Тарих және құқық



бет19/26
Дата23.02.2016
өлшемі1.01 Mb.
#9209
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

Әдебиеттер:


  1. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. А.,2007. 40-47 б.

  2. ИГП зарубежных стран под ред.О.А.Жидкова, Н.А.Крашенинниковой

  3. Мұхтарова А.К. Шетелдер мемлекеті мен құқығының тарихы. А.

8 дәріс

Тақырып: Рим құқығының негізі белгілері.

Дәрістің мазмұны


  1. Рим құқығының қайнар көздері.

  2. XII кесте заңдары бойынша қоғамдық қатынастардың реттелуі.

  3. Рим құқығын жүйелеу.

Қысқаша мазмұны: XII таблица заңдары Рим құқығының негізгі қайнар көзі болды.  Белгілі батыс теоретигі  Р. Давид : «тек римдік гендер ғана әлемде жоқ прецеденті бар заң жүйесін құрған» деп айтқан. Қазіргі батыс өркениеті бұл жүйені құқық жүйесінің түп төркіні ретінде қабылдаған.

Олар 12 таблицаға созылып, қаланың басты алаңы – Форумда қойылған еді, сол себепті оларды XII таблица заңдары деп атайды. Бұл заңдарды әрбір азамат білуге міндетті болды.



Қылмыстық құқық. XII таблица. Заңдар таблицасында қылмыстық жазаланатын әрекеттердің шағын ғана тізімі берілген. Ең алдымен қылмыстық әрекет болып мемлекетке және қоғамдық құрылысқа қарсы бағытталған әрекет болып табылады. Жоғарыда айтылғандай көптеген заңбұзушылық әрекеттер қылмыстық деп топтастырылмай, азаматтық-құқықтық деликт ретінде қарастырылған.

12 кесте заңдары б.з.д.5ғ орт. 12 ағаш кестеге жазылып алаңға халықтың көруі үшін қойылды.Ол неке-отбасы,мұра, несие, қылмыстық нормалардан тұрды.Меншік 2 түрге бөлінді: манципацияланатын- тіркеуді, куәландыруды қажет ететін заттар - жер,жұмыс малы, құл, ғимараттар., манципацияланбайтын мүлік- қалған басқа еркін берілетін заттар.

Қылмыстық құқық қатал реттелген.Ұрыны түнгі мезгілде ұстаса өлтіруге құқық берілді.Басқа уақытта ұсталса дүре соғылды.Некенің түрлері- кум ману –күйеу билігіндегі неке, сине ману - әйелінің белгілі бір еркіндігі бар неке.Агнаттық туыстық- бір отбасы мүшелері –күйеуі, әйелі, балалары,т.б. Когнаттық туыстық- қандас туыстық-ата,әке, баласы,,қызы,т.б.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Рим құқығының қайнар көздері,ерекшеліктері.

2. XII кесте заңдары бойынша қоғамдық қатынастардың реттелуі.

Әдебиеттер:


1.      Законы ХІІ таблиц / Текст, пер., всуп. Ст. Л. Л.Кофанова; Отв. ред. В. И. Уколова. М., 1996.

2.    Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В 2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1. Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003.

9 Тақырып: Батыс Европадағы ерте феодалдық мемлекеттер.

Франктардың мемлекеті мен құқығы.

Дәрістің мазмұны: Франктардың ертефеодалдық мемлекетінің қалыптасуы және дамуы.


  1. Франк державасының негізгі даму кезеңдері.

  2. Халықтың негізгі этникалық құрамы.

  3. Мемлекеттің жоғарғы органдары: корольдік билік. Меровингтер мен Каролингтер әулеттері.

  4. Жергілікті басқару органдары. Пактар мен жүздіктер. Графтар мен виконттар. Герцог. Иммунитеттер.

Қысқаша мазмұны:


Франк мемлекетінің пайда болу процесінің өзіндік ерекшеліктері. Галлия - Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі V ғасырда ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Қүлдар, колондар, шаруалар, қаланың кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып, билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар, франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Герман тайпаларының ең күштісі - салистік франктар еді. Олар небәрі жиырма жылдай гана уақытта мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды.

486 жылы Суассон деген жерде франктерден Галлиядағы Римнің соңғы наместнигі Сиагрий жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг руының өкілі, он тоғыз жасар Хлодвиг басқарды. Франктер әскери шабуылдармен өз жерлерін кеңейте берді, бесінші ғасырда бүкіл франк корольдері Меровинг руының тұқымдары болатын. Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери демократияның қалдықтары өте көп сақталған еді. Христиан дініне ену үшін Хлодвиг өзінің әскерінің келісімін он жылдай күтгі. 496 (497) жылы Рим католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін ғана өзінің жағдайын нығайтты. Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвиг мемлекетінің шекарасы Пиренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн өзенінің оң жағалауы да оған кірді.

Франктер Галлияны басып алғаннан кейін оларда таптық қоғамның құрылуы мен мемлекеттің пайда болу процестері жедел өтті.

Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровингтер руынан шыққан көсем. Хлодвиг әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-өрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер балаларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің тұқымдары болатын.



Франк монархиясының бірінші кезеңі Меровингтердің монархиясы деп аталады.

Прекарий. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қагаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бүл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды.

Бенефиций - феодалдық үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бүл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа  жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетгі еді.

Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бүдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бүл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің өскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді.

Франк мемлекеттік құрылымы. Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды.

Король сарайы бүкіл мемлекеттің басқару орталығына айналды. Бірак франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Көктемде феодалдар өздерінің Үлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды.

Олардың арасындағы басты қызметкердің лауазымы – майордом болды.

Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі. Тезаурарий - дөулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке ие болып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің және мемлекеттің қаражаты бірге сақталатын.

Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам.

Архикапеллан-корольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде король кеңесінің мүшесі болды.

Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі өлі де зертгей түсуді қажет етеді. Себебіқызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.

Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін.

Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды.

Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас.

Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын.

Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды.



Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды.

Франция мемлекетінің пайда болуы және қоғамдық құрылыс. Каролингтер империясы құлағаннан кейін Француз патшалығы құрылды. 843 жылғы Верден қаласында құрылған шарт бойынша Франк мемлекеті үшке бөлінді: Франция, Германия, Италия. ІХ ғасырдың соңында феодалдық қатынас әлеуметтік-экономикалық қатынаста үстемдік құрды. Х ғасырдың соңында Францияда 10000-дай феодалдық иеліктер болған. Феодалдық қатынас дами келе, феодалдық мемлекеттіліктің дамысын анықтайды. Демек, Францияның феодалдық дәуірін: феодалдық бөлшектену кезеңі (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.), өкілетті- сословиялық монархия кезеңі (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) және абсолютты монархия кезеңі деп қарастырамыз.

Шаруалардың көбі сервтер мен вилландар.

Вилландар дегеніміз жеке басы тәуелді емес шаруалар, яғни олар өздерінің парцельдерін сатуға немесе бөтенге беруге құқылы. Бұл жағдай оларды сеньоралдық міндеттемелерден босатуға көмектеседі. Егер виллан өзінің барлық феодалдық міндеттемелерін орындаса, сеньор вилланның тиесілі жерін күшпен тартып ала алмайды, ол вилланның мұрагеріне көшеді.

Сервтер өз қожайынына жеке басы мұрагерлік қағида бойынша тәуелді топ. Олар қожайынына біршама салықтар мен төлемдер төлейді. Шаруаларды кедейлендіретін жағдайлардың бірі – сеньорлардың меншік монополиялық құқығы – боналитет, яғни шаруалар қожайынның бекіткен ақысын төлеп пайдалануға  міндетті нан пеші, ұн диірмені және т.б.Ірі феодалдар өздерінің билігін шаруаларға жүргізу үшін сословиялық иерархияға негізделген сюзернитеттік- вассалиттеттік қатынасты дамытты. Яғни, феодалдардың өздері бір-біріне тәуелді болған.



Мемлекеттік құрылыс. Франция патшалығы көптеген фьефтер -  феодалдық иеліктерден (герцогтік, графтік және т.б.) құрылған, бұлар формальды түрде патшалықтың бөлігі ретінде саналғаны болмаса, нақты түрде жеке дара саяси құрылымдар болған. Жергілікті жерлерде патша билігі әлсіз дәрменсіз күйде болды.

Вассалиттетік қатынас барлық үстем класты қамтыды. Король вассалы -   Норманды, Бургунды, Аквитанскілік герцогтар, Тулуз графы және т.б., олар өздеріне домендік жер қалдырып, қалған жер иеліктерін виконт, барондарға фьефаға береді. Мінеки осылай, ең төменгі ұсақ феодалдарға дейін бұл қатынас дамыған.

Вассалитеттік қатынас алғашқы мақсатын орындай алмады. Себебі сеньорлар бейбітшілік кезінде вассалдарын өздеріне тәуелді ету үшін неше түрлі амалмен ұстап отырған. Шын мәнінде сеньорларға, олардың сословиялық мүддесіне қауіп төнген кезде, әскери күшсіз каламыз ба деп қорқақтаған үстем топ бұл қатынасты қолдап отырған.

Мемлекеттің басқару органдарының құзыры мынадай:

Король сайланбалы. Король өлген соң, оның вассалдары мен француз шіркеуінің ірі иерархия өкілдері жаңа корольді сайлайды.

Жалпы мемлекеттік сипаттағы жалғыз орган Корольдік курия немесе Ұлы кеңес. Бұл елдің ең рі феодалдарының сіезі, бұнда вассалдардың корольге міндеттеп жүктейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қарастыратын.

Жергілікті басқару жүйесі Франк мемлекетіне ұқсас. Король доменіөте ұлкен емес, территориялық көлемі бойынша оның шаруашылығымен сай келетін, сондықтан оның сарай басқрушылары министериал қызметін атқарады. Министериал (орталықта) және прево (жергілікті жерде) корольмен тағайындалады, тек оның алдында жауапты.

Француз соты орта ғасыр юстициясымен сипатталады. Кез келген адам өзімен тең адаммен соттасады. Король вассалын тек король вассалдары соттай алады, яғни Король куриясы.

Орта ғасырлық құрылысқа сай төмен тұрған феодалдар үшін де, қала тұрғындары үшін де «тең соты» сақталуы тиіс. Шын мәнінде, сеньорлар жергілікті юстицмяны өз қолына бағындыру үшін бұл тәртіпті бұзатын жәйіттер кездесетін. Негізгі себебі, сот баж салығын иемдену мүмкіндігі.

5 ғасырда салий франктері тайпалары мемлекет құрды. Франктерде мемлекеттің пайда болуының ерекшеліктері. Франктер мемлекетін король Хлодвик басқарды.Карл Мартелл майордом-жоғарғы сановник болды. Ол шіркеу жерлерін тәркілеп , бенефиций түрінде тарата бастады, оны алған адамдар әскери қызмет атқаруға тиіс болды. 843 жылы Ұлы Карлдың немерелері империяны 3 бөлікке бөлді. Олар қазіргі- Франция,Италия, Германия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет