«тарихи үдерістегі азияның РӨЛІ»



бет3/6
Дата07.07.2016
өлшемі0.82 Mb.
#182524
1   2   3   4   5   6

2. Адамзат қоғамын басқару мен билік қатар пайда болды. Және даму барысында. Оның негізі адамдардың өзін-өз билеуінен басталады. Басқару адамдар мен қоғам арасындағы реттеуші, қоғам тұтастығы мен бірлігі болып табылады. Қоғам атынан билік пен басқарумен айналысатын адамдардың ерекше тобы болуы мүмкін. Басқару әлеуметтануы- әлеуметтік инститтуттар арқылы жұмыс істейді. Себебі қоғамдық қабылдауларды ұйымдастыру, реттеуді қамтамасыз етумен байланысты болғандықтан.

Басқарудың қайнар көздері- бедел, күш, байлық, заң, адам орны, ұйымдар, мүдде, білім, ақпараттар т.б. Билікті жүргізу үшін өзіндік қызметтер қажет. Олар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, саяси өмірді ұйымдастыру, басқару т.б. мәселелерді шешуде өте қажет-ақ.



9 тақырып.. ХХ ғасыр –технологиялық даму ғасыры

Лекцияның жоспары:

1.Континентті және трансконтинентті мемлекеттер одақтарының ынтымақтастығы

2.Аймақтағы нарықтық реформа

1.Әлемдік саясат - мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.

Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Оған сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар және халықаралық саясатқа бөлінеді.

Сырқы саясат –жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа Мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар т.б. арасындағы қоғамдық қатынастарды айтамыз. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер Мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саясаттар жиынтығын айтады.

Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келеді. Халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады.

Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы-мемлекеттер күшінің арақатынасы, арарсалмағы. Бұл мәселелер Қазақстан өз алдына егемендігін алғаннан кейін өзгере бастады. Тілге мемлекеттік мәртебе беріліп, өренді өзгерістер жүруде. Көп ұлтты Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Халық осы тұрған жері мен заңын, саяси өміріне жауаптылықпен қарауы да заңдлықтарда айтылған.

Қоғамның саяси өмірінде орын алатын мәселенің бірі-дін. Мысалы АҚШ-тағы ұлт-азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі реолюцияға қатысып, түрлі азаматтық құқық жағдайлары жөнінде болды. Мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариат заңдарн сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатты.

Қазақстан Республикасында заң баптарына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Мұның бәрі елімізде дінге деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі-дінімен қайта қауышуда.



2. Аймақтық нарықтық экономика халықаралық саясатпен тығыз байланысты ұғым «ұлттық мүдде». Бірақ әлемдегі мемлкекеттердің көпшілігі көпұлтты. Сондықтан Мемлекеттік мүдде мен ұлттық мүдде сәйкес келе бермейді. Ұлттық мүддемен етене байланысатын ьағы бір ұғым «ұлттық қауіпсіздік».

Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ең маңыздысы-мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізнде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық инститтуттар жасауға, Барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.

Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.

Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні бар мәселелердің бірі- адам бостандықтары мен құқықтары. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. т.б. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп бергендер болды.

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

- Мемлекеттік мүддені қорғау;

- экономикалық реформаларды жалғастыру;

- демократиялық институттарды күшейту;

- сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;

- әлем елдерімен тұрақтылықта болу;

- серіктестік қатынастарды дамыту;

- ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене араласу;

- халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатты шынайы жүргізумен бірге, өз елінің ішкі ахуалында жақсартып, әлем елдерінің (50 алпауыт елдер ) қатарынан шығуды және болашаққа өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сенімі мол егеменді елге айналуды жоспарлап қана қоймай оны өз халқының қолдауымен жүзеге асыруды да саяси бағдарламалармен қызмет жасауда.

3.Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістер мәселесі қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХғ. Екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген. 1989 жылы халық саны 39,7 пайызды құрады. Қазақстандағы барлық халық саны 16 млн. 475 мың болса, бүгінгі күні 17 млн-ға жетіп отыр. Яғни елдегі демографиялық үдерістер мәселесінің шешілуі мемлекет жеке азаматтар тарапынан да дұрысталды деуге болады. Ол мәселенің шешілуінің себептері мынада.

1.1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағанынан болды

2.Халықттың тууы артты, әрине экономикалық және әлеуметтік жағдайлар дұрысталғаннын кейін

3.Оралмандар есебінен көбейді.

4.Шетелдердегі қазақ диаспорасының өмірге келуінен

5.Қазақ ирредентасы мен диаспорасы-біздің мемлекетіміздің олар тұратын елдермен жүргізетін сыртқы саясатының маңызды компоненттерінің бірі


10 тақырып. Қазақстан және қазіргі әлем

Лекцияның жоспары:

1.Ядролық қарудан бас тарту және қауіпсіздікті нығайту

2.Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық байланыс
1.Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы алғашқы қадамы 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабудан басталды. КСРО өмір сүріп отырған кездің өзінде жасалған бұл батыл қадам-Қазақстанның әлем алдындағы абройын асқақтатып, беделін өсірді. КСРО ыдырағаннан кейінде Қазазстан аумағында әрқайсысы 10 оқтұмсықтан тұратын 108 зымыран қарулы кезекшілігін атқара берді. Олардан өзге 240 қанатты ядролық зымыраны бар ТУ-95 МС-40 стратегиялық бомба тастағыш ұшақтары қалды. Байқоңыр, Семей және Сарыөзекте ядролық құрылғыларды сынауға және зымыран-ғарыштық техниканы ұшыруға арналған ерекше нысандар орналасты.

Республика басшылығына ядролық қаруды елден шығару талап етіле бастады. 1991 жылы наурызда Қазақстанға ресми сапармен келген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Бэйкер, Ұлыбритания және т.б. Қазазқстанның ядрллық қарудан бас тарқаны жөн болатынын ескертіп айтты. Осылайша, Қазақстан елімізді әлемдік қауымдастыққа мойындатқан оң шешімі болды.

1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Ядролық Қаруды Таратпау Шартын» бекітті. 1994 ж. 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылған мемлекеттерге «Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға» Ресей, АҚШ, Ұлыбритания қол қойды.

1994 ж. 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөнінідегі халықаралық агентікке мүшелікке қабылданды. 1995 жылы шілде айының 29-ында Қазақстанның Семей полигонында, Қазақстанның ядрофизигі әлем мемлекеттерінің бақылауында басқару орталығындағы қызыл кнопканы басты, сол сәтте Семей полигонының ең соңғы сынақ құдығы 10 тонна жарылғыштың жарылуымен бүтіндей күйреді. Бұл Семей полигонында енді сынақ жасалмайтындығының белгісі болды.



2.1990 ж. басында Қазақстанның халықаралық жағдайы «Егемендік» туралы Декларация қабылданды. Тарихи құжатта қазақ КСР-інің халықаралық дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне қатысуға құқығы бар екені жан-жақты айқындалды.

Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы обьекивті және субьективті себептерге орай қиыншылықтармен жүрді. Халықаралық қатынастардың бұрынғы ұстанымдары түбірімен өзгертті. Онда:

-Қазақстан Республикасының жаңа сипатын тану;

-Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындату,

-ҚР-ның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету;

-Әлемдік деңгейдегі шаруашылық жүргізу және экономикалық байланыстарға белсене араласу;

-Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдың ішінде Қазастанды әлемнің 92 елі таныды. Сөйтіп дипломатиялық қатынастар орнады.
11 тақырып. Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Лекцияның жоспары:

1.ТМД-ның құрылуы. Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігінде

2.ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК қарым-қатынас жүйесінде

1. 80-інші жылдардың аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында бірқатар республикаларда қабылданған "егемендік туралы декларациялар" мен "экономикалық дербестік туралы" зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. 1991 жылдың август айында Кеңес Одағының болашақ құрылымы туралы келісімнің соңғы варианты дайындалғанды және ол барлық республикалар ойынан шығатындай-ақ еді. Бірақ, сол жылдың август айында Мәскеу қаласында болған көтеріліс бұл келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеді.

Осыдан кейін-ақ Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру" туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын.

1991 жылдый, 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады.

1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н.Назарбаев Қазақстанда бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясына қолдарын қойды.

ТМД құруға экономикалық негіз болған жағдайлар мыналар: сексенінші жылдардың ішінде КСРО экономикасының құлдырауы өз шегіне жетіп, халық шаруашылығының әр саласында төмендеу нышандары байқала бастады. Бұл құжаттың ТМД-ға мүше боламын деген мемлекеттер (бұрыңғы КСРО мүшелері де бар) үшін ашық екені көрсетілген. Үш мемлекеттің 1991 жылдың 8 желтоқсанында жариялаған арызының соңғы тармағында ТМД мемлекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, бұрыңғы КСРО шарттары мен келісімдерінен тарайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге, ядролық қару және оның таралмауын қажағалауға бағыт ұстайтынын да ашық айтқан.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу уақыты екіге бөлінеді. Алғашқысы ретінде 1991 жылдың 8 желтоқсаны /Белорусь, Ресей және Украина/ болса, екіншісі ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде.

ТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және Декларация. Бұл құжаттар өз нысандары және заңи міндеттері бойынша әртүрлі. Себебі, "келісім барлық қатысушы тарапынан бекітілетін /ратификация жасалатын/ болса, декларация үшін оған қол қойылса жеткілікті. Дегенмен, бұл үш құжат толық біртұтастықты құрайды. 1992 жылмен 1993 жылдың бас кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру құрылымы - мемлекеттер басшыларының кеңесі, үкіметтер басшыларының кеңесі, ТМД парламент аралық ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап Минск қаласында ТМД атқару хатшылығы қызмет істейді. Бұл уақыт ішінде сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі де құрылды.

1993 және 1994 жылдар аралығында ТМД елдері өзара қатынастарының Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар жүзеге асырыла бастады. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Солардың арасынан сапалы бір құжат ретінде 1993 жылы қол қойылған "Экономикалық одақ туралы" шартты атап өтуге болады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді. Әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің барлығында да терендей түсті. Мұның салдары ретінде ішкі этникалық толқу арта түсті, тіпті кейбір елді мекендерде мемлекет аралық қақтығыстарға ұласты. Мұндай жағдай ТМД идеясын жоққа шығаруға барды және кейбір ТМД мемлекеттері бір-біріне қарсы (мысалы, Армения - Азербайжан) әскери қимылдарды да жүргізе бастады. Бұл кезенде көптеген міндеттемелер мен келісімдер де қабылданды, бірақ та олардың басым көпшілігі іс жүзінде орындалмады. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады.

ТМД өзінің құрылу сатысында сөз жоқ жағымды рөлін де атқарды, яғни КСРО республикаларының қирап, тоқтаусыз дағдарысқа ұшырауынан құтқарды. Дегенмен, мемлекеттердің экономикалық дербестігі олардың әрқайсысының ішкі мәселесі еместігі де айқын болды. Қазіргі дүниеде әр мемлекеттің әрқайсысының жеке, дербес дамуы қиын да болса шындық. Басқа ешқандай елмен қарым-қатынас жасамай мемлекеттің тек қана өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. 1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды.

ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған "Кеден одағы туралы" келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті:

- Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану;

- экономиканың, тауар алмасудың және әділетті бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету;

- өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;

- ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау;

Кеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қосылды. Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша "Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін" ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес.

2. "Ортақ экономикалық кеңістік" ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында "төрттік" (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "қарапайым адамдарға деген 10 қадам" идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында "Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт" жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып "Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы" Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады: 1993 жылың қыркүйек айында — "Экономикалық одақ туралы" Шартты және 1994 жылғы сәуірде "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында - "Кеден одағы туралы" Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан қабылдады. Бірінші саты - еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты - ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында - "Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы" Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық интеграцияны дамыту болып табылады.

Дүние жүзілік қатынастар жүйесіне кіру үшін Достастықтың өз ішінде тұрақтылық болуы керек екені анықтала бастады, соның ішінде саяси, экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдыңғы орынға шықты. Сол кездердегі қателіктердің бірі ретінде-ұлттық мемлекеттілік пен интеграцияны бір-біріне қарама-қарсы қоюды айтуға болады. Олар, бір-біріне сыйымсыз, қарама-қайшы ұғымдар ретінде қарастырылды. Дегенмен, экономикалық жағдай, сонымен қатар сананың бірте-бірте өзгеруі бұрынғы Кеңес кеңістігінде орналасқан республикалардың ары қарай даму мәселелеріне басқа көзқараспен қарау қажеттігін де туғызды. Бұл тұрғыдан келгенде, интеграцияны жүзеге асырудың бір сатысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық Азия Одағын құруын алуға болады. Мысалыға, бұл мемлекеттер арасындағы азаматтық алу мәселелерін тез арада шешу, басқа мүше-мемлекет аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрақтарына қатысты келісімдердің қабылдануы адамдар арасындағы психологиялық кедергі мен басқа да көптеген мәселелерді оң шешуге бағыт берді. Әлеуметтік экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық салалары бойынша сұрақтар да оң шешімін табуда. Қазақстан, Қырғызстан жөне Өзбекстан арасында қабылданған мұндай құжаттар ТМД қағидаларына еш қайшы келмейді.


12 тақырып. Қазақстан және түркі елдері әлемі

Лекцияның жоспары:

1.Қазақстан және Түркия арасындағы қатынастар

2.Жаһандық әлемдегі Қазақстан тұғырының ұстанымы

1.Мәдениет- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған олар оңтүстік шығысында қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың отырықшы мәдениетінің арқасында арасында дәнекер бола отырып, жан-жақты өркендей бастады.

Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. өзбекстан мен Қазақстандағы философия мен қоғамдық ой ертедегі Орта Азия мен Иранда мекендеген халықтардың рухани мұраларының дәстүрінде қалыптасып дамыды. Оған ғылыми философиялық ойдың өкілдері әл-Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, ИбнСина , Әбу Райхан Бирунилердің ықпалы зор болды. Алдыңғы қатарлы ұлы ойшыл ақын Әлішер Науаидың (1441-1501ж.) шығармаларында дамытылды. Темір мен Темір әулеттері билеген жылдары «Үндістанға жорық күнделігі», «Темір жорығы жайындағы кітап», «Шайбанинама», «Шайбанияда» т.б. көлемді шығармалар пайда болды.

Адамзат адамзат болып жаралғаннан бері, бірі қанап, бірі қаналғаннан бері одан кейін де ұлт, халық ,ел саналғалы бері қаншама мыңдаған жылдар өтіп келеді. Жер-Ана перзенттерінің арасындағы туыстықты, бір-бірінің мәдени рухани дүниесіндегі үндестіктерден, сыйластықтардан қимастықтар туып отыр. Ұлы мекен түркі тілдес халықтар достығы арасында міне бүгінгі таңда яғни ХХІ-ғасырға аман-есен жетіп ауызбірлік, ынтымақтастыққа келіп отырмыз.

Мұның бір жолы-халықаралық мәдени қарым қатынас, оның көпірі-бауырмашылдық . Орта Азия мен Қазақстанның мәдениеті өркендеп әлемнің төрінен орын алып, заман талабына сай үлкен жетістіктерге жетіп отыр.

Бүгінгі таңда Орта Азия мен Қазақстан халықтарының достықтары әлемдік арнаны құрап, рухани байлықтары мен ұлттық сана сезімдері өрістеп, дамыған өркениетті халықтар қатарына еніп отыр

2.Жаһанданудағы Қазақстанның саяси беделі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына жасаған төрт мәрте сапарындағы әр кез­десудің өзіндік орны бар. Әсіре­се, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредер­мен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақ­тас­тығын әрі қарай дамытуға қа­тысты мәселелерді талқылады. Со­ны­мен қатар, Президент Германия­ның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездес­ті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петер­бургте өткен “Үлкен сегіздік” сам­ми­тінде Германияның жаңа Фе­де­ралдық канцлері Ангела Меркель­мен кездескен еді. Кездесу қоры­тын­дысында Қазақстан Прези­денті­не Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақыр­ту түскен болатын.

Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франция­дан кейінгі алтыншы орында тұр­ған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Гер­мания біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қа­зақ­стан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді.

Германия Федеративті Ре­спуб­ликасы “үлкен сегіздік” құрамына кі­реді. Еуропалық Одақта Фран­циямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы бо­лып табылады. Ал 1990 жылдың ба­сынан бастап Германия басшылы­ғы Қазақ­станмен, сондай-ақ бұ­рын­ғы КСРО-ның өзге де мемле­кет­терімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байла­ныстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақ­стан­мен. Өйткені, ГФР елімізді Ор­та­лық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді. Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қа­зақ­стан мен Германияның эконо­микалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табы­ла­ды. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банк­те­рі жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал “Мерседес-Бенц”, “Сименс”, Дойчебанк, Дрезден­банк, Коммерцбанк, т.б. бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет