Тазарту әдістерінің жалпы сипаттамасы



бет6/22
Дата15.02.2022
өлшемі45.04 Kb.
#455411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Ауыз суды дайындау әдістерін гигиеналық бақылау

Құмды сүзгінің схемасы: 1 – судың тұндырғыштан кейін келіп түсуі; 2 – құм; 3 – ұстап тұратын гравий қабаты; 4 – сүзілген су шығатын жер; 5 – дренаж.

Материалдарға белгілі бір талаптар қойылады, оның негізгілері – механикалық мықтылығы және химиялық жағынан тұрақтылығы.

Сүзгіш материалдардың кеуектілігі төмен, барлығы 40-60 %. Демек олардың 60-тан 40 %-ға дейінгі көлемі сүзуге қатыспайды деген сөз. Қазіргі кезде синтетикалык полимерлерді сынаудан өткізіп, қолдануда. Мысалы: пенополиуретанның кеуектілігі 98 %-ға дейін жетеді.

Сүзгілердің жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі параметрі – м/сағатпен көрсетілетін сузу жылдамдығы. Сондықтан сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгілер пайдаланылады. Сүзу жылдамдығы бойынша оларды баяу (0,1-0,2 м/сағат), жылдам (6-8 м/сағат) және өте жылдам (100 м/сағатқа дейін) деп белуге болады. Су құбырын жобалау кезінде сүзгілер жүйесін тандау, негізінен елді мекеннің су тұтыну мөлшері мен тазартылатын судың сапасы есебінен анықталады.



Баяу сүзгілер коагуляция жүргізілмеген суды сүзу үшін қолданылады. Бетоннан немесе кірпіштен жасалған резервуар, оның төменгі бөлігінде тазартылған суды ағызу үшін дренаждық қондырғы орналасқан. Дренаждық қондырғының үстінде гравийден немесе щебеннен ұстап тұратын қабаты, содан соң сүзгіш материалдар (көбіне құм) қабаты орналасады. Су жоғарыдан төмен қарай 0,1-0,2 м/сағат жылдамдықпен сүзіледі. Сүзгіш қабаттың бетінде сүзілудің жақсы жүруін қамтамасыз ететін өлшенді заттардан тұратын қабықша пайда болады. Сүзгілердің жұмыс тиімділігі өте жоғары. Әдетте сүзгілерде қалқыған өлшенді бөлшектер 0,3 мг/л-ден аспайды, судың түстілігі 50 %-ға, ішек таяқшасы тобындағы бактериялар тобының саны 99,7 %-ға дейін төмендейді. обындағы бактериялар тобының саны 99,7 %-ға дейін төмендейді. Баяу сүзгілердің кемшілігі – олардың тым үлкендігі (ұзындығы 60 м-ге дейін) және экономикалық жағынан жетілдірілмегендігі. 1-2 ай үздіксіз жүмыс істегеннен кейін сүзгілерге радикальды регенерация қажет (қайта қалпына келтіру), бұл кезде қалындығы 1-2 см құмның беткі қабаты ауыстырылады. Сонымен қатар сүзілетін судың мөлшері көп емес. Сонда да болса кішігірім елді мекендерде баяу сүзгілердің қолдануы мүмкін, өйткені олар біраз жағдайларда коагуляция және тұндыру үрдісінсіз-ақ суды тазартуға мүмкіндік береді, реагенттерді пайдалануды қажет етпейді.

Ауыз суды тазарту тәжірибесінде жедел сүзгілер кеңінен таралған, оны коагуляция және тұндыру үрдісінен кейін қолданады. Су жоғарыдан төмен қарай оның сүзгіш (құм) және гравийлі ұстап тұратын қабатынан өтеді. Судың сүзілу жылдамдығы 6-8 м/сағ. Бұл сүзгі суды толық тазарту үшін пайдаланады. Үздіксіз 8 сағат жүмыс істегеннен кейін, суды қажетті қысыммен төменнен жоғары карай кері ағызу арқылы сүзгілерді тазарту жүргізіледі. Шайынды су жуылған ластағыштармен бірге жинайтын шұңқырға құйылып, содан соң су жинайтын жерге ағызып жіберіледі.

Сүзгі материалдары ретінде құмнан басқа майдаланған антрацитті, керамзитті, майдаланған мраморды және т.б. пайдаланады. Сүзгілерді әдеттегі жуумен қатар, оны ластанған қалдықтардан тазарту үшін мезгіл-мезгіл күйдіргіш натриймен, хлормен өңдеп отырады. Жедел сүзгілерде суды тазарту тиімділігі баяу сүзгілерге қарағанда төмендеу. Ластағыштардан тазарту және сүзу жылдамдығын арттыру үшін (10 м/сағ-қа дейін) екі қабат сүзгілерді пайдаланады. Су мұнда жоғарыдан төмен қарай әуелі ірі антрацит түйіршіктерінен өтеді де, содан сон майда құмнан өтеді. Екі кабат сүзгіні пайдаланғанда сүзгі циклының уақыты (әрбір жуатын уақыт аралығы) 48 сағат-қа дейін ұзарады. Жедел сүзгілердің кемшіліктері: суды тазартуға оның тек жоғарғы майда түйіршікті қабаты ғана қатысады, төменгі қабаттағы сыйымдылығы пайдаланылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет