«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет4/20
Дата22.02.2016
өлшемі2.08 Mb.
#81
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдаланудың тәсілдері қандай?

2. Көркем әдебиеттің оқушылар үшін тарих сабағында пайдаланудың маңызы неде?

3. Тақырыпқа байланысты көркем әдебиетті таңдауға мысал келтір?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.


12ДәрісТақырып: Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі.

Негізгі түсініктер: Дәріс-сабақ, Семинар сабағы, Реферат.

Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруға үйрету.
Жоспар:

1. Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс.

2. Семинар сабағы. Оны өткізу жолдары.

3. Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы.


Бекіту сұрақтары:

1. Дәріс-сабақ оқытудағы қандай әдіс болып табылады?

2. Семинар сабағы қандай сабақ түрі ?

3. Семинар сабағын өткізудің тәсілдері қандай?

4. Реферат жазу, оған қойылатын талаптар туралы небілесіз?
Әдебиет:

1.С. Тайшығанова, Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№ 5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 15-18 б.

2.Т. Хазіретәлі Жоғарғы сыныптардағы оқу сабақтары //№3.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.
13Дәріс Тақырып: Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

Негізгі түсініктер: ұлтжандылық, отаншылдық, ертеңгі маман,

Мақсаты:Қазақстандық отаншылдыққа,ұлтжандылыққа ,елжандылыққа тәрбиелеу. Қазақстандағы барлық халықттарды достық қатынасқа тәрбиелеу.
Жоспар:

1. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман

2. Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары
Бекіту сұрақтары:

1.Бүгінгі оқушы ертеңгі маман дегенді қалай түсінесің?

2.Ел боламын десең бесігіңді түзе дегенді қалай түсінесің?

3.Жастар жөніндегі еліміздің саяси ұстанымы қандай?

4.Балапан ұяда некөрсе ұшқанда соны іледі деген халықымыздың аталы сөзінің мектеп-тегі бала тәрбиесіне қатысы бар ма?
Әдебиет:

1.Е.Қайкенов.Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.// № 2.2007 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 13-19 б.

2.Толеубаева К. М. Отаншылдық рухы әлсіремесін десек.//Қазақ тарихы, Алматы, 1998.

3.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. //Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб


14Дәріс Тақырып: Тарихты оқыту процессіндегі білімді бағалау мен баға беру жүйесі.

Негізгі түсініктер: Білімді бағалау формалары, бағалау жүйесі,бағалау тәсілдері

Мақсаты: Оқушылар білімін бағалау мен баға беру жүйесіне мінездеме беру. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудың әдістері мен танысу.
Жоспар:

1. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты мен мағынасы.

2. Тексеру мен бағалау тәсілдері.

3. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға мінездеме.

4. Білімді бағалау формалары.
Бекіту сұрақтары:

1. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты неде?

2.Баға үшін оқыма білім үшін оқыны қалайтүсінесіз?

3. Тексеру мен бағалау тәсілдерітуралы некайтасыз?

4. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға мінездеме.

5. Білімді бағалау формалары қандай?


Әдебиет:

1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990

2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984

3. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.


15 Дәріс Тақырып: Тарих пен қоғамдық ғалымдар пәндерін мұғалімінін жоспарлау моделі.

Негізгі түсініктер: дамыту функциясы, тәрбиелік функциясы, педагогикалық білім.

Мақсаты: Студенттерге тарих пен қоғамдық ғылымдар мұғалімінің жоспарланған моде-лін көрсету. Мұғалім қызметінің оқытылатын, дамытатын, тәрбиелік пен ұйымдастыру-шылық функцияларды ашып көрсету.
Жоспар:

1. Педагогикалық қызметінде тарих мұғалімінің атқаратын функциясы.

2. Қоғамтану мен тарих мұғалімінің дамыту функциясы.

3. Қоғамтану мен тарихты оқып үйренудің тәрбиелік функциясы.

4. Ұйымдастырушылық- педагогикалық білімдері мен іскерліктері.
Бекіту сұрақтары:

1. Педагогикалық қызметінде тарих мұғалімінің атқаратын функциясын атап берсеңіз?

2. Қоғамтану мен тарих мұғалімінің дамыту функциясын қалай түсінеміз?

3. Қоғамтану мен тарихты оқытып үйретудің тәрбиелік функциясы қандай?

4. Тарих пәні мұғалімінің ұйымдастырушылық- педагогикалық қабылеті қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

5.Тарих пәні мұғалімінің оқытудағы іскерліктері дегенді қалай түсінеміз?


Әдебиет:

1.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.

2.С. Тайшығанова,Қазіргі сабақ қандай болу керек? //№5.2008 Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.15-18 б.

3. Толеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студентінің оқу тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама.// Алматы, 1997.

4.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясының материялдары.//Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.

/ Күндүзгі оқу бөлім /






Тақырыптар

Семинар

сағаты

Апта

1

Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты

1

1 апта

2

Оқу процессінде тарихи білімді қолдану.

1

2апта

3

Тарихи көріністі қалыптастыру.

1

3 апта

4

Тарихи термин; түсініктермен жұмыс жасау.

1

4 апта

5

Әдіс және оқыту әдістемесі.

1

5 апта

6

Көрнектілерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар

1

6 апта

7

Тарих сабағында баспа мәтіндерін қолдану әдісі

1

7 апта

8

Мақсат қою технологиясы.

1

8 апта

9

Тарих сабағы және оған қойылатын талаптар

1

9 апта

10

Білім тексеру жүйесі және оқушылардың білімін бағалау.

2

10-11 апта

11

Тарих сабағынан тыс жұмыстар.

1

12 апта

12

Тарих мұғалімі

1

13 апта

13

Қоғамдық пәндер сабақтарындағы патриоттық тәрбие.

1

14 апта

14

Сабақты талдау

1

15 апта




Барлығы

15





Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.
Семинар №1 Тақырып: Жалпы тарих әдістеме курсынын пәні мен мақсаты

Негізгі түсініктер: әдістеме, оқыту құралдары, оқыту әдісі.

Мақсаты: Тарихты оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде түсіндіру әдістеменің негізгі мақсаттары мен функцияларын көрсету.
Жоспары:

1.Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы.

2. Тарихты оқыту әдісінің ғылым ретінде мақсаты, пәні және функциясы.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, Қазақстан тарихын оқыту процесінің ғылыми зерттеу әдістері. Тарихты оқыту әдістемесінің ғылыми негізінде теориялық және әдістемелік зерттеулерді енгізуде әдіскер - тарихшылардың қосқан үлесітеріне тоқталу керек. Тарихты оқыту әдісінің пайда болуы мен қалыптасуы оның кезеңдеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, ТОӘ курсының пайда болуы мен осы пәннің міндеті мен мақсаты. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі курсының құрылымын анықтап беру мен қатар пәнің білімдік атқаратын функциясына тоқталып өту қажет.
Жеке тапсырмалар:

1. Педагогикалық білімге сүйене отырып оқыту процесінің сатыларын анықтау.

2. «Революцияға дейінгі мектептерде оқыту әдісі» тақырыбы бойынша баяндама жазу.

3. Оқыту әдісінің қалыптасу сатыларын анықтау.



Әдебиет:

1. Тұрлығулов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары А., 1984

2. Ковжасарова М.Р., Нурмухаметов Н.Н. Аульбекова Г.Д.Технологизация учебного процесса: казахстанский опыт.- Алматы: Изд. «Зият-Пресс», 2005.-224с.
Семинар № 2 Тақырып : Оқу процессінде тарихи білімді қолдану.

Мақсаты : Тарихи білімді қолдану; жүйелі түрде оқушыларға түсіндіру.
Жоспар :

1. Тарихи фактілер арқылы тарихты оқыту

2. Тарихи фактілердің мазмұны бойынша сабақта қолдану

3. Тарихи материалды құрастыру.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша,тарихи фактілер арқылы тарихты оқытуәдістері мен тәсілдерінің жолдарына тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, тарихи фактілердің мазмұны бойынша сабақта қолданудың тәсілдерін қалай пайдалануға болатынына мысалдар келтіру қажет. Үшінші мәселе бойынша, тарихи материалды құрастыру жолдарының тәсілдері бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйену арқылы тиімді әдіс жолдарын қалай таңдауға болатындығы туралы нақты дәлелдер келтіре кеткен жөн.

Әдебиет:

1.Ө.И.Исенов .Орыс патшасының қазақтарды "сауаттандыру қамқорлығы" саясатының тарихи мәні (XVIII ғ. II жартысы). //Материалы республиканской научно-практической конференции. "Творческое наследие Ахмета Байтурсынова и современность" посвященная 130 летию со дня рождения А.

2. Ө.И.Исенов .Оқыту жүйесіндегі тестілік бақылау және тест құрастыруға қойылатын талаптар «Білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын көтеру жолдары » //Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық оқылымдары туралы материалдары. Қостанай ,2008 ж. 2 ақпан. 34-39 бб.


Семинар № 3 Тақырып : Тарихи көріністі қалыптастыру.

Мақсаты : Тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу.
Жоспар :

1. Тарихи көріністер анықтамасы.

2. Тарихи көріністерді қалыптастыру түрлері.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу мәселесі бойынша тарихи көріністер әдісіне анықтама беру қажет. Екінші мәселе бойынша, тарихи көріністерді қалыптастыру түрлері бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып, тарихи көріністерді қалыптастырудың нақты бір түріне тоқталу керек.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 4 Тақырып : Тарихи термин; түсініктермен жұмыс жасау.
Жоспар:

1. Терминалогиялық сөздіктер түрлері.

2. Тарихи түсініктер. Оқулықтағы материалдан түсініктерін анықтау, талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, тарихи кезеңдер мен тарихи оқиғалар арқылы тарихи көріністерді қалыптастыруға жағдай туғызу мәселесі бойынша тарихи терминалогиялық сөздіктер түрлеріне анықтама беру қажет. Екінші мәселе бойынша, тарихи Тарихи түсініктер. Оқулықтағы материалдан түсініктерін бойынша әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып, тарихи түсініктерді анықтап талдаудың қалыптастырудың нақты бір түріне тоқталу керек.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

3. Әмірханов С. Негізгі ұғымдар қалыптастыру, //«Қазақстан мектебі», 1987 ж. № 1


Семинар № 5 Тақырып :Әдіс және оқыту әдістемесі.

Негізгі түсініктер: Оқыту әдістері; Оқыту әдіс түрлері; көрнекілік әдістері; проблемалық әдістер; ізденіс әдістері.

Мақсаты : « Әдіс» деген түсінікпен танысу, әдіс түрлерін анықтау.

Жоспар :

1. «Әдіс» түсінігі.

2. Ауызша оқыту әдіс түрлері, қысқа мінездемесі.

3. Ауызша әдісті қолданып оқушылардың жұмысын ұйымдастыру.

4. Тарих сабғында проблемалық оқыту әдісін қолдану.

а) Баспа мәтіндермен танысу (оқу, өзіндік оқу, жоспар құру, негізгіні белгілеу бойынша тарихи қателікті табу).

ә) Көрнекілікпен жұмыс жасау (карта, сурет, портрет т.б.).
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, «әдіс» түсінігіне оның анықтамасына тоқталып өту керек. Әдіскер – тарихшылардың тарихты оқыту әдіснамасын дамытудағы қосып жатқан үлестеріне тоқталу керек. Екінші мәселе бойынша, ауызша оқыту әдіс түрлеріне және оның тәсілдеріне мінездеме беріп кету қажет. Үшінші мәселе бойынша, ауызша әдісті қолданып оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың тәсілдерін қарастырып өту керек. Төртінші мәселе бойынша, тарих сабғында проблемалық оқыту әдісін қолданудың тәсілдері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып тиімді тәсілдердге таңдау жасау жолдары туралы қамту қажет.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 6 Тақырып : Көрнектілерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар

Мақсаты : Көрнектілерді қолдану жөніндегі әдістерге мінездеме беру.

Көрнекілік әдісінің тиімділігі.


Жоспар:

1. Көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар.

2. Қолдану түрлері:

а) Сурет көрнекілігі

б) График көрнекілігі

с) Жоғарғы сыныпта көрнекіліктердің түрлері.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, көрнекіліктерді қолдану әдістеріне қойылатын талаптар бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру қажет. Көрнекіліктердің түрлеріне жеке – жеке талдау жасау керек:

а) Сурет көрнекілігі

б) График көрнекілігі

с) Жоғарғы сыныпта көрнекіліктердің басқа да түрлерін пайдаланудың тәсілдерімен көрінекіліктің тиімділігіне тоқталу керек.


Жеке тапсырмалар : Тарих сабағында көрнекіліктердің түрлерін қолдану әдісін көрсету.

а) Оқулық суреттерімен, репродукциялармен қолдану

б) Портрет, фотосуретті қолдану әдісі

c) Схема, таблицаларды қолдану әдісі

д) Аппликацияларды қолдану әдісі
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

Семинар № 7 Тақырып: Тарих сабағында баспа мәтіндерін қолдану әдісі

Мақсаты : Тарих сабағында оқушыларды мәтінмен жұмыс жасауға үйрету. Тарихи мәтіндердің ғылыми қажеттілігін студенттерге жеткізу. Мәтіндердің түрлерімен танысу.
Жоспар:

1. Оқушылларға мәтінмен жұмыс жасуда қойылатын талаптар.

2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау:

а) Негізгіні белгілеу

б) Жоспар құру

с) Тезис пен конспект жасау

3. Тарихи деректер түрлері. Тарихи деректердің маңыздылығы.

4. Студенттердің деректермен өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Тарихи құжаттармен жұмыс жасау әдісі.


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, оқушылларға мәтінмен жұмыс жасуда қойылатын талаптарға әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша тоқталып өту қажет. Екінші мәселе бойынша, оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау:

а)Негізгіні белгілеу

б)Жоспар құру

с)Тезис пен конспект жасау т.б. қойылатын талаптармен әдіс тәсілдердің өзіндік ерекшеліктеріне мән беру қажеттігін дәлелдеу керек.

Үшінші мәселе бойынша, тарихи деректер түрлері мен тарихи деректердің маңыз-дылығына тоқталып кету қажет. Төртінші мәселе бойынша, оқушылардың деректермен өзіндік жұмысын ұйымдастырумен тарихи құжаттармен жұмыс жасау әдісінің өзіндік тә-сілдерінің ерекшеліктеріне сипаттама жасау керек.
Әдебиет:

1. Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

2.Ө.И.Исенов .Академик М.Қозыбаевтың ғылыми еңбектеріндегі тарих пен тағдыр, қоғам ұлт мәселелері /50-80 жылдары/.//"М. Қозыбаев және Қазақстанның тарихи ғылымы" атты сұқбат материалдарының жинағы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Қостанай 2002. 29-33 бб.

4.Р.Б.Бекмағамбетова., Ө.И.Исенов .Студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеуде тарихи-географиялық танымдық ойын технологиясын қолдану жолдары //Академик Зұлқарнай Алдамжардың туғанына 70 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми – тәжірбиелікконференциясының материялдары.Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті ғылыми хабаршысы. №4 желтоқсан. 2007. 20-26 бб.

5.Ө.И.Исенов .Тарихи жыр-дасатандардағы ұлттық мұраттар //басылым Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаршысы. Қостанай, 2006. Қаңтар №1(3). 109-112 бб
Өзіндік тапсырма :

1. Тарихта жоспар құрастыруға алгоритм құрастыру.

2. Тарихи құжат бойынша сараптамалық сұрақтар құрастыру.
Семинар № 8 Тақырып: Мақсат қою технологиясы.

Негізгі түсінктер : үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері, білімділік аспекті, дамушы аспект, тәрбиелік аспект.

Мақсаты : Студентердің сабққа мақсат қою жолдарымен таныстыру. Сабақ мақсатының маңыздылығы, мақсаттың тереңдігі. Оқушыларға қойылатын мақсаттың қажеттілігі мен тиімділігі.

Жоспар:

1. Сабақ жоспарын құрудағы мақсат қою технологиясын жасуда қойылатын талаптар.

2. Үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері,

а) білімділік аспекті

а) дамытушылық аспект

а) тәрбиелік аспект


Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, сабақ жоспарын құрудағы мақсат қою технологиясын жасуда қойылатын талаптарға тоқталу керек. Мақсат қоюдың тарих сабағын оқыту әдістемесіндегі негізгі функциясының маңызына тоқталу қажет.

Екінші мәселе бойынша, үш бағытағы дидактикалық мақсат, мақсаттың компоненттері,

а) білімділік аспекті

а) дамытушылық аспект

а) тәрбиелік аспектілерінің өзіндік ерекшеліктерімен міндетін нақтылау жолдарымен тәсілдеріне назар аударуға үйрену дағдыларын қалыптастырудың тәсілдеріне тоқталу керек.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990

3. Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар, «Қазақстан мектебі», 1989,9 б, 40-43 б.



Өзіндік жеке тапсырмалар:

1. Үш бағыттағы дидактикалық мақсатты құрастыру (5;6 сыны оқулығына сүйене отырып).

2. Қойылған мақсаттарды сараптау (оқулық материалдарын қолданып) және сабақтың түрін талдай отырып.
Семинар №-9 Тақырып: Тарих сабағы және оған қойылатын талаптар

Негізгі түсінктер: Сабақ; сабақтың этаптары; сабақтың түрі; типі; семинар – сабағы; дәріс – сабағы: диспут – сабағы; сот - сабағы; технологилық карта; сабақтың жоспарлық конспекті.

Мақсаты : Сабақтың маңыздылығы мен қажеттілігін студенттерге жеткізу. Сабақтың – негізгі білім беру формасы екенін түсіндіру.

Жоспар :

1. Тарих сабағына қойылатын талаптар

2. Тарих сабағының түрлері

3. Жаңа сабақтар түрі

4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Әдістемелік нұсқаулар : Бірінші мәселе бойынша, сабақтың – мектепте негізгі білім беретін ұйымдастырушы формасына тоқталу керек. Сабаққа қойылатын талаптармен сабақтың – үш бағыттығы мақсаттарына түсінік беру қажет. Сабақтың құрал-жабдықтары. Жоспар. Екінші мәселе бойынша, сабақтың түрі типі. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Күнделікті жоспар. Үшінші мәселе бойынша, жаңа сабақ түрлері т.б. негізгі оқыту процесінің элементтеріне жеке – жеке тоқталу арқылы функциялық маңыздарын әдіскер – тарихшылардың тәжірибелері бойынша талдап беру қажет. Төртінші мәселе бойынша, мұғалімнің сабаққа дайындығының оқыту талаптарына сай деңгейлігін талдау.
Әдебиет:

1.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2.Шаймерденова К.Ш.«Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы,1990
Семинар № 10-11 Тақырып : Білім тексеру жүйесі және оқушылардың білімін бағалау.

Негізгі түсініктер: білім бағалау жүйесі; күнделікті баға; қорытынды баға; саралық баға.

Мақсаты: Оқушылардың білімін тексеру барысында әділетті мінездемелік баға қоюға үйрету. Баға түрлерімен таныстыру. Білімді бағалаудағы мұғалімнің эстетикалық әдебі мен педагогикалық принцптерді ұстануға баулу.
Жоспар :

1. Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексерудің мақсаты мен міндеті.

2. Бағалау жүйесі.

3. Сұрақтардың түрі.

4. Баға түрі, критериилер.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша, оқушылардың білімін бағалаудың мақсаты мен міндеттерін әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне сүйене отырып талдау. Екінші мәселе бойынша, оқшылардың – тарихи заңдылықтармен тарихи терминологияның меңгеруін тексеру. Оқушылардың тарихи білімінің тереңділігін жүйелендіру. Үшінші мәселе бойынша, білімді тексеру түрлері: ауызша; жазбаша; қорытынды; компьютерлік түрі және т.б. Білімді тексеру мен бекіту. Қорытынды білім тексеру жүйесі: тоқсандық; жарты жылдық; жылдық. Емтиханға дайындық. Емтиханға дайындық. Емтихан нәтижелерінің бағаларының білімдік көрсеткіштерін есептеу арқылы сапалық үлгерімдерін анықтау жолдарының тәсілдерін меңгерудің жолдарын үйрену. Төртінші мәселе бойынша, баға түрімен білімді бағалаудың критериилерімен педагогтік принцп мәселелері бойынша, әдіскер – тарихшылардың тәжірибелеріне нақты мысалдар беру арқылы талқыға салу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет