Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарламасы



бет6/13
Дата14.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#477608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
НВ и ТП Каз ОГН ЕМН 90 docx (1)

4

Тактикалық дайындық.

1) Мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру және ұрыстық мүмкіндіктері – Бөлімшені ұйымдастыру. Штаттық қарулану және ұрыстық техника. Бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктерін қамтиды.



1) Ұрыстың теория мен тәжірибелік сұрақтарын қарсыласты жеңуде маңызды құрал ретінде меңгеру.


1) Қазіргі заманғы ұрысты іске асыру мен оның ерекшеліктерін және түрлерін сипаттайды.
2) Мотоатқыштар бөлімшесінің ұрыстық мүмкіндігі мен ұйымдасуын ашады.
3) Әр түрлі бөгеттерді өтуде, қарсыластың оқ жаудыру кезінде қозғалыс жасауда, шабуылда және қорғаныста әскери қызметкелердің бөлімше құрамымен іс-әрекет жасауын түсіндіреді.
4)«Химиялық дабыл!», «Газдар!», «Әуе!» дыбыстары бойынша іс-әрекет жасауды түсіндіреді.

2)Ұрыс жағдайында атыс қаруын қолдануды, ұрыс әрекеттерін ұйымдастыруда бастапқы дағдыларды бекітуді, жалпы ұрыс негіздерін меңгеруде негізгі тактикалық дайындық міндеттерін меңгеру.

1) Алған білімдерін ұрыс кезінде өздеріне оқпана қазу, бақылау мен атыс жүргізу үшін арнайы жер таңдау, кез-келге жерде қозғалыс жасауда тәжірибелік дағдыларын көрсету кезінде қолданады.
2) Қарсыласты жоюдың тәсілдерін атайды.

5

Атыс дайындығы.

1) Калашников автоматы және қол пулеметі – Қару және патрондарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы және жұмыс істеу механизмін;
2) Калашников автоматын (қол пулеметін) жартылай бөлшектеу жəне жинақтау – Автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау;

Калашников автоматының атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің, патронының құрылысын;


3) Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға дайындау –Автоматтың керек жарақтары. Автоматтың атудан кейінгі тазалау және майлау тәртібі. Автоматты сақтау. Автоматтың оқтарын тексеру және атысқа дайындау. Ату кезіндегі кідірістер және оны жою амалдарын;
4) Жарықшақты қол гранаталары – Жарықшақты қол гранаталарының (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) атқаратын қызметі және ұрыстық қасиеті. Гранаталар мен тұтандырғыштың құрылысы. Гранатаны лақтырған кездегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы. Гранатаны лақтыруға дайындауды қамтиды.
5) Ату негіздері – Атыс құбылысы. Оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы.
Қарудың тебілісі. Траекторияның пайда болуы. Оқтың тесіп өту және қиратқыш әрекеті. Тура атудың практикалық маңызы;
6) Ату ережесі – Арақашықтықты мыңдық формула арқылы анықтау тәсілдері. Көздеу (дәлдеу) элементтері. Қозғалмайтын нысандар бойынша көздеу нүктесін және көздеуішті тағайындау.

1) Граната және оқ-дәрілермен, қарумен жұмыс жасаған кездегі негізгі қауіпсіздік ережелері мен қарастырып отырған қарудың бөлшектерін білу.

1) Атыс қаруынан атыс жүргізу негіздерін сипаттайды.
2) Қарудың арналуын, ұрыстық қасиетін, жалпы құрылымы мен жұмыс қағидаларын түсіндіреді.

2) Атыс қаруын қолданудағы бастапқы тәжірибелік дағдыларды меңгеру.



1)Қаруды қарау, бөлшектеу және жинауды жүргізеді.
2) Оқ-дәрімен, гранатамен, қарумен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет