Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарламасы


Әскери роботты техникалардың негіздері



бет8/13
Дата14.09.2023
өлшемі80.87 Kb.
#477608
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
НВ и ТП Каз ОГН ЕМН 90 docx (1)

8

Әскери роботты техникалардың негіздері.

1) Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды;
2) Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдерін;
3) Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері.
Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.

1) Роботтардың ерекше белгілері мен робототехника дамуының негізгі бағытын білу.



1) Әскери істе роботтарды қолдану мүмкіндіктерін ашады.
2) Роботтарды арнауы бойынша анықтайды және жіктейді.

2) Робототехни-
каның маңыздылығын еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге бағытталған қолданбалы ғылым ретінде білу.



1) Әскери робототехниканы пайдалану болашағын талдайды;
2) Адамзат өмірінің әр түрлі салаларда робототехникалық технологиялардың қолданылуын ашады.

9

Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері.

1) Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы – Шаруашылық объектісінің
азаматтық қорғанысын (оқу орындарын) ұйымдастырудың құрылымы және оның міндеттері. Азаматтық қорғанысының əскери емес құрылымдар қызметі жəне жабдықталуын;
2) Ядролық қару және оның сипаттамасы – Ядролық жарылыстардың түрлері. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары және олардан қорғану тәсілдері. Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы. Нейтронды оқ-дәрілердің зақымдаушы әсерінің ерекшеліктерін;
3) Химиялық қару – Химиялық қару және оны қолдану белгілері. Улаушы заттар, олардың улағыш қасиеті және олардан қорғану тәсілдері туралы қысқаша түсінік. Химиялық зақымдау ошағы, зақымдаудың алғашқы және екінші аумағын;
4) Биологиялық (бактериологиялық) қару – Биологиялық (бактериологиялық) қару, оның зақымдаушы әсері, қолдану белгілерін анықтау. Бактериологиялық құралдар, олардың улағыш әсері және олардан қорғану құралдары туралы қысқаша сипаттама. Бактериологиялық зақымдау ошағы, оның сипаттамасы. Бактериологиялық зақымдау ошағында жүргізілетін іс-шаралар. Карантин және обсервацияны;
5) Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары – Жалпыәскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі және құрылысы. Азаматтық газтұмылдырықтар құрылысының ерекшеліктері. Сауыт-қорғанысты (маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты жинау және қалтаға салу. Газтұмылдырықты алып жүру және пайдалану тәртібі, зақымдалған адамға газтұмылдырық кигізу тәсілдері. Жарамсыз газтұмылдырықты пайдалану. Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдарын;

6) Теріні қорғаудың жеке құралдары – Теріні қорғауға арналған қарапайым құралдар, қосымша герметизациялау және сіңдіру арқылы олардың қорғаныс қасиеттерін арттыру. Арнайы қорғаныс киімінің (Л-1 жеңіл қорғаныс кеудеше, сүзгілі қорғаныс киімі, жалпыәскери қорғаныс жабдығы) атқаратын қызметімен және оларды пайдалану ережелерімен танысуды;


7) Ұжымдық қорғану құралдары – Радиацияға қарсы тасалар мен панаханалар, олардың қорғау қасиеттері, жалпы құрылысы және іштей жабдықталуы. Қарапайым тасаны;
8) Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі;
9) Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету;
10) Техногендік сипаттағы қауіптілік – Өнеркәсіптік апаттар (авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандардағы апаттар (авариялар). Гидродинамикалық апаттар;
11) Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану. Топырақтың ластануы;
12) Эвакуациялау жəне халықты шоғырландыру. Азаматтық қорғаныс дабылы және ол бойынша әрекет ету тәртібі. Эвакуациялау және орналастыру тәсілдері мен тәртібі.
13) Табиғи жағдайда автономды өмір сүру-ерікті және мәжбүрлі автономия. Өмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор;
14)Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері – Көшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздік;
15) Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Жарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. Кепілдікке алынған жағдайда;
16) Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері;
17) Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
18) Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету – Алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері. Көмектің түрлері. Зардап шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі;
19) Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек – Жарақат және олардың асқыну себептері туралы түсінік
Қансырау түрлері және олардың сипаттары. Күйік шалу себептері және олардың ауырлық деңгейлері. Естен танудың себебі. Жарақат алу және қансыраған кезде көрсетілетін алғашқы көмек. Асептика және антисептика туралы түсінікті;
20) Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері. Уланудың жалпы алгоритмі. Уланудың негізгі түрлері. Интоксикация кезіндегі көмек;
21) Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету – Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері. Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы көмек көрсету.

1) Қазақстан Республикасы халықын террористік актілерден, үлкен апаттардан, табиғат апаттарынан қорғауға арналған әскери және бейбіт уақыттағы жүзеге асырылатын негізгі іс шараларды біл

1) Оқу орыны және әскерилендірілмеген құрама ұйымдарында өткізілетін азаматтық қорғаныстың мақсатыры мен міндеттерін ашады.
2.Жаппай жою қаруларынан қорғану үшін жеке қорғаныс құралдарын қолданады.



2) Террористік қауіп, кез келген төтенше жағдайлар төнгенде азаматтық қорғаныстың хабарлау дабылдары бойынша халықты дұрыс іс-әрекет жасауға дайындаудың маңыздылығын қабылдау.

1) Қазіргі заманғы жаппай жою құралдарын қолдану кезіндегі күтпеген жағдайларды талдайды.
2) Әр түрлі сәтсіз оқиға жағдайларында алғашқы көмек көрсету түрлерін біледі.

3) Апат болған аймақтарда зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру.



1) Әр түрлі зақымдану түрлері кезінде таңғыш салуды жасай алады;
2) Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
3) Жеке қорғаныс құралдарын қолданады.
4) Ұжымдық қорғаныс құралдарының түрлерін атайды.
5) Техногендік сипаттағы қауіптерді атайды.
6) Халықты шоғырландыру мен эвакуация жүргізу тәртібі мен тәсілдерін атайды.
7) Криминогендік жағдайдағы мінез-құлық ережесін түсіндіреді.
8) Қолжетімді әлеуметтік желілерді қолдану, әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас ережелерін түсіндіреді.
9) Жаппай зақымдануда алғашқы көмек көрсету ережелерін атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет