Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Бөлімдер мен тақырыптардың атауы
|
Сағат саны
|
Бар
лығы
|
Сабақтар
|
Теориялық
|
Практикалық
|
I Бөлім. Қалың елім, қазағым
|
*
|
*
|
*
|
|
Тақырып 1.
Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ» өлеңі
|
|
|
|
|
Тақырып 2.
Абай «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері.
|
|
|
|
|
Тақырып 3.
А.Құнанбаевтың он жетінші қарасөзі, отыз екінші қарасөзі
|
|
|
|
|
Тақырып 4.
«Масғұт» поэмасы
|
|
|
|
II Бөлім. Қазақтың Қанышы
|
*
|
*
|
*
|
|
Тақырып 5.
Медеу Сәрсеке – жазушы, металлург
|
|
|
|
м
|
Тақырып 6.
М.Сәрсеке.«Қаныш Сәтбаев» роман-эссе
|
|
|
|
|
Тақырып 7.
М.Сәрсеке. «Қаныш Сәтбаев», І бөлім. «Кенжетай» |
|
|
|
|
Тақырып 8.
М.Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман эссесінің ІІ бөлімі. «Үлкен Жезқазған»
|
|
|
|
|
Тақырып 9.
М.Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман эссесінің ІІІ бөлімі. «Бәрі де майдан үшін» |
|
|
|
III Бөлім. Парасат пайымы
|
*
|
*
|
*
|
|
Тақырып 10.
А.Кемелбаева. «Шашты» әңгімесі
|
|
|
|
|
Тақырып 11.
А.Кемелбаева. «Шашты» әңгімесі
|
|
|
|
|
Тақырып 12.
Т.Сұлтанбеков. «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме
|
|
|
|
|
Тақырып 13.
Оразақын Асқар. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі
|
|
|
|
IV Бөлім. Тарих тағылымы
|
*
|
*
|
*
|
|
Тақырып 14.
Ш. Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы
|
|
|
|
|
Тақырып 15.
Ш. Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы
|
|
|
|
|
Тақырып 16.
Ш. Мұртаза. «Бесеудің хаты» драмасы
|
|
|
|
|
Тақырып 17.
Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы
|
|
|
|
V Бөлім. Кеңістік пен уақыт
|
*
|
*
|
*
|
|
Тақырып 18.
Оралхан Бөкей шығармалары
|
|
|
|
|
Тақырып 19.
О.Бөкей. «Атау кере» повесі
|
|
|
|
|
Тақырып 20.
О.Бөкей. «Атау кере» повесі
|
|
|
|
|
Тақырып 21.
Мұқағали Мақатаев поэзиясы
|
|
|
|
|
Тақырып 22.
Дулат Исабеков «Ескерткіш» әңгімесі
|
|
|
|
|
Тақырып 23.
Ж.Әбдірашев. «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі
|
|
|
|
VI Бөлім. Зобалаң заман шындығы
|
*
|
*
|
*
|
|
Тақырып 24.
Б.Мұқай.«Өмірзая» романы
|
|
|
|
|
Тақырып 25.
Б.Мұқай.«Өмірзая» романы
|
|
|
|
|
Тақырып 26.
Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі
|
|
|
|
VII Бөлім. Ғасырлық туынды
|
*
|
*
|
*
|
|
Тақырып 27.
М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-том
|
|
|
|
|
Тақырып 28.
М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-том
|
|
|
|
|
Тақырып 29.
М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы 2-том
|
|
|
|
|
Тақырып 30.
М. Әуезов. «Абай жолы» роман-эпопеясы 2-том
|
|
|
|
VIII Бөлім. Табиғат және адам
|
*
|
*
|
*
|
|
Тақырып 31.
Қадыр Мырзалиев – ақын, халық жазушысы
|
|
|
|
|
Тақырып 32.
Қ.Мырзалиев. «Қызыл кітап» поэмасы
|
|
|
|
|
Тақырып 33.
С.Балғабаев шығармалары
|
|
|
|
|
Тақырып 34.
С.Балғабаев. «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
|
|
|
|
|
Тақырып 35
Асқар Алтай «Кентавр» әңгімесі
|
|
|
|
|
Тақырып 36
Қазіргі қазақ ақындары. Ерлан Жүніс поэзиясы
|
|
|
|
|
Пән бойынша барлығы
|
72
|
37
|
23
|
Оқу нәтижелері және бағалау критерийлері
№
|
Бөлім атауы
|
Бөлім мазмұны
|
Оқыту нәтижелері
|
Бағалау критерийі
|
1.
|
«Қалың елім, қазағым»
|
Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ» өлеңі
Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары қарастырылады.
Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
өлеңінде еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығы бейнеленген. Өлеңде заманның кемшілік, қайшылықтары сыналып, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, ұлттық мінез психологиясының көркем жинақталып, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы өрнектелген.
Хакімнің «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі - үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты туған өлең. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңдануы, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазуынан Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні байқалады.
А.Құнанбаевтың он жетінші
қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні.
А.Құнанбаев «Отыз екінші» қарасөзі
отыз бірінші қарасөздің жалғасы іспеттес. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізуі. Сондай-ақ адал еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеру керектігін, ғылыммен ақылды сақтайтын сауат мінез екенін баса көрсетуі. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес екендігін жеткізу, бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен байланыстыра жеткізу.
«Масғұт» поэмасы
Тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні.
|
1) Әдеби шығарманың жанрлық табиғатына талдау жасау, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру.
|
1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын сипаттайды;
2) Әдеби шығармаға жанрлық талдау жасайды;
3) Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын көркем шығармамен байланыстырады;
4) Өлеңінде көтерілген мәселерді анықтайды, тақырыбын мен идеясын саралайды;
5) Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін таниды;
6) Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;
7) Абайдың «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, «Он жетінші қарасөз», «отыз екінші қарасөз», «Масғұт» поэмасын ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырады.
|
2) Әдеби шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау.
|
1) Абай мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі екенін саралайды, әдеби эссе, сыни мақала жазады;
2) Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды, оларға сипаттама беріп,қарасөздерінен өзіндік түйін жасайды;
3) А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасындағы кейіпкерлерге салыстырмалы талдау жасайды, Масғұт бейнесі арқылы дәріптелетін құндылықты анықтап, шығармадан мысал келтіреді;
4) Масғұт образы арқылы дәріптелген құндылықтың қазіргі қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін өмірмен байланыстырып мысал келтіреді;
5) Көңіл күйі сипатталған жолдарды анықтап, талдау жасайды және өзіндік тұжырым жасайды;
|
3) Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтау, көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығын бағалау.
|
1) Шығарманың өлеңдері, қарасөздері, поэмаларының тарихи және көркемдік құндылығын анықтай отырып, өзіндік баға береді;
2) Көркем шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, жаңашылдығына баға беріп, әдеби эссе жазады;
3) Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды;
4) «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абай шығармасында» тақырыбында ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазады.
|
2.
|
Қазақтың Қанышы
|
М. Сәрсекенің өмірі және шығармашылығы. «Қаныш Сәтбаев» роман эссе. «Қаныш Сәтбаев» ғұмырнамасы - бұған дейін кұпияда ұсталып, «ақтандақ» қалпында қалып келген мұрағат құжаттарын, хаттар мен естеліктерді пайдаланып, ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін арқау етіп қиял – қоспасыз өрілген, һәм ғалым өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты ғұмыр жолын саралап та, даралап та ұлықтаған ғұмырнама. Қаныш Сатбаевтың асыл болмысы толық қамтылған. Роман-эссе қазақ және орыс тілдерінде 11 рет басылып, әлемнің 112 еліне тараған.
М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев», І бөлім. «Кенжетай».
Қаныш Сатпаевтың өмірі және шығармашылығына назар аударады. Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау, автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.
М.Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман эссесінің ІІ бөлімі «Үлкен Жезқазған».
Жезқазғанның сол кездегі сырт өмірі, Ұлытауға асығып жеткен жас ғалым Қаныш бейнесі ашылады. Бөлімінің тарихи және көркемдік маңызын анықтайды.
Медеу Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев" роман эссесінің ІІІ бөлімі. «Бәрі де майдан үшін».
Майданға көмек. Жезді марганецін өндіру. Қазақ ССР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті болуы. Ғылым жолында төгілген тер қамтылады.
|
1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіру.
|
1) Басты кейіпкердің ерекшелігін сипаттайтын мінез-құлықты анықтайды;
2) Шығарманың композициялық ерекшелігін ажыратады, ойын сюжет желісін негізге алып дәлелдейді;
3) Қаныш Сәтбаев кездескен тарихи тұлғалар кестесін толтыра алады, аталған кейіпкерлердің Қанышпен байланысын айта алады;
4) Қаныш Сәтбаевтың романда көрінетін қырларын теріп жазып, сипаттай алады;
5) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындайды.
|
2) Шығармадағы образдар жүйесін салыстырып, кейіпкерлер бейнесін анықтау.
Шығарманың композициялық ерекшелігін ажыратып, талдау.
|
1) М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің «Қанат ұшқанда қатаяды» бөліміндегі кейіпкерлерге тән ортақ мінез-құлықтарды анықтайды, көркем шығармадан үзінді келтіре отырып салыстырады;
2) «Қанат ұшқанда қатаяды» бөліміндегі Қаныштың мінез-құлық ерекшелігін анықтайды, көркем шығармадан үзәнді келтіреді, қосымша ақпараттар көздерін пайдалана алады;
3) «Қанат ұшқанда қатаяды» бөліміне композициялық талдау жасайды;
4) Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдайды;
5) Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдайды.
|
3) М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің І бөлім «Кенжетай», ІІ бөлім «Үлкен Жезқазған», ІІІ бөлім «Бәрі де майдан үшін» бөлімінің тарихи және көркемдік маңызын анықтау.
|
1) Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, тарихи маңыздылығын талдайды,
көркемдік ерекшелігін анықтайды;
2) І, ІІ, ІІІ бөлімдерді өз ойымен байланыстырады, өзіндік түйін түйеді;
3) Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды;
4) Ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазады.
|
3.
|
Парасат пайымы
|
А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі.
Әңгіме өрісі кең, кей тұста этнографиялық, кей тұста тарихи мағлұматтарға жүгінсе, кей тұста атбегілік әуселесі әулиелікке ұласқан қазақтың дегдарлығын паш етеді. Ел мен жердің географиялық жағдайына да оқырманын қанықтырады. Әңгімеде жылқышы ата түркпен мен қазақ руларының аталас, дағды қалпын айырып, екі елдің жаугершілік мінезінен сыр шертеді. Құлдық қамыт еркіндікте емес, құлдық-санада деген түйін жасайды. Ноқталы жылқымен бірге жайылған жабайы құланды ерге көндіріп, қолға үйретпек болғанда аузына темір азу салдырмай, екі құлан мұрттай ұшып өледі. Жазушы шебер шендестірген – еркіндік пен құлдық, сұлулық пен жабайылық ұғымдары көркем туындыда салғастырыла көрсетіледі.
Қазақ әдебиеті тариxындағы ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтің "Көшпелі алтын" әңгімесі. Ол оқырмандарын қиялға, арманға жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуде кейіпкерлері Қажытай мен Сәмен арқылы береді. «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі арқылы адам қиялын тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.
Оразақын Асқар өмірі және шығармашылығы. Шетте жүрген қандастарымызды атажұртқа шақыру, «Өзге елде сұлтан болғанша...» деген қағиданы ұстанады. Қазақ елін көркейту, гүлдендіру туралы айтылады.
|
1) Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін, әдеби шығарманың тұжырымдамасын түсіндіру.
|
1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді;
2) Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын анықтайды;
3) А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі, Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме, Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің мазмұнын баяндайды және пішінін анықтайды;
4) Әдеби шығармаға құрлысына талдау жасайды;
5) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды.
|
2) Көркем шығарма үзінділерімен жұмыс: кейіпкерлеріне талдау, саралау жұмыстарын жасау.
|
1) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды;
2) Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады;
3) Көркем шығармадағы образдар жүйесіне қарай талдайды;
4) Шығарма сюжеттері мен кейіпкерлер іс-әрекетін салыстырады, жобалар ұсынады;
5) Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.
|
3)Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын анықтау, бағалау.
|
1) Ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіреді;
2) Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды;
3) Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді;
4) Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
|
4.
|
Тарих тағылымы
|
«Бесеудің хаты» драмасы.
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған - ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастан кешіп отырған трагедиясы туралы хатын жолдады. Бастапқыда бұл хат И.В. Сталинге арналып жазылған. «Бесеудің хаты» деген атпен тарихта қалған бұл хат республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Шығармада Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің Сталинге хат жазуы, хаттың жолда ұсталуы, Голощекиннің Сталин алдындағы есебі, хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін Крайкомға, бюроға шақыртуы, Бюро шешімімен бесеуінің ату жазасына кесілуі туралы жазылған .
Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы.
Жәркен Бөдешұлының өмірі мен шығармашылығы. «Жалғыз» поэмасы – жалғыздық концепциясының шыңы. Жалпы, адам жанының жалқы, шын мәнінде әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады.
|
1) Әдеби шығарманың тұжырымдамасымен жұмыс жүргізу, көркем шығармадағы образ жүйесіне талдау жасау, шығарма үзінділерін саралау, тұжырымдау.
|
1)Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді;
2) Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын ажыртады;
3) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралайды;
4) Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы, Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасының мазмұнымен құрылысымен танысады;
5) Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.
|
2) Көркем шығармадағы автор бейнесіне талдау жасау, көркем шығарманың тілдік ерекшелігі бойынша шығармашылық жұмыс орындау.
|
1) Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды;
2) Автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды
3) Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдайды;
4) Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады;
5) Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасының жанрлық ерекшеліктерімен жұмыстар жүргізеді.
|
3) Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтау, заманауилығы мен жаңашылдығын әдеби сын жаза отырып бағалау.
|
1) Көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді;
2) Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
3) Ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазады, бағалайды.
|
5.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |