«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені


Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету



бет15/20
Дата22.02.2016
өлшемі2.08 Mb.
#81
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

4. Құжаттармен жұмыс істеуді талап ету. Құжатпен жұмыс істегенде оқушылардың тандауы үшін қойылатын түрлі деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмалар олардын жауап беруіне, шәкірттердің оқиғаны, не құбылысты ұғынуына, оның себептерін, маңызы мен нәтижелерін түсінуіне мүмкіндік береді. Мұнда мынадай жағдайларды ескеруіміз керек: құжат материалдарының жүйелі орналасуы мен үйлесімділігі, проблемалы жағдай, қайшылықтың пайда болуы ; материалды (мәтінді) және оны түсінудегі қайшылық; түрлі деректен шығатын қайшылық.

Зерттеу жұмысында құжат, деректерді төмендегідей өлшемдер (критерийлері) бойынша іріктеу қажеттігі анықталды:

— дерек оқушының түсінігін нақтылап, оларға сезімдік әсер етуі тиіс;

— Қазақстан тарихы бағдарламасына, тақырыптардың мазмұнына сай, онымен тығыз байланыста болуы, оқушылардың дербес жұмыс істеу белсенділігін арттыруға бағытталуы қажет;

— мазмұны мен көлемі жағынан үйлесімді, түсінікті, ықшамды, әрі білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жағынан маңызды, қажеттісін іріктеу;

— тарихи кезеңге сәйкестігі;

— тарихи оқиға, құбылыс, фактілердің баламалы қабылдауын қамтама-сыз ету;

— оқушының танымдық дербестік әрекетін арттыру үшін мәліметтің барынша жеткіліктілігі, әдеби және ғылыми құндылықтардың толыққанды болуы;

— көп сырлы, әсерлі баяндалуы және тұрмыстық сюжеттік мазмұнды толық суреттеуі.

Отан тарихы курсының маңызды деген тақырыптары бойынша құжат-тар біртіндеп бағдарламаға сай іріктелініп алынды, мазмұны мен тапсырма-ларға байланысты күрделеніп отырылды. Құжат, деректер бойынша түрлі деңгейдегі сұрақ-тапсырмалар жүйесі сабақта фронталды, топтык және жеке жұмыс түрлерін ұйымдастырғанда пайдаланылды.

Қазақстан тарихын оқытуда деректі материалдар,түрлі денгейдегі обле-малы сұрақтар мен тапсырмалар, естеліктер, карта, көрнекілік пайдалану, оқушылардың танып білу жөніндегі белсенді қызметін ұйымдастыру үшін проблемалық жағдай жасауды жиі қолданған тиімді.

Оқушылар құжатпен танысу арқылы ондағы фактілерді әңгіме бары-сында, рөлдік ойында, сөзжұмбақ шешуде, шығарма, хабарлама дайында-ғанда, тіпті кейбіреулері өздері салған суреттермен де байланыстыра біледі Біздің өз тәжірибемізде деректер тек пайдаланып қойылған жоқ, олар оқыту дың басқа элементгерімен өзара байланыста болды. Оқушыларға сол тарихи оқиға, құбылыс, адам туралы түрлі көзқарастар, пікірлер және қайшы -лықтарды көрсету арқылы проблемалық сұрақтар қойылды. Білім деректерімен жұмыс істегенде оқушылар қойылған сұраққа жауап іздеп табуға, шешуге деген ынтасын білдіріп, талпыныс жасайды. Бұнда аддымеі тарихнамалық білімнің рөлі өссе, екіншіден оқушынын оқу қызмет біртіндеп күрделене түседі. Келесі кезенде оқушы мұғалім сұрағына жауап берудің орнына, өзі сұрақ қойып, оған жауап іздейді. Проблеманы шешуге қатысады. Оқиғаның себеп-салдарын анықтайды. Өзі мәтінді жазуға (мәселен, хабарлама, реферат, конспект, кесте, нобай сызу, көрнекілік дайында деректер бойынша) кіріседі.

Сөйтіп, оқушылар алдымен мұғалімнің көмегімен, кейіннен түр деректегі әртүрлілік пен сәйкестілікке көзі үйреніп, шығармашылықпен өздігінен жұмыс істеуге үйренеді. Қойылған танымдық тапсырмалардіы шешуге қатысады.

Бекету сұрақтары:

1. Оқушылардың өз бетімен оқулық текстерімен жұмыс істеуін талап ету,

2. Оқыту процессінде оқулық текстерімен жұмыс істеудің маңызы қандай?

3. Оқулық текстермен жұмыс істеу тәсілдерін атап беріңіз?

4. Тарихи документтер түрлерінатап беріңіз?

5.Тарихты оқытудағы құжаттардың маңызы қандай?

6. Құжаттармен жұмыс істеуді қалай талап етуге болады?
Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Сарсекеев Б.С. «Задания для самостаятельной работы учашихся по истории Казахстана», Алматы, 1991.


11 дәріс Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінің байланыстыра оқытуды жетілдірудің ғылыми әдістемелік жолдары.

Негізгі ұғымдар: Көркем әдебиетті пайдалану, Көркем шығармашылық,

Жоспар:

1. Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдалану.

2. Көркем шығармашылық арқылы сабақ үстінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.

Бекіту сұрақтары:
Мақсаты: Оқушының кітап оқуға құмалығын арттырудың бір тәсілін пайдалану. Оларды сабақ барысында қызықтыра
1. Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдалану.Оқулық зәрулігінің орнын толтыруда тарихи әдебиетті пайдаланудың мәні зор. Егер шындықты мойындасақ, біздің тарихшыларымыз саясат сойылын соғып немесе шын тарихымызды айтуға мүмкіндік жоқ. Кезде, әдебиеттеріміз ұлттық тарихымыздағы тарихи шығармаларды өз шығармаларына арқау ете білді. Ашып айтылып, толықтай тарихи деректермен негізделмегенмен, ұлтымыздың бай тарихының әр кезеңі көрініс тапқан әдеби шығармалар біршама. Бұл ретте жазушылар Ілияс Есенберлиннің, Мұхтар Мағауыиннің, Әбіш Кекілбаевтың, Қабдеш Жұмаділовтың, Тұрмыс Жұртбайдың, Қойшығара Салғариннің, Ақселеу Сейдімбековтың белгілі шығармаларын атап өткен дұрыс.

Ал Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «тарих толқынында» деген еңбегін Қазақстан тарихын оқытудың методикалық құралы деуге әбден болады. Жалпы бұл еңбек өткен тарихымызды жаңаша сипаттауды қалыптастыруымен құнды.

Тарихи тақырыптағы әдебиеттерде де тарихи оқиғалардың нақтылығы болған және, т.б. деректер дәл келе бермейтіндігін ескеріп, оқушыға өз бетімен оқуға ұсынылатын әдебиеттердің қысқаша мазмұны мен қай кезеңдегі тарихи оқиғалардың мәніне қатыстылығы түсіндірілуі қажет. Сонда ғана оқушы ол материалды жақсы игере алады. Мәселен, әдеби шығармаларда жағымды, жағымсыз кейіпкерлер болатынын, шығарма алдына оосындай мақсат алдын ала қойылатыны оқушы білуге тиіс. Ал тарих ғылымы - тек жеңістер мен сәттіліктерді ғана дәріптеу емес, шыңдықты шынайы талдайтын ғылым. Тарихи кезеңді бізге үнамайды екен деп, өз тарихымыздан сызып тастай алмаймыз.

Бұл жерде тарихи әдебиеттерді пайдаланғанда тарихи деректердің жүйесін оқушылардың жас шамаларына қарай екшеген жөн. Тарихи әдебиетте оқуды тарих пәнін оқытуда қосымша білім көзі ретінде пайдаланғанда ғана оқушылардың ізденгіштігін арттырамыз. Пысықтау ретінде тарихи әдебиеттердегі оқиғаларды Қазақстан тарихының белгілі бір кезеңдерімен, формацияларымен теңестіре, салыстыра білу, тарихи деректерді талдау, оларды қазіргі заманмен орайластыра алу машығын үйретеміз. Қазіргі күллі қазақ тарихы қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отыр. Тарихи тақырыптарды өзек еткен кітаптар көптеп жазылуда. Алайда оның бәрін реттті, ретсіз пайдалана беру оқушы зердесін ауыр, әрі біздің әлеуметтік тарихымыз бен мәдениетімізді тарихы ерекше ыждағаттылықты талап етеді. Осы орайда нақты тарихи жағдайды немесе тарихи тұлғаны басты нысан етіп алып жазыла бастаған шығармалар да баршылық. Енді Қазақстан тарихын оқытуда көркем шығарманы пайдаланудың маңызына нақтырақ тоқталсақ:

1.Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану бәрінен бұрын оқушының тарихи фактіні ойына ұзақ сақтауына әсер етеді. Өйткені тарих қоғамдағы тап тартысын нақты дерктермен дәлелдесе, көркем шығарма сол фактілерді бейнелі кескінмен елестетеді. Әдебиет - сөзбен сурет салу емес. Ендеше тарихи деректі оқушының жай бір өтіп кеткен іс, оқиға, факті ретінде емес, адам тағдыры, оның басынан кешкен сан қилы оқиғалары ретінде түсініп, оған тарихи мән бере, тебірене қарауына ықпал туғызады. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы жұмысшылардың ауыр тұрмысын, орыс-қазақ жұмысшыларының езушілерге қарсы күрестерін көрсетуде Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романынан мысалдар келтірген жөн. Әсіресе, Оралдан азып-тозып Қарағандыға қашқан жұмысшылардың аянышты халін, өндірістегі қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмысын суреттеген тұстары оқушының есінде тарихи оқиғаны мәңгілік бейнелеп тұрады.

2.Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану оқушыны еңбектене білуге үйретеді. Мысалы, 1916 жылғы көтеріліс басшысы Амангелді тарихи тұлға. Оқушы тарих сабағында Амангелді батыр бейнесімен тарихшы пайымдауы арқылы танысады. Ал енді батырды жазушы немесе ақын қалай сомдайды, характерін қалай ашып көрсеткен деген сұрақ бойынша оқушы ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Сөйтіп, М.Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» романы, Омар Шипин, Күдері Жолдыбаевтардың «Амангелді туралы жырларымен» танысып, оларды өзара салыстырады, сөйтіп өз дүниетанымындағы өзінің Амангелдісін жасап шығарады, ал бұл үлкен еңбекпен ғана келетін құбылыс.



3.Тарих сабағында көркем әдебиет жүйелі әрі үнемі пайдаланылса, оқушының тарихи мәселені түсіндірудегі ойын тартымды да көркем тілмен, көңілге қонымды баяндауына қолайлы жағдай туғызады. Оқушының сөздік қорын дамытып, пікірін нәрлендіреді, ойын оралымды баяндауына көмектеседі.

4. Егер тарихи әлеуметтік оқиғаны суреткер көркем образбен керемет жеткізсе, онда оқушыны тарихи тұлға арқылы(мысалы, «Абай жолы» романындағы Тоғжан, Ербол, Әйгерім, ¥лжан т.б, «Қан мен тер» романындағы Еламан, Рай т.б, «Ботагөз» романындағы Асқар мен Ботагөз т.б.) сұлулық пен әсемдікке, сезімталдылық пен саналылыққа, нәзіктік пен пәктікке, адамгершілік пен қайсарлыққа, шыншылдық пен әділеттілікке адам жан сырын, дүниетанымын түсіне білуге тәрбиелейді, яғни эстетикалық, рухани, мәдени тәрбие береді. 5. Үйлесімді әрі ұтымды пайдаланылған көркем әдебиет оқушының өз халқына, оның алдыңғы қатарлы дәстүріне, Отанына деген патриоттық сезімін оятады. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы таптық күрестің шиеленісуі, Исатай мен Махамбет басшылығымен болған 1836-1847 жылғы шаруалар көтерілісінің мәнін жеткізуде Махамбет жырларын және Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Т.Әлімқұловтың «Қара ой» атты шығармаларынан үзінді пайдалану оқушыға керемет әсер қалдырған болар еді. Осы орайда айта кететін мәселе «қазақ тарихы» журналының 2002ж. №1 санында жарық көрген Қамбар Атабаевтың «қазақ баспасөзі - Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)» атты монографиясы туралы пікір де осы ойымызды дәйектей түседі. Себебі ұлттық тарихымызды жаңадан жазып жатқан ғалымдардың еңбегі жарық көруі ұзақ мерзімді процесс, әрі оны оқулық бағдарламасына ыңғайлап, әдістемесін жасағанша біршама уақыт кетеді. Сондықтан, мерзімдік баспасөзді үзбей қадағалап, қажет материалдарды екшеп алып, күнделікті тақырыппен байланыстыра түсіндіріп қоймай, оқушылардың өздеріне оқуды ұсыну, оны қалай игергенін пысықтау - олардың шығармашылық ізденіске жол ашып, сабаққа ынталылығын арттыра түседі. Ал мұның өзі гуманитарлық пәндерді оқып-үйренудің басты әдістемесі. Айталық, жазушы, ізденуші Қойшығара Салғараұлының Қытай мұрағаттарынан қазақ тарихына қатысты «Егеменді Қазақстан» газетінде жариялаған материалдар сериясы танымдық үлгіде болғанымен, оқушылардың үлкен қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, Күлтегін туралы, Еуразия университетінде ашылған мұражай жөніндегі баспасөз материалдары Қазақстан тарихын жаңаша пайымдауда үлкен көмек болды. Дегенмен де баспасөз материалдарын пайдаланғанда аса қырағы болу керек. Мәселе ел аузына кең тараған аңыз, хикаяларды көпетеген авторлар тарихи дерек орнына жиі пайдалатындығы. Ал тарих ғылымына ондай өлшемдер жүрмейді. Сол себепті де Қазақстан тарихын жалпы адамзат тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, әсірелеуге жол бермеуге тырысу қажет. Ол үшін баспасөз материалдарындағы дерек көздерінің ғылыми құндылығын айырып алуға оқушыларды үйрете білу аса маңызды. Бұл жөнінде мерзімдік баспасөздердің ішінде «Егеменді Қазақстан» газетінде жариялаған «Қазақ мемлекетінің тарихы» сериясымен берілген таихшылар Клавдия Пищулина мен Нәжіп Мыңғұловтың, профессор Жанұзақ Қасымбаев, академик Манаш Қозыбаевтың мақалалары нақты тарихи фактілермен ерекшеленеді. 2002 жылдан бастап осы газет тағы да «Әлемге әйгілі» деген айдар ашып, Қазақстан тарихына қатысты тұлғалар туралы материалдар бере бастады. Сондай-ақ, «Қазақ тарихы» журналы, басқа да ғылыми-көпшілік басылымдар бар болса да, оқушылар өресін ескермеуге тағы да болмайды. Айта кететін мәселе, 1999 жылдың «Тарих және ұрпақ сабақтастығы жылы» болып жариялануына байланысты жергілікті баспасөздерде де өлке тарихына қатысты тұлғалар туралы материалдар көптеп жарияланды. Қорыта айтқанда, Қазақстан тарихын оқытуда мерзімдік баспасөздің ұтымды жағы мыналар:

1. Қазіргі өзгерістер заманында, ғаламдастыру жағдайында ақпараттар ағыны күшейіп, жаңа қоғамдық құбылыстардың жаппай ентелеп жатқан тұсында өз тарихымызды жедел оқып-үйренуімізге мүмкіндік береді.

2. Тарихи оқиғаларды осы кезеңментығыз байлансытыра қарауды жеңілдетеді.

3. Баспасөз материалдары тәуелсіздік тынысымен үндес келіп, сабақтың өз мақсатына жетуінде мұғалім еңбегін жеңілдете түседі.

4.Қазіргі салуатты оқулықтар жоқ кезде жарияланған материалдарды эпизодтық сипаттама емес, көз жазбай қадағалап, жүйелеп отырса, көптеген пайдалы қосымша мағлұматтар береді. Ал ұнамсыз тұсы - баспасөз материалдарында тарихи деректіліктің жетіспеуі. Осы тұрғыдан келгенде ұстаз міндеті -тарихи танымды әдеби әсірелеушіліктен айыра білу.

III. Мерзімді баспасөздегі деректерді тарихи фактілермен салыстыра алуы тәрізді және т.б. талаптарды ескерген дұрыс. Әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, өз сабағын өткізсе, өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыпьтастыра алады. Сыныптан тыс сабақтарды оқушылармен көбірек өткізу, олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Сабақтың сапалы өтіп, мақсатына жетуі мұғалім мен оқушылардың сабақ үстінде атқаратын оқу қызметіне байланысты. Өзі оқытатын пәнге барлық оқушыға бағдарламағасай білім беру - әрбір мұғалімнің басты міндеті. Мәселен, тарихшы мұғалім бұл міндетті жүзеге асыру үшін өзінің алғашқы сабағынан бастап соңғы сабағына дейін барлық оқушының оқу қызметімен айналысуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл оңай шаруа емес. Мұны орныдау үшін мұғалім өз оқушыларының бойна кем дегенде мына үш сапаны (қасиетті): тарих пәнін оқып-үйренуге деген ынтаны, оны меңгеру үстінде жалпы пәнге деген жауапкершілік пен қызығушылықты және пәнді меңгеру тәсілдерін, яғни оқу қызметі тәсілдерін қалыптастыруы тиіс. Осы үшеуінің біреуі толық қалыптаспаған оқушыда тарих пәнінен жүйелі де баянды білім болуы мүмкін емес. Әрбір оқушы тарих пәнін оқып-үйренудің қоғам үшін де, өзінің жеке басы үшін де қажет екенін түсінісуі тиіс.

2. Көркем шығармашылық арқылы сабақ үстінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.Тарих сабағына оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыруда, есте жақсы сақтауында, тарихи материалды әсерлі әрі түсінікті оқып үйре-туде көркем әдебиетті, хрестоматия, тарихи дастандар, естеліктер, анықта-малықтар, фольклорлық, этнографиялық, мұрағаттық материалдардан үзінді, мұражайлар, кермелердің мүмкіндіктерін пайдаланған тиімді. Жоғарыда аталған қосымша материалдардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктері мен ортақ белгілерімен ажыратылады. Олардың біразы сол заманның куәгерлері немесе оқиға болған уақыттың бер жағында өмір сүріп бізге жеткен тарихи шығармалар. Мұндай туындыларды пайдаланғанда автор қандай көзкараста екенін, кандай әлеуметтік топтың мүддесін қолдап отырғанын дұрыс анықтап алған жөн. Көркем әдеби шығармаларында көпшілік жағдайда тарихи шындық бейнеленеді, оқушылардың көз алдына тарихи оқиға, ұлы тұлғалар бейнесінін әсерлі сипаттамасы елестейді. Мәселен, осындай материалды сабақта талдаған соң, орта ғасырдағы жәрмеңкеге бара жатқан шаруа, не қолөнерші туралы әңгіме құрастыр деген тапсырма беру окушылардың тарихи кезең туралы нақты және толық ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Окушылар көркем әдебиет шығармаларын сыни тұрғыдан бағалауға үйренеді, ондағы кандай окиға шындық, ал қайсысы ойдан шығарылғанын талдап кәзі жеткен соң, өз ойын дәлелдеуге ұмтылады.

Мұғалім әңгімесінің бейнелі, нақтылы, әсерлі болуы оған окулык мәтінінен баска түрлі дерек көздері мен көркем әдебиеттен мәтіндерді бай-ланыстыра отырып әңгімелеу септігін тигізеді. Мұғалім көркем әдебиеттен ең айқын, әсерлі, түсінікті үзіңділерді іріктеп алып, тарихи оқиғаға немесе кайраткерге сипаттама береді. Көркем әдебиетті пайдалану окушылардың гарихтан білімдерінтерендетуге, адамгершілік касиеттерін калыптастыруға және ойлау кабілетін дамытуға көмектессді. Мұғалім коркем әдебиеттің мазмұнымен жаксы таныс болуымен катар одан ен маңыздыны тандап алып, үзіндіні пайдаланып және жаңа материалмен ұштастыра білуі кажет. Мұғалімдер тәжірибесінен байқағанымыздай, олар жаңа материалды түсіндіру барысында тарихи окиғаға байланысты көркем әдебиеттен қысқа да нұсқа, әсерлі үзінді пайдаланады. Көркем әдебеттен есте жақсы сақталатын әсерлі, бейнелі эпизодтар, айқын суреттемелер, эпитеттер, қысқаша суреттемелер, өткір де даналы сөздер қолданған тиімді. Мұндай жағдайда мұғалім әңгімесі баи түседі, тартымдылығы артады. Сонымен қатар оқушы-ларға өздігінше көркем әдебиетті окып келіп, ондағы ең маңыздыны таңдап, сол үзіндіні сабақта пайдаланып, оны талдау, оқушылардың ой-өрісін дамытуға елеулі үлес косады. Оқушыларға біркатар көркем туындылар әде-биетпәнінен белгілі болғаңдықтан, пәнаралық байланыс түріне проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар қою арқылы естсріне түсіріп отырған да пайдалы.

Сабақта мұғалімге нақты көмек болу үшін мысалы, Қазақстан тарихын оқытқанда көркем әдебиетті пайдалану туралы кесте толтырғаны дұрыс.

Мұғалім бір ғана емес бірнеше деректерден үзінділер де пайдалана ала-

ды. Мұндай жағдайда біреуін өзі дауыстап оқып берсе, қалғандарын оқушылармен топ болып жұмыс ұйымдастырады. Әр топқа әр түрлі тапсырма: фольклорлык, этнографиялык, мұрағаттық және мұражай материалдарын беріп, сол бойынша талдау өткізіп, оқушылардын тарихи деректермен жұмыс істеу біліктерінің қалыптасуына себін тигізеді. Сонымен қатар мұражайларға, көрмелерге барып, одан кейін тәрбиелік-танымдық тапсырмалар орындауға, әр түрлі жазбаша жұмыстар дайындауға үйретеді. Мұнын өзі оқушы шардың өздігінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде пайдалы болмақ.

Тарихты оқытуда сөздік жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін анықтамалық, сөздіктер пайдалану оқушылардың ойлауын және сөйлеу мәдениетін дамытуға септігін тигізеді. Тарихты оқу барысында оқушылар көптеген жаңа қайраткерге сипаттама береді. Көркем әдебиетті пайдалану оқушылардың тарихтан білімдерін терендетуге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және ойлау қабілетін дамытуға көмектессді. Мұғалім көркем әдебиеттің мазмұнымен жаксы таныс болуымен катар одан ен маңыздыны тандап алып, үзіндіні пайдаланып және жаңа материалмен ұштастыра білуі қажет. Мұғалімдер тәжірибесінен байқағанымыздай, олар жаңа материалды түсіндіру барысында тарихи окиғаға байланысты көркем әдебиеттен қысқа да нұсқа, әсерлі үзінді пайдаланады. Көркем әдебеттен есте жақсы сақталатын әсерлі, бейнелі эпизодтар, айқын суреттемелер, эпитеттер, қысқаша суреттемелер, өткір де даналы сөздер қолданған тиімді. Мұндай жағдайда мұғалім әңгімесі баи түседі, тартымдылығы артады. Сонымен қатар оқушы-ларға өздігінше көркем әдебиетті оқып келіп, ондағы ең маңыздыны таңдап, сол үзіндіні сабакта пайдаланып, оны талдау, оқушылардың ой-өрісін дамытуға елеулі үлес қосады. Окушыларға бірқатар көркем туындылар әде-биет пәнінен белгілі болғаңдықтан, пәнаралық байланыс түріне проблема-лық сұрақтар мен тапсырмалар қою арқылы естеріне түсіріп отырған да пайдалы.

Сабақта мұғалімге нақты көмек болу үшін мысалы, Қазақстан тарихын

сөздер, ұғымдар мен терминдермен кездеседі. Мұғалім сабакқа дайындалғанда жаңа материал мазмұнында кездесетін термин сөздердің мазмұнын қалай ашып көрсету керектігін, оны қалай түсіндіретінін, қандай аныктамалықтар пайдалану керектігін алдын-ала ойластырады. Термин сөздердің мазмұнын:

— жаңа сөздердің мазмұнын ашып көрсеткенде, сол затты немесе оның бейнелерін көрнекі құралдар (найза, еңбек құралдары, т.б.) арқылы ауыз-ша түсіндіру;

— жаңа сөздердің мазмұнын оның шығу тарихы туралы айтуға және сол сөздердің құрамын талдау (мысалы, жаңа дәуір, тәуелсіздік);

— жаңа сөздердің мазмұнын оқушыларға бұрыннан таныс сөздердің көмегімен түсіндіру, яғни синоним ретінде мағынасы бірдей сөздің мәні түсіндіріледі (мысалы, раджа-арилердің сайланып қойылатын көсемі,т.б.);

— күрделі жаңа сөздермен жұмыс жасағаңда анықтамадан сол сөзді тауып, тақтаға жазып, оны белгілі бір образбен, ұғыммен байланыстырып, жан-жақты түсіндірген тиімді.

Мұғалім жаңа сөздерді тақтаға жазады, кадаскоп не компьютер аркылы көрсетеді. Оқушылар оны дауыстап оқиды (төменгі сыныптарда), дәптерлеріне қатесіз жазып алады. Оқушылардың есіне үнемі салып, үй тапсырмасын пысықтау барысында сөздік бойынша жұмыс жүргізіп, анық-тамадан тауып келіп мағынасын түсіндіруді, анықтамасын айтуды, сөзге тал-дау мен қорытынды жасауды талап етеді.

Тарих сабактарыңда қанатты сөздердің, мақал-мәтелдердің, бейнелеп суреттеудің орны ерекше. Мәселен, кейде тарихи оқиғаны баяндағанда мұғалім айқын, өткір сөздерді пайдаланып, белгілі бір фактінің мәнін терең ашып көрсетіп, оқушылардың санасында берік орнықтыруға мүмкіндік жасайды. Ол үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойған пайдалы:

— «Мемлекет дегеніміз-мен»деген кімнің сөзі?

— «Атамекен жері үшін, қасиетті елі үшін, болмай қалар кім батыр?»—деген кімнің жалынды сөзі?

— «Сүй елінді үйіндей, сүй үйінді еліндей»— деген сөзді айтқан жазушы кім?

Тарихты оқытуда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру-да, тарихи материалды олардың сезіміне әсер ететіндей, түсінікті оқып үйре-нуде көркем әдебиетті, хрестоматия, тарихи дастандар, естеліктер, анықта-малықтар, фольклорлық, этнографиялық, мұрағаттық материалдар, қанатты, нақыл, даналар сөздерін, мұражайлар, көрмелердің мүмкіндіктерін пай-даланған тиімді.
Бекету сұрақтары:

1. Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдаланудың тәсілдері қандай?

2. Көркем әдебиеттің оқушылар үшін тарих сабағында пайдаланудың маңызы неде?

3.Тақырыпқа байланысты көркем әдебиетті таңдауға мысал келтір?



Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.


12 Дәріс. Тақырып: Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: Дәріс-сабақ, Семинар сабағы, Реферат.
Жоспар:

1. Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс.

2. Семинар сабағы. Оны өткізу жолдары.

3. Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы.
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруға үйрету.

1. Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық үрдісті, процесті технологияландыру мәселесі маңызды.

Өздік, танымдық жұмыс – оқушылар бойындағы танымдық қабілетінің, шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.

Тарих сабағында тарихи материалдарды, көркем әдебиетті, деректі құжаттарды, баспа ағындарын мақсатты пайдалану арқылы оқушыларымның ақыл ойын, адамгершілігін, эстетикалық, интеллектуалдық таным сезімін дамытып, өздігінен ізденуіне қолайлы жағдай тудырады.

Сабақ беру әдісінде оқушылардың өз бетімен танымдық кабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар берілуі тиіс. Оқушылар әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, диалог-журнал, реферат, сахналық қойылымдар, конспект, келешектегі болжау өмірнамалар жазып, сапарнамалар құрастырып, өз бетімен кітап оқып, журнал-газет шығарады.

Әртүрлі ақпараттарды-кітап, оқулық, көркем әдебиет, баспа беттері, көмекші құралдар, деректер, құжаттар, тарихи өлеңдер, шежірелерді зерттеу үшін бастыны іріктейді, цитаталар алу, конспектілеу, жоспар, тезистер құрастыруға машықтанады.

Осы мақсат негізінде курс алдына мынадай басты міндеттер қойылады:

- Сабақты талдау жайында түсінік беру және оған жан-жақты сипаттама жасау;

- Өзіндік талдау жүргізудің мәселелерін ауқымды түрде ашып көрсету;

-Тарих сабағында оқушыларға өзіндік талдау істеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру.

Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың маңызы.

Казіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі ұрпаққа қат-қабат міндеттер койды. Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманғы сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру. Яғни бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде интерактивті оқыту тәсілдерін қолдануды тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих сабақтарында қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жатқан материалдағы заман кезеніне теренірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді.

Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге - рөлдік ойындар, кон-курстар, жарыстар, тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейнринг т.б. іс-шаралар өз кезегінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», «Тесттік конкурс», «Тарихи сахналық қойылымдар», т.б.

Бұл аталған әдіс-тәсілдердің мәні:



  1. Әдістемелік мәні - тарих пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.

  2. Тәрбиелік мәні - оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын кұрметтеуге үгіттейді.

  3. Теориялық сипаты - оқушылардың өзін-өзі ұстау ерекшеліктері, сөйлеу стильдерін қалыпастыруға көмектеседі.

Еңді әрбір сыныпта өтілетін тақырыптарда қолданылатын интерактивті әдістерге тоқталып өтсек:

  1. «Тарихи шынжыр» ойын тізбегі. Бұл тәсіл кез-келген сыныпта тарих пәніңде қолдануға қолайлы. Оның мазмұны бойынша белгілі бір тарихи деректі, яғни белгілі бір мәлімет беретін сөйлемді үш немесе төрт оқушы кезектесіп, біреуі әуелі басын, екіншісі орта тұсын, үшіншісі аяқ жағын айтып, тұтас бір ойынды тізбекті құрайды. Нәтижесінде: нақты бір тарихи дерек кұрылады. Тиімділігі - оқушыларды тапқырлықпен дәл, нақты логикалық ойлауға үйретеді.

  2. «Жас деректанушы» тағылымдық ойыны. Өтіліп жаткан тарихи дәуір бойынша сол кезеңдегі саяси оқиғаларды жазушы жылнамашылар атыан кез-келген тарих пәнін сүйетін оқушы мәлімет жазып, оларды өз көзкарасы шеңбері нде жеткізеді, өзінше сипат береді. Деректанушы болп отырған оқушы нақты фактілерге айкын сипаттама беруге үйренеді.

  1. «Проблемалық полемика» ой талкысы. Оның мәні өтілетін материалдағы болып кеткен тарихи оқиға, түрлі реформалардың, саяси тұлғалардың жеке басы, іс-әрекеттеріне он (+) және теріс (-) дәрежедегі бағалар беруі оқушыларға кез-келген мағлұматгарды объективті түрде баға беруге үйретеді.

  2. Тестік конкурс. Оқушылардың әрбір өтілген такырып бойынша ой елегінен өткізіп жинақтап жүрген материалдарды тест сұрағы формасында көрсету. Осы бойынша әрбір оқушы өзінің қасындағы әріптесімен тест сұрақтарын жасырып қою арқылы бірінің білмеген мәліметін екіншісі толықтырып, оқушылардың ақпарат алмасымдық дәрежесі жоғарылады.

  3. «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық шоуды ұйымдастыру тәсілі көбінесе өтілген материалдарға шолу жасау, қорытынды сабақтарға, жинақтау сабақтарына пайдалануға өте ыңғайлы. Өтілген сабақ тақырыптарын жинақтау кезінде оқушылардың арасынан тілек білдіруші немесе ең білімді деген оқушылар шығып, әркайсысы жеке-жеке жалпы шоудың турлары бойынша сайыска түсіп, ең көп сауаттылық, жігерлілік, біліми белсенділігін танытьш жеңіске жеткен дарынды окушы жеңімпаз болып танылады. Бұл сайыстын тигізер тиімділігі - оқушыларды лидерлік касиеттерге тәрбиелеу әрі танымды-лық кабілетін арттыру.

  4. Тарихи сахналык койылымдар. Әсіресе Казақстан тарихы пәні сабақтарында жинақтау сабақ ретінде бұл тәсілді қолдану оқушылардың сол болып жатқан оқиғалар тізбегіне, реформалар кезеңіне тереңірек енуіне, мүмкіндігінше кебірек сезінуіне ықпал етеді. Жекелеген оқушыларды белгілі бір сценарий желісі бойынша дайындалған рөлдерге оқушыларды орнымен қойып ойнату, балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыгггастыру, бейнелік ойлау шеңберін, шешендік сейлеу стильдерін қалыптастыруға көп септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет