Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарлама



бет7/9
Дата12.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#462481
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақ әдебиеті.ТУП ЖМБ (1)

Табиғат және адам

Қ.Мырзалиевтің өмірі және шығармашылығы. Ақынның «Қызыл кітап» поэмасы экология тақырыбына жазылған еңбектерінің қорытындысы іспетті. Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасы бірнеше мағыналарды қамтиды. Біріншісі, бұл поэма құрып бара жатқан аңдар туралы. Екіншісі, бұл поэма адамдардың іс әрекеттерінен жапа шегіп жатқан аңдарды қорғауға шақыратын дабыл сияқты. Үшіншісі, бұл шығармада тек жануарлар туралы емес, адамдардың оларға деген қарым-қатынасы суреттелген. Табиғат күшінің бұрынғысы мен бүгінгі күйін салыстыра суреттеу, сол арқылы болашаққа күмәнмен қараудың да іздерін аңғаруға болады. Кітаптағы өлеңдердің тақырыбы мен мазмұны – адам, адамға тән сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі. Олардың қай- қайсысы да тақырып-мазмұн ретінде жаңалық емес, сан рет толғанған сырлар, жырланған шындықтар. Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбы күллі халықты мазалап отырған экология мәселесі.

С.Балғабаев өмірі және шығармашылығы. С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» екі бөлімді комедиясына қазақ халқының ұлттық рухани мәселелері арқау болған. «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясында барлық қатысушылар қазіргі кезеңдегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез- құлық дағдылары жинақталған жиынтық образбен көрсетеді.


«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы арқылы Сұлтанәлі Балғабаев қазіргі қоғамда, үкімет органдарында екіжүзді, жағымпаз адамдардың пайда бола бастағанын, қоғамдық халыққа қызмет көрсету орындарында парақорлықтың көбейіп келе жатқандығын, халық арасында әлі күнге дейін рушылдықтың қалдықтары бар екенін қозғаған. Драматург пьесаларының қай-қайсысын алсақ та, оның әрқайсысынан біз заманға лайық кейіпкерлерді көреміз.

1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындау.

1)Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстырады;
2) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы шығармада көтерілген мәселені талдайды;
3) Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;
4) О.Бөкей «Атау кере» повесі, Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінің мазмұнын баяндайды және сюжетін айқындайды.

2) Көркем шығарманың тілдік ерекшелігіне талдау жасау, өзіндік пікірлер арқылы салыстыру.

1) Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындайды;
2) Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды;
3) Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды;
4) Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

3)Тарихи және көркемдік құндылығы, заманауилығы мен жаңашылдығына баға бере отырып әдеби эссе немесе әдеби сын немесе жоба жазу.

1) Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды;
2) Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
3) Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет