«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет12/20
Дата22.02.2016
өлшемі2.08 Mb.
#81
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3.Ө.И.Исенов. Мектепте тарих сабағын оқытуда оқушылардың азаматтық позициясын қалыптастыру//"Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында мұғалімдердің біліктілік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары'Ғылыми- әдістемслік конференция материалдары 3 ақпан Қостанай, 2005109-112 бб.


7Дәріс Тарихты оқыту процессінде оқушылар білімінін қалыптасуы.

Жоспар: 1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдерінің қалып-тасуы.

Мақсаты: Тарихты оқыту процесінде оқушыларда дамитын білімнің негізін меңгеру. Ал-ған білімді іс жүзінде көрсете алу қабілетін дамыту.

2. Мектепте тарихты оқыту процессінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.

3. Қабілеттін қалыптасу әдісі:

а/ тарихи материялдарды талдау және синтездеу.

б/ тарихи құбылыстарды салыстыру.

в/ қорытынды жасау.

г/ тарихи материалды түсіндіру.
1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдерінің қалыптасуы. Казақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: "Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінін әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технолоғияларды жетілдіру болып табылады" — деп көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына, жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық білім жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөнінде нақты тапсырма беріп ұлттың өрісі білім нәрімен сусынданғанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралық дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін үнемі ескертеді .

Сондай-ақ , қазіргі тәжірибеге енген кредиттік оқыту технологиясы-ның ерекшелігі — оқу процесін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік туғызып "жалпыға ортақ білім" парадигмасынан "әркімге арналған білім" парадигмасына қадам жасатады. Осындай ғылыми нәтижелер, қазіргі өркениет деңгейінен қалмай жанарту қажеттіліктерінен туындап отыр.

Бұл оқыту жүйесінің басты мақсаты болашак маманды шығармашы-лық ізденісте, ғылыми деректерге сүйеніп, ойын терең мағынада жеткізе алатын, өзіне де, өзгеге де сыни көзқарастағы білікті маман иесін қалып-тастыру болмақ. Ендеше, қазіргі әлемнің жетекші елдерінін көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды екен. Соған орай, Абай атындағы ҚазҰПУ, тарих факультетінің "Тарихты оқыту теориясы мен технологиясы" кафедрасы" Тарихты оқыту әдістемесі" пәнінен 4-курс студенттері арасында белгілі бір тақырыптың мазмұнын зерттеудегі оқытудың дербес және топтық түрлерін тиімді пайдалану жолдары жан-жақты қарастырылған. "Голощекин тұсындағы Алаш зиялыларының тағдыры" тақырыбын алдын-ала сту-денттерге жан-жақты дайындалып келуге оқытушы тарапынан тапсырмалар беріледі. Студенттерге алдын-ала тапсырмалар берілмес бұрын, білім берудің нормативтік құжаттарынан бөлек, тақырып мазмұнына сай, тарихи еңбектердің тізімін ұсынған жон. Мысалы:

1. М. Қойгелдиев "Алаш қозғалысы" (көмекші оқу кұралы). Алматы, «Санат», 1995

2. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков «Тарих тағылымы не дейді?». Алматы, «Ана тілі», 1993 ж.

3. Қ. Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда». Алматы, «Ататек», 1995ж.

4. Т. Омарбеков «1920-1930 жылдардағы Қазақстан қасіреті». Алматы, «Санат», 1997 ж. т.б. сол сияқтылар.

Оқытушы интерактивті тақтадан сызбалардағы сұрақ тапсырмаларына, студент-терді топ, жұпқа болу арқылы жауаптар берудегі өзіндік тұжырымдау көзқарастарын тыңдап, бағалайды.

2. Мектепте тарихшы оқыту процесінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.

XXI ғасырдағы тарих сабағынының өзекті мәні, ерекше мақсаты бүгінгі тәрбиеленіп отырған жастың «Өз елінің ұйтқысы, ел тағдырын шешуші ұлтының өкілі» екеңдігін жүрегімен сезіне білуге тәрбиелеу.

Қазақстан егемендігін алып 10 жыл мерзімді бастан өткеріп елеулі жаңа кезеңге иек артып отыр. Ел дербестігіне ие болған бүгінгі жағдайда кешсөз тағдыры басқаның қолыңда болған қазақ ұлты енді басқанын тағдыр тауқыметін мойнына алды. Олай болса Қазақстан республикасынын бет-бейнесі, жеткен жері еңәуелі қазақ ұлтының жетістігімен өлшенеді. Ендеше бұл қазақ ұлтынан бұрынғыдан бірнеше мәрте артық күш-қуат, білім парасатты талап етеді.

Ал бүгінгі езіміз тәрбиелеп отырған жеткіншектер осы талапқа дайын ба деген сауалға жауап беруге келгенде күмілжіп қаларымыз шындық.

Олай болса жастардың ел тағдырын шешуші ұлттың екілі екеңдігін сезініп өсу үшін Абайтанудың өзіндік моделін жасау немесе оның шығармаларын, қара сөздерін тарих, құқық, қоғам пәндеріне үнемі жүйелі қолданып отыру керек. Қазақта күні бүгінге дейін озық ой, парасат, өнер, кәсіптік бағдарға, ұлттык қарым -қатынас, ел билеу, заң, сот, қала берді нарық мәселесі саласына қалам тартып, дәл көрсетіп философиялык ой түнген Абайдан асқан ешкім жоқ.

Соңдықтан Абайдың қара сөздері мен ой толғамдарын тарих, адам және қоғам құқык пәндеріне тәрбие мақсатын белгілегенде үнемі тірек ету қажет деп ойлаймын.

Ұлы ойшылдың қоғамтану, философиялық, саяси-әлеуметтік көзқара-старына арналған есептері көп. Сабақта тек тарихи көзқарастарына байла-нысты өлең, қара сөздерін пайдаланамын. Жыр пайғамбары дүние жүзі ха-лықтарынын арғы-бергі тарихынан хабардар болған, ежелгі дүниетарихын, орта ғасыртарихын жатқа білген.



3. Қабілеттін қалыптасу әдісі:

а/ тарихи материялдарды талдау және синтездеу.

Оқу атериалына құрылымдық-функциялық талдау.Сабаққа дайындық барысында оқу материалына талдау жасауды П. В. Гора құрылымдық-функциялық деп атаған еді. Ол құрылымдық талдау дегенде мүғалімнің сабақ мазмұнын қисындық ой елегінен өткізіп, оның мазмұнынан басты тарихи деректерді және оларды талдаудан туындаған қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдарды бөліп алу деп түсіндіреді. Ол қорытындылар мен жинақтаушы тұжырымдар оқулыктың мазмұнынан анық көрінуі немесе деректер мен олардың байланыстарының астарында жасырын түрде кездесуі мүмкін. Ал функциялық талдау құрылымдық талдау барысында анықталған теориялық ережелер, қорытындылар мен сабақтағы басты тарихи деректердің білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін айқындауға бағытталады.

Басты тарихи дерекке не жатады? Бұл қоғамдық өмірде елеулі із қалдырып, қоғамдық дамуға айтарлықтай ықпал жасаған деректер. Олар сабақ мазмұнынының фатологиялық негізін құрап, тарихи даму процесіндегі маңызын айқындап, оқиғаның картинасын жаңғыртады. Басты деректі талдаудан негізгі қорытынды мен тұжырымдар туындайды. Басты деректің мазмұны мен байланыстарында оқушылардың дүниетанымдық идсялары мсн ұғымдарын қалыптастыруға қажетті маңызды теориялық, мағлұматтар болуы мүмкін. Теориялық ережелер маңызы жағынан басты және қосалқы болып келеді.

Басты деректердің арасында маңызды теориялық мазмұн арқаламайтындары да болады. Бірақ олар өзінің бейнелігімен, жарқын және еліктіргіштігімен құнды. Оларды оқып үйрснуі оқушылардың сезімдік толқуларын оятып, тарихқа деген қызығушылығын арттырады және шығармашылық қиялын дамытады.

Сабақта басты деректерден басқа қосалқы оқу материалдары - қосалқы тарихи деректер, картографиялық, хронологиялық жәнс басқа да деректер пайдаланылады. Олар көбіне оқушылардың ойлау белсенділігін, қызығушылығын дамыту үшін қолданылады. Мысалы, мұғалім 1945 жылғы Жеңіс шеруі және Ескі алаңға орналасқан Тарихи мұражай жанындағы Г. К. Жуков ескерткіші туралы әңгімелейді. Маршалдың Жеңіс шеруін ақ боз аттың үстіндс қабылдағанын әркім біледі. Бірақ ол ахалтеке тұқымды тұлпардың есімі Араб екендігін, оның 1935 жылы Ашхабад-Москва бағытындағы атты шеруде даңққа бөленгендігін, ал оның ұрпағы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауытының түлегі Абсентгің Римдегі Олимииадалық ойындарда чемпион болғандығын екінің бірі біле бермейді.

г/ тарихи материалды түсіндіру.1. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту оқушыларға Казақстан жерін көне заманнан бүгінге дейін мекендеп келген халықтың, адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибелерді баяндайтын тарихи білімдер негізін игеру, оқушылардың Отанға, туған жерге, өз ұлтының тарихы мен мәдениетіне, дәстүрлеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеу, жеке түлғаның қалыптасып дамуында ерекше орын алады.

2.Қазақстан тарихы оқулығындағы маңызды идеялар, ұғымдар мен түсініктер нақтыланғанда көптеген кұбылыстар мен оқиғалардың ішінен білімдік, танымдық-тәрбиелік жағы ең маңызды фактілер мен идеялар: мұнда әсіресе "Отан, туған өлке, Қазақстан – менің Отаным, халықтар арасындағы татулық пен келісушілік, ізгілік, мейірімділік, адамгершілік, өркениеттілік, ұлт-азаттық қозғалыс,тәуелсіздік," т.б. ұғымдарын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Басқа ұғымдардың маңызды белгілерін толық, түсінікті ашып көрсете отырып, фактілерді шамадан артық пайдалан-бай,материалды ашып көрсету өзінің игі әсерін тигізетіні дәлелденді.

3.Оқулық компоненттерінің (мәтін, игеруді ұйымдастыру аппараты, иллюстративтік материал, бағдарлау аппараты) үйлесімділігін сақтау, оларды мейлінше тиімді пайдалану отандық тарихты оқытуда жастардың қызығушылығын арттыруға, өзіндік жұмысын ұйымдастыруға негіз бола алады.

4.Бүгінгі таңда білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, республикамыздағы мектепті реформалау ісі, педагогика ғылымдарындағы соңғы жаңалықтар негізінде оқулықты оқыту үрдісінің негізгі өзегі, оқу пәнінің моделі деп қараумен қатар, біз оқулықты жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, елжанды азаматты тәрбиелеуге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға,өзін-өзі жетілдіруге, жеке тұлғалық бағдарлы оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған құрал ретінде қарастырамыз. Оқулық- мемлекеттік білім стандартыньң талабына сәйкес оқу бағдарламаларында анықталған білімнің дайындық деңгейлері мен оқу-әрекет түрлерінің негізделген минимумын дамы-туы тиіс деп түсінеміз. Оқулық алынған терең де сапалы білімнің, білік, дағдылардың негізінде өздігінен дербес білім алатын, ізденетін және өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, өз тәжірибесінде қолдана білетін жеке тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде ұсынылады.



Бекету сұрақтары:

1. Әдісті үйретудегі оқушылардың негізгі сатыдағы жұмыс тәсілдері қалай қалыптасады?

2. Мектепте тарихты оқыту процессінде арнайы оқу қабілетіне мінездеме.

3. Қабілеттін қалыптасу әдісінеден құралады?

4.Қорытындыны жасаудың маңызы қандай?

Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3.Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.


8 Дәріс Оқытудағы әдіс және әдістемелік тәсілдер.

Мақсаты: Оқыту әдісі түсінігін анықтау, оқыту әдіс классификациясын қарстыру.
Жоспар:

1.Оқыту әдісі туралы түсінік

2. Тарихи материялды ауызша оқытудағы негізгі тәсілдер, оларға қысқаша мінездеме.

3. Оқу материалын түсіндіру жолындағы оқушылардың үйретімділігі.

4. Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс істеу әдісі.
1.Оқыту әдісі туралы түсінік.Тарих – ғылым, білім ретінде адам өмірінде ерекше орын алады. Бұл ғылымның маңызы туралы белгілі ғұламалардың ой толғамағаңдары кемде-кем. Қоғам мүшелерінің тарихи білімдерін көтермей, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды. Сондықтан да әрбір өркениетті, тәуелсіз, дамушы мемлекет өз елінің азаматтарына, алдымсн жастарға тарихи білім беруге үлкен мән береді. Ал, тарихты оқытуды неден бастау керек? - деген сұраққа белгілі ғалымдар, педагогтар өз өлкесінің, елінің тарихын оқытудан бастау керек деген. Мұндай пікірді кезінде КД.Ушинский де, Жүсіпбек Аймауытов та айтқан болатын. Осыларды ескере отырып, Республиканың Білім министрлігі Қазақстан тәуелсіздік алғалы оқу орындарыңда Қазақстан тарихын оқытуды жақсартуға бағытталган бірқатар шараларды жүзеге асырды, асырып та келеді. Қазір Қазакстан тарихы орта мектепте жеті класында (5-11) дербес пән ретінде оқытылады. Басқа орта оқу орындарыңда окыту туралы да алғашқы қадамдар жасалды. Барлық жоғары оқу орыңдарында оқытылады және оларға түсетіндер осы пәннен орта мектеп көлемінде түсу емтиханын тапсырады.

Ендігі міндет - осы пәнді оқытуды жақсарту. Ол үшін оны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру қажет. Бұл игілікті істі жоғары оқу орындарының тарих факультеттеріңдегі "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі" пәнінен бастау керек.



І.І. «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің» құрылымы мен мазмұны.

Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің жалпы құрылымы 15 тарау-тақырыптан құралады. Енді соларды қыскаша болса да ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеп көрейік.

1. "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің" пайда болуы және дамуы. Мұнда қазақ тарихын оқытуға тұңғыш әрекет жасаған Ы.Алтынсарин екендігіне назар аударылады. Ал, кеңестік дәуірде тек 50-жылдардың аяқ кезінен бастап қана Қазақстан тарихының материалдары Жалпы білім беретін мектептерде оқытыла бастағаны, проблемалардың орын алғаны, қолайсыз тенденциялардың болғаны баяндалады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгізіліп, өз дәрежесінде оқытуға жағдай жасалғандығы аталып өтеді

2. "Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі - ғылыми пән" деп аталатын тарауда жеке пәнді оқыту әдістемесінің дидактиканың бір бөлімі, оның ғылыми зерттеу бағыты педагогика ғылымының методологиясына, дидактиканың жалпы принциптеріне сүйенетіңдігі, бірақ жеке пән әдістемесінің зерттеу объектісі мен мақсатының өзіңдік ерекшелігі бар екендігіне назар аударылады. Жеке пәнді оқыту әдістемесі-педагогикалық ғылым екендігі, демек, тарихты оқыту әдістемесі де педагогикалық, қоғамдық ғылым деген тұжырым жасалады.

3. "Қазақстан Республикасы мектептеріндегі Қазақстан тарихы пәнінің қазіргі құрылымы" тарауында Республиканың осы күнгі жалпы білім беретін мектептердегі Қазақстан тарихының құрылымы талданады. Оның 5-кластан бастап, мектеп бітіргенше жеті класта оқытылатыны, пәннің екі курсқа бөлінетіні, ягни 5-класта элементарлық, ал 6-11 кластарда жүйелі курс оқытылатьны көрсетіледі. Бұл курстардың, сондай-ақ Қазақстан тарихының жеке кластарда оқытылатын бөлімдерінің құрылымы мен мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау жасалады.

4.. Келесі тарау-тақырып Қазақстан тарихы пәнін оқытудың мақсат-міндеттеріне және соларға сүйене отырып оның білім мазмүнын анықтауға арналады. Қоғамдық пәндерді, соның ішіңде әсіресе тарихты оқытуда болып жатқан үлкен өзгерістерді, оқытуды ізгілендіру, демократияландыру принциптерін басшылыққа ала отырып, тарихты оқытуға мүлде жаңаша қарау қажеттігі, осыған байланысты пәнді оқытудың мақсат-міндеттеріне елеулі өзгерістер енгізілетіні көрсетіледі. Пәннің білім мазмұнын сұрыптап, іріктегеңде басшылыққа алынатын принциптер, критерийлер мен талаптар анықталады.

"Пәңді оқытудың ұйымдастыру формалары" - деп аталатын тақырыпта оқыту формаларын анықтауға ерекше мэн беріледі. Өйткені, әдетте, сабақтың типтері мен оқыту формалары шатастырылады, семинар, лекциялар да сабақ деп есептелінеді. Дұрысы, сабақ, семинар лекция, конференция, экскурсия, кеш сияқтылар, яғни өздерінің ішкі құрылымы мен оқыту әдіс-тәсілдері жөнінен бір-біріне ұқсамайтындар оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларына жатады. Ал, тарих сабақтарының бұрыннан қалыптасқан яғни тарихты оқыту әдістемесі ғылыми жағынан, сондай-ақ мектеп практикасы іс жүзінде дәлелдеген онға жуық типі бар екені белгілі. Соңғы жылдары тарих сабақтарының типтері "әдеттен тыс сабақтар" деп аталатын жаңа типтер есебінен көбейтілді. Ондай әдеттен тыс сабақтар типтеріне бірқатар алдыңғы қатарлы тарихшы мұғалімдер өткізіп жүрген интегралданган, ролдік, топ-топқа бөліп оқытатын, кездесу, ойын сахналандырылған және басқа сабақ типтері жатады. Сөйтіп "әдістеме пәннің" бұл тарауында осындай болашақ жас тарихшы мұғалімдерге аса қажет ғылыми-әдістемелік мәселелер толық көрсетілуі тиіс.



6. "Тарихты окыту әдістері" тарауында осы пәнді оқытуда көптеген пайдаланылып келе жатқан әңгіме, әңгімелесу, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, тарихи деректерді, көрнекі және техникалык құралдарды пайдалану сияқты иллюстрациялап-түсіңдіру әдістерін шығармашылықпен қолданып, оларды оқушылардың ойлау, таным қызметін дамыту мақсатына тиімді пайдаланудың жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар оқушыларды тікелей шығармашылыққа, ізденушілікке үйрететін логикалық тапсырмалар беру, проблемалы баяндау, проблемалы оқыту, проблемалық ситуация туғызу сияқты әдіс, тәсілдерді пайдалану жолдары толық, әрі нақты мысалдар келтіре отырьп баяндалуы тиіс.

7. "Окушыларда тарихи білімдерді қалыптастыру кезеңдері" тарауыңда оны калыптастырудың белгілі бір реті, жүйесі барлығы, оны үнемі ескеріп отыру қажетігіне назар аударылады. Олардың қатарына: тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіру арқылы оқушыда түсінік қалыптастыру, ұғымдарды, заңдарды, заңдылықтарды талдап-түсіндіру жатады.



8. "Тарихи материалдың тәрбиелеушілік мүмкіңдіктерін жүзеге асыру әдістемесі" тарауында бұл мәселе мүлде жаңаша қарастырылуы тиіс. Тарихты оқыту барысыңда алдымен қоғамдағы адамдардың үлгілі тәжірибелерін, үлгілі істерін көрсетуге осы мақсатта өркениеттілік, мәдениеттанушылық сипатты материалдарды көбірек пайдалану қажеттігі көрсетіледі. Тәрбиелік аспектілерді анықтағанда құндылыққа, ізгілікке, отаншылдыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу бірінші орынға шығады. Бұл тарауда оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің көтерілгенін анықтайтын өлшемдерінің үлгілерін берген дұрыс. Мәселен, егер оқушы жауап берген сұрағының мазмұнына қарай өзінің сезіміндегі өзгерістерді білдірсе, тарихи оқиғаларға, құбылыстарға баға берсе, сабақ материалының мазмұнына қарай қуану, не ренжу т.б. сезімдерін білдірсе меңгерілген білім оқушының тэрбиелілігіне әсер етті деуге болады.

9. "Ұғымдар мен біліктерді қалыптастыру әдістемесі" деп аталатын тарауда әдістеменің аса бір маңызды мәселелері қарастырылады. Өйткені оқу бағдарламасында көрсетілген ұғымдардың ғылыми түсінігі оқушыларда берік қалыптаспаса, олар бағдарлама талаптарына сай ғылыми білім ала алмайды. Ал, біліктер қалыптаспаса оқушылардың ойлау, таным қызметін тиісті дәрежеде дамыту, яғни тұлғаны талапқа сай қалыптастыру мүмкін емес.

10. "Қазақстан тарихының оқулықтары" тарауында осы пәннен жасалатын оқулықтарға қойылатын ғылыми-әдістемелік талаптар көрсетіледі, осы курстан 1959-1990 және 1991-1995 жылдар аралығында жарық көрген оқулықтарға қысқаша сипаттама беріліп, окулықтардың кейінгі, яғни дербес пән болғаннан бергі 5-11 кластар үшін жасалғандарына талдау жасалынып, олардың ерекшеліктері көрсетіледі.

7."Оқыту нәтижесін тексеру жэне есепке алу" деген тарау-оку бағдарламаларында көрсетілген базалық білім мен біліктерді оқушылардың қандай дәрежеде: "мүмкіндік" және "міндетті" деңгейлерде меңгергенін анықтауға арналады. Былайша айтқанда, мұнда оқушылардың білімі мен біліктеріне қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуы тексеріледі. Осыған орай тарауда оқушылардың меңгеретін тарихи білімдерінің толықтығына, тереңдігіне, беріктігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ білімдсрдің "мүмкін" деңгейі мен "міндетті" деңгейінің көлемі мен мөлшері анықталады.

Бұл тарауда оқушылардың білімдері мен біліктерін тексерудің түрлі әдіс, тәсілдері туралы нұсқаулар беріледі. Мәселен, оқыту нәтижелерін қатар жазбаша тексерудің: тақырыптың жэй және толық жоспарларын, тезисін жасау; тақырыпты сұрақтарға бөліп, оларға жауаптар жазғызу; графикалық тапсырмаларды орындату; диаграммалар, схемалар, хронологиялык, синхрондық таблицалар сыздырту т.б. түрлерін қолдануға болады. Мұнда білім тексерудің тест әдісін қолдану туралы да әдістемелік нұсқаулар болады. Оқушылардың білімдері мен біліктері тарихи білімдерінің тірек категориялары: тарихи уақыт, тарихи кеңістік, тарихи қозғалыс бойынша тексерілгені дұрыс. Бұл нұсқау студенттерге түсінікті болу үшін оқыту нәтижесін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалардың үлгілерін берген орыңды.

12. "Өлкетану жүмыстары" тарауында тарихшы мұғалімдердің өз өлкесін зерттеуге оқушыларды қатыстыруы, осы бағытта жүргізілетін жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру жолдары баяндалады. Өлкетану жұмысы нәтижесіңде жинақталған материалдарды қорыту, сақтау және оларды мектептің оқу, тэрбие жұмысыңда пайдалану жолдары көрсетіледі. Осы тарауда өз өлкесі тарихы бойынша оқу құралдарын дайындау жэне оқыту жолдары, сондай-ақ Қазақстан тарихының белгілі дәуірлерін бағдарлама бойынша өтіп болғаннан кейін, сол дәуірдегі өз өлкесінің тарихын баяндауға арналған сабақты ұйымдастыру және өткізу жолдары туралы да әдістемелік ұсыныстар беріледі.

13. Тарих пәнінің оқу бағдарламасындағы білімдер мен біліктерді оқушыларға ойдағыдай меңгертуде тарих пәні бойынша сабақтан және кластан тыс жұмыстардың маңызы зор. Соңдықтан да "Қазақстан тарихын оқу әдістемесі" пәнінің құрамында "Тарих пэнінен жүргізілетін сабақтан жэне кластан тыс жұмыстар" деген тарау болуы тиіс. Онда төменгі, орта кластар оқушыларын қамтитын түрлі тарихи үйірмелерден бастап, көбіне жоғары кластар оқушыларымен ұйымдастырылатын саяхаттар мен экскурсиялар сияқты алуан түрлі жұмыстарды алдын-ала жоспарлау, ұйымдастырып өткізу мэселелері жан-жақты қамтылады. Мұндай жұмыстар ойдағыдай ұйымдастырылған жағдайда оқушылар оларға белсене, қызыға қатысады, демек олардың тарихи білімдері толыға түседі, шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі артады.

14. "Қазақстан тарихын оқытатын мұғалімге қойылатын талаптар" деген тараудың мазмұны бұған дейін орталық баспалардан (Мәскеуден) шыққан тарихты оқыту эдістемелері туралы еңбектердегі тарих мұғалімдері туралы айтылғаңдардан мүлде өзгеше болады. Бұрын басты міндет — оқушыларды коммунистік қоғамның салтанат құратыңдығына сендіру болса, қазіргі тарихшы мұғалімнің алдында тұрған басты міндет — оқушыларды адамзат жинаған құндылықтар рухында тәрбиелеу, оқушыны жеке тұлға деп қарау, сол тұлғаның заман талабына сай жан-жақты дамуына толық мүмкіңдік жасау, оны оқыта отырып дамыту, оқушымен демократиялық принципке негізделген катынастар орнату.

Мұнда мұғалімнің ғылыми, кәсіби-әдіскерлік, жан-жакты білімділік дәрежесіне, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттеріне қойылатын талаптар да жан-жақты көрсетіледі.

15. Соңғы тарау-тақырып "Қазақстан тарихының оқу-әдістемелік комплекс деп аталады. Мұндай комплекс бұрын қазақ мектептеріндегі оқу пәндерінің бірде-бірінен жасалған емес. Бұл жұмыс енді ғана басталып жатыр. Жоспар бойынша келешекте осы пәннен жасалатын оқу-әдістемелік комплекс кұрамында төмендегілер болады: оқу бағдарламасы; оқулық; оқулықты пайдалану туралы әдістемелік нұсқаулар; курстың кластар бойынша сабақ жоспарлары; оқу кітабы (5-7кл); хрестоматия (8-11 кл); терминологиялық сөздік; дидактикалық материалдар; көрнекі және техникалық кұралдар. Тарих факультетінің қазіргі студенттері мектепке барғанда осы құралдар мектептің тарих кабинетінде тұруы мүмкін. Сондықтан да болашақ тарихшы мұғалімдер ол құралдармен жұмыс істеудің әдіс, тәсілдерін университет пен педагогикалық институттардың қабырғаларында жүріп-ақ үйренулері керек.

Жоғары және орта оқу орындарыңдағы Қазақстан тарихын оқыту дәрежесі оның әдістемелік жағынан да ойдағыдай оқытылуына тікелей байланысты. Ал бұл маңызды істе жетекшілік орын тарих факультетін бітірушілерге тиеді.



Тарихты оқыту эдістемесіндегі тарихи құбылыстарды тудыру.Тарихи білім берудің ең басты элементі - ол білім.Білім адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жинақтаған тарих саласындағы мәлімет, танымдардан құралады. Білім қоғамның дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптастырады, тарихи шындық және адамзаттың оған қол жеткізу жолдары туралы дүниетанымды негіздейді.

Тарихи білімнің құрылымы тарих ғылымының өзін танудан басталады. Оқу мазмұны мыналар: ғылымның мазмұны, тарихи материал мен теориялық және әдістемелік (ғылыми танымның түрлері мен әдістері құрылымның қағидалары туралы ғылым) негіздерімен жұмыс жасай алу. Оқу процесінде оқушылар дерек, құбылыс, оқиға, процес сияқты санаттарды қолдану арқылы тарихи білім элементтерін игереді.

Дерек деген сөз латын тілінен аударылғанда «жасалынған, іске асқан» деген ұғымды білдіреді. М.Горький «дерек үйретеді, тәрбиелейді» деген. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтың фрагменті ретінде қарастырылады. Мысалы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт-азаттық қозғалыстың жеке дерегі.

Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы: Ұлы Отан соғысы - негізгі, Курск шайқасы - қосалқы дерек. Оқиға дегеніміз жалғыз-жарым дерек. Оған Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісін жатқызуға болады. Бұл оқиғалар нақты жағдайда нақгы адамдардың қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде болған. Осындай жекелеген қайталанбайтын оқиғаларды оқып үйрену оқушылардың тұрпатты құбылыстарды түсінуіне көмект




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет