Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарлама


«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері



бет2/9
Дата12.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#462481
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақ әдебиеті.ТУП ЖМБ (1)

«Қазақ әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1. Білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;
2. Мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі, тіл өнері арқылы бағалауды жетілдіру;
3. Қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтеуге баулу, бағалау;
4. Заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес жазба және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту және дүниетанымын жетілдіру.
Бағдарламада қазақ әдебиеті классиктерінің өмір жолы мен шығармашылықтары туралы негізгі мәліметтерді меңгерту қарастырылды. Білім алушылар қазақ жазушыларының адамзат тарихымен тығыз байланысты көркем шығармаларынан туған әдебиеттің өзіндік ерекшелігін танып, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтырады, жетілдіреді. Көркем туынды эстетикалық талғамдарын байытады және әдеби тұрғыдан сауатты талдай білуге дағдыландырады
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:

  • оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу үрдісін бақылау түрлерін таңдауға;

  • оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);

  • нақты дәлелдер мен фактілерге негіздей отырып, пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгертуге.

Жұмыс берушілердің талаптары мен жергілікті жағдайларға байланысты аймақтық компонентін енгізу арқылы бөлімдер мен тақырыптар тізімін тереңдету және кеңейту мақсатында өзгертуге болады.
Қазақ әдебиеті пәні «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География», «Биология» пәндерімен байланыстыра отырып оқыту, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдени-эстетикалық деңгейін көтеруге ықпал жасайды.
Пән аралық байланыс арқылы білім алушы өзінің ішкі рухани құндылығын және сыртқы дүниемен коммуникативтік, зияткерлік қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыруды көздейді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру білім алушылардың шығармашылық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді.
Әдебиет сұлулықты, талғампаздықты суреттейді. Сондықтан эстетика, өнермен (STEAM) байланысты болады.  STEAM-білім беруде өнердің түрлі бағыттарын қарауға болады: жеке түрлері ретінде – кескіндеме, архитектура, мүсін өнері, графика, музыка, әдебиет және поэзия, сол сияқты синтетикалық түрлері – театр, хореография, балет, кино, дизайн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет