Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарламасы


Әскери қызметтің құқықтық негіздері



бет5/13
Дата14.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#477608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
НВ и ТП Каз ОГН ЕМН 90 docx (1)

Әскери қызметтің құқықтық негіздері.

1) Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі – Әскери қызметті өткеру қажеттілігі. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттері туралы заңдары;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттерін сақтау – Әскери есепке алу, әскери қызметке даярлау, әскери қызметке кірісу. Әскери қызмет (баламалы, келісімшарт бойынша), запаста болу;
3) Әскери қызметшінің мәртебесі. Әскери қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері – Әскери қызметті өткеру тәртібі мен мазмұны. Әскери қызмет мерзімі.

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметі туралы Заңының талаптарын меңгеру.



1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің статусы» туралы Заң баптарын түсіндіреді;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери міндеттері туралы Заң баптарының мазмұнын ашады.

2 Әскери қызметкердің статусы және құқықтары мен міндеттері туралы білу. Әскери қызметті Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі ретінде қабылдау.

1) Міндетті әскери қызмет ету мен келсімшарт бойынша әскери қызмет етудің мерзімін атайды.
2) Әскери қызмет етудің тәртібін түсіндіреді.

3

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары.

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары, олардың әскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілерін;
2) Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары –Бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші әскерилер, олардың құқықтары мен міндеттері. Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі. Бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі. Бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасауды;
3) Әскери тәртіп, оның мәні мен мағынасы – Әскери тәртіп, марапаттау және жазалау
Әскери тәртіпті сақтау бойынша әскери қызметшілердің міндеттері. Сарбаздарға көрсетілетін марапат түрлері. Сарбаздарға берілетін тәртіптік жазалауларды қамтиды



1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери жарғыларының жалпы негіздері мен құқықтық ережелерін білу.

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының түрлерін атайды.
2) Әскери жарғылардың жалпы мазмұнын ашады.

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы дәрежедегі жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету және оқу- тәрбие үрдісінде қажетті әскери тәртіпті ұстануда әскери жарғының маңызды талаптарын білу.



1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларынан әскери тәртіпке байланысты баптарды атайды.
2) Жауапкершілік, ұйымдастырушылық, ерік-жігер, алғашқы әскери және технологиялық дайындыққа жауаптылық сезімдерін бойында қалыптастыруда жарғы талаптарын қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет