Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарламасы



бет9/13
Дата14.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#477608
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
НВ и ТП Каз ОГН ЕМН 90 docx (1)

10

Технология-лық дайындық.

1) Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері – Қазақстан Республикасының жол жүру саласындағы заңдары мен өзге де құқықтық актілері. Көлік құралдарының санаттары. Жүргізушінің жұмыс орны;
2) Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінде қамтылған негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттары;
3) Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары – Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды қолдану. Авариялық сигнал беру және авариялық тоқтату белгісін қолдану. Маневрлеу. Көлік құралдарын жолдың жүру бөлігіне қою;
4) Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салу белгілері. Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар);
5) Жол таңбалары және олардың сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Көлденең және тік таңбалардың талаптарына сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелері;
6) Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Басып озу, алда кездескен жол айрығы. Аялдама және тұрақ. Қиылыстардан өту. Жаяу жүргіншілер өтпелері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары;
7) Әртүрлі жағдайдағы қозғалыстар – Теміржол жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдар бойынша қозғалыс. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс.
Маршруттық көлік құралдарының басымдығы. Сыртқы жарық құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану;
8) Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу. Оқу жүргізулері. Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбалардың (шаналардың) қозғалысына, сондай-ақ жануарларды жолдан айдап өтуге қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді қамтиды.



1) Дөңгелекті мәшинелерді жүргізу ережелері мен негіздерін, жол белгілері мен жол айрықтарын, жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін білу.



1) Дөңгелекті мәшинелерді жүргізу негіздері мен ережелерін сипаттайды.
2) Жол белгілері мен жол айрықтарын, жол реттеуші мен бағдаршамның белгілерін, жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін атайды.

2) Жол қозғалысы ережелерін білу.



1) Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің міндеттерін түсіндіреді;
2) Көлік құралдары қозғалысының ережелері және жол белгілері түрлерін атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет