Т.Ә. ТӨлебаев қосалқы тарихи пәндер ІІ бөлім Оқу құралы Алматы



бет15/46
Дата17.10.2023
өлшемі1.51 Mb.
#480944
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
annotation16475 2

Қазақ жазуының тарихынан



Есікті жазбасы
1970 жылы Алатау етегіндегі Есікті қаласы маңындағы б.з.б. Ү ғасырға тән сақ қорымында жүргізілген археологиялық қазба жүмыстары барысында алтын киіммен жерленген сақ жауынгерінің мәйіті табылды. Қазақ тарихы үшін ғана емес, бүкіл адамзат тарихы үшін де тамаша деректік мәліметтер берген бұл жерлеу орнынан сонымен қатар әртүрлі заттар да кездесті. Солардың бірі жазулары бар күміс тостаған болды. Онда руна жазуына ұқсас 26 таңба ойылып жазылған екен. Сондықтан, бұл жазуды кейінгі Орхон-Енесай жазуларының негізі болып табылады деп те есептеуге болады. Сақ жазуының түрі, ерекшеліктері туралы мәселелер толық анықталмағандығына қарамастан, оның тілі түрік тіліне негіз болғандығы айқындалды. Есікті жазуының негізінде мынандай қорытынды жасауға болады: біріншіден, б.з.б. Ү ғасырдың өзінде сақтарда жазу, әліппи болған, екіншіден, сақтар тілі ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы түріктер тілінің негізі болып табылады. Демек түріктер сақ тілдес болған және сонау б.з.б. Ү-ғасырдың өзінде сақтардың жоғары өркениетті дамуды бастан кешіргендігін айқындайтын жазу жүйесі, әліпбиі болған.
Көне түрік әліпбиі.
Орхон, Енесай және Селенгі өзендері бойынан табылған жазулар тобы халықаралық көлемде зерттеліп, айқындалған және палеографиялық тұрғыда үлкен қызығушылықтарға ие болып келеді. Көнетүрік әліпбиі деп аталған бұл жазулар руникалық жазулар деген атпен де белгілі. Бұл соңғы атау ол жазулардың скандинавиялық угор және герман халықтары өте ерте кездерде пайдаланған руна жазуына дыбыстық және кескіндік жағынан ұқсас болғандықтан пайда болған еді.
ҮІІ – ҮІІІ ғасырларға тән орхон ойма жазулары Білге Қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун –Чур және т.б. ескерткіштері арқылы айқындалған. Хан әулетінің құлпытастары деп саналатын бұл ескерткіштер тарихи деректерге толы тамаша әдеби шығармалар ретінде ерекшеленеді. Оларды тапқан, жариялаған және мәні мен мазмұнын, ерекшеліктерін алғаш айқындаған – Н.М. Ядринцев, В. Томсен, В.В. Радлов еді. Бүгінгі таңда олар кең көлемдегі зерттеу обьектісіне айналып отыр.
Солардың бірі Орхон өзені бойынан табылған ҮІІ-ғасырдың соңына тән Могилян жазба ескерткіші. Ол Құтылық (Қабаған) қағанның баласы Могилянға арналып жазылған екен. Ескерткіш мәтінін Иолығ Тегін жазған деп есептеледі. Н.М. Ядренцев тапқан бұл жазуды В.В. Радлов алғаш оқыды. Могилян ескерткішінде Могилянның, Күлтегіннің және Тоныкөктің жорықтары туралы баяндалған.
Көне түрік жазба ескерткіштері Орхон және Енесай мен қатар, Лена, Онгин, Селенга, сондай-ақ қазіргі қазақ жеріндегі Іле, Талас, Сыр және Ертіс бойларынан да табылып, зерттелуде. Дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жататын көне түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Сонымен қатар, көне түркі әріптері жуан және жіңішке дыбыстарды да ажыратқан. Көне түркі жазуындағы әріптер белгілі жүйе негізінде, демек әліпбилік тұрғыда қолданылған.
Араб әліпбиі
Қазақ жерінде кең түрде және ұзақ уақыт қолданылған келесі бір жазу жүйесі – араб әліпбиі болды. Ол Х-ғасырда Қарахан әулетінің ислам дінін қабылдауымен байланысты пайдаланыла бастады. Араб жазуында 29 әріп болды және ол оңнан солға қарай жазылды. Қазақ әдеби тілінің дамуымен байланысты дауысты дыбыстарды жазуды реттеу қажет болды. Сол себепті 1924 жылы дауысты дыбыстарды белгілеу үшін қайта құрастырылды. Оған 1926 жылы А. Байтұрсыновтың енгізген өзгерістері негізінде «төте жазу» жүйесі қалыптасты. Жазудың бұл жүйесін Қытайдағы, Ауғанстандағы, Иран мен Пәкістандағы қазақтар пайдаланып келеді. Байқап отырғанымыздай қазақтар бірнеше ғасыр бойы араб әліпбиі жүйесін пайдаланып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет