Зобалаң заман шындығы
|
Б.Мұқай «Өмірзая» романы.
Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» роман - халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы. Роман ажалға қарсы шапқан азамат туралы жазылған. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні, намыс, жігері.
Халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау.
Романның ой тұрғысынан тиянақтаушы – Алдияр Ақпанұлы деген қарт. Ескінің сарқыты, тарихшы профессор. Атағы алашқа мағлұм адам. Алдияр ақсақал отаршылдық сабағын жақсы біледі, ұлтын жарыққа жетелеу жолындағы күрес құралы – халқының тарихи зердесін ашу деп санайды. Осы орайда Кенесары хан туралы зерттеу жазады. Ресми саясатқа қайшы бұл еңбек халыққа жат деп жарияланып, атақты ғалымның басына қара бұлт орнайды, күштілер тарапынан қудалауға ұшырап, сал ауру болып қалады. Оның түбіне жеткен отарлық саясатының ұраншысы ғана емес, қиын кезде бас сауғалап кеткен шәкіртінің опасыздығы. Ғұлама профессорды оп-оңай құлатқан, институт ректоры Мұса Байларов. Әлдебір жоғары мансапты партия қызметкерінің жекжаты. Сөзде майда, істе аяусыз. Желтоқсан дүрбелеңі кезінде өкімет әрекетіне қайшы сөз айтып, көзге шалынып қалған туған әкесін өз қолымен жындыханаға қамайды. Бұл да – отаршылдық сананың жемісі. Бірақ құрбаны емес, құрбан – Алмас деген жас жігіт. Ол қабілетті жігіт, әуелде оң жолда болады. Өзінің жолдастарын жалаға береді, ақыр түбінде ұстазына пәле жабады, жалған куәлік жасайды. Желтоқсанға қатысқан барлық таныстарын түрмеге, бұл оқиғаға мүлде араласпаған ұстазын (Аяғанды) өлімге кесіп береді.
Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі.
Жас жазушының «Тиын» деп аталатын әңгімесінің оқиға желісі білім алушыны өзіне баурап алады. Үзіндідегі суреттеулердің барлығы шынайы көрініс тапқан. Көкесінен айырылған бала бұл өлімге сенбейді. Сәби санасы көкесінің қайтып оралуын тілейді. Орындалмайтын тілек болса да, кішкентай бала шын жүрегімен көкесінің оралуын тілеп, қайтып келеріне іштей сеніп жүреді. Атасы немересіне шарасыздықтан өтірік айтуға мәжбүр болады. Сәбидің үлпілдеген үмітін сөндіргісі келмейді. Ал бес жастағы бала болса сол күннен бастап тиын жинауға кіріседі. Тиын жинауының себебі де жоқ емес. Өзеннен әрі-бері өткізетін қайықшыға ақша төлеп, көкесімен қауышуды аңсайды. Атасының балмұздаққа деп беретін тиындарын да, сағызға берген ұсақ тиындарын да шашауын шығармай құтыға салып жинай береді. Жол бойында түсіп қалған тиындарды да алады. Атасының «жерден тауып алған нәрсені алма» деген өсиетін де өмірінде бірінші рет бұзады. Баланың істеп жүрген тірлігінің бәрі де көкесі үшін еді. Ол бала көкесімен қауышатынына риясыз сенді. Сөз етіп отырған баламыз енді жылан ұстауға кіріседі. Жыланды ұстаймын дегенде баланы жылан шағып алады. Ет-қызуымен сезбеген баланың бойын жыланның уы жайлайды. Атасы мен молданың әңгімесін естіп қойған бала жазылмайтындығын біледі. Сәби түйсігінде өмірді қимау секілді ұғым жоқ. Қайта көкесімен көрісетіндігін ойлап жатып, бала мәңгілік ұйқыға кете барады. |
1) Б.Мұқайдың «Өмірзая», Лира Қоныстың «Тиын» шығармаларына сюжеттік-композициялық талдау жасау.
|
1) Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдайды;
2) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмірмен байланыстырады;
3) Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;
4) Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырады.
|
2) Көркем шығарманың тілдік ерекшелігіне талдау жасау, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтармен салыстыру жұмыстарын жүргізу.
|
1) Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды;
2) Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды;
3) Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады;
4) Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдайды.
|
3) Тарихи және көркемдік құндылығы, заманауилығы мен жаңашылдығына баға бере отырып әдеби эссе немесе әдеби сын жазу.
|
1) Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды;
2) Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады, бағалайды;
3) Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
4) Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады.
|
7.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |