Техникалық және кәсіптік білім Тіркеу № 2020 жыл Үлгілік оқу бағдарлама



бет4/9
Дата12.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#462481
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақ әдебиеті.ТУП ЖМБ (1)

Кеңістік пен уақыт

Оралхан Бөкейдің өмірі және шығармашылығы. О.Бөкей «Атау кере» повесі адамзатқа тән рухани аштық пен жалғыздыққа бағыттаған. Романның басты үш кейіпкері - Таған, Ерік, Айна. Шығарманың шап-шағын құрамдағы кейіпкерлерінің қуатты типтері, ең алдымен олардың ішкі әлемі барынша кең ауқымды қамти тұра, қат-қабат тағдыр айдап бүгінгі тіршіліктері тар кеңістікте тоғысқандықтан да, оқиғалардың өрбу, шарықтау барысы қас-қағымда өтеді.
Романның басты үш кейіпкері Таған, Ерік, Айна – замандастар. Ерік пен Айна ерлі-зайыпты. Алайда, олардың үшеуі – шығармадағы үш негізгі арнаны құрайды, үшеуі – үш әлем, үш категория. Шығарманың барлық оқиғалары осы үш кейіпкердің маңайында топтастырылған.

Жарасқан Әбдірашевтің өмірі және шығармашылығы. Ж.Әбдірашевтің поэзиясындағы туған дала образы қарастырылады. «Дала, сенің ұлыңмын» деген атпен жарияланған кітабына ақын дала туралы перзенттік сүйіспеншілікке толы өлеңдер топтамасын енгізген, «Туған дала» деп басталатын бұл туындыларында ақын қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Ақын туған өлкесінің тарихын зерделеп, оның алдындағы перзенттік парызын, жауапкершілігін терең сезінеді. Ақындық жолының басты шығармашылық нысанасына айналатынын ашық айтады сезіндіреді. Дала – поэтикалық образ. Ақын дала дегенде, ең алдымен, туған халқын, оның жомарт мінезі мен батырлығын, әр алуан психологиясын ұғынады.

Туған дала – қазақ халқының поэтикалық бейнесі. Ақын туған даласын ерекше ақындық шабытпен жырлай отырып, өзінің де биік болмысын, парасат пайымын, ақындық деңгейін білдіреді. Туған дала – поэзиядағы мәңгілік тақырып.


1) Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру.

1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындайды;
2) Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра ды;
3) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды;
4) Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;
5) О.Бөкей «Атау кере» повесі, Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінің мазмұнын баяндайды, сюжетін талдайды.

2) Әдеби шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

1) Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындайды;
2) Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды;
3) Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды.

3) Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын анықтау, бағалау.



1)Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды;
2) Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
3) Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады.

6.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет