Технологиялық құбыр өткізгіштерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Монтаждалған құбыр өткізгіштерді сынауға және



бет6/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#133014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

8-тарау. Монтаждалған құбыр өткізгіштерді сынауға және

қабылдауға қойылатын талаптар

1-параграф. Жалпы талаптар
399. Құбырөткізгіштер, реттеу және дәнекерлеу жұмыстарынан, термиялық өңдеуден (керек жағдайда), қиратпайтын әдіспен пісіру қосындыларының сапасын бақылаған, сонымен қатар барлық тіректер мен ілмектерді қондырылған және беріктелген және орындалған жұмыстың сапасын растайтын құжаттарды рәсімдеген соң, көзбен шолу тексеруге, беріктікке және тығыздыққа, ал керек қысымның түсуін анықтайтын герметикалыққа қосымша сынаудан өтеді.

400. Сынаудың түрі (төзімділік пен тығыздыққа, герметикалыққа қосымша сынау), сынаудың тәсілі (гидравликалық, пневматикалық) және сынау қысымының көлемі жобада әр құбыр өткізгіш үшін көрсетілген.

401. Құбыр өткізгішті көзбен шолып тексерген кезде: қондырылған құбыр өткізгіштердің жоба құжатына сәйкестігі; бекіту құрылғыларының дұрыс орнатылғаны, оларды жабу және ашу жеңілдігі; барлық жобалық бекітпелерді орнату және барлық уақытша бекітпелерді шешу; барлық дәнекерлеу жұмыстарының аяқталуы, оның ішінде ауалықтар мен сорғытқыш кесіндері; термиялық өңдеу (керек жағдайда) жұмыстарының аяқталуы тексеріледі.

402. Барлық құбыр желісі толығымен сынаудан өтеді. Құбыр желілерінің бөлек бөлігіне сынау жүргізіледі.

403. Құбырөткізгіштерді төзімділікке және тығыздыққа сынау кезінде, сыналатын құбыр өткізгіштер (бөлігі) аппараттардан және басқа құбыр өткізгіштерден бітеуішпен ажыратылады. Бекіту арматураларын сыналатын құбыр өткізгіштерден тек негізді жағдайда өшіруге болады.

404. Сынау кезінде, құбыр өткізгіштерге орнатылған барлық бекіту арматуралары толық ашылуы тиіс, тығыздамалар-тығыздалған; реттелетін клапандар мен өлшеу құрылғыларының орнында монтаждық катушкалар орнатылады, барлық штуцерлер, кесінділер, бабинкалар бекітіледі.

405. Сынау кезінде, бекітпелер орнату орындары сақтандыру белгілерімен белгіленеді және оның қасында адамдар болмайды.

406. Сынау кезінде, қысым тексеруден өткен екі манометрмен бақыланады және пломбаланады. Манометрлер 1,5 төмен класты, корпус диаметрі кемінде 160 мм және номиналды қысым шкаласы 4/3 өлшемді. Бір манометр бекіту бұрандасынан кейін пресс агрегатының алдында, екіншісі-пресс агрегат бөлектелінген құбырөткізгіш нүктесінде орнатылады.

407. Сынауды жылу немесе коррозияға қарсы оқшауланған тігісі жоқ құбырдан немесе алдын ала жасалынған және сыналынған блоктан (қолданылатын құбырға қарамастан) монтаждық пісіру тоғыспалары және ернемекті қосындылары қарауға мүмкіндік болғанда жүргізіледі.

408. 10 МПа(100 кгс/см2) дейінгі шекті қысымды құбыр өткізгіштер төзімділікке және тығыздыққа сынау гидравликалық немесе пневматикалық болады.

Гидравликалық сынауды пневматикалық сынауға ауыстыру төменгі жағдайларда мүмкін:

1) егер құрылыс құрылымы немесе тіреуі құбыр өткізгіштерді сумен толтыруға есептелінбеген болса;

2) ауа температурасы 0оС төмен және құбыр өткізгіштер бөлігінің қату қаупі болса;

3) егер сұйықтықты (суды) басқа бір себеппен қолдануға мүмкіндік жоқ болса.

409. 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары шекті қысымға есептелінген құбыр өткізгіштер төзімділікке және тығыздыққа сынауды гидравликалық әдіспен жүргізіледі. Техникалық жағдайда 50 МПа (500 кгс/см2) дейінгі шекті қысымды құбыр өткізгіштер үшін гидравликалық сынауды акустикалық эмиссия (ауаның тек қалыпты температурасында) әдісімен осы сынауды бақылау шартымен пневматикалық әдіске ауыстыруға болады.

Сынаудың бұл түріне сынақ АЭ дабыл соғылғанда, құбыр өткізгіштің қирауына мүмкіндік тудырмайтын шаралар қарастырылған нұсқаулық өңделеді.

410. Аппараттар және орама құбыр өткізгіштерді бірлесіп сынауда қысым көлемін құбыр өткізгішті төзімділікке және беріктікке (жақын арадағы сөндіруші ысырмаға дейін) сынағанда, аппараттарды сынайтын қысым көлемін алады.

411. Сақтандыру клапанның (20 м дейін) қысқа апарушы құбыр өткізгіштер, сонымен қатар ауамен байланысты аппараттар мен жүйелердің шырақтары (факелге жүргізілетін газ желісінен басқа), егер жобада нұсқау жоқ болса, сынаудан өтпесе де болады.

412. Құбыр өткізгішті герметикалыққа қосымша сынау пневматикалық әдіспен жүргізіледі.

413. Сынауды жүргізудің тәртібі мен әдістемесі жоба және өндірістік қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен анықталады.

414. Құбыр өткізгіштерді төзімділікке және беріктікке сынауды, сынау әдісіне қарамастан, бір уақытта жүргізуге болады.

415. Сынаудың қанағаттанарлықсыз нәтижесінде айқындалған ақаулар жойылады және сынау қайтадан жүргізіледі.

Құбыр өткізгіш қысым астында тұрған кезде, пісіру тігісін шырпыштауға және ақауларды жоюға тыйым салынады.

416. Құбыр өткізгішті сынаудан өткізу туралы тиісті акт жасалады.



2-параграф. Төзімділікке және беріктікке гидравликалық сынау
417. Құбыр өткізгішті гидравликалық сынау жылы мерзімде, ауаның қалыпты температурасында өткізіледі. Гидравликалық сынауға 5оС төмен емес және 40о С жоғары емес температуралы су немесе арнайы қоспалар (жоғары қысымды құбыр желілері үшін) қолданылады.

Егер гидравликалық сынау ауа температурасы 0оС төмен температурада жүргізілсе, судың қатып қалмауы үшін шаралар қолдану және құбыр өткізгіштерді сенімді босату қамтамасыз етіледі.

Құбыр өткізгіш гидравликалық сынаудан өткеннен кейін су толық шығатындай үрленеді.

418. Беріктікке сыналатын (гидравликалық немесе пневматикалық әдіспен) қысым мөлшері жобамен қарастырылады:


, және 0,2 МПа (2 кгс/см2), кем болмайды.

Мұнда Р-құбыр өткізгіштердің қысым есебі, МПа;



-20оС құбыр өткізгіштер материалдарының рұқсат қысымы;

-ең жоғары, қалыпты есеп температурасындағы құбыр өткізгіш материалдары үшін рұқсат қысым.

Барлық жағдайларда сыналатын қысымның мөлшері құбыр өткізгіш қабырғасындағы эквиваленттік қысымы сынау температурасында материалдың ағушылық шегінің 90 % аспайтындай болады.

Ваккумдық құбыр өткізгіштер мен улы және жарылыс өртқауіпті орталарға арналған артық қысымсыз құбырөткізгіштер үшін беріктікке сыналатын қысым мөлшері 0,2 МП тең болып қабылданады.

419. Арматураны дайындаудан кейін немесе жөндеуден соң, сыналатын қысыммен гидравликалық сынаудан өткізеді.

420. Құбыр өткізгішті сумен толтыру алдында, толығымен ауадан тазартылады. Сыналатын құбыр өткізгіштердегі қысымды біртіндеп көтеру керек. Қысымды көтеру жылдамдығы техникалық құжатта көрсетіледі.

421. Сынау жүргізген кезде құбыр өткізгіштерді соғуға болмайды.

422. Сыналатын құбыр өткізгішті, құбыр өткізгіштегі қысым сыналатын қысымнан аспайтындай шартпен, сораппен немесе су құбырынан сумен толтыруға болады.

423. Cынау кезінде керекті қысым, сыналатын құбыр өткізгішке екі бекіту вентилі арқылы жалғанған, гидравликалық қысыммен немесе сораппен жасалынады.

Сыналатын қысымға жеткен кезде құбырөткізгіштер қысыммен немесе сораптан ажыратылады.

Сыналатын қысымды құбырөткізгіште 10 минут ұстайды (тығыздыққа сынау), кейін қысымды жұмыс қысымына дейін төмендетеді, мұнда пісіру қосындыларын мұқият тексереді (тығыздыққа сынау).

Тексеру аяқталған соң, қысымды қайтадан сынау қысымына көтереді де тағы 5 минут ұстайды, сосын қайтадан жұмысшы қысымына төмендетеді де, құбыр өткізгішті екінші рет мұқият қараудан өткізеді.

Тығыздыққа сынаудың ұзақтығы құбыр өткізгіштерді қарау уақытымен және алмалы-салмалы қосындыларының герметикалыққа тексеру уақытымен анықталады.

Гидравликалық сынау аяқталған соң, құбыр өткізгіштің барлық ауашықтары ашық болуы тиіс және құбыр желісі толығымен тиісті сорғытқылар арқылы судан босатылады.

424. Егер сынау кезінде жарылулар, көрінетін деформациялар, манометр бойынша қысымның түсуі, ал негізгі металда, пісіру тігістерінде, арматура корпустарында, алмалы-салмалы қосындыларда және барлық бұрандаларда ағулар мен бусанулар байқалмаса, тығыздық пен беріктікке гидравликалық сынаудың қорытындылары қанағаттанарлық болып саналады.

425. Жалпы құрылыс құрылымдарында немесе эстакадаларда орнатылған бірнеше құбырөткізгішті жобамен қарастырған болса, бір мезгілде гидравликалық сынау өткізуге болады.

3-параграф. Тығыздық пен беріктікке пневматикалық сынау
426. Қысымы Ру 10 МПа және одан төмен құбыр өткізгіштер үшін беріктікке пневматикалық сынау 408-тармақ талабы есебімен, ал егер құбыр өткізгіштегі қысым жоғары болса 409-тармақтың талабы есебімен жүргізіледі.

427. Сынау қысымының көлемі 418-тармақтың көрсеткішіне сәйкес алынады.

428. Пневматикалық сынау ауамен немесе инертті газбен және тек тәуліктің жарық кезеңінде жүргізіледі.

429. Егер құбырөткізгішке арматураны сұр шойыннан қондырса, беріктікке сынау қысымының көлемі 0,4 МПа (4 кгс/см2) құрайды.

430. Құбыр өткізгіштер пайдаланатын цехтарда, сонымен қатар эстакадалар мен каналдарда құбыр өткізгіштерді беріктікке пневматикалық сынау негізделген оқиғада қауіпсіз әдіспен жүргізіледі.

431. Пневматикалық сынауды белгіленген және бекітілген тәртіппен құжат бойынша жүргізеді.

432. Құбыр өткізгіштер беріктікке пневматикалық сынау кезінде қысымның баяу көтерілуін минутына Р у ден 5 % тең жылдамдықпен, бірақ минутына 0,2 МПа (2 кгс/см2) көп емес оқтын-оқтын құбырөткізгіштерді төменгі сатылар бойынша тексеріп жүргізеді:

1) 0,2 МПа (2 кгс/см2) дейінгі жұмыс қысымында-тексеру қысымынан және жұмыс қысымынан 0,6 тең қысымда тексеру жүргізіледі;

2) 0,2 МПа (2 кгс/см2) жоғары жұмыс қысымында-тексеру қысымынан және жұмыс қысымынан 0,3 және 0,6 тең қысымда тексеру жүргізіледі.

Тексеру кезінде қысымды көтеруге болмайды. Тексеру кезінде қысым астында тұрған құбыр өткізгіштерді ұруға болмайды.

Ағу орындарын ауаға шыққын дыбыс арқылы, сонымен қатар пісіру тігістерін және ернемекті қосындыларды сабынды эмульсиямен және басқа әдістермен жапқанда пайда болған көпіршіктер арқылы анықтайды.

Ақаулар артық қысым нөлге дейін төмендетілгенде және компрессор сөндірілгенде жойылады.

433. Беріктікке пневматикалық сынау кезінде ғимараттың ішіне де, сыртына да күзетілетін (қауіпсіз) аймақ орнатылады. Аймақтың ең аз ара қашықтығы құбыр өткізгіштер жердің үстінде жүргізілгенде кемінде 25 м, ал жер астында-кемінде 10 м құралады. Аймақ шекаралары шарбақталады және байқау құжаттарына сәйкес белгіленеді.

434. Құбыр өткізгіштерде қысым көтерілгенде және беріктікке сынау қысымына жеткенде, қауіпсіз аймақта адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

Құбыр өткізгіштерді соңғы тексеру сынау қысымының есептікке төмендетілгенінен кейін рұқсат етіледі және белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

435. Құбыр өткізгіштерге пневматикалық сынау жүргізгенде қолданылатын компрессор мен манометрлерді қауіпсіз аймаққа орналастырады.

436. Қауіпсіз аймақты бақылау үшін арнайы бекеттер орналастырылады. Бекеттер саны күзет және қауіпсіз аймақ сенімді қорғалғаны шартымен анықталады.

4-параграф. Құбыр өткізгіштерді үрлеу және тазарту
437. Құбыр өткізгіштер жоба нұсқауына сәйкес тазартылады немесе үрленеді.

Құбыр өткізгіштерді сумен, маймен, химиялық реагенттермен және басқа мүмкін заттармен тазартуға болады.

Құбыр өткізгіштерді сығылған ауамен, бумен немесе инерттік газбен үрлеуге болады.

438. Сумен тазарту 1-1,5 м/с жылдамдықпен жүргізіледі.

Тазартылған соң құбыр өткізгіш толығымен босатылып ауамен немесе инертті газбен үрленеді.

439. Құбыр өткізгішті жұмыс қысымына тең қысыммен үрлейді, бірақ 4 МПа (40 кгс/см2) көп болмайды. 0,1 МПа (1 кгс/см2) дейін артық қысыммен немесе вакууммен жұмыс істейтін құбыр өткізгіштер 0,1 МПа (1 кгс/см2) кем емес қысыммен үрленеді.

440. Үрлеу уақыты, егер жобада арнайы нұсқау болмаса, 10 минуттен кем болмайды.

441. Тазарту (үрлеу) кезінде диафрагмалар, аспаптар, реттеушілер, корғаныс арматуралар шешіледі де катушкалар және бұқтырмалар орнатылады.

442. Құбыр өткізгіштерді тазарту немесе үрлеу кезінде, төмен түсіру желілерінде және тұйық телімдерінде орнатылған арматура толығымен ашылады, ал тазарту немесе үрлеу аяқталған соң мұқият тексеріледі және тазартылады.

443. Өлшеу диафрагмаларының орнына орнатылған монтаждық шайбалар, тек құбыр өткізгіштерді тазартудан немесе үрлеуден соң жұмыс диафрагмаларымен ауыстырылады.



5-параграф. Герметикалыққа арнайы сынау
444. Барлық құбыр өткізгіштердің А, Б(а), Б(б) топтары, сонымен қатар вакуумдық құбыр өткізгіштер тығыздық пен беріктікке сынаудан басқа, қосымша сынау кезінде қысымның түсуін анықтайтын герметикалыққа пневматикалық сынаудан өтеді.

Қалған құбыр өткізгішке қосымша герметикалыққа сынау қажеттілігі жобамен белгіленеді.

Технологиялық жабдықтың орамында тұрған құбыр өткізгішті, сол жабдықпен бірге сынаудан өткізіледі.

445. Ауамен немесе инерттік газбен герметикалыққа қосымша сынау беріктік пен тығыздыққа сынаудан, тазалау мен үрлеуден кейін жүргізіледі.

446. Герметикалыққа қосымша сынау жұмыс қысымға тең қысыммен, ал вакуумдық құбыр өткізгіштер үшін 0,1 МПа (1 кгс/см2) қысыммен жүргізіледі.

447. Қосымша сынаудың ұзақтығы құрылып жатқан цех аралық, цехтың ішіндегі, зауыт аралық құбыр өткізгіштер үшін кемінде 24 сағат болады және сыналатын әр құбыр өткізгіштің жобалық құжатында белгіленеді.

Оқтын-оқтын сынаулардан кейін, сонымен қатар құбыр өткізгіштерді дәнекерлеу мен сұрыптауға қатысты жөндеуден кейін сынау ұзақтығы кемінде 4 сағат орнатылады.

448. Егер А топты және вакуумды құбыр өткізгіштердің бір сағатта қысымының түсу жылдамдығы 0,1 % көп болмаса және Б(а), Б(б) құбыр өткізгіштер үшін бір сағатта 0,2 % болса, дәнекерлеу мен сұрыптауға қатысты жөндеуден өткен технологиялық құбыр өткізгіштерді қосымша герметикалыққа пневматикалық сынаудың қорытындысы қанағаттанарлық болып есептеледі.

Басқа топ заттарын тасымалдайтын құбыр өткізгіштер үшін қысымның түсу жылдамдығы жобамен белгіленеді.

Белгіленген нормалар ішкі диаметрі 250 мм дейінгі құбыр өткізгіштерге қатысты.

Үлкен диаметрлі құбыр өткізгіштерді сынау кезінде қысымның түсу нормаларын оларға келтірілген көлемді төмендегі формуламен есептейді:

мұнда, Dіш-сыналатын құбыр желісінің ішкі диаметрі, мм

формуласымен есептелетін, түзету коэффициентіне көбейтумен анықтайды.

Егер сыналатын құбыр өткізгіштер әртүрлі диаметр бөлшектерінен болса, ортақ ішкі диаметр төменгі формула бойынша анықталады:
D =
мұнда, D1 D2 Dn-бөлшектердің ішкі диаметрі, м;

L1 L2 Ln-белгіленген диаметрлерге сәйкес құбыр өткізгіштер бөлшектерінің ұзындығы, м.

Құбыр өткізгіштерді герметикалыққа сынау кезінде қысымның түсуі төменгі формула бойынша анықталады:

мұнда ∆Р-қысымның түсуі, сынау қысымынан %;

Раяқ, Рбас-сынаудың басы мен аяғындағы манометрлік және барометрлік қысымның сомасы, МПа;

Тбас, Таяқ-сынаудың басы мен аяғындағы құбыр өткізгіштегі температура, К.

Құбыр өткізгіштегі температура мен қысымды сынау кезінде оған қондырылған манометрлер және термометрлердің ортақ арифметикалық көрсеткіштерімен анықтайды.

449. Қысымның түсуін анықтаумен герметикалыққа сынауды тек құбыр өткізгіштердегі температураны теңестірген соң жүргізуге рұқсат етіледі. Құбыр өткізгіштегі температураны бақылау үшін, сыналатын телімнің басына және аяғына термометрлер қондырылады.

450. Герметикалыққа қосымша сынау аяқталған соң, әр құбыр өткізгіш бойынша бекітілген нұсқа бойынша акт жасалады.

6-параграф. Монтаждалған құбыр өткізгіштерді

тапсырып-қабылдау
451. Монтаждан кейін құбыр өткізгіштерді тапсырып-қабылдау осы Талаптың және жобаның талаптарына сәйкес жүргізіледі.

452. Куәлікке қосып берілетін телімінің атқару сызбасы, масштабсыз қондырғы немесе бекітпе арматурасына жалғанған шекараларының аксионометриялық бейнелеуінде орындалады. Ол құбыр өткізгіштер элементтерінің нөмерленуі мен монтаждық тігістердің ерекшелеуімен пісіру қосындыларының нөмірленуі болады. Оқшалауға жататын немесе өтпейтін каналдарға салынатын құбыр өткізгіштер үшін пісіру қосындыларының арақашықтығы белгіленеді. Пісіру қосындыларының атқару сызбасы мен монтаждау туралы куәлігінің нөмірленуі бірдей болады. 10 МПа (100 кгс/см2) және одан көп шартты қысымды құбыр өткізгіштер үшін де алмалы-салмалы қосындылар нөмірленеді.

Атқару сызбасына:

құбыр өткізгіштерді монтаждауда және дайындауда қолданатын бөлшектер мен бұйымдардың спецификациясы;

жұмысты жүргізу актісі;

сынау хаттамалары;

желілерді, материалдарды дайындаушылардың нормативтік құжаттары қоса беріледі.

9-тарау. Құбыр өткізгіштерді пайдалану талаптары

1-параграф. Қызмет көрсету
453. Құбыр өткізгіштерге қызмет көрсету жобаға, өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға және пайдалану құжаттарына сәйкес жүргізіледі.

454. Әрбір орнату бойынша (цехтағы, өндірістегі) құбыр өткізгіштер тізімі жасалады және технологиялық регламент өңделеді.

Технологиялық регламент-кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерін, техникалық құралдарын, технологиялық үдерісті жүргізу тәртібі мен шартын анықтайтын, дайын өнімді сапа көрсеткішімен алуды қамтамасыз ететін, стандарт талаптарына жауап беретін, сонымен қатар жұмысты қауіпсіз жүргізуді және өндірістің оңтайлы технико-экономикалық көрсеткішіне қол жеткізуін анықтайтын ішкі нормативтік құжат.

455. 10 МПа (100 кгс/см2 ) жоғары қысымды құбыр өткізгіштердің барлық түрлеріне және 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі төмен қысымды I, II, III дәрежелі құбыр өткізгіштерге, сонымен қатар құбыр өткізгіштердің металл тотығының жылдамдығы 0,5 мм/ жылына заттар тасымалдайтын құбыр өткізгіштердің барлық түрлеріне бекітілген үлгімен төлқұжат жасалынады.

456. Құбыр өткізгіштің төлқұжаты бекітілген тәртіппен толтырылады және сақталады.

457. Блок жолының әр қондырғысында құбыр өткізгіштер үшін пайдалану журналы арналады.

458. Оттегі құрамды орталарда жұмыс істейтін технологиялық құбыр өткізгіштер технологиялық ахуалын бақылау үшін жүйелі тексеріледі және бақыланады.

459. Жоғары қысымды құбыр өткізгіштерге сынаулар және куәліктендіру есебін жүргізу журналы арналады.

460. Жұмыс температурасы 400оС және жоғары көміртегілі және кремний марганецті болаттан жасалынған құбыр өткізгіштерге, сонымен қатар (жұмыс температурасы 500оС және жоғары) хромды молибденнен және жоғары қоспалы аустениттік болаттан (жұмыс температурасы 550оС) жасалынған құбыр өткізгіштерге бекітілген тәртіппен қалдық деформацияларының өсуіне бақылау жүргізіледі.

2-параграф. Пайдалану
461. Құбыр өткізгіштерді пайдалану кезеңінде құбыр өткізгіштер мен олардың элементтерінің (пісіру тігістерін, ернемекті қосындыларының, арматураларының) ахуалына, тотыққа қарсы қорғанысына және оқшалануына, дренаждық құрылғыларына, компенсаторларына, тіреу құрылымдарына ауысым сайынғы қорытындыларын пайдалану журналына жазылатын тұрақты бақылау жүргізіледі.

462. Құбыр өткізгіштерді қауіпсіз пайдалануды бақылау, бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

463. Жүйелік бақылауда тексеріледі:

1) сыртқы тексерумен және керек болған жағдайда бөлінбейтін бақылаумен жоғары тотықты және эрозиялық тозық, тиелген телімдерін және осыған ұқсас құбыр өткізгіштердің технологиялық ахуалы;

2) алдыңғы ескертулерді жою және құбыр өткізгіштерді қауіпсіз пайдалану туралы шараларды орындау;

3) құбыр өткізгіштерді жөндеу және пайдалану, қызмет көрсету бойынша техникалық құжаттарды жүргізу тәртібі мен толықтығы.

464. Дірілдеуге душар болған құбыр өткізгіштер, сонымен қатар осы құбыр өткізгіштерге арналған тіректер мен эстакадалар астындағы фундаменттер пайдалану кезеңінде амплитуда және дірілдеу жиілігі, аспаптық бақылау қолдану арқылы мұқият тексеріледі. Технологиялық құбыр өткізгіштердің ең көп шекті дірілдеу амплитудасы 40 Гц көп емес дірілдеу жиілігінде 0,2 мм құрайды.

Айқындалған мұндағы ақаулар жойылады.

Негізделген шартқа және құбыр өткізгіштердің ахуалына байланысты тексеру мерзімдері құжаттармен бекітіледі, бірақ 3 айда бір реттен сирек болмайды.

465. Жүйелі тексеру кезінде ашық әдіспен салынған құбыр өткізгіштердің оңашауларын шешпей, сыртқы байқаудан өткізуге рұқсат етіледі. Қажет жағдайларда оңашауларды жарым-жарты немесе толығымен алып тастауға болады.

466. Өтпейтін каналдарға немесе жерлерге салынған құбыр өткізгіштердің бөлек телімдерін кемінде 2 м ұзындықта ашу арқылы сыртқы байқаудан өткізеді. Телімдер саны пайдалану шартына байланысты белгіленеді.

467. Егер сыртқы байқауда алмалы-салмалы қосындылардың тығыздықсыздары байқалса, құбыр өткізгіштердегі қысым ауа қысымына дейін төмендетіледі, ыстық құбыр өткізгіштердің температурасы 60оС дейін төмендетіледі, ал ақаулар керекті қауіпсіз шараларын сақтаумен жойылады.

Өрт жұмыстарына байланысты ақаулар байқалған кезде, құбырөткізгіштер тоқтатылады және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалады.

468. Сыртқы байқау кезінде құбыр өткізгіштердің дірілдеуі және төменгі ахуалдары тексеріледі:

1) оңашаулануы және жабындары;

2) пісіру тігістері;

3) тіректер мен аспаптарды қондыруға арналған құрылғылардың фланцтік және муфталық қосындыларын;

4) тіреулері;

5) компенсациялаушы құрылғылары;

6) дренаждық құрылғылары;

7) арматуралар және оның нығыздаулары;

8) қалдық түр өзгертуге өлшеуіне арналған реперлері;

9) үштік пісіру қосындылары, иілулері мен бұрулары.

3-параграф. Құбыр өткізгіштерді тексеру (куәландыру)
469. Бекітілген тәртіппен жүргізілетін жүйелі тексеру (куәландыру) технологиялық құбыр өткізгіштерді берік және қауіпсіз пайдаланудың негізгі бақылау әдісі болып табылады.

Тексеру қорытындылары құбыр өткізгіштер ахуалын бағалау және оны әрі қарай пайдалану мүмкіндігі үшін негіз болып есептеледі.

470. Құбыр желісі және оның элементтері қызметінің мерзімін созу бекітілген тәртіппен жүргізіледі.

471. 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысымды құбыр өткізгіштерге тексеріс жүргізу мерзімдері құбыр өткізгіштердің тотығу-эрозиялық тозу жылдамдығына, пайдалану шарттарына, алдыңғы тексеру мен тексеріске байланысты бекітіледі. Ревизия мерзімі осы Талаптың 17-қосымшасында көрсетілген мерзімнен сирек болмайды.

472. 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары қысымды құбыр өткізгіштері үшін тексерістің келесі түрлері қарастырылады: таңдаулы және толық. Таңдаулы тексерістің мерзімін пайдалану шартына қарай бекітеді, бірақ 4 жылда бір реттен сирек болмайды.

Құбыр өткізгіштердің бірінші таңдаулы ревизиясын құбыр желісін пайдалануға қосқан соң, 2 жылдан кейін жүргізіледі.

473. Бұдан әрі сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құбыр өткізгіштердің алдыңғы тексерісі және техникалық ахуалы қорытындыларын ескере отырып, құбырөткізгіштер тексерісін жүргізуді кейінге қалдыруға рұқсат етіледі, бірақ бір жылдан асырылмайды және бекітілген тәртіппен келісіледі.

474. Тексеріс жүргізу кезінде, аса қиын жағдайларда жұмыс істейтін, тотығу, эрозия, дірілдеу және басқа да себептердің салдарынан құбыр өткізгіштердің ең көп тозуы ықтимал телімдеріне көңіл бөлінеді. Мұндай телімдерге сел бағыты өзгеретін (тізелер, үштармақтар, бұрандалар, сорғылы құрылғылар, сонымен қатар арматуралар алдындағы және одан кейінгі құбыр өткізгіштердің телімдері) және ылғал, тотығу тудыратын заттар (тұйықтар мен уақытша жұмыс істемейтін телімдер) жиналады.

475. Тексеріске қажетті дайындау жұмыстарын жүргізген соң кіріседі.

476. 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысымды құбыр өткізгіштерге тексеріс жүргізгенде:

1) құбыр өткізгіштерге сыртқы тексеру;

2) құбыр өткізгіштердің қабырғасының жуандығы бұзылмайтын бақылау аспаптарымен өлшенеді, ал қажет болғанда-кейін тесікті пісірумен тесіп өту жүргізіледі.

Әр телімнің өлшеу нүктесінің саны үшін және жуандықты өлшеу үшін телімдердің саны құжаттарға сәйкес және пайдаланудың нақты шарты салдарынан анықталады.

Қабырға жуандығын аса қиын жағдайларда жұмыс істеп жатқан телімдерде (тізелерде, үштармақтарда, бұрандаларда, құбыр өткізгіштердің тарылу орындарын, арматураның алдын және одан кейін, тотығу тудыратын ығал және азық-түліктер жиналу жерін, тоқырау аймақтарын, дренаждарда), сонымен қатар құбырөткізгіштерде түзу учаскелерінде өлшейді.

Мұнда 20 м дейінгі ұзындықты құбыр өткізгіштердің ішіне қондырылатын түзу телімдерін және 100 м дейінгі ұзындықты цехаралық құбыр өткізгіштер қабырғаларының жуандығын кемінде үш жерінен өлшеу жүргізіледі.

Барлық жағдайда қабырғаның әр жерінің жуандығын бақылауды периметрі бойынша 3-4 нүктемен, ал бұруларда-дөңескен және ойысқан бөлімдері бойынша кемінде 4-6 нүктемен жүргізеді.

Бөтен денелердің (қабыршақтардың, кокстің, тотығу және соған ұқсас өнімдердің) оларға ықпалын шығарып, өлшеудің дұрыстығы мен дәлдігін қамтамасыз етеді.

Өлшеу қорытындылары құбыр өткізгіштердің төлқұжатында көрсетіледі.

Байпастары жоқ, шырақты сызықтардың тұрақты жұмыс істейтін телімдердің тексерісін оларды өшірмей, қабырға жуандығын ультрадыбыстық жуандық өлшеуіштермен өлшеу және ернемекті қосындыларды сабындау арқылы жүргізеді.

Құбыр өткізгіштерге тексеріс жүргізген кезде, оңашалауды толық немесе бөлшекті алып тастау, құбыр өткізгіштің әр теліміне нақты анықталады.

Ернемектердің жағаларының тексерісі көзбен шолу бақылауымен (құбыр желісі сұрыптағанда) немесе бақылаудың талқандатпайтын әдіспен ернемек жағасының шеңберімен кемінде үш нүктені өлшеу арқылы жүргізіледі. Ернемек жағасының қабырғасы жуандығын сондай-ақ бақылау бұрғылаулардың көмегімен бақылауға рұқсат етіледі. Кристаллитаралық тотығуды тудыратын орталарда жұмыс істейтін (08×18Н10Т, 12×18Н10Т және соған ұқсас) класты аустениттік болаттан жасалған құбырөткізгіштерге тесіп өту бұрғылаулары рұқсат етілмейді.

Құбыр өткізгіштердің телімдерін ішкі тексеруді шамдардың, аспаптардың, лупалардың, эндоскоптың және басқа құралдардың көмегімен жүргізеді.

Құбыр өткізгіштердің ішкі беті батпақтан және бөлініп шығулардан тазаланады, ал қажет болғанда уланған болады. Мұнда ең нашар жағдайларда (тотығу және эрозия, гидравликалық соққылар, дірілдеу, сел бағытының өзгеруі, тоқырау аймақ мүмкін жерлерде) пайдаланатын телімдер таңдалады. Ақаулы телімнің демонтажын құбыр өткізгіштің алмалы-салмалы қосындылары болған жағдайда, оларды талдау арқылы, ал бүтін пісірілетін құбыр өткізгіштегі мұндай телімді кесіп тастау арқылы жүргізеді.

Тексеру кезінде тотығудың, сызаттардың бары, құбыр өткізгіштердің бөлшектері мен құбыр қабырғаларының жуандығының кемуін тексереді.

Қажет болған жағдайда пісіру тоғыспаларына радиографикалық немесе ультрадыбыстық бақылау және металлографикалық және механикалық сынаулар жүргізіледі.

Жоғары температурада және оттегі құрамды ортада жұмыс істейтін құбырлар металының механикалық қасиетін тексеру жобамен қарастырылған жағдайларда жүргізіледі.

Сонымен қатар егер ортаның тотығу әрекеті металдың механикалық қасиетін өзгертуін тудыратын болса, олар тексеріледі.

Сонымен қатар келесі жұмыстар жүргізіледі:

1) тексеріс жүргізу уақытында құбыр өткізгіштердің телімдеріндегі деформация күйін өлшеу;

2) құбыр өткізгіштегі бұрандалы қосындыларын таңдап талдау, оларды тексеру және ойма калибрларымен бақылау;

3) тіректердің, тіреу бөлшектерінің және таңдаумен салмалардың жұмыс жағдайын және ахуалын тексеру;

4) құбырөткізгіштерді сынау.

477. Тексерістің қанағаттанарлықсыз нәтижесінде құбыр өткізгіштер телімінің (ішкі бетін қарап шығу, жуандығын өлшеу және сол сияқты) ақаулы шекарасын анықтайды және құбыр өткізгіштің қабырға жуандығын жиі өлшеулерін жүргізеді.

478. Жоғары қысымды 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары құбырөткізгіштің таңдаулы ревизиясының көлемі төмендегілерді құрайды:

1) температурасына қарамастан әр агрегат қондырғысына кемінде екі телім;

2) орта температурасына қарамастан әр цехаралық құбыр өткізгішке немесе жалпы цехтық коллекторға кемінде бір телім.

479. Жоғары қысымды құбыр өткізгіштің бақылау теліміне тексеріс жүргізгенде:

1) талаптарға cәйкес сыртқы тексеру;

2) ернемекті және муфталық қосындылары болған жағдайда оларды талдайды, кейін құбыр өткізгішке ішкі тексеру;

3) құбырлар қабырғасының және басқа да бақылау телімінің бөлшектерінің жуандығын өлшеу;

4) тексеру барысында пісіру тігісінде (тігіс аймағында) ақау байқалса немесе олардың сапасына күмән тудырылса, талқандатпайтын (радиографикалық, ультрадыбыстық және тағы басқа) әдістермен бақылау;

5) металл сапасына күмән туса, оның механикалық қасиеті мен химиялық құрамын тексеру;

6) жалғастырғыштардың, ернемектердің, олардың орамды беттері мен бұрандаларының, салуларының, тіректерінің, сонымен қатар фасондық бөлшектері мен арматураларының ахуалын тексеру;

7) егер жобада қарастырылған болса, қалдық деформациялардың бар екендігіне бақылау;

8) 400оС температурада жұмыс істейтін ернемекті қосындылардың тіреу құралдарының беріктігіне бақылау жүргізіледі.

480. Егер айқындалған ақаулар мүмкін шектерде болса, тексеріс қорытындысы қанағаттанарлық болып есептеледі.

Тексерістің қанағаттанарлықсыз қорытындысында қосымша тағы екі ұқсас телім тексеріледі, олардың біреуі тексерілетін телімнің жалғасы, ал екіншісі-тексерілетін теліміне ұқсас болады.

481. Егер жоғары қысымды құбыр өткізгішке тексеріс жүргізу кезінде алғашқы жуандық тотығудың немесе эрозияның әсерінен кішірейсе, пайдалану мүмкіндігін біріктікке есеппен расталады. Қажет болған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздігінің сараптамасы жүргізіледі.

482. Қосымша телімдер тексерісінің қорытындысы қанағаттанарлықсыз болса, осы құбыр өткізгіштің толық тексерісін, сонымен қатар ұқсас жағдайларда жұмыс істейтін құбыр өткізгіштің телімдерін аталған әрбір құбырөткізгіштің 30 % дейін cұрыптаумен жүргізеді.

483. Жоғары қысымды құбыр желісінің таңдаулы тексерісі жобада қарастырылған жүйелі мерзіммен, бірақ төменгі мерзімдерден кем болмай жүргізіледі:

1) аммиак өндірісінде: орта температурасы 200оС дейінгі азотты сутекті және басқа да сутекті құрамдас газ қоспаларын тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер үшін-12 жыл сайын, орта температурасы 200оС жоғары болса- 8 жыл сайын;

2) метанол өндірісінде: орта температурасы 200оС дейінгі құрамында сутегіден басқа көміртегі қышқылы бар сутекті газ қоспаларын тасымалдауға арналған құбыр желілері үшін-12 жыл сайын, орта температурасы 200оС жоғары болса-6 жыл сайын;

3) капролактама өндірісінде: орта температурасы 200оС дейінгі сутекті газ қоспаларын тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер үшін-10 жыл сайын, температурасы 150оС жоғары көміртек тотықтарын тасымалдауға арналған құбырөткізгіштер үшін-8 жыл сайын;

4) синтетикалық майлы спирттер өндірісінде (бұдан әрі-СМС):

орта температурасы 200оС дейінгі сутекті газ қоспаларын тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер үшін-10 жыл сайын, орта температурасы 200оС жоғары болса-8 жыл сайын;

орта температурасы 200оС дейінгі пасталарды (метилді эфирлі катализатор) тасымалдауға арналған құбырөткізгіштер үшін-3 жыл сайын;

5) мочевина өндірісінде:

синтез бағанасынан дросселдейтін бұрандаға дейінгі мочевина балқуын тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер үшін-1 жыл сайын;

орта температурасы 200оС дейінгі жылытқыштан араластырғышқа дейінгі аммиакты тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер үшін-12 жыл сайын;

орта температурасы 200оС дейінгі компрессордан араластырғышқа дейінгі көмір қышқыл газын тасымалдауға арналған құбырөткізгіштер үшін- 6 жыл сайын;

орта температурасы 200оС дейінгі көміртекті аммонийлі тұздарды (карбамат) тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер үшін-4 жыл сайын.

484. Сонымен қатар басқа сұйық және газ тәрізді орталарды және басқа өндірістерді тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштерге таңдаулы ревизия келесі мерзімдерде жүргізіледі:

1) жылына 0,1 мм дейінгі коррозия жылдамдығында және 200оС дейінгі температурада-10 жыл сайын;

2) жылына 0,1 мм дейінгі коррозия жылдамдығында және 200-400оС дейінгі температурада-8 жыл сайын;

3) коррозия жылдамдығы жылына 0,65 мм дейінгі орталар және температурасы 400оС дейінгі орталар үшін-6 жыл сайын.

Таңдаулы ревизияның қанағаттанарлық қорытындысында құбырөткізгіштің толық тексерісі жүргізіледі.

485. Толық тексеріс жүргізген кезде, құбыр толығымен талданады да, құбыр түйіндері мен бөлшектерінің, сонымен қатар құбыр өткізгіштерге қондырылған жағдайы тексеріледі.

486. Егер тексеріс кезінде сұрыптауға, кесуге және дәнекерлеуге ұшыраған барлық құбыр өткізгіштер мен олардың телімдерін құрастырудан кейін, тығыздыққа және беріктікке сынаудан өткізеді.

Негізделген жағдайда Ру≤10 МПа (100 кгс/см2) құбырөткізгіштер үшін, салулар, арматура немесе бөлек элементтердің ауыстырылуына байланысты ернемекті қосындыларды сұрыптаған кезде, сынауды тек тығыздыққа жүргізуге рұқсат етіледі. Мұнда жаңадан қондырылатын арматураны немесе құбыр өткізгіштің элементтерін алдын ала байқау қысыммен беріктікке сыналады.

487. Тексеріс жүргізілген соң, барлық хаттамалар мен жүргізілген тексеру туралы қорытындылар тіркелетін акт жасалынады. Тексеріс қорытындылары құбыр өткізгіштің төлқұжатына енгізіледі. Актілер және басқа да құжаттар төлқұжатқа тіркеледі.

488. Құбыр өткізгіш қызметінің жобалық мерзімі аяқталған соң, техникалық ахуалына қарамастан, әрі қарай пайдалану мүмкіншілігі мен мерзімін бекіту, керекті жөндеу немесе пайдалануды тоқтатуды анықтау үшін, құбырөткізгішті жинақты тексеруден (өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан) өткізеді.

489. Арматураның түзулігіне тұрақты және мұқият бақылауды, сонымен қатар тексерісті, жөндеуді және диагностикалауды дер кезінде жүргізуді ұйымдастырудың қажетті шараларын пайдалану кезеңінде қабылдайды.

490. Тығыздамалы арматураны қолданған кезде нығыздағыш материалдардың ахуалына (сапасына, өлшеміне, тығыздамалы қорапқа дұрыс салынғанына) ерекше көңіл бөлінеді.

491. Майлы құраммен дымқылданған және графиттелінген асбест нығыздағыш жұмысшы температуралары-200оС жоғары болған кезде қолданылады.

492. Егер сақинаны кемінде жуандығы 1 мм құрғақ таза графит қабатымен жапса, 200оС жоғары температуралар үшін және 25 МПа дейінгі қысымдар үшін графиттелінген асбест нығыздағышты қолдануға рұқсат етіледі.

493. Жоғары температуралар үшін арнайы нығыздағыштар, әсіресе ерекше құраммен дымқылданған талқандауға және жоғары температура мен тасымалдайтын ортаның әсерінен ағып кетуге берік асбометалдық нығыздағыштар қолданылады.

494. Қысымы 32 МПа жоғары қысымдар мен температурасы 200оС жоғары температуралар үшін арнайы нығыздағыштар қолданылады.

495. Құбыр өткізгіштер тетіктерінің тығыздамалы нығыздағыштары квадраттық қимасының жағы тығыздамалы камераның енімен бірдей өрілген баумен әзірленеді. Мұндай баудан қоршау соңдарының бұрыштары 45о иілген сақиналардың дайындаулары кесіледі.

496. Кесу сызығын және әр сақинаның нығыздалуын ығыстырып, сақина нығыздауларын тығыздамалы қорапқа салады. Тығыздамалы қораптың ұзындығын грундбукс бастапқы күйінде сальниктік камераға оның биіктігі 1/6-1/7 артық емес, бірақ 5 мм кем емес кіретіндей етіп алынады.

Тығыздаманың грундбукстерін қисайтпай біркелкі тартады.

497. Тығыздамалы нығыздаудың тығыздығын қамтамасыз ету үшін, шпиндель беті мен құбыр тетігінің штогының тазалығы қадағаланады.

498. Арматураның корпусы мен қақпақтың қосындыларын нығыздау үшін төсем материалы оған тасымалдайтын ортаның химиялық әсері есебінен, сонымен қатар қысым мен температураға сәйкес таңдалады.

499. Ысырмалар мен вентильдердегі шпинделдің жүруі жатық, ал арматураны ашатын немесе жабатын бекіту қажалусыз жылжиды.

500. Сақтандыру клапандарына техникалық құжаттар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қызмет көрсетіледі.

501. Арматураны ашқан және жапқан кезде қосымша иінтіректі қолдануға рұқсат етілмейді.

502. Құбырөткізгіш арматурасын, соның ішінде және кері клапандарды, сонымен қатар арматура қозғалтқыш құрылғыларын (электр-, пневмо-, гидрокелтіру, механикалық келтіру) жөндеу және ревизия, талап бойынша құбыр желісінің тексеріс кезеңінде жүргізеді.

503. Арматураны жөндеу және тексеріс арнайы шеберханалар мен жөндеу учаскелерінде жүргізіледі. Негізделген жағдайларда қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, оны сұрыптау және қондырылған орнында (пісірілген арматура, ірі, әрең жететін және тағысын тағы) тікелей тексеру жолымен арматураға ревизия жүргізуге рұқсат етіледі.

504. Арматураға, соның ішінде кері клапандарға ревизия жүргізген кезде келесі жұмыстар жүргізіледі:

1) көзбен шолып тексеру;

2) бөлек бөлшектердің ахуалын тексеру және сұрыптау;

3) ішкі бетті тексеру және қажет болғанда талқандатпайтын әдістермен бақылау;

4) нығыздау беттерін сипап тегістеу (қажет болғанда);

5) құрастыру, байқау және тығыздық пен беріктікке тұщыту.

505. Арматураны жөндеу және тексеру мерзімін жоспарлаған кезде, бірінші кезекте аса қиын жағдайда жұмыс істейтін арматураға жөндеу және тексеріс жүргізіледі. Арматураны сынау және жөндеу қорытындыларына акт рәсімделеді және пайдалану құжаттарына жазылады.

506. Құбырөткізгіштің коррозиялық тозығының жылдамдығы мен түрін тексеріс кезінде қолданылатын, типтік әдіспен бақылауды анықтауға болмайтын жағдайда, қабырға жуандығының ақау өлшеміне жақындағандығын бақылау үшін бақылау бұрғылауды жүргізуге рұқсат етіледі.

507. А (а), А (б) топты заттарды, барлық топты газдарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштер, (10 МПа (100 кгс/см2) жоғары) жоғары қысымда және вакуум астында жұмыс істейтін құбыр өткізгіштер, жарылыс қауіптілігі I дәрежелі блоктағы құбыр өткізгіштер, сонымен қатар аустениттік болаттан жасалған және кристаллит аралық коррозия тудыратын ортада жұмыс істейтін құбыр өткізгіштер бақылау бұрғылауға ұшырамайды. Бұл жағдайда құбыр өткізгіштің қабырға жуандығының ахуалын ультра дыбыстық жуандықты өлшеуішпен өлшеу жолымен немесе басқа мүмкін әдістермен бақылау орнатады.

508. Бақылау тесіктерін бұрғылаған кезде, өнімнің мүмкін көп ағып кетуін болдырмау үшін, өткір бұрышты диаметрі 2,5-5 мм бұрғы қолданылады.

509. Бақылау бұрғылау кезінде тесіктерді бұрылу, тарылу, бұрандау, тоқырау аймақтар орындарында, сонымен қатар үштармақтарда, дренажды бұруларда, бекіту арматурасының алдына, одан кейін және осыған ұқсас орындарда орнатылады.

510. Бұруларда және жартылай бұруларда бақылау бұрғалау тесіктерін иілістің сыртқы радиусымен бір тесікке ұзындығы 0,2 м есебімен, бірақ бір бұруға немесе пісіру бұру секциясына кемінде бір тесік орнатылады.

511. Бақылау бұрғылаудың тереңдігі құбыр өткізгіш есеп жуандығына және қосу П×С тең орнатылады (мұнда, П-кезекті тексеріс арасындағы жарты кезең, жыл, С-құбыр өткізгіштер коррозиясының нақты жылдамдығы, мм/жылына).

512. Құбыр өткізгіштегі бақылау бұрғылау орындарында айқын белгіленеді және құжаттамаға жазылады.

513. Құбыр өткізгішке бақылау тесігін орнатуға жіберу, қабырға жуандығының ақау көлеміне жақындығын куәландырады, сондықтан мұндай құбыр өткізгішті кезектен тыс тексерістен өткізеді.

514. Құбырөткізгішті беріктік пен тығыздыққа сынауды, талап бойынша құбырөткізгішті ревизиялау кезінде жүргізеді.

10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысымды құбыр өткізгіштер үшін сынау жүргізудің мерзімі, осы құбыр өткізгіш үшін қабылданған 471-тармақтың талаптарына сәйкес, тексеріс жүргізудің екі еселенген жиілігіне тең, бірақ 8 жылда бір реттен сирек емес орнатылады.

10 МПа (100 кгс/см2) жоғары қысымды құбыр өткізгіштер үшін сынау жүргізудің мерзімдері, келесі мерзімдерден сирек болмайды:

1) 200оС дейінгі температуралы құбыр өткізгіштер үшін-8 жылда бір рет;

2) 200оС жоғары температуралы құбырөткізгіштер үшін-4 жылда бір рет.

515. Сынау қысымы және сынауды жүргізудің реті осы Талаптың 8-тарауының талаптарына сәйкес болады.

Беріктік пен тығыздыққа сынау жүргізген кезде акустикоэмиссиялық бақылауды қолдануға рұқсат етіледі.

516. Құбыр өткізгіштердің сынау жиілігінің қорытындылары бекітілген тәртіппен рәсімделеді.

517. Құбырлар, құбыр өткізгіштер және арматура элементтері, соның ішінде құйылған (ысырмалардың корпусы, вентилдер, клапандар және осыған ұқсас) ақаулыққа шығарылуға жатады, егер:

1) тексеріс кезінде бетінде сызаттар, қыртысулар, түр өзгертулер (гофрлар, майысулар, қабарулар және осыған ұқсас) байқалған болса;

2) қабырға жуандығы орта әсері нәтижесінен жобадағыдан төмен және беріктікке коррозияға қосу есебінсіз есеппен анықталатын (ақаулыққа шығарылатын көлем) көлемге жетсе;

3) металдың механикалық қасиеті өзгерсе;

4) пісіру тігістерін бақылаған кезде, түзетуге келмейтін ақаулар байқалса;

5) бұрандалы қосындылардың көлемі рұқсат етілген өлшемнен шықса және бұрандада орамдардың олқылықтары, сызаттары, коррозиялық тозығы байқалса;

6) құбырөткізгіш гидравликалық немесе пневматикалық сынауға шыдамаса;

7) тығыздау элементтері тозса және технологиялық үдерісті қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етпесе.

Ақаулыққа шығарылатын құбыр өткізгіштер мен арматуралар элементтері қабырғаларының жуандығын нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарын ескере отырып, жоба құжаттамасында көрсетеді.

518. Ернемектер ақаулыққа шығарылады, егер:

1) дәніктіру беттері қанағаттанарлықсыз ахуалда болса;

2) сызаттар, қабыршақтар және басқа ақаулар бар болса;

3) түр өзгертулер болса;

4) ернемек жағасы қабырғасының жуандығы құбырдың ақаулыққа шығарылатын өлшеміне дейін кішірейсе;

5) жоғары қысымды бұрандалы ернемектердегі бұранданың жұлынуында, умаждалуында және тозғанында, сонымен қатар бұрандада мүмкін шектен асатын люфта бар болса. Сопақ қималы линзалар мен салуларда сызаттар, ұрылулар, тығыздау беттерінің умаждалуы, түр өзгертулер байқалса, ақаулыққа шығарылады.

519. Тіреу бөлшектері ақаулыққа келесі жағдайларда шығарылады:

1) сызаттар, жұлынулар пайда болса немесе резьбаның коррозиялық тозуында;

2) болттар мен шпилькалар бүгілген жағдайда;

3) резьба профилінің өзгертуін тудыратын, қалдық түр өзгертулерінде;

4) болттар мен гайкалардың бастарының жақ шекаралары тозғанда;

5) металдың механикалық қасиетінің төмендеуі шекті деңгейден төмендегенде.

520. Сильфондық және линзалық компенсаторлар, келесі жағдайларда ақаулыққа шығарылады:

1) сильфонның немесе линзаның қабырға жуандығы компенсатор төлқұжатында көрсетілген есеп көлеміне жеткенде;

2) сильфон қабырғасының жуандығы 0,5 мм жетсе, ал сильфон қабырғасының есеп жуандығы одан төмен көрсеткішке тең болса;

3) компенсаторлардың өрт қауіпті және улы орталарда пайдалану талаптарын есепке алып, мүмкін сан айналымында жұмыс атқарылғанда.

521. Ақаулыққа шығару нормасы нақты объект шарттарын және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын есепке алып, технологиялық регламентте көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет