Тақырып 7. Тасымалдауды ұйымдастыру негіздері
Лекция №13.
1.Көлік үрдісін тиімді ұйымдастыру талаптары.
2.Тасымал түрі.
Көліктік үрдіс жылжымалы құрам берумен байланысты барлық операцияларды қосып алады. Олар:
Жүк ағындарының маркетингі.
Жүк ағындары материалдарын зерттеу негізінде жасау, рациональды маршрутты сызба, жаңа ашылған және бар маршруттар бағытының өзгеруін алдын ала қарастыру.
Тип бойынша таңдау және тасымалдаудағы жылжымалы құрамның қажетті санын анықтау.
Автомобильді пайдалану аумағын және шынайы тасымал шарттарына байланысты автопоездардың, түрлерін және жүк қасиеттерін, жүк көлігінің пайдалану көрсеткіштерін анықтау.
Автокөлік қозғалысының жылдамдығын нормалау.
Жүргізушілер жұмысының рационалды режимін пайдалана отырып, автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін таңдау.
Автомобиль көлігінің басқа көліктермен координациялық жұмысы.
Жылжымалы құрамның маршруттардағы қозғалысының қауіпсіздігін және жол шарттары мақсатында жасау тиімділігін талдау.
Автомобиль көлігімен жүкті қауіпсіз тасымалдау мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін арттыру есептері және тасымалдау шығынын азайтуда экономикалық – математикалық әдістерді қолдану.
Жылжымалы құрам жұмысымен оны пайдаланудағы оперативті бақылау.
Жүргізуші - көліктік операцияларды орындауға қатысатын негізгі қатысушы, сондықтан да оның жұмысын ұйымдастыру еңбек өнімділігінің деңгейіне қатысты.
Тасымалдау және қауіпсіздік сапасында жүргізуші жұмысы үздіксіз дене жұмысымен байланысты. Жолдың үнемі өзгеріп отыратын жағдайы жүргізушіден үлкен назар және жедел шешім қабылдауды талап етеді, сондықтан жүргізуші еңбегін ұйымдастыру, ұйымдастырылған еңбек режимі нормасын ұстануы қажет және жүргізушінің шаршауына жол бермеу керек.
Көлік үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін келесі талаптар ұсынылады:
Жүктерді арту және түсіруде автомобильдердің бос уақытының жоғары нормативті уақыт шығынын қысқарту; тиеу-түсіру жұмыстарын кеңейту және оларға кешенді механизация қолдану; автомобильдер жұмысы графигін қатаң сақтау және құру; автомобильдер маневріне алаңдар мен жол өткелдерін құру, көбіне бұл тіркемелі автомобильдерге, тіркемелі немесе жартылай тіркемелі тягачтарға; алдын ала жүктерді дайындау және т.б.
Рациональды жүктерді жинау, жылжымалы құрам сыйымдылығы мен рұқсатты максимальды жүк көтерімділігі.
Кузовта жүктерді дұрыс орналастыру және олардың жүру бөлігіне салмақты жүктілігінің тең өлшемді таралуы.
Жол бөліктерінде жол жамылғысы жағдайын есепке ала отырып автомобильдер қозғалысының режимін оңтайландыру.
Заңды тұрғыда жүргізушілердің жұмыс уақытын максимальды пайдалану.
Жолаушы автомобилі тасымалының классификациясы. Барлық орындалатын жолаушылар автомобилі тасымалы келесі белгілерімен классификацияланады.
Жылжымалы құрамның жолаушы автомобилі тасымалы бойынша автобус және жеңіл автомобиль тасымалы болып бөлінеді.
Тасымал түрі бойынша қалалық, қала маңы, жергілікті, қалааралық, халықаралық қатынасы болып бөлінеді.
Қалалық тасымал автобустармен және жеңіл автомобильдермен жүзеге асады.
Қала маңы тасымалы қала маңы аудандарымен және қала маңы елді-мекендерімен байланыстырады.
Жергілікті тасымал селолық елді-мекендерде жолаушыларға қызмет көрсету.
Қалааралық тасымал жолаушыларды қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалармен байланыстырады.
Халықаралық автомобиль тасымалы екі немесе одан да көп мемлекетпен байланыстыратын тасымалды айтады.
Жолаушы автомобилі тасымалы тағайындалуына байланысты экскурсиялық, туристік, қызметтік, мектептік, вахталық және арнайы болып бөлінеді.
Экскурсиялық тасымал экскурсия мазмұнына байланысты алдын ала жасалып келісілген экскурсияны қамтамасыз етуге арналған.
Туристік тасымал ұйымның немесе жеке тұлғалардың алдын ала жасалып келісілген маршрут бойынша туристік қатынасқа арналған.
Қызметтік тасымал жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс орнынан тұрғылықты жерлеріне дейін немесе кері бағытта орындайтын тасымал.
Оқушылар тасымалы арнайы маршрутпен жасалған оқушыларды тасымалдауға арналған тасымалды айтады.
Вахталық тасымал мұнайшыларды, құрылысшыларды, шахтерларды және т.б. бригадамен немесе сменалық түрде тасымалдауға арналған.
Жолаушы автомобилі тасымалының форма бойынша ұйымдастырылуы маршрутты, тапсырысты және тiкелей аралас болып келеді.
Маршрутты тасымалдар бекітілген кесте бойынша арнайы маршруттармен тасымалдауды айтады.
Тапсырысты тасымал ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.
Тiкелей аралас тасымал автобус көлігінің басқа да жолаушы көліктерімен орындалуы.
Артуға дейін немесе түсірудегі аралық жүріс тасымал циклын үзбейді. Әрбір жаңа жүріс жылжымалы құрамның бос кездегі берілуінен басталады.
Тұрақтан жылжымалы құрамның берілуі мен соңғы пункттан түсіруден кейінгі оралуы жеке тасымал циклына жатпайды, жылжымалы құрамның толық бір күндік жұмысын - нөлдік жүріс (пробег) деп атаймыз.
Автомобиль айналымы бір немесе бірнеше тасымал циклындағы бос жылжымалы құрамның арту пунктіне берілуінен кезекті оралуын атайды.
ЖАТ орындалуының көліктік үрдісті ұйымдастыруда бірнеше варианттарға бөлуге болады.
Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыдағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы қарапайым варианты ұсынылады.
Бір автомобильмен бірретті немесе көпретті жүк тасымалында бір немесе сол жіберушінің және де сондай қабылдаушыға жіберушіге дейінгі кері бағыттағы жүктің жеткізілуі немесе кез келген аралық пункттар болып табылады.
Бірінші немесе екінші варианттардағы көліктік үрдісті ұйымдастырудағы бір жүк жіберушімен бір қабылдаушының бірнеше жылжымалы құрамды пайдалануы.
Бірнеше жіберуші мен бірнеше қабылдаушының бірретті немесе көпретті жүк тасымалындағы бір немесе бірнеше автомобильдің алғашқы арту пунктіне оралуы (жылжымалы құрамның айналмалы қозғалыстағы кіші жүйесі). Бұл вариантта бір автомобиль жүк жөнелтушімен қабылдаушыға бір айналымда бірнеше аялдама жасайды.
Бір жөнелтушіден немесе қабылдаушыға жүкті жинау немесе тарату.
Белгілі-бір мақсат жұмысына бағынатын, бірнеше шағын жүйелерді пайдалануды талап ететін белгілі-бір өндірістік құрылымның қызметі .
Көлік жүйесі бірнеше өндірістік құрылымдарға немесе белгілі-бір географиялық регионға қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |