекетіне бақылау жасап отырған.
3. Преторлар - жоғарғы магистраттардың бірі,сот ісін жүргізуші.Претор қызыметі б.э.д.366 ж. енгізілді.Б.э.д. 267 ж.
2 претор сайлана бастады. Бірі-қалалық претор деп аталады,ал екіншісі прегриндік претор деп аталады. Қалалық претор азаматтардың арасындағы сот ісін жүргізді,ал прегриндік претор Рим азаматы емес (прегрин) прегрин адамдардың арасындағы сот ісін жүргізді. Сот ісімен қатар претор әскер басшылары болып тағайындалды және провинцияларды басқарды. Претордың алдында 6 адамдық салтанатты қарауыл жүріп отырды.
5. Эдилдер. Рим қаласын көріктендіруге,қоғамдық мейрамдарды өткізуге, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуге,қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты қызыметкер болды.
6. Халық трибундары – тек плебейлерден сайланатын Рим магистраттары. Халық трибундары плебейлерді патрицилерден қорғайтын қызымет ретінде пайда болды және олардың вето құқы болды. Халық трибундарының трибуттық жиналыстарды шақыруға,комицияларға заң жобаларын ұсынуға,магистраттардың шешімін тоқтатуға.сенаттың пікіріне қарсы шығу құқы болды. Халық трибуны қызыметі қасиетті саналды және оған қарсы жасалған қылмыс діни қылмыспен қатар бағаланды.
Римнің әкімшілік жүйесінің бір ерекшелігі - әрбір Рим азаматы мемлекеттік қызыметке сатылап өсті және жасына қарай сайланды. Мысалы, консулдық қызыметке жасы 42 толған және ең төменгі қызыметтен біртіндеп өскен азаматтар ғана сайланған. Рим мемлекеттік қызыметінің тағы бір ерекшелігі – қызыметтердің көпшілігі коллегиалды болды. Мысалы, екі консул,халық трибундары қызыметі және тағы да басқа қызыметтерді бірнеше адамдар атқарғандықтан шешім қабылдау барысында көптеген мәселелер келісіліп шешілді және бірін-бірі тежеп отырды. Рим республикасындағы мемлекеттік басқару ісінің осылай ұйымдастырылуы мемлекетті басқару ісін жеңілдетті және Рим азаматтарының мемлекетті басқару ісіне әсер етіп отыруына жағдай жасады.
Жалпы ежелгі Шығыс елдерінде құқық жүйелері қазіргідей қылмыстық, азаматтық және поцесуалдық құқық деп бөлінуі білген жоқ. Себебі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тым күрделенбеуі тым күрделенбеуі , деспоттық билік адам құқы мәселесін күн тәртібіне қойған жоқ болатын.
Ел енді ежелгі дүниедегі құқығы дамыған ел Рим болды. Рим құқығының дамуына тауар-ақша қатынастары әсер етті. Рим құқығының тарихынан біз жоғарыда аталған институттарды ғана емес, сонымен бірге қылмыстық-құқықтық нормалардың жеке құқықтық нормалардан /азаматтық-құқықтық/, қылмыстық процестің азаматтық процестен бөлшектегенін көреміз. Бұның өзі азаматтардың арасындағы экономикалық қатынастардың күрделеніу сан-салалы құқықтық жүйені туғызып отыр. Осындай күрделі құқықтық жүйені Ежелгі Шығыс елдері білген жоқ. Сондықтан да студент ежелгі Рим құқының ескерткіштерімен танысқанда ежелгі шығыс елдерінің заңдарымен салыстыра қарағаны жөн.
Б.з.д.6 ғ. Сервии Тулии реформасы бойынша адамдар 5 категорияға бөлінді:1.мүлкі 100 мың асс ақшамен бағаланатын адамдар.2. 75 мың асс.3 . 50 мың асс.4. 25 мың асс.5. қалған басқа адамдар.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
-
Рим империясы тұсындағы басқару жүйесінің ерекшелігі қандай?
-
Римдегі халық жиналысының қандапй түрлері болған?
Достарыңызбен бөлісу: |