Технологиялық құбыр өткізгіштерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет7/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#133014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4-параграф. Техникалық құжаттама
522. Технологиялық құбыр өткізгіштер техникалық құжаттамамен жинақталады. Технологиялық құжаттама өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі. Техникалық құжаттама құрамына:

жобалық құжаттама;

құбырөткізгіш төлқұжаты және пайдалану құжаттары;

шартты өту жолдары, құбыр желілері элементтерінің негізгі және ақаулыққа шығару жуандығы, арматураның, ернемектердің, бұқтырмалардың және тағы басқа бөлшектердің қондырған орны, түсіру орны, үрлеу және дренажды құрылғылар, пісіру тоғыспалар, бақылау бұрғылау (олар бар болса) және олардың нөмірленуі көрсетілген құбыр өткізгіштер сұлбалары;

құбыр өткізгіштер элементтерінің тексерісі және ақаулыққа шығару актілері;

құбыр өткізгіштер жөндеулерінің сапасы туралы куәлік, соның ішінде жөндеуде қолданылған материалдардың сапасын және пісіру тоғыспаларының сапасын растайтын, құбырөткізгішті жөндеуде қолданылатын дәнекерлеу жұмыстарының журналы;

сутегі құрамдас ортада жұмыс істейтін құбырөткізгіштің металын бақылау бойынша құжаттама;

құбыр өткізгішті жүйелі көзбен шолып тексеру актісі;

құбыр өткізгішті беріктік пен тығыздыққа сынау актісі;

арматураны тексеру, жөндеу және сынау актісі;

құбыр өткізгішті пайдалану журналы;

ақаулыққа шығару актісі;

бұқтырмаларды қондыру-алу журналы.

10-тарау. Жер асты құбыр өткізгіштері
523. Жер асты құбыр өткізгіштері үшін осы Талапты ескере отырып, техникалық ахуалына жүйелі бақылау орнатылады.

524. Жер асты құбыр өткізгіштерін тексеру үшін, кейін оңашалауды шешу, коррозияға қарсы және ағынды қорғанысты тексеру, құбыр өткізгіштерді тексеру, қабырға жуандығын өлшеу арқылы ал негізделген жағдайларда бөлек учаскелерін кесіп алу арқылы бөлек телімдерінің әрқайсысының ұзындығы кемінде 2 м топырақты ашады және алады.

Тексеріс үшін ашуға жататын телімдер санын құбырөткізгішті пайдалану жағдайына қарап орнатады:

1) құбыр өткізгіштің оңашаулауы тегістігін құралдар арқылы бақылау кезінде, анықталған оңашаулауға зақым келген орындарда ашу жүзеге асырылады;

2) таңдаулы бақылау кезінде ашу біртелім құбыр өткізгіштің 200-300 м есебімен жүргізіледі.

525. Жер асты құбыр өткізгіштеріне жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізген кезде, жоба талаптары бойынша температуралық түр өзгерістерге, қолданылатын материалдар сапасына, пісіру тігістеріне, коррозияға қарсы жабындарына және жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша барлық керекті құжаттамаларды дер кезінде ресімдеуге бақылау орнатылады.

526. Жер асты құбыр өткізгіштері топырақ коррозиясынан және адасып жүрген ток коррозиясынан қорғалған болады.

11-тарау. Жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізу
527. Құбыр өткізгіштерге жөндеу және реттеу жұмыстарын дайындық жұмыстарын орындағаннан кейін жүргізеді.

528. Құбыр өткізгіштерді қайта орнату және құрылымын қайта өзгерту жоба құжаттамасын (керекті сараптама мен келісулер жүргізуімен) өзгерткеннен кейін рұқсат етіледі.

Құбыр өткізгіштерге жөндеуді құбыр өткізгіштің сызбасынан көшірме қосымшасымен ревизия және ақаулыққа шығару актілерінің негізінде жүргізеді.

529. Жөндеу және реттеу жұмыстарын жүргізген кезде қолданылатын түйіндер, бөлшектер мен материалдар, олардың көлемі және бақылау әдісі бекітілген талаптарға сәйкес келеді. Сертификаттары мен төлқұжаттары жоқ құбыр өткізгіштің элементтерін мемлекеттік стандарттар, талаптар мен техникалық жағдайларға сәйкес тексеру және сынау шартымен, тек II және одан төмен дәрежелі құбыр өткізгіштер үшін қолдану мүмкін.

Қоспаланған болаттан жасалған құбыр өткізгіштердің құбырлары, ернемектері және фасондық бөлшектері сертификаттар мен зауыттық таңбаларының (Ру, Dу, болат таңбасы) болғанына қарамастан, құбырөткізгіштер тек болат таңбасын (химиялық анализ, стилоскопиялау және осыған ұқсас) тексергеннен кейін қолдануға рұқсат етіледі.

530. Жөндеу және реттеу жұмыстарының алдында барлық түйіндер мен бөлшектер тексеріледі. Арматура құбырларының, фасондық бөлшектерінің, ернемектердің, салуларының, сырттарының және қақпақтарының беттерінде, олардың беріктігі мен жұмысқа қабілеттілігін төмендететін сызаттары, қабыршақтары және басқа да ақаулары болмайды.

Таңбалау құжаттамаға сәйкес келеді.

Құбыр қабырғасының және тетік бөлшектерінің жуандығын екі бұрышынан төрт нүктемен өлшеу арқылы тексеріледі. Қабырғаның сыртқы диаметрі, сопақтығы мен жуандығы бекітілген талаптарға сәйкес келеді.

Тіреу бөлшектерінің бұранда беттерінде беріктікті төмендететін коррозия, майысулар, жыртықтар іздері және басқа да ақаулары болмайды.

531. Жоғары қысымды және II дәрежелі құбыр өткізгіштер қондыруға арналған арматураны, сонымен қатар қолдану мерзімі өткен барлық арматураны (құбыр өткізгіштің дәрежесіне қарамастан), қондыру алдында тексерулерден, соның ішінде беріктік пен тығыздыққа гидравликалық сынаудан өткізіледі. Қажет болған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздігінің сараптамасы жүргізіледі.

532. Жөндеу-реттеу жұмыстарын жүргізген кезде, осы Талап басшылыққа алынады.

533. Дайындау кезінде құбыр және бөлшектерді белгілеу, сапасын бұзбайтын әдіспен және бөлшектерді дайындау мен оларды түйінге жинауда қажетті біліктік сызықтарды, өлшемдер мен түрлерді айқын түсіруді қамтамасыз ететін әдіспен жүзеге асырады.

534. Құбырөткізгішті жалынды газдық, плазмалық және механикалық әдіспен кесуге рұқсат етіледі. Кесу әдісін болат таңбасына, құбыр өлшеміне және бет тазалығы мен сапа талаптарын қамтамасыз ететін қосу тәсіліне қарап таңдайды.

Құбырды механикалық тәсілмен кесу, әсіресе қоспаланған болаттан жасалған құбырлар жоғары бағаланады.

535. Құбырды кескен кезде, әрбір жаңадан кесілген шетіне зауыт-әзірлеуші маркілеу таңбалайды.

536. Пісіру технологиясы мен пісіру материалдары бекітілген талаптарға сәйкес келеді.

537. Пісіру қосындыларының сапасын бақылауды бекітілген талаптарға сәйкес жүргізеді.

538. Құбырлардың бұрандалы шеттері мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес орындалады.

539. Ернемек қосындыларын жинау алдында құбырлардың, арматуралардың, құбыр өткізгіштердің тығыздау беттері, сонымен қатар металл салулар мен линзалар жуылуы және құрғақ сүртіледі. Ернемекке (муфтаға) жалғанатын құбыр шеттері бекітілген рұқсаттар шектеріне паралель болады.

540. Құбыр өткізгіштер элементтерін әзірлегенде, стандартты тік майысқан бұрулар жоқ болған жағдайда, сонымен қатар жоба бойынша иілістің радиусы 1,5 Dу көп талап етілген жағдайда құбыр иілісін қолданады.

541. Егер бұл пісіру жобада қарастырылған болса, ішкі диаметрі кемінде 25 мм бір штуцерді пісіруден басқа құбыр өткізгіштің пісірілген тігістері мен майысқан және мөрленген бөлшектеріне жалғастықтар, дөңгелектер, дренаждар пісіруге рұқсат етілмейді.

Бүйірленген бұқтырмаларға жалғастықтарды пісіруге рұқсат етіледі, мұнда жалғастықтар діңі құбырөткізгіштің діңіне сәйкес болады, ал оның шартты өткелі бұқтырманың шартты диаметрінің жартысынан көп болмайды.

542. Екі құбырдың, құбырдың бөлшектермен, бөлшектердің бір-бірімен қиылысқанында, бұрыштағы ауытқулар (діңдердің сынығы) рұқсат етілген шамадан аспайды; сызықтық ауытқулар (діңдердің ығысуы) құбыр өткізгіштің әр метріне 3 мм аспайды, бірақ ұзындықтың бәріне 10 мм артық болмайды. Құбырларды құрастыру кезінде, жігерді, қыздыруды немесе құбырлардың иілуін қолдану арқылы, көміртегілік және кремний марганецті болаттан жасалған құрастыру үдерісінде барлық периметрі бойынша немесе оның бір бөлшегін алдын-ала жиектерін 850-900оС дейін жылыту айдау әдісімен жиектерін келтіру Ру≤10 МПа (100 кгс/см2) құбыр өткізгіштерінен басқа құбырлардың жиегі мен бөлшектерін біріктіруге рұқсат етілмейді. Келтіру кезінде 15о көп емес бұрыш астында деформацияланған жиектен деформацияланбаған құбыр бөлшегіне баяу ауысу қамтамасыз етіледі.

543. Ернемектерді әртүрлі бөлшектермен (құбырлармен, фасон бөлшектермен, ернемексіз арматурамен, компенсаторлармен және осыған ұқсас) дәнекерлеуге жинаған кезде, осы Талаптың 6-тарауының талаптарына сәйкес, ернемектердің тығыздау беттерінің шектес бөлшектерінің діңіне перпендикулярлығы мен діңдердің сәйкестігін қамтамасыз етеді.

544. Құбырлардың ернемекті қосындыларын, құбыр өткізгіштердің бөлшектерін және арматураны жинаған кезде, ернемектердің тығыздау беттерінің діңдерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.

545. Ернемекті құбырлар мен бөлшектермен жинаған кезде, бұрандамалар мен өзектер үшін тесіктерді ернемектік қосындының діңіне қатысты симметриялы жайғастырады. Екі шектес ернемектердің тесіктерінің ығысуы тесіктің және қондырылатын болттың (немесе өзектің) номинал диаметрінің айырым жартысынан аспайды.

546. Жалпақ пісірілген ернемекті құбыр мен бөлшектерді жинаған кезде, ернемектің тығыздау беті мен құбыр шетінің арасындағы арақашықтығы құбыр жуандығының +1 мм тең қабылданады немесе құбырдың шекті өтуіне қарап таңдалады:



Dу құбыры,мм

20

20-50

70-150

200

225

250-300

350-450

Саңылау,мм

4

5

8

8

9

10

11

547. Тіреулерді жөндегенде және қондырғанда келесі талаптар сақталады:

1) құбырлар тығыз, саңылауларсыз және қисаюларсыз жылжымайтын тіректердің жастықтарына жиналады, құбырлардың бекітуіне арналған қамыттар құбырға тығыз тиіп тұруы және оның ауыспалылығын болдырмауы;

2) тіректердің жоғарғы жазықтықтары, егер бұл талап жобамен қарастырылған болса, деңгей бойынша салыстыра тексерілген болуы;

3) доңғалақтар, түйіршіктер және катоктар ұялардын түсіп кетпеуі және еркін айналуы, тіреу беттері барлық шектесу алаңдары бойынша қисаюсыз тиіп тұруы;

4) тіректер мен салпыншақтардағы серіппелерді қысу сөгу құралдарымен қамтамасыз етілуі; серіппелерді, құжаттама талаптарына сәйкес қондырған кезде тартуы;

5) жылу ұзындықтарына (ауыспалылықтарына) шалдыққан құбыр желілері салпыншақтарының тарту күші тік орналастырылады, ал жылу ұзындықтарына шалдыққандар-бір жаққа иілумен, осы ауыспалылықтың жартысына, ауыспалылыққа кері;

6) құбыр өткізгішке қажетті еңісті қамтамасыз етуге арналған салулар тірек ұлтанының астына орнатылады; құбыр мен тіректің арасына салуды орнатуға рұқсат етілмейді;

7) тіректерді бағаналар немесе қабырғаларға бекіткен кезде, тіреуіштер бетонға немесе кірпіш қалауға тиіп тұруы және күш беретін салу элементтеріне бекітілуі;

8) құбыр өткізгішті орнатқан кезде, пісіру тігістерін тіректің шетінен диаметрі кемінде 50 мм құбырлар үшін-50 мм қашықтықта және диаметрі 50 мм жоғары құбырлар үшін-кемінде 200 мм қашықтықта орнату;

9) бойлай пісірілген тігістері бар құбырларды тіректерге бекіткен кезде, оларды байқау үшін қолайлы етіп жайғастыру.

548. Жалғастықтан немесе бұрышты тігісі бар басқа элементтен бастап, құбырдың иілісі немесе көлденең пісіру тігісінің басына дейінгі арақашықтық құбырдың сыртқы диаметрінен кем болмауы, бірақ сыртқы диаметрі 100 мм дейінгі құбырөткізгіштер үшін-кемінде 50 мм және сыртқы диаметрі үлкен құбыр өткізгіштер үшін-кемінде 200 мм болады.

549. Ультрадыбыстық бақылаудан өтетін көлденең пісіру тігістері үшін, тігіс діңінен (жақын арада пісірілген бөлшектерге, иілістің басы, көршілес көлденең тігіс және осыған ұқсас) құбырдың бос түзу телімінің ұзындығы кемінде төмендегідей болады:

1) 100 мм-құбыр өткізгіштің қабырға жуандығы 15 мм дейінгі;

2) (5S + 25) мм-S құбыр өткізгіштің қабырға жуандығы 15-тен 30 мм дейін.

550. Құбыр өткізгіште арматураның дұрыс орнатылуын анықтау үшін, арматураны орнатқан кезде, техникалық құжаттама нұсқаулықтарын басшылыққа алады.

Арматура маховиктерінің остарының бағыты жобамен анықталады.

551. Сильфон арматурасын құбыр өткізгішке оларды сынаудан, жуудан және үрлеуден cоң орнатады. Сынау, жуу және үрлеу кезінде сильфон арматурасының орнына уақытша катушкалар орнатылады.

552. Арматураны арнайы цехтарда, жөндеу-механикалық шеберханаларда немесе телімдерде жөндейді. Арматураның майда жөндеу жұмыстарын (салуларды алмастыру, сальниктерді, өзектерді, штурвалдарды ауыстыру, тағы сол сияқтыларды) қондырған орнында жүргізуге болады.

553. Арматура жөндеуден соң, беріктікке, тығыздыққа және герметикалыққа сынаудан өтеді. Беріктікке сынауды ашық бекіту құрылғысында жүргізу қажет.

554. Арматураның жөндеу және сынау қорытындыларын актпен ресімдейді. Актілерді құбыр өткізгіштің төлқұжатымен немесе пайдалану журналымен бірге сақтайды.

555. Шойын арматурасында дәнекерлеу ақауларын түзетуге рұқсат етілмейді.

556. Болаттан құйылған арматурада (жоғары қысымды арматурадан басқа) төмендегі ақаулықтарды электро дәнекерлеумен:

1) тығыздау және тіреу беттерінде бір (екеуге дейін) қабыршықты;

2) гидравликалық сынау кезінде ағу тудыратын газ және тағы басқа қабыршықтарды, ақау орындарының жиектері арасындағы арақашықтық оларды ажыратқаннан соң кемінде 50 мм болған жағдайда, құю беттерінің 10 % көп емес мөлшерінде орын алатын жергілікті үгілмелерді, сызаттарды және тесіп өткен қабыршақтарды;

3) бағаналар мен маховиктердегі ақауларды;

4) барлық тіреу беттерін балқыту жолымен тіреу беттері мен ысырмалар және клапандар сыртындағы ақауларды түзетуге рұқсат етіледі.

Әрбір түзетілетін ақауға материал және пайдалану шарты есебімен технология құрастырылады.

557. Дәнекерлеумен түзетілетін ақау орындары механикалық тәсілмен (кескішпен шауып алумен, фрезамен өңдеумен және осыған ұқсас заттармен) дайындалады, мұнда ақау орнын зақымдалмаған металға дейін тазартады. Сызаттарды жою кезінде, оның шеттерін бұрғылайды.

558. Ақау орындарын дәнекерлеуге дайындаудың сапасы бекітілген тәртіппен бақыланады.

559. Ақауларды дәнекерлеумен түзетуді тынық ауада қалыпты температурада жүргізеді.

Балқытылған пісіру тігісінде негізгі металға өтпек асулары болмайды; дәнекерлеген соң зат металл және күйінділерден қорғалады.

560. Ақауларды дәнекелеумен түзеткен кезде, электродтарды таңдау, дәнекерлеуге дейін затты қыздырудың қажеттілігі, ақауларды түзеткен соң термиялық өңдеу технологиялық регламенпен анықталады.


Қолданылған қысқартулар
УДД-ультрадыбыстық дефектоскопия;

СКГ-сұйылтылған көмірсутегілі газдар;

ЖТС-жылдам тұтанатын сұйықтар;

ОЖЕ-оқшаулайтын жалғастырғыш ернемектер;

ЖҰЖ-жұмысты ұйымдастыру жоспары;

СМС-синтетикалық майлы спирт.

__________________

Технологиялық құбыр

өткізгіштерді пайдалану кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

1-қосымша

Р≤10 МПа (100 кгс/см) құбыр өткізгіштерінің классификациясы


Топ


Тасымалданатын заттар



құбыр өткізгіштердің классификациясы

I

II

III

IV

V

P, МПа

(кгс/см)



t, °С

P, МПа

(кгс/см)



t, °С

P, МПа

(кгс/см)



t,

°С


P, МПа

(кгс/см)



t,

°С


P, МПа

(кгс/см)



t,

°С


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

А


Улы әрекеттегі заттар































а) төтенше және жоғары қауіпті 1, 2 сыныпты заттар

Тәуелсіз

Тәуелсіз

-

-

-

-

-

-

-

-

б) аса қауіпті

3 сыныпты заттар



2,5 (25) жоғары

300 жоғары және -40 төмен

Вакуум 0,08 (0,8) (абс) бастап 2,5 (25) дейін

-40 тан 300 дейін

-

-

-

-

-

-




Вакуум 0,08 (0,8) (абс) төмен

Тәуелсіз

-

-

-

-

-

-

-

-

Б

Жарылыс және өрт қауіпті заттар































а) жанатын газдар (ГГ), соның ішінде сұйылтылған көмірсутегілі

2,5 (25) артық

300 артық және -40 төмен

Вакуум 0,08 (0,8) (абс) бастап 2,5 (25) дейін

От -40 до 300

-

-

-

-

-

-

газдар (СУГ)

Вакуум 0,08 (0,8) (абс) төмен

Тәуелсіз

-

-

-

-

-

-

-

-

б) жылдам

тұтанатын сұйықтар



2,5 (25) төмен

300 жоғары және -40 төмен

1,6 (16) жоғары дейін 2,5 (25)

120 бастап 300 дейін

1,6 (16) дейін

-40 бастап 120 дейін

-

-

-

-

(ЛВЖ)

Вакуум 0,08 (0,8) (абс) төмен

Тәуелсіз

Вакуум 0,08 (0,8) (абс) бастап

-40 бастап 300 дейін

-

-

-

-

-

-

в) жанатын сұйықтар (ГЖ)

6,3 (63) жоғары

350 жоғары және -40 төмен

2,5 (25) жоғары 6,3 (63) дейін

250 жоғары350 дейін

1,6 (16) жоғары 2,5 (25) дейін

120 жоғары 250 дейін

1,6 (16) дейін

-40 бастап

120 дейін












Вакуум 0,003 (0,03) (абс) төмен

Сол сияқты

Вакуум 0,08 (0,8) (абс) төмен

Сол сияқты

Вакуум 0,08 (0,8) (абс)

-40 дан 250 дейін

-

-

-

-

В

Қиын жанатын (ҚЖ) және жанбайтын (Ж) заттар

Вакуум 0,003 (0,03) (абс) төмен

-

вакуум 6,3 (63) жоғары 0,08 (0,8) (абс) төмен

350 жоғары 450 дейін

2,5 (25) жоғары 6,3 (63) дейін

250 бастап 350 дейін

1,6 (16) жоғары 2,5 (25) дейін

120 жоғары250 дейін

1,6 (16) дейін

-40 бастап 120 дейін

_______________________


Технологиялық құбыр

өткізгіштерді пайдалану кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

2-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет