Тұндырғыштар мен сүзгілерді пайдаланып суды дайындау схемасы: 1 – бірінші көтергіш насостар; 2 – реагенттік цех; 3 – араластырғыш; 4 – үлпектер түзілу камерасы; 5 – көлденең тұндырғыш.
Коммуналдық шаруашылық академиясының сүзгілері. Мұндай екі ағынды сүзгілер де дренаж сүзуші қабатта орналасады. Осыған байланысты сүзу әдеттегі сүзгілер сияқты тек қана жоғарыдан төмен қарай емес, соңдай-ақ төменнен жоғары қарай дренаждың астында орналасқан төменгі қабаты арқылы да жүреді. Коммуналдық шаруашылық академиясының сүзгісіндегі сүзу үрдісінің сапасы жедел сүзгімен бірдей, бірақ өнімділігі екі есе артық. Лайлылығы және түстілігі аз суды (солтүстік өзендер) тазарту кезінде жанаспалы мөлдірлегіш көмегімен мөлдірлендірудің бір сатылы схемасы қолданылады. Олардың жұмыс принциптері кеуекті ортада қарқынды түрде жүретін жанаспалы коагуляцияға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |