«Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты


Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына лицензиясын беру өтiнiшiне қосымша



бет2/3
Дата07.07.2016
өлшемі334 Kb.
#182865
1   2   3

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына лицензиясын беру өтiнiшiне қосымша

жылғы     №     лицензияға қосымша

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Барлығы парақ №    парақ

18. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi       Күнi

«Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық 


бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен
импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензия телнұсқаларын беру»      
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
4-қосымша                

Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң импортына лицензия беру туралы өтiнiш

1. № өтiнiш

2. Қолдану кезеңi
ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА кезеңiне|

3. Лицензия типi
          |ИМПОРТ

4. Келiсiм-шарт
     жылғы ________ № ________

5. Өтiнiш берушi|

6. Сатушы

7. Жөнелтiлетiн ел|

8. Сатушының елi|

9. Келiсiм-шарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шыққан елi|

13. Саны

14. Өлшем бiрлiгi

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы|

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшiн негiздеме

18. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұләасы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны

Қолы және мөрi       Күнi



Тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына лицензиясын беру өтiнiшiне қосымша

жылғы     №     лицензияға қосымша

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауар сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Р/с


Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бiрлiгi

құны

Барлығы парақ №    парақ

18. Өтiнiм берушiнiң уәкiлеттi тұлғасы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрi       Күнi

«Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық 


бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен
импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензия телнұсқаларын беру»      
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
5-қосымша                

Тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау жөнiндегi
қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты мен импорты жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi – талаптар) «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес:


      Талаптар мыналардың болуын қамтиды:
      сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сатып алу-сату келiсiмшартының (шартының) немесе өзге де иелiктен шығару құжатының өтiнiм берушiнiң мөрiмен және қолымен куәландырылған көшiрмесi;
      егер өтiнiм берушi ретiнде делдал әрекет етсе, экспорттаушы мен өндiрушi немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы шарттардың өтiнiм берушiнiң мөрiмен және қолымен куәландырылған көшiрмесi;
      Қазақстан Республикасынан импортталатын өнiмнiң тек түпкi пайдаланушы елдiң мұқтажы және қазақстандық тараптың келiсiмiнсiз үшiншi елдерге керi экспорттауға немесе беруге жол бермеу үшiн ғана пайдаланылатыны туралы алушы елдiң мiндеттемелерiн қамтитын алушы елдiң уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген түпкi пайдаланушы сертификатының түпнұсқасы (экспорттық бақылауға жататын өнiмдi экспорттаған кезде).
      1) 0 санатына жатқызылған ядролық материалдардың, технологиялардың, құрылғылардың және жабдықтардың экспорты (импорты) кезiнде:
      ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдiң құзыреттi мемлекеттiк органы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы растаманың ресми түпнұсқасы;
      импорттау кезiнде - Қазақстан Республикасындағы түпкi пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы растамасының ресми түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдiң құзыреттi органдары берген тауардың шығу тегi туралы сертификаттың көшiрмесi;
      растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негiзiнде немесе оларды пайдалану нәтижесiнде өндiрiлген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
      ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндiру үшiн немесе қандай да бiр әскери мақсатқа қол жеткiзу үшiн пайдаланылмайтыны;
      оларды iс жүзiнде пайдаланудың бүкiл мерзiмi iшiнде Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң (МАГАТЭ) кепiлдiгiнде тұратындығы;
      МАГАТЭ ұсынғаннан төмен болмайтын деңгейлердегi физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етiлетiндiгi;
      осы талаптардың тек 1-тармағының 1) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң жазбаша келiсiмi болған кезде керi экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдiң заңды құзырынан берiлетiнi туралы мiндеттемелердi қамтуы тиiс;
      атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
      2) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-санаттарға жатқызылған (ядролық жеткiзушiлер тобы (ЯЖТ) үшiн ғана) жабдықтарды, материалдарды және қосарлы пайдаланудың тиiстi технологияларын экспорттаған (импорттаған) кезде:
      ядролық қаруы жоқ елдерге экспорттаған кезде - импорттаушы елдiң түпкi пайдаланушысы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы;
      импорттау кезiнде - Қазақстан Республикасындағы түпкi пайдаланушы тарапынан алынатын тауарлардың бейбiт мақсатта пайдаланылуы туралы ресми растаманың түпнұсқасы, сондай-ақ тауар шыққан елдiң құзыреттi органдары берген тауардың шығу тегi туралы сертификаттың көшiрмесi;
      растамалар ядролық экспорттың (импорттың) алынған заттары, сондай-ақ олардың негiзiнде немесе оларды пайдалану нәтижесiнде өндiрiлген ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, құрылғылар мен жабдықтар:
      ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндiру үшiн немесе қандай да бiр әскери мақсатқа қол жеткiзу үшiн пайдаланылмайтыны;
      МАГАТЭ кепiлдiгiнде тұрмаған ядролық отын циклi саласындағы қызметте пайдаланылмайтыны;
      осы талаптардың тек 1-тармағының 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы абзацтарында көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттiгiнiң жазбаша келiсiмi болған кезде керi экспортталатыны (экспортталатыны) немесе алушы елдiң заңды құзырынан берiлетiнi туралы мiндеттемелердi қамтуы тиiс;
      атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
      3) иондаушы сәуле шығару көздерiнiң және изотоптардың, рентгендiк, альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулеленудi (қосалқы бөлшектердi қоспағанда) пайдалануға негiзделген аппаратураның импорты кезiнде:
      тиiстi аумақтағы мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарында рәсiмделген тапсырыс-өтiнiмнiң түпнұсқасы;
      тауар шыққан елдiң құзыреттi органы берген тауардың шығу тегi сертификатының көшiрмесi немесе тауарды алғаннан кейiн ұсынылғаны туралы кепiлдiк хаты;
      иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (тек медициналық рентген жабдықтарына ғана);
      атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтiң тиiстi түрiн жүзеге асыруға арналған лицензияның көшiрмесi;
      4) жарылғыш материалдардың экспорты (импорты) кезiнде (аңшылық оқ-дәрiсiнен басқа):
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сатып алуға (импорт үшiн) рұқсаттың (куәлiктiң) көшiрмесiн;
      аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген жарылғыш материалдарды сақтау үшiн қойманы (базистiк, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
      аумақтық iшкi iстер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшiрмесiн;
      жарылғыш материалдарды автомобиль көлiгiмен тасымалдаған жағдайда, аумақтық жол полиция органы рұқсат берген қауiптi жүктердi тасымалдауға көлiк құралына берiлген рұқсаттың, тасымалдауға арналған рұқсаттың және қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына арналған лицензияның көшiрмелерiн;
      5) азаматтық пиротехникалық бұйымдардың экспорты (импорты) кезiнде:
      аумақтық iшкi iстер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға (импорттау үшiн) берген лицензияның көшiрмесi;
      аумақтық iшкi iстер органы азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтауға берген рұқсаттың көшiрмесi;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi берген азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшiн қойманы (базистiк, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың, куәлiктiң көшiрмесiн;
      6) 9-санатқа жатқызылған экспорттық бақылауға жататын тауарлардың экспорты (импорты) кезiнде:
      экспортталатын өнiмге техникалық ұсыныс (авангардтық жоба) немесе техникалық жоба;
      Ескертпе:
      Импорттаушы елдiң түпкi пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалылығын тексерудi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
      2. Тауарлардың экспорты мен импорты жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
      1) озон қабатын бұзатын заттардың және оларды құрайтын өнiмдердiң экспорты (импорты) кезiнде:
      комиссияның шартының (келiсiмшартының) көшiрмесi немесе тапсырмалар (егер тапсырыс берушi ретiнде делдал әрекет етсе);
      сәйкестiктi растау жөнiндегi орган берген сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiктi бағалау саласында аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген зертхана (орталық) хаттамасы;
      сақтандыру полисiнiң көшiрмесi;
      рециклирленген озон қабатын бұзатын заттардың экспорты (импорты) жағдайында – көрсетiлген фактiнi, сондай-ақ оларды одан әрi регенерацияау ниетiн растайтын құжат;
      2) өсiмдiктердi қорғау құралдарының (пестицидтердiң (улы химикаттардың) импорты кезiнде:
      пестицидтердi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырған) өндiруге (формуляциялауға) және/немесе сатуға арналған лицензияның көшiрмесi;
      жер учаскелерiне құқық белгiлейтiн құжаттардың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмелерi мен жер учаскелерiн химиялық өңдеуге қажеттi пестицидтер санының есептеулерi (егер өтiнiм берушi пестицидтердi сату үшiн емес өзiнiң меншiк құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнде қолдану үшiн әкелген жағдайда);
      пестицидтi тiркеушi фирма мен дистрибьютор компанияның арасындағы лицензиялық келiсiмнiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) немесе тiркеушi фирмадан сатушының ресми дистрибьюторлығы туралы растау хаты (егер өтiнiм берушi пестицидтердi дистрибьютор-компаниядан әкелетiн жағдайда);
      3) қауiптi қалдықтардың экспорты (импорты) кезiнде:
      өндiрiстiк базаға мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы;
      Базель конвенциясына сәйкес аумағына қалдықтар әкелiнетiн мемлекеттiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органының келiсiмi;
      егер тапсырыс берушi делдал болып әрекет етсе, экспорттаушы мен өндiрушiнiң немесе импорттаушы мен тауарды тұтынушы арасындағы келiсiмшарттың (шарттың) көшiрмесi;
      тасымалдауға арналған келiсiмшарттың (шарттың) және осы қалдықтарды қолданудың экологиялық қауiпсiздiгi айтылған қалдықтарды жоюға жауапты экспорттаушы мен тұлғаның арасындағы келiсiмшарттың көшiрмесi;
      Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы хабарлама (3 данада);
      Базель конвенциясының талаптарына сәйкес қалдықтарды тасымалдау туралы құжат;
      әкелiнетiн қалдықтарды қолдану үшiн техникалық (технологиялық) мүмкiндiктер туралы ақпарат;
      Базель конвенциясына сәйкес қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау кезiнде қауiптi жүктердi тасымалдауды сақтандыруды растайтын құжаттың көшiрмесi;
      қалдықтарды қолдану бойынша қызмет түрiн iске асыру үшiн лицензияның көшiрмесi;
      4) минералогия, палеонтология бойынша коллекциялық материалдардың, қазып алынатын жануарлардың сүйектерiнiң экспорты (импорты) кезiнде өтiнiм берушi тауарды өндiру және иеленудiң заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
      5) жануарлар немесе өсiмдiк тектi тауарлардың экспорты кезiнде өтiнiм берушi тауарды дайындау, жинау, өндiру немесе аулау заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
      балық және басқа да су жануарларының экспорты кезiнде – аулану орны жөнiнде анықтама, әкетiлетiн өнiмдi алғандығын растайтын құжаттар (сатып алу - сату шарты, түбiртек, жүкқұжат, төлем тапсырмасы).
      6) Қазақстан Республикасының қызыл кiтабына енгiзiлген сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар түрлерге жататын жабайы жануарлар мен жабайы өсетiн өсiмдiктердiң, олардың бөлiктерi және (немесе) дериваттарының экспорты кезiнде өтiнiм берушi жабайы жануарлар мен жабайы өсетiн өсiмдiктердi дайындау, жинау, өндiру немесе аулау заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
      балық және басқа да су жануарларының экспорты кезiнде – аулану орны жөнiнде анықтама, әкетiлетiн өнiмдi алғандығын растайтын құжаттар (сатып алу - сату шарты, түбiртек, жүкқұжат, төлем тапсырмасы).
      7) минералды шикiзаттың экспорты кезiнде өтiнiм берушi тауарды өндiру және иемденудiң заңдылығын куәландыратын қосымша құжаттар ұсынады.
      8) улы заттардың, пестицидтердiң (улы химикаттардың) экспорты (импорты) кезiнде:
      химиялық өнiмнiң қауiпсiздiк паспорты;
      сақтандыру полисiнiң көшiрмесi;
      сақтауға арналған қойманың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы;
      сақтау қоймаларының жаңаларын салу немесе оларды қайта жаңарту кезiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
      егер өтiнiм берушi ретiнде делдал әрекет еткен жағдайда, қалдықтарды, оның iшiнде пайдаланылған өнiм ыдыстарын кәдеге жаратуға, сақтауға және көмуге кәсiпорынмен жасалған шарт ұсынылады және тауарды кейiннен тұтынушыларға сату үшiн келiсiмшарттарда (шарттарда) пайдаланылған өнiмнiң ыдысын мiндеттi түрде қайтаруды көздеу қажет;
      келiсiмшарттарда (шарттарда) өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдарының, химиялық (уытты) заттар мен өнеркәсiп қалдықтарының импорты кезiнде ақаулы тауарларды экспорттаушыға қайтару тәртiбiн көздеу қажет;
      9) азаматтық мәндегi радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылардың, оның iшiнде орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кiретiн тауарлардың импорты кезiнде:
      әкелiнетiн радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар (бұдан әрi – РЭҚ және ЖЖҚ) туралы деректер – атауы, типi, моделi, өндiрушi мемлекет, техникалық сипаттамалары (радиожиiлiктiң белдiктерi, жиiлiк торының қадамы, таратқыш қуаттылығы, радиодабыл модуляциясының типi немесе түрi);
      РЭҚ құрамында шифрлау (криптографиялық) құралдардың болуы (болмауы) туралы ақпарат;
      әрбiр РЭҚ және ЖЖҚ түрлерi үшiн Кеден одағына қатысушы мемлекеттер белгiлеген үлгiдегi сертификат берген органның мөр таңбасымен расталған сәйкестiк сертификатының көшiрмесi (сәйкестiктi растау), егер мұндай құжаттың болуы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң заңнамаларында қарастырылған болса.
      10) жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерiн, қолданбалы бағдарламалардың пакеттерiн қоса алғанда), олардың нормативтiк-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезiнде:
      экспортталатын (импортталатын) тауардың ұлттық қауiпсiздiк органдарының уәкiлеттi бөлiмшесi немесе аумақтық бөлiмшелерi берген жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу мәнiне техникалық зерттеу жөнiндегi қорытынды;
      11) шифровалды (криптографиялық) құралдардың (олардың жинақтауыштарын және қосалқы бөлшектерiн қоса алғанда), олардың нормативтiк-техникалық құжаттамасының (конструкторлық және пайдалану құжаттамасын қоса алғанда) экспорты (импорты) кезiнде:
      ұлттық қауiпсiздiк органының уәкiлеттi бөлiмшесi немесе аумақтық бөлiмшелерiмен берiлген экспортталатын (импортталатын) тауарды ақпаратты криптографиялық қорғауға жатқызу мәнiне арналған техникалық зерттеу жөнiндегi қорытынды;
      12) мәдени құндылықтардың, ұлттық мұрағат қорларының құжаттары мен мұрағат құжаттарының түпнұсқаларының экспорты (импорты) кезiнде:
      әкелiнетiн мәдени құндылықтардың (мұрағат құжаттарының) тiзiмi (тiзiмдемесi) екi данада;
      әрбiр әкетiлетiн мәдени құндылықтардың барынша сипатты кескiндi 10х15 см өлшемiндегi екi фотосуретiн немесе әкетiлетiн мұрағат құжатының екi көшiрмесi, ал қажет болған жағдайда – мәдени құндылықтың (мұрағат құжатының) өзiн;
      мәдени құндылыққа (мұрағат құжатына) меншiк құқығын растайтын құжат;
      13) адамның мүшелерi және (немесе) тiндерi, қаны және оның компоненттерiнiң экспорты (импорты) кезiнде өтiнiм берушi адамның мүшелерi және (немесе) тiндерi, қаны және оның компоненттерiн әкелу немесе әкету мүмкiндiктерi туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi үшiншi елдердiң мемлекеттiк органдарының рұқсатын қосымша ұсынады.
      14) азаматтық және қызметтiк қару мен патрондардың экспорты (импорты) кезiнде:
      iшкi iстер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға (импорттау үшiн) лицензияның көшiрмелерi;
      азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының сәйкестiгiн растау (егер қару Мемлекеттiк кадастрға енгiзiлген жағдайда) бойынша жұмыстарды атқару үшiн белгiленген тәртiпте аккредиттелген заңды тұлға берген сәйкестiк сертификатының көшiрмесi;
      қару мен пайдаланылатын патрондардың атауы мен моделiнiң белгiсi (патрондардың үлгiсi) туралы ақпаратты, негiзгi техникалық көрсеткiштерiн, қаруды дайындаушы елдiң және фирманың атауы, оның түрлi-түстi фотосуретi (егер қару кадастрға енгiзiлмеген жағдайда);
      алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетiлетiн шетел мемлекетiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк iшкi iстер органы қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге (экспортқа берiлетiн лицензияға арналған өтiнiш келiсiлген кезде) берген рұқсаттардың (лицензиялардың) көшiрмелерi;
      15) отын-энергетикалық және минералды шикiзат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпарат экспорты кезiнде өтiнiм берушi жер қойнауы жөнiндегi ақпаратты алу заңдылығын куәландыратын құжаттар ұсынады.

«Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық 


бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен
импортына лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензия телнұсқаларын беру»      
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына   
6-қосымша                

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет