Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


-сурет. Локомотиві ауыстырылмайтын транзиттiк пойызды өңдеу графигi 1.5-сурет



бет7/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
Курс лекции каз

1.4-сурет. Локомотиві ауыстырылмайтын транзиттiк пойызды өңдеу графигi

1.5-сурет. Локомотивi ауыстырылатын транзиттiк пойызды өңдеу графигi

Сұрыптау станцияларының жұмыс технологиясы.
Сұрыптау станциялары әдетте вагон ағындары жаппай пайда болатын және таратылатын аудандарда, iрi темiржол торап­тары мен өнеркәсiп аудандарында орналасады.

1.6, а-суретте басым бағыт ретiнде, яғни өңдеуге келетiн вагондардың көпшілігі тақ бағыттан келетіндіктен, басым бағытқа тақ бағыт қабылданған. Тақ бағыттан өңдеуге келетiн пойыздарды қабылдау Қ1 паркiнiң жоғарғы бөлігіне қабылдайды да, дөңестен сұрыптау паркiнiң СП жоғарғы жолда­рына таратады (1.5, а-сурет). Тақ пойыздардың құрастырылған құрамдарын жөнелту паркiнiң Ж1 бөлігіне шығарады. Жұп бағыттан келетiн жұп пойыздарды II басты жол арқылы қабылдау паркiнiң Қ2 бөлігінің жолдарына қабылдайды да, дөңестен сұрыптау паркiнiң төменгi жолдарына таратады.
Құрастырылған жұп пойыздарды жөнелту паркiнiң Ж2 бөлігіне шығарады. Станцияның сұрыптау дөңестерi, ша­ғын дөңестер, арнайы пішінді тартым жолдары мен жазық тартым жолдары вагондарды сұрыптауға арналған.
Техникалық жарақтандырылуына қарай сұрыптау дөңестері механикалан­дырылмаған, механикаландырылған және авто­мат­тандырыл­ған сұрыптау дөңестері деп бөлінеді.




1.7-сурет. Дөңестік технология элементтерінің сызбасы
Құрамды тарату кезіндегі дөңестік технология элементтері 1.7-су­ретте көрсетілген.
Лекция № 2
1.Пойыздар жүрісіндегі негізгі техникалық сигнализация жəне байланыс құралдары
2.Пойыздар жүрісін басқару жүйелерінің техникалық құралдары
3.Диспетчерлік орталықтандыру

Темір жолда пойыздар жүрісін басқару жүйелеріне – жолаушылар мен жүктерді баратын жеріне жедел жəне қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету талаптары қойылады.


Бұлталаптардыорындаутехникалықжəнеұйымдастырулықфакторларғабайланысты. Олардыңбастыларына:
• техникалық құралдар (жол, жылжымалы құрам, автоматика жəне телемеханика құрылғылары жəне т.б.);
• осы құралдарды пайдалану дəрежесі, пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды қатаң сақтау жатады.





2.1-сурет.Пойыздар жүрісін басқару жүйелерінің техникалық құралдары

Пойыздар жүрісін реттеу жүйелері осы уақытта пайдалану жағдайында телімдердің өткізу қабілетін барынша арттыруға мүмкіндік береді. Пойыздар жүрісін басқару жүйелерінде сигнализация мен байланыс негізгі техникалық құралдар болып саналады (ТПЕ, 16.25-тармағы – 2.1-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет