«тарихи үдерістегі азияның РӨЛІ»



бет2/6
Дата07.07.2016
өлшемі0.82 Mb.
#182524
1   2   3   4   5   6

Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары СШ 50 44.3-5046,2 және ВД 7830,5-7833,7 құрайды. 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км)кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді.Климат. Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0,3-0,5 –ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән : көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2,4градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды –48,-49. Ең жылы ай-шілде, ең суық айлар- қаңтар және ақпан.Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады.

2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға қарағанда қалада 9900 адам, 2003 жылмен салыстырғанда халық саны 400 адамға көбейген. Ұлттық құрам: Қазақтар-3,14 мың адам (31,7%), орыстар-5,96 мың адам (60,2%), басқа ұлттар –0,8 мың адам (8,1%).Қаланың өмір суруі мен барлық қызметін қамтамасыз ету көзі республикалық бюджет.Қалада 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 104 барлық меншіктік нысандағы заңды тұлғалар тіркелген, олардың : шағын-92, орташа-8, ірі-4. Әрекеттегісі-74 кәсіпорын. Өндіріс: Курчатовта 6 әрекеттегі өндірістік кәсіпорын бар: “Коммуналдық көпсалалы пайдалану кәсіпорны” МҚК (сумен, жылумен қамтамасыз ету), ШҚ АЭК Курчатов филиалы (электрэнергиясын өндіру), “КК Интерконнект” (электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру), «Азот» ӨК (газтәрізді және сұйық оттегін, ацетилен өндіру), «Луч» КИП ЖШС (салмақты өлшеу жүйесін өндіру және қызмет көрсету), «Дегелең тас» ЖШС (табиғи тастар мен өңдеу плиталарын өндіру). Ауылшаруашылығы. Қала аумағында ауылшаруашылығы және шаруа қожалығы тіркелмеген, бірақ халықтың қосымша шаруашылығы мен саяжайлық кооперативтері бар. Кәсіпкерлік. Салық комитетінің мәліметтері бойынша қалада 629 адам айналысатын 292 шағын кәсіпкерлік субьектісі, тіркелген. Оның ішінде : 29 шағын кәсіпкерлік, 98 жеке тұлға патентпен жұмыс істейді, 98- куәлікпен, 67- жай декларациямен жұмыс істейді.


4 тақырып. Саяси элита

Лекцияның жоспары:

1. «Элита » ұғымы және саяси элитаның қалыптасуы

2.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар

3.Азия аймағы саясатындағы тарихи тұлғалар рөлі



1.«Элита» термині француз тілінен алынған. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы дегенді білдіреді. Бұл ілімді қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс.

Саяси элитаны тудыратын факторлар:

1.қоғамға арнайы білімі мен тәжірибелері бар кәсіби басқарушылар.

2.адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздіктері

3.қоғамда басқаруда еңбегі жоғары бағаланғандар

4.бұқара халықтың қолдауына зор жеңіспен ие болғандар

Саяси элита маңызды мәселелерді шешуге араласады. Ондай мәселені қарастыратын ғылымды саясаттануда элитология деп атайды. Ол элиталардың қалыптсауы мен қоғамдағы ролін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саяси элита әр түрлі келеді және былайша жіктеледі. 1.Басқарушы элита. 2.Контрэлита.

Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы заманындағы номенклатуралық қызметтер атқарылды. Қазақстанның қазіргі элитасына Президент және басқару аппараты мен министрліктер жатады. Аймақтық элитаға облыс әкімдері кіреді. Саяси топ бастаушылар әдетте мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіреді. Қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырады. Қажетті өзгерістерді іске асырады. Саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз етеді. Заңдылықпен саяси тәртіпке кепіл болады. Саяси жетекшіге қарама-қарсы саяси бастаушы немесе көсемсымақтар болады. Ол ұғым ХІХ ғ пайда болған. Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып мансап құрады. Бүгінгі таңда олай емес-ті. Ел басымен әкімшілік жағдайындағылар билік пен саяси жетекшілік немесе саяси басқарушылық адам мен қоғам мүддесі үшін болмақ.



2.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар

Мемлекет ұғымы кең және тар мағынада қолданады. Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, негізгі ұйымы. Арнаулы күштерді пайдалана отырып, өз аумағындағы азаматтардың мүддесін қорғайды. Мемлекет құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Ол туралы мынадай пікірлер бар.1.Теологиялық –құдайдың күшімен пайда болды. 2.Патриархтық- тайпа-рулардың қауымдастығы арқылы. 3.Қоғамдық келісімі- адамдар мен мемлекеттің арасындағы өзара келісім арқылы пайда болды. 4.Зорлық жасау -басып алу арқылы. 5.Географиялық –мемлекеттің орналасуы арқылы пайда болды. 6.Психологиялық- бағыну мен құлшылық ету арқылы пайда болды. т.б. Мемлекет деп-саяси ұйымды айтамыз. Яғни белгілі территориясы, халқы, саяси билік тармақтары бар. Осылайша мемлекеттің басты белгілері анықталады. Оған: :

1.Әкімшілік-аумақтық (территориялық) бөлінуі,

2.Ерекше өкімет аппараты (жариялы билік)

3.Мемлекеттің егемендігі

4.Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру.

5.Салық салу.

6.Мемлекет азаматының болуы.

7.Мемлекет рәміздерінің болуы

Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.


5 тақырып. Азия мемлекеттерінің экономикалық даму ерекшеліктері

Лекцияның жоспары:

1.Аймақ елдерінің экономикалық даму бағыттары

2.Қазақстан-сыртқы инвестицияның негізгі орталығы

3.Қазақстанның саяси-тарихи және экономикалық дамуы –ғасырлар тоғысында



1. Тарих- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Өткен мәдениетіміздің жаңа мәдениетке ауысуы қоғам тарихының заңды, мәдениттті жаңаша түрленуі болып саналады. Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дәрежесін көрсетеді. Өткен замандағы музыка өнерінің негізгі мазмұны халық мұңы, оның ауыр тұрмысы еді. Ел мұңы ән мен күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өз арнасымен таралып жатты. Оны таратушылар халықтың ішінен суырылып шыққан өнер иелері: әнші, күйші, жыршы, қобызшы, сырнайшы сияқты өнерпаздар болды.

Еуразияда түркі тілдес халықтар қоныстанған жер аумағы, солтүстік-шығыста сонау мұзды мұхиттан оңтүстік-батыста Босфор шығанағына дейінгі ,шамамен алғанда13-14 миллион шаршы километр аймақты алып жатыр. Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған олар оңтүстік шығысында қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың отырықшы мәдениетінің арқасында арасында дәнекер бола отырып, жан-жақты өркендей бастады. Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Тарихымызды дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді



2. Инвестиция тақырыбын қарастырғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету . Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда «Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан–2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:

Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады. Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.



3.Он жылдықта әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған. Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр. Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.

2003 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге қонымды маңызды деңгейге - бір триллион теңгеге жақындайтыны қазірдің өзінде білініп отыр.

Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс түсімдерді Ұлттық қорға жіберу керек.

Осыған орай мен Үкіметке 2003 жылдың бюджетін Парламентте нақтылаған кезде артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға бағыттауды тапсырамын.



Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында :

- Даму банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның кредиттік жадығатын молықтыруға – 12 миллиард теңге;

- құрылатын Қазақстан инвестициялыққорының жарғылық капиталына – 23 миллиард теңге ;

- құрылатын Инновациялық қорға – 36 миллиард теңге;

- Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін -7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынамын.

Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті. Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді. Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.

6 тақырып. Экономика мен саясаттың Қазақстандық үлгісі

Лекцияның жоспары:

1.ХХІ ғасырдағы Қазақстандық экономика моделі: жетістіктер мен сынақтар

2.Әлемдік қаржы дағдарысы және «Жол картасы»

1.Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi. Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. Республика қара және түстi металлургия, химия өнеркәсiбiнiң iрi орталығына айналды.

90-жылдардың басында экономиканың тежелуi экон. дағдарыстың ушығуы, соның салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеп кетуi одақтас республикаларды тәуелсiздiк жолындағы белсендi қимылға бастады. Саяси саланы демократияландыру күшейген сайын экон. жағдай күрделiлене түстi. Қоғамды демократияландыру соц. теңгермешiлiкпен жарасым таба алмады. Экономиканы түбiрiмен реформалау — мемл. меншiкке негiзделген соц. жоспарлы экономикадан нарықтық көп меншiктi экономикаға көшу қажеттiгi туды. Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсiпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикiзаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын.



Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика мин. құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экон. қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көл. 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясымен бiрiккен “Әл-Барака банк Қазақстан” банкi құрылды, Оңт. Кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экон. және технол. көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты.
Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесiнен бас тартпай, әкiмшiл-әмiршiл пиғылдан арылмай, түбегейлi құрылымдық өзгерiстер жасамай тұрып, реформаны одан әрi дамыту мүмкiн болмады. Қоғамды демократияландыру iсi орт. пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экон. қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемл.-құқықтық негiздерiн қайта қарауды қажет еттi. Қазақстанда Президенттiк басқарудың енгiзiлуi мемл. билiк әлсiреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегi экон. және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс едi. Қазақстанның мемл. егемендiгi туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесiнде материалдық-тех., сыртқы экон. қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкiндiктер туды. Орт. органдарды жанай өтiп, бұрынғы кеңiстiктегi республикалармен тiкелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкiндiк туды. ҚР Президентi одақтық бағыныстағы мемл. кәсiпорындарды Қазақстан Үкiметiнiң құзырына алу, Қазақ КСР-iнiң алтын және күмiс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экон. қызмет пен мекемелердiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да жарлықтар шығарды. Ендi бұрынғы одақтас республикалар өзара тiкелей дипломатиялық және экон. қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 — 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлi келiсiмдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бiрсыпыра келiсiмдер жасалып, өзара мiндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесiнде осы уақытқа дейiн шикiзат аймағы және арзан жұмыс күшiнiң көзi саналып келген республика экономикаға меншiктiң көп түрлiлiгiне негiзделген нарықтық қатынастарды енгiзе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түстi.

2. Елбасымыз Н.Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауында жаңа экономикалық өрлеу кезеңiн жүзеге асыру мақсатында “Бизнестiң жол картасы-2020” бағдарламасына биылдан бастап басымдық берiлгелi отыр. 
Осы мақсатта “Жол картасы” мемлекеттiк бағдарламасын одан әрi жалғастыру үшiн биылғы жылы аудандағы 34 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргiзiледi, олардың жалпы сомасы 2921,4 млн. теңгенi құрайды. Сөйтiп, осы салаларда 2764 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл күндерi барлық салалар бойынша мемлекеттiк сатып алу конкурстары өткiзiлiп, келiсiм-шарттар түзiлдi. Оның iшiнде аудандық бюджет есебiнен 28 нысанның мемлекеттiк сатып алу тендерi өткiзiлiп, жеңiмпаз мердiгерлер анықталды.
Сондай-ақ “Жол картасы” шеңберiнде 100 жұмыссыз жас кәсiби оқуға жiберiлдi. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi аясында 20 кәсiпорын және 10 жеке кәсiпкер меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен экономиканың шикі зат емес саласындағы аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерілімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген «2020 бизнестің Жол картасы» бағдарламасы бекітілді.

Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:


  1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

  2. Кәсіпкерлік секторын жандандыру

  3. Экспортқа бағытталған өнідіріс саласын қолдау.


7 тақырып. Сауда-экономикалық байланыстары

Лекцияның жоспары:

1.Посткеңестік кеңістігіндегі экономика

2.Экономикалық дағдарыс және әлеуметтік мәселелер
1.Қоғам әлеуметтік-экономикалық жүйесі, адамдардың жиынтығы, олардың бірігуі мен бір-біріне деген қарым-қатынасынана құралады. Социолог П.Сорокиннің айтуынша қоғам дегеніміз ол бір адам емес, бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс «Қоғам дегеніміз- адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі» дегенді пайымдайды. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынадай жағдайлар қажет:

1.Өмір сүру ұшін адамдардың тұрғылықты жер территориясының ортақтығы,ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді.

2.Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы

3.Өздігінен ұдайы өндіру, өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару.

4.Халықтың дамуына қажетті мәдени деңгейдің болуы.

2. Экономикадағы әлеуметтік құбылыстар: олар адамдар меншігі мен өндіріс орындары, бөлу мен айырбас, тұтыну т.б. Экономика әлеуметтануының негізі-адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері, құндылықтары мен еңбекке деген адам көзқарастары т.б. мәселелер. Экономика саласындағы әлеуметтік топтар:

1.үлкен кәсіпорындардың менеджерлері, экономиканы басқару саласының жауапты қызметкерлері 2.Орта деңгейлі техникалық мамандар, 3.Коммерциялық тап. 4.Ұсақ меншік иесі. 5. Бақылау бойынша техниктер 6.Кәсіби білікті жұмысшылар 7.Кәсіби жұмысшылар т.б.

«Адамды адам еткен-еңбек» деп Ф.Энгельс анықтама берген. Жалпы еңбек деп- адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай атқарылатын қызметін айтамыз. Қоғамның өмір сүру негізі, адамдардың өзінің қалыптастырудағы шешуші факторы.

Еңбек процесінің негіздері: мақсатты еңбек, еңбек заттары, еңбек құрылымы. Адамның еңбек ету құбылысы –тарихи процесс. Еңбек биржасы деп- жұмысшы күшін сату, сатып алу кезінде жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық (посредник) қызмет түрін атқаратын мекемені айтамыз. Алғаш батыс Европада ІХ ғасыр басында пайда болды. Ресейде ХХ ғасырда пайда болған.

Еңбек өнімі- өндіріс құралдар көмегімен формасын өзгертіп, адамның қажетіне бейімделген табиғат заты. Адам еңбегінің нәтижесінде өнім дайын күйінде қоғамдағы адамдарға жетеді. (Әрине тұтыну заты ретінде) Еңбек өнімі-өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары. Осындай өзара байланыстардан шығатын қорытынды еңбекті қорғаудың заңдылықтары болып табылады. Еңбекті қорғау дегеніміз- еңбек етуге және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында жасалатын шаралар жүйесін айтамыз. Еңбекті қорғау- жұмысы- ірі кәсіпкерлік мекемелер мен әкімшіліктерге жүктеледі. Олар үшін бекітілген, жинақталған заңдар, көмекші бола алады. Заң негізінде барлығы адам қоғамының игілігі үшін жасалуы керек.
8 тақырып. Тәуелсіздіктің әлеуметтік-мәдени негіздері

Лекцияның жоспары:

1.Мемлекеттік әлеуметтік саясат

2.Қоғамдық өмір

3.Этнодемографиялық үдерістер


1. Әлеуметтану пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді.

Социологияның қарастыратын мәселелерін анықтау үшін алдымен «әлеуметтік» сөзінің анықтамасы грек-латын тілдерінен «socitias» және «logos» яғни қоғам туралы ілім дегенді білдіретіндігін анықтаймыз.

Әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген экономикалық немесе тек саяси, рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады.

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, таным процесі. Қоғамның құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Американдық социолог Нейл Смезлер «Соцология қоғамды және әлеуметтік қатынастарды зерттеу ғылымы» дей келе, адамдарды танып білу, мінез- құлқы мен жүріс- тұрысын анықтауға тырысады деп анықтама берген.

Социологияның негізгі категориясы «Әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғымдарға «әлеуметтік жүйк», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік әрекет» т.б. Бұлардың әрқайсысы өз алдына маңызды категорияларға бөлінеді. Әлеуметтік заңдар адамдар мен топтардың мінез - құлқын реттеп, олардың қоғамдастықтар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Бұған әлеуметтік жіктелу , бірігу, әлеуметтік мобильдік, әлеуметтік интернационалдану, жеке адамның әлеуметтенуі т.б. жатады.

Әлеуметтік заңдарды түрліше белгілері бойынша классификациялауға болады. Жалпылығына қарай жалпы және ерекше деп бөлінсе, Сипатына қарай динамикалық және статистикалық деп бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқыиғалар арасындағы бір мәнді, оның бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң жіктеп анықтайды. Осыған орай пәннің құрамдас бөліктері:



- жалпы –теориялық социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтап, макросоциологиялық зерттеулер болып табылса,

- орташа социология- әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктерін (қала, ауыл, білі, еңбек., экономика, саясат т.б.) арақатынасын қарастырады.

- микросоциология- жекеленген адамдардың қимылы мен өзара әлеуметтік құбылыстар мен процесстер байласынысын қарастырады.

Әлеуметтанудың қоғамдық қызметі әр түрлі. Олар теориялық-танымдық, саяси-практикалық, идеялық-тәрбиелік деп бөлінеді. Олардың мәселелері мынада:

1. Теориялық-танымдық қызметі- қоғам мәніне, құрылысы мен заңдылықтарына, қызметі мен даму бағыттарына, тенденцияларына социологиялық зерттеулер жасайды.

2. Саяси-практикалық қызметі- әлеуметтік болмысты танумен бірге қоғам өмірін жетілдіруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстарды тұжырымдайды.

3. Идеялық-тәрбиелік қызметі - әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар мақсат-мүддесін белгілеп анықтайды.Социолоогиялық зерттеулерде обьективтік-ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен идеологиялық мүдделердің арасалмағын анықтауда сыңаржақ пен бұрмалаушылық жасауға болмайды.

Әлеуметтану ғылымы өте жас ғылым болып табылады, қалыптасуы ХІХ ғасырдың 30-40 жж. Оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Яғни адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты борыш пен заңды мойындайтын, оны бірінші орынға қоятын Адам мен өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет