Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет8/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
Курс лекции каз

Автоматты жүйелер. Пойыздар жүрісін автоматты реттеу жүйелері оған жедел басшылық жүргізуді қамтамасыз етеді, бұл жағдай қауіпсіздік деңгейінің сақталуына, қызметкерлердің еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді жəне магистральдық теміржол көлігінде қолданылатын негізгі жүйелер болып есептеледі. Теміржол желілерінің өткізу қабілетін көтеру, телімдік жылдамдық пен жүріс қауіпсіздігін жоғарылату мəселелерінің ең тиімдісін табу үшін, аралықтар мен стансаларды басқару жүйелерін бірге шешу керек. Қолданылатын орнына қарай пойыздар жүрісін автоматты реттеу жүйелері аралық жəне стансалық реттеу жүйелеріне бөлінеді.
Аралық реттеу жүйелері пойыздың аралыққа жөнелтілуіне рұқсат етеді немесе тыйым салады немесе пойыздың тікелей аралыққа өтуін реттеп отырады. Автоматика мен телемеханика құрылғыларын жобалауда, бір немесе басқа жүйені таңдау үшін, олардың барлық мүмкін нұсқаларын жан-жақты салыстыру негізінде, қойылған мəселені аз шығынмен шешуге мүмкіндік беретін нұсқасын қабылдайды. Теміржол желілерінің өткізу қабілетін көтеру, телімдік жылдамдық пен жүріс қауіпсіздігін жоғарылату мəселелерінің ең тиімдісін табу үшін, аралықтар мен стансаларды басқару жүйелерін бірге шешу керек. Пойыздар жүрісі көп емес желілерде пайдалану жұмысына автоблокировка мен электрлік орталықтандыру қолдану ақталмайтын жағдайда, жай құрылғылар – аралықтарда жартылай автоблокировка, стансаларда бағыттамалардың кілттік тəуелділігі жəне т.б. пайдаланылады.
Жартылай автоматты блокировка (ЖАБ). ЖАБ аралықтар құрылғыларына жатады жəне даражолды, қосжолды теміржол желісінде пойыздар жүрісін реттеуге қызмет етеді.
Жартылай автоблокировка (ЖАБ) дегеніміз – бұл пойыздың аралыққа немесе блок-аралыққа өтуіне рұқсат ететін сигналдар, олар қызметкерлердің белгілі бір іс-қимылы арқылы ашылып, автоматты түрде жабылады (атап айтқанда, даражолды желіде шығаберіс бағдаршамын ашу үшін пойыз жөнелтілетін көршілес стансаның блокаппаратынан блокировкалау келісім сигналын алдын ала алу қажет).
Жартылай автоблокировкада сигналдар тасымалдау жұмысшыларының ішінара қолмен, ал ішінара пойыздар жүрісінің рельс тізбегі мен жол аспаптарына автоматты түрде əсер етуімен басқарылады. Жартылай автоблокировкада қорғалатын (блоктанатын) жол бөлігіне стансалар аралығы (бөлім бекеттері аралығы) немесе блокаралығы (станса мен блок-қосын аралығы) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет