11.1-кесте. Қапталдың көріну қашықтығы, м
Нақтылы Sв j = 4 м/сек2 болған кездегі автомобильдің тоқтау жолына тең.
Әсіресе, қапталдың көрінуі 20 м-ден аз қиылыстарға ерекше мән беру керек, себебі жүргізуші қауіптілік шараларын сақтағанның өзінде жылдамдықты 30 км/сағ - тан азайтпайды. Бұндай қиылыстарда бірінші кезекте жол белгілерін орнату қажет.
Қалаларда немесе қаланың белгілі бір аумақшасында жол қозғалысын ұйымдастыру сүлбесін талдағанда және құрғанда қозғалысты ұйымдастырудың шартты белгілерін қолдану тиімді болады.
Қиылыстардағы қиындықтарды төмендетудің ең көп тараған түрі, көбінесе сол жақ бұрылыста ең көп қауіп және қозғалысты кідірту пайда болады. 11.1 -суретте шартты мөлтек аудан көрсетілген. Онда солға бұрылу болмаған жағдайда жүктелген қиылыстағы ұйымдастыру варианты қарастырылған.
Бір жақты қозғалыс
Жол бойымен бір жақты қозғалысты енгізу жол қозғалысының ең сипатты әдістерінің бірі болып табылады және ол бір уақытта бірнеше принциптерді қамтамасыздандырады. Ол принциптерді “жол қозғалысының сипаттамалары және оны зерттеу әдістері” тарауында қарастырылған. Бір бағытты қозғалысты ұйымдастыру сонымен қатар қала құрылысы мен автомобиль магистралдарының құрылысының қарапайым шешімдері болып табылады. Бұл әдіс бұрыннан белгілі әдіс.
“Автомагистраль” дегеніміз – бұл арнайы салынған жол және жол шетіндегі кәсіпорын мекемелерді, яғни жол шетіне қызмет етпейтін автокөліктердің қозғалысына тағайындалған жол.
Бір жақты қозғалыстың ең басты ерекшелігі шиеленісу нүктелерінің санын азайтумен қорытындылады, яғни ол қарама-қарсы көлік ағынының шиеленістерін жояды.
Достарыңызбен бөлісу: |