Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет6/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Курс лекции каз

1.1- сурет. Қосжолды желiлердегi аралық станциялардың сызбалары:
а – қатарлас; б – жартылай ығыспа; в – ығыспа жолды; I, I а, II – басты; 3, 4, 6 – қабылдау-жөнелту; 7, 8 – тартым (сақтандырғыш) жолдар; ЖҒ – жолаушылар ғимараты; ЖА – жүк ауласы; Lса – станция алаңының ұзындығы

Аралық станциялардағы маневр жұмыстары құрама пойыз­дардың локомотивтерiмен, бiр немесе бiрнеше станцияға бекітілген арнайы локомотивпен, ал кейбір жағдайда – демегіш, жақынаралық локомотивтермен атқарылады.



1.2-сурет. Аралық станцияға құрама пойызбен атқарылатын операциялардың үлгi графигi
Құрама пойызбен жүргiзiлетiн операцияларды атқарудың үлгi графигi 1.2 -су­ретте көрсетiлген.
Телiмдiк станциялардың жұмыс технологиясы.
Телiмдiк станцияларда олардан өңдеусiз және iшiнара өңдеу арқылы өтетiн пойыздармен (топтық пойыздар және массасы өзгертiлетiн пойыздар) өңдеу операцияларын жүргiзедi, телiм­дiк, құрама және жақынаралық пойыздарды құрастырады және сұрыптайды. Бұлардан басқа, жүк және жолаушыларға қызмет көрсету операциялары орындалады.
Телiмдiк станциялардың мынадай жол тарамдары болады: бiр немесе екi қабылдау-жөнелту паркi (ҚЖП), сұрыптау паркi (СП), вагондарды сұрыптауға арналған тартымдық жолдар (ТЖ) (кейбiр станцияларға қуаты шағын сұрыптау дөңестерi), жолаушылар пойыздарын өткiзуге және күтiп-баптауға, жергiлiктi жолаушылар пойыздарының тұруына арналған жолдар. Телiмдiк станцияларда жүк ауданы (ЖА), локомотив шаруашылығы (ЛШ), вагон шаруашылығы (ВШ) болады. Телiмдiк станцияға, әдетте, өнеркәсiптік кәсіпорындарының кiрме жол­дары енiп тұрады.
Парктері қатарлас үлгідегі станция даражолды желiлер үшiн негiзгi үлгі болып табылады (1.3-сурет).
Осындай станцияға келетiн барлық транзиттiк пойыздар қабыл­дау-жөнелту паркінің бейімделген (дұрыс) жолдарына қабылданады.
Локомотивтерi ауыстырылмайтын транзиттiк пойыздарды өңдеудiң үлгi графигi 1.4-суретте, ал локомотивтерi ауыс­тырылатын транзиттiк пойыздарды өңдеудің үлгi графигi – 1.5-суретте келтiрілген.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет