Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет36/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
Курс лекции каз

Лекция № 10.
1.Жол-көлiк оқиғалары.
2.Жол қозғалысының параметрлерiн зерттеу


Жол-көлік оқиғаларының статистикасын зерттеу. Соңғы жылдары жолда үлкен жылдамдықты автомобильдердің саны көбеюде. Қалааралық байланыс жолдарының ені небары 7.0-7.5 м ғана болатын магистраль жолдар көп, олар жоғары қарқындылықты көлік ағындарына икемделмеген. Сондықтан қалааралық тасымалдаулар кезінде жүргізушілердің кінәсі бойынша орын алған оқиғалардың 50 пайызы ені 7.0 м жолдарда жылдамдықты дұрыс таңдамаудан болған, жылдамдықты дұрыс таңдамаудан болған оқиғалардың көбісі 3-4 сағат жолда жүргеннен кейін болған, оның себебі жүргізуші шаршай бастайды, қауіптілік сезімдігі төмендейді және реакция уақыты күрт жоғарылап кетеді.
Негізінен жылдамдық тәртібін жас жүргізушілер дұрыс таңдамайды. Жалпы жұмыс стажы 1 жылға дейінгі жүргізушілердің 8 пайызына жол-көлік оқиғаларының 16,5 пайызы келеді, немесе олар жұмыс стажы 1 жылдан көп жүргізушілерден шамамен 3 есе жиі жол-көлік оқиғасына душар болады. Айрықша күрделі жол жағдайларында (тайғанақ жолдарда, мұздақ, тәуліктің қараңғы уақыттарында) қозғалыс жылдамдықтарын дұрыс таңдауды білу, жүргізушінің мамандық шеберлігінің деңгейін сипаттайды. Мысалы, жылдамдықты дұрыс таңдамаудан болған апаттарды 1 класты жүргізуші 3 класты жүргізушіге қарағанда 3 есе аз, және 2 класты жүргізушіге қарағанда 1,4 есе аз жасайды.
Жол-көлік апаттарының 70% жол жағдайының қолайсыз кезінде қозғалыс жылдамдығын дұрыс таңдамағаннан болған. Жол төсемінің жағдайына байланысты жылдамдықты дұрыс таңдамаудан болған жол-көлік оқиғаларының таратылуы 10.1 кестеде келтірілген.


10.1-кесте. Жол төсемінің жағдайына байланысты жол-көлік апаттарының таратылуы

Жол төсемінің жағдайы

Құрғақ
Дымқыл

Қарлы

Мұздақ

Жол-көлік оқиғаларының саны, %

33,7

34,5

11,0

20,8

10.2. кестеде жыл бойындағы жол төсемінің жағдайы бойынша статистикалық мәліметтер келтірілген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет