Радиальды тұндырғыштар: тұндырудың екі сатылы жүйесінде бірінші сатысы ретінде қолданылады. Оның ерекшелігі — тұнбаны механикалық жолмен тазарту. Лайлылығы өте жоғары суды мөлдірлеу үшін пайдаланады, яғни салыстырмалы түрде аз қолданады. Тұндырғыштардың көрсетілген түрінен басқа суды өлшенді заттардан тазарту үшін өлшенді тұнбалармен мөлдірлегіштер қолданады. Коагулянтпен араластырылған суды төменнен жоғары қарай бұрын түзілген тұнба қабаты арқылы өткізеді. Бұл жағдайда бөлшектердің тұну жылдамдығы 2-3 есе артады, ал ең бастысы мөлдірлендіру және түссіздендіру (лайлылығы — 8 мг/л-ге дейін, түстілігі 20°-қа дейін) тиімділігі едәуір артады. Өлшенді тұнбалармен мөлдірлендіргіштер өзінің құрылымы жағынан біршама тік тұндырғыштарға ұқсайды. Өлшенді тұнбалар қабатының биіктігі 2-2,5 метр аралығында, ағынның жоғары көтерілу жылдамдығы 2 мм/сек болуы қажет. Егер лайлылығы аз суда майда дисперсті органикалык өлшенді заттар болса, оны тұндырғышта және мөлдірлегіште өндеудің тиімділігі аз. Бұл жағдайда тұндырғыштардың орнына флотациялық қондырғылар қолданады, оған су үлпек пайда болатын камералардан барады. Қондырғыға қысыммен ерітілген ауа қосылған су жіберіледі. Ауаның ұсақ дисперсті көпіршіктері қалқып жүрген өлшенді бөлшектерді судың бетіне көтереді де, флотациялық көбік жасайды, оны мезгіл-мезгіл пайдаланғаннан шыққан судың ағынына түсіріп ағызып отырады. Флотацияның маңызды сапалық қасиетіне суда тұнбаға түспейтін май мен мұнай өнімдерін тазартатын қабілетін айтуға болады.
Көлдер мен су қоймалары суларында заңды түрде планктондар болады (зоопланктон және фитопланктон). Суды олардан тазарту коагулянттың үлкен дозасын қолдануды және ұзақ уақыт тұндыруды қажет етеді. Бұл жағдай үшін микросүзгілер қолданылады. Ол үздіксіз айналып тұратын барабанды торлардан тұрады, онда пайда болған қабықша судың екпінді ағынымен жуылып отырады.
Суды сүзу
Суды тазартудың бірінші сатысы араластырғыштан, үлпек түзу камерасынан, тұндырғыштардан немесе мөлдірлегіштен тұрады. Екінші сатысының құрылымына сүзгілер енеді. Көбіне сүзгіш материалдар ретінде құмдақтарының мөлшері 0,5-1,0 мм болатын кварц құмын және керамзитті (жеңіл балқитын сазды өртеу кезінде алынатын материал, құм және гравий түрінде қолданылады), вулкандық шлактарды, металл шлактарын, активтелінген көмірді (маркалары АУ-3, АУ-5, АУ-7) қолданады.
Кәдімгі құмды сүзгі – сүзгіш құм қабатынан; ұстап тұратын гравий қабатынан; сүзілген су жиналатын тесікті құбырлардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |