Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарламасы



бет7/13
Дата14.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#477608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
НВ и ТП Каз ОГН ЕМН 90 docx (1)

6

Саптық дайындық.

1) Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс – Сап және оның элементтері. Алдын-ала және орындауға берілетін пәрмендер. Сапқа тұрғанға дейінгі және саптағы сарбаздың міндеттері Саптық тұрыс. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Реттел!», «Тоқтат!», «Бас киімдеріңді (киімді) ШЕШ!», «Бас киімдеріңді (бас киімді) КИ!» пәрмендерін орындауды;
2) Бір орында орындалатын бұрылулар.
Саптық және жорықтық адым – Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және қайтадан бір қатарлы сапқа тұру. Саптық және жорықтық адыммен қозғалысты қамтиды.
3) Саптық тәсілдер және қозғалыс – Саптық тәсілдерді орнында тұрып орындау. Қозғалыста орындалатын саптық тәсілдер;
4) Бөлімшені сапқа тұрғызу – Бөлімшенің кеңейтілген сапқа тұруы. Бөлімшені жорықтық сапқа тұрғызу. Саптық тәсілдерді орнында және қозғалыста орындау.



1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының саптық жарғыларының жалпы негіздері мен талаптарын орындау және білу.

1) Сапқа тұрғызу, қозғалыс жасау үшін пәрмендер береді, сап элеметтерін анықтайды.
2) Взвод және бөлім құрамында жекеленген саптық тәсілдер бойынша саппен қозғалыс жасау үшін берілген пәрменді орындайды.



2)Меңгерген физикалық, атыс, тактикалық дайындық бойынша дағдыларын сабақ кезінде қолдану.

1) Берілген бұйрыққа бойынша іс-әрекет жасайды.
2) Жорықтық және саптық адыммен қозғалады, бұрылыстар жасайды.



7

Әскери топография.

1) Жергілікті жерде картасыз бағдарлау – Бағдарлау туралы түсінік. Компаспен, аспан денелерінің және жергілікті заттар бойынша көкжиек тұстарын анықтау. Өзінің орналасқан жері туралы мәлімдеме жасауды қамтиды;
2) Магнитті азимутты анықтау – Азимут және оны анықтау. Жергілікті жерде бағдарлаудың заманауи дербес жабдықтары. Спутниктік-навигациялық жүйелер туралы жалпы мәліметтерді қамтиды: GPS (Global Positional System), ГЛОНАСС (Глобальная Навигационная Спутниковая Система-Жаһанды Новигациялық Жерсерік Жүйесі), Galileo.

1) Таныс емес жерде бағдарланудың негізгі тәсілдерін меңгеру.

1) Құлабыз (компас) және жергілікті нысандар бойынша көкжиек тұстарын анықтайды.
2) Жергілікті жерде картасыз, қажетті азимут бойынша бағдарлайды.
3)Жергілікті жерде бағдарлану үшін ұшқышсыз қашықтықтан басқарылатын ұшу аппаратының ақпараттарын қолданады.

2) Бағдарлану әдістерін меңгеру.



1) Ұрыс кезінде техника мен қаруларды тиімді қолдану үшін әскери топография бойынша білімнің маңыздылығын түсіндіреді.
2) Жаһанды Навигациялық Жерсерік Жүйесі ақпараттарын бағалап, қозғалыстың дұрыс бағытын анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет