Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


-кесте. Жыл бойындағы жол төсемінің әр түрлі жағдайы



бет37/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
Курс лекции каз

10.2-кесте. Жыл бойындағы жол төсемінің әр түрлі жағдайы

Жол төсемінің жағдайы

Жағдайының орташа ұзақтығы, пайыз

1. Құрғақ

66.3

2. Дымқыл, лайланған

17.0

3. Қарлы

9.2

4. Мұздақ

7.5

Белгілі-бір жол төсемінің жағдайында орын алған жол-көлік оқиғаларының санына байланысты оқиғаның меншікті коэффиценттерін салыстыру біршама қызығушылық тудырады. Оқиғаның меншікті коэффициенті белгілі-бір жол төсемінің жағдайында орын алған пайыздағы жол-көлік оқиғаларының санының пайыздағы жолдың сол жағдайының орташа ұзақтығына қатынасы арқылы анықталады. Оқиғаның меншікті коэффициенттерінің таратылуы 10.3 кестеде көрсетілген.




10.3-кесте. Оқиғалықтың меншікті коэффициентерінің таратылуы

Жол төсемінің жағдайы

Құрғақ

Дымқыл

Тапталған қар

Тайғанақ, мұз басқан жол

Оқиғалықтың меншікті коэффициенті

0,51

2,03

1,2

2,78

3 кестенің мәліметтеріне қарай отырып, тайғанақ және мұз басқан жол жағдайы кезінде жүргізушілер жылдамдықты дұрыс таңдау бойынша үлкен қиындықтарға душар болады. Бірақ та, ауырлық дәрежесі бойынша дымқыл жолдарда жол –көлік оқиғаларының саны көп, себебі мұндай жолдарда мұз басқан жолдарға қарағанда автомобильдің қозғалыс жылдамдығы үлкен болады.


Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын қауіпті жағдайларды жылдамдықты дұрыс таңдамау қала сыртындағы жолдарға қарағанда қала ішінде көбірек (53 %) болады. Жол көлік оқиғаларының қаладағы таратылуы төмендегідей:
екі қиылыс аралығындағы жолдарда 76,9%;
реттелмейтін қиылыстарда 8 %;
реттелетін қиылыстарда 4,9 %;
жалпы пайдалатын көліктердің тоқтайтын аумақтарында 6,3 %.
Ал қала сыртындағы жолдарда жол-көлік оқиғаларының 10 % астамы жол бұрылыстарынан өткен кезде және 13,4 % өрлер мен құламаларда қозғалыс жылдамдығын дұрыс қабылдамауға байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет