Батпан деген не?Оның нақты өлшем бірлігі туралы не айтасың? Қадақ сөзі нені білдіреді? Оныңөлшемдік мәні қандай? Мысқал деп нені айтады? Ол көбінесе нені өлшеу үшін пайдаланылған? Метр туралы
Метр (гр. mүtron – өлшем) – музыкада күшті және әлсіз дыбыстардың алмасып келу тәртібі, ырғақ түзу жүйесі. Бір тегеурінді үлестен екінші тегеурінді үлеске дейінгі аралық Метрдің негізгі тактісін құрайды.
Тактідегі дыбыстар үлесінің уақыттық арақатынасын анықтау арқылы ырғақтық жүйе белгілі болады. Метр осы уақыттық арақатынастың өлшемі іспетті. Метрлік өлшем дыбыстардың жүйелі түрде алмасуын есептеуге мүмкіндік береді. Такт ішіндегі үлес санының жүйелі не жүйесіз есебіне қарай: жай Метр, күрделі Метр, аралас Метр түрлері кездеседі. Өлшемдер екі сандық таңбамен белгіленеді – жоғарғы таңба тактідегі үлестің санын білдірсе, төменгісі үлестің ырғақтық мағынасын білдіреді. Мысалы, жай өлшемдер былайша белгіленеді: күрделі екі үлесті – күрделі үш үлесті – т.б. Кейбір музыка жанрлары белгілі бір Метрді талап етеді. Мысалы, вальс – 3 үлесті, марш – 2 немесе 4 үлесті өлшемде жазылады.
Метр (фр. metre, гр. metron – өлшем) – бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі. 1960 жылға дейін Метрдің эталоны – ұзындықтың штрихты өлшемі платина-иридий қоспасынан жасалып, Севр қаласындағы (Париж қаласының жанындағы) Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі халықаралық бюрода сақталған білеуше (брусок) болған. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі 11-Бас конференция (1960) Метрдің жаңа анықтамасын қабылдады: “Метр – Криптон-86 атомының 2р10 және 5d5 деңгейлерінің аралығындағы ауысуы сәйкес келетін сәуле шығаруының вакуумдағы 1650763,73 толқын ұзындығына тең ұзындық”. КСРО-да алғашқы эталоны ұзындық бірлігі – метрді қайта жаңғыртуға және оның өлшемін ұзындықтың басқа өлшемдеріне таратуда құрамында ұзындықты дәл өлшеуге арналған интерферометр бар аппаратуралар кешенін қолданды. Метрдің алғашқы эталоны Метрді 5Ч10–9 м-ден аспайтын орташа квадраттық ауытқумен қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді.
1.7 Әдебиеттер
1. Артықбаев Ж. Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам. - Қарағанды, 1995.-266 б.
Давыдович Е.А., Материалы по метрологии средневековой Средней Азии. - М., 1970.
Дегтярев А., Летягин В., Погалов А. Метрология. – М., 2006.
Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 б.
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жетіжарғы» баспасы, 2008.
Сергеев А.Г. Метрология. –М., 2005.
Шевцов В.В. Историческая метрология России. –М., 2007.
Шишкин И.Ф. Теоретическая метрология. Часть 1. –М., 2010.
Шишкин И.Ф. Теоретическая метрология. Часть ІІ. –М., 2012.
Фридман А.Э. Основы метрологии. Современный курс. - М., 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |