3-параграф. 10 МПа (100 кгс/см) 320 МПа (3200 кгс/см) дейінгі
шартты қысымды құбыр өткізгіштерді монтаждау ерекшеліктері
313. Жинақтау бөлшектері мен құбыр өткізгіш бөлшектері нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес болады. Құбыр өткізгіш пен басқа да өнімдерді монтаждауға қабылдаған кезде:
1) құбыр, бөлшек, арматураның бұрандалы жалғастыратын соңғы жақтары-ернемекті бұраумен;
2) өзектің бұрандасы-сомынды бұраумен;
3) құбырлардың жалғастырылатын соңғы жақтарының геометриялық өлшемдері мен арматура, ернемек, жалғастырғыш, бекіту бөлшектер, төсемдер мен байланыстыратын бөлшектерінің әр партиядан 2 %, бірақ 2 данадан кем емес мөлшерде;
4) құбыр саны, жалғастырғыш бөлшек, ернемек, линза, жалғастырғыш, арматура, бекіту бөлшектері мен төсемдердің осы партияға құжаттамада көрсетілген мөлшерге сәйкестігі.
Кепілдік мерзімі мен сыналуына байланыссыз құбыр өткізгішті арматура монтаждауға берілер алдында герметикалығы мен беріктігіне сынаудан өткізіледі.
314. Құбыр өткізгіштердің айырылатын жерлерінде тазалауға, майлауға, жинауға, діңділігі мен саңылауына қойылатын талаптар нормативтік-техникалық құжатта немесе жобалық құжаттамада көрсетіледі.
Жинақтау бірліктерінің немесе бөлшектерінің арасындағы параллель еместік немесе бір діңді еместік саңылауын құбыр өткізгішті тарту жолымен түзетуге жол берілмейді.
315. Бір партияның бекіту бөлшектері тартудың қатая түсуін бақылайтын жабдық көмегімен тартылады. Жалғастырғыштарды жинақтау, тартуды қатайтуды бақылау тәртібі нормативтік-техникалық құжаттамада немесе жобалық құжаттамада немесе (ол болмаған жағдайда) осы Талаптың 8-қосымшасында көрсетілген үлкендікті есепке ала отырып технологиялық регламентте келтірілген.
316. Жинақталған ернемекті жалғастырғыштарда өзек сомыннан бұранданың бір бұрауынан кем болмай шығып тұрады.
Тығырықты ернемек пен сомын арасында орнатуға рұқсат берілмейді. Оралған ернемекте құбырдың жалғастырылатын соңғы жағының бұрандалы бөлігі ернемектің бүйір жағынан бұранданың бір қадамындай шығып тұрады.
317. Ернемекті, бұрандалы жалғастырғыштар мен қабырғадағы, бөлінген жерлердегі, тосқауылдардағы және басқа құрылыс құрылымдарындағы саңылаулар арасындағы қашықтық байланыстырғыштарды механикалық құралдарды пайдаланумен жинау және бұзу мүмкіндігін есепке алумен қабылданады, бұл жағдайда шартты диаметрі 65 мм дейінгі құбыр өткізгіштер үшін көрсетілген қашықтық 300 мм кем болмай және үлкен диаметрлі құбыр өткізгіштер үшін 500 мм кем болмай қабылданып, құжаттамада көрсетіледі.
4-параграф. Жинақтау бірліктерінің құбыр өткізгіштерін таңбалау
318. Тоттанбайтын болаттан және 20ЮЧ болатынан жасалған жинақтау бірліктері өшірілмейтін қанық бояумен таңбаланады.
319. Басқа болаттардан жасалатын жинақтау бірліктері белгімен таңбаланады.
320. Жалғастыратындардың бірінің соңғы жағынан 200 мм кем емес қашықтықта алымында технологиялық қондырғының шифрін, қорытындысында-құбыр өткізгіш желісінің шифрін көрсетумен таңбаланады.
321. Жинақтау бірліктерін таңбалау сұлбасы барлық құбыр өткізгіштер үшін технологиялық сұлбада немесе жобада біркелкі болады.
Таңбалау орындары өшірілмейтін қанық бояумен жүргізіледі және түссіз лакпен жабылады.
322. Жинақтау бірліктеріне кірмейтін арматура, бөлшектер монтаждау ерекшелігі бойынша құбыр өткізгіш желісінің номерімен өшірілмейтін бояумен таңбаланады.
323. Метражбен жеткізілген және жеткізу блогына кіретін құбырдың әрбір қорапталған орны технологиялық қондырғының номерін, жеткізу блогының номерін, құбыр өткізгіш желісінің номерін және «Т» әрпін көрсетумен таңбаланады.
324. Әрбір жүгі бар орында таңбалау таңба белгіде немесе жәшіктің бүйір қабырғасы мен жанына өшірілмейтін бояумен аталған құбыр өткізгіш желісіндегі жүк орны, жүк орнының саны, алушы мен оның мекен-жайы, жіберуші мен оның мекен-жайы, жүк орнының массасы (нетто, брутто) мен габаритті өлшемдері, манипуляциялық белгілері («жоғары», «аудармау», «тоқтату орны», «масса ортасы») салынады.
7-тарау. Дәнекерлеуге және термиялық қайта өңдеуге
қойылатын талаптар
1-параграф. Дәнекерлеу
325. Құбырөткізгіштер мен олардың элементтерін дайындағанда, реттегенде және жөндегенде рұқсат етілген тәртіппен және керекті дәнекерлік қосындылардың беріктігін пайдалануды қамтамасыз ететін, барлық өндірістік дәнекерлеу әдістерін қолдануға рұқсат етіледі.
326. 80 мм дейін шартты диаметрлі және 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысымда қабырға қалыңдығы 3,5 мм артық емес көміртектік ең аз көміртегілік балқымайтын болат (17ГС, 09Г2С және басқалар) құбырлар үшін газдық (ацителенді-оттегілік) дәнекерлеуді қолдануға рұқсат етіледі.
327. 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысымда шартты 40 мм дейін диаметрлі және қабырға жуандығы 5 мм көп емес құбырларды реттегенде және жөндегенде, жапсарлады, аз көміртегілік балқитын болатты (15хМ, 12х1МФ және басқалар) газдық дәнекерлеуді қолданады.
328. Құбырөткізгіштерді және олардың элементтерін дәнекерлеу нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
329. Дәнекерлеуге оның ішінде уақытша ұстату және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен емтихан тапсырған дәнекерлеушілерге рұқсат етіледі.
330. Құбыр өткізгіштермен олардың элементтерін дәнекерлеу үшін, келесі дәнекерлеу материалдарын қолданылады:
1) стандарт бойынша металмен жабылған электродтар немесе дайындауға және жеткізуге арналған техникалық шартты нақты маркілі электродтар;
2) стандарт бойынша дәнекерлік вольфрамдық электродтар;
3) стандарт бойынша дәнекерлік болат сым немесе техникалық шартты нақты маркілі сымдар;
4) стандарт бойынша (жоғары және бірінші сортты) газ тәрізді аргон;
5) стандарт бойынша қос тотықты көміртегі (көмірқышқыл газ);
6) стандарт бойынша балқытылған дәнекерлік флюс немесе техникалық шартта нақты маркіні жеткізуге;
7) стандарт бойынша техникалық газ тәрізді оттегі;
8) стандарт бойынша техникалық ерітілген және газ тәрізді ацетилен.
331. Дәнекерлік материалдардың сертификаттары болады.
332. Дәнекерлік материалдардың сертификаттары жоқ болғанда, химиялық құрамын және балқытылған металдың механикалық қасиетін тексеруден соң қолдануға рұқсат етіледі.
333. Қандай болмасын сынаудың немесе химиялық талдаудың түрінен теріс нәтиже шықса, қайта сынауға рұқсат етіледі. Қайта сынауды теріс нәтиже берген үлгілердің екі еселенген санында жүргізеді. Егер қайта сынауда үлгілердің біреуінен де теріс нәтиже шықса, дәнекерлік материалдардың аталған партиясы бракқа шығарылады.
334. Дәнекерлік материалдарды сақтау, дайындау және сапасын бақылау нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
335. 350оС жоғары температурада жұмыс істейтін, қосындыларды дәнекерлеуге арналған, аустежіптік дәнекерлік материалдар үшін, құрамындағы ферриттік фазаны бақылау, нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Қосындыларды пайдалануда температурасы 350о ден 450оС жоғары балқытылған металдың құрамында ферриттік фаза-8 %, ал температура 450оС жоғары болса-6 % болады.
336. 200оС жоғары температурада сутегі құрамды ортада жұмыс істейтін, қосындыларды перлитті хромомолибдендік болаттан дәнекерлеуге арналған дәнекерлік материалдар, бекітілген нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес, балқытылған металдағы хромның құрамы дәнекерлейтін болаттағы хромның ең аз құрамын қамтамасыз етіледі.
337. Криссталлиттіаралық таттануға қарсы дәнекерленген қосындылардың тұрақтылығы бойынша талаптар болған кезде аустежіптік дәнекерлік материалдар криссталлиттіаралық таттануға бейімділікке сыналады.
338. Дайындалған жиектер мен дәнекерлеу тігістерінің құрылымдық элементтері мен түрлері нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес болады.
339. Жиектерді дәнекерлеуге дайындау мен құбырларды кесу механикалық тәсілмен жүргізіледі. Көміртекті, жылуға тұрақты болатты құбырлар үшін газды кесуді пайдалануға, ал болаттың барлық маркісінен жасалған құбырларды ауа-доғалы және плазмалы кесуге рұқсат беріледі. Құбырларды отпен кесу кезінде үлкендігі нормативтік-техникалық құжаттамамен анықталатын механикалық өңдеуге енгізуге рұқсат беріледі.
340. Шыңдалған жылуға тұрақты болаттан жасалған құбырларды газды, ауа-доғалы және плазмалы кесу алдын ала 200-250оС дейін жылытылғанда және жылумен оқшаулау қабаты астында баяу суытумен жүргізіледі.
341. Жылуға тұрақты болаттардан жасалған құбырларды отпен кесуден кейін дәнекерлеуге дайындалған жиектер капиллярлы немесе магниттұнтақты дефектоскоппен бақыланады. Табылған сызаттар жиектің барлық бетінде одан әрі механикалық тазалаумен жойылады.
342. Дәнекерлеумен өңделген құбыр бүйірінің перпендикулярлықтан ауытқуы төмендегі көрсеткіштен артық болмайды:
1) 65 мм дейін D үшін-0,5 мм;
2) 65 мм жоғары 125 мм дейін D үшін-1,0 мм;
3) 125 мм жоғары 500 мм дейін D үшін-1,5 мм;
4) 500 мм жоғары D үшін-2,0 мм;
343. Дәнекерлеуге дайындалған құбыр жиегі мен басқа элементтердің ішкі және сыртқы беті бойынша 20 мм кем емес енімен жабыстырылған телімдері таттану мен ластанудан жалтырағанға және майсыздандырылғанға дейін тазаланады.
344. Құбырлардың жапсарларын дәнекерлеуге жинақтау жапсарланатын құбырлардың қажет етілетін діңділігін және жапсардың барлық айналасы бойынша біркелкі саңылауды қамтамасыз ететін орталықты жабдықтарды пайдаланумен, уақытша бекітілген технологиялық құбырлардың 50-70 мм қашықтықта дәнекерленген немесе бірге алынған бүйірінің көмегімен жүргізіледі.
345. Қабырғаларының қалыңдығы кемінде 8 мм, дәнекерленген қосындыларына кристаллиттіаралық тұрақтылықты талаптар қойылатын, аустениттік болатты құбырларды жинаған кезде, технологиялық бекітулерді дәнекерлеуге рұқсат етілмейді.
346. Құбырлар мен тігістері бойлай түскен элементтерді жинаған кезде, соңғылары бір-біріне салыстырмалы жылжытылған болады. Жылжыту дәнекерленетін құбырлардың (элементтердің) қабырғалырының жуандығынан кемінде үш есе, алайда 100 мм кем емес болады. Шартты димаметрі 100 мм және одан кем құбырларды және басқа элементтерді жинаған кезде, бойлай түскен тігістер бір-бірінен құбыр (элемент) шеңберінің төрттен бір бөлігіне тең көлемінде жылжытылған болады.
347. Тоғыспаны жинаған кезде, дәнекерлеу кезінде металл тігістің оңай отырғызылуы қарастырылады. Тоғыспаны тартып жинауға рұқсат етілмейді.
348. Құбырлар мен басқа элементтерді жинаған кезде, жылжытылған жиегінің сыртқы диаметрі жіңішке қабырғалы элементтің жуандығының 30 % аспайды, бірақ 5 мм көп болмайды. Мұнда жуан қабырғалы элементтен, жіңішке қабырғалы элементке толқынды ауысу, дәнекерленген тігістің бетінің еңісіп орналасуы есебінен қамтамасыз етіледі. Егер жиектердің жылжытылуы мүмкін шамадан асса, толқынды ауысуды қамтамасыз ету үшін, үлкен сыртқы диаметрлі құбырды 15оС көп емес бұрышта егеледі.
349. Ішкі диаметрі бойынша жиектердің жылжытылуы осы Талаптың 9-қосымшасында көрсетілген мүмкіндіктен аспауы тиіс. Егер жиектердің жылжытылуы шекті мүмкіндіктен асқан болса, тоғыспа орнында толқынды 15оС артық емес бұрышты ішкі диаметрмен егеу қамтамасыз етіледі. Ру ден 10 МПа (100 кгс/см2) дейін құбыр өткізгіштер үшін цилиндрлік әдіспен немесе конондық үлестірумен құбырлардың аяғын калибрлеуге рұқсат етіледі.
350. Құбыр өткізгіштер телімдерінің тоғысқан жерлеріне жапсардан периметр бойынша біркелкі үш 200 мм қашықтықта орналасқан жиналған түзу сызықтан сызғышпен өлшенген 400 мм ұзындықта төмендегіден аспайды:
1) Ру құбыр өткізгіштер үшін 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары және 1 дәрежелі құбыр өткізгіштер үшін-1,5 мм;
2) II-V дәрежелі құбыр өткізгіштер үшін-2,5 мм.
351. Ұстату жүргізген кезде, дәнекерлеу тәсілі және пісіру материалдары тігіс түбірін дәнекерлеуде қолданатын тәсіл мен пісіру материалдарына сәйкес келеді.
352. Ұстату толық пісірумен жүргізіледі және тігіс түбірін дәнекерлеген кезде, олар толығымен балқытылады.
353. Бірге алу сапасына негізгі пісіру тігісіне қойылатындай талаптар қойылады. Ішкі тексеруде байқалған, ұстату ақаулары механикалық тәсілмен жойылады.
354. Ұстатулар тоғыспаның периметрімен біркелкі орналасады. Олардың саны, биіктігі және ұзындығы құбырлардың жуандығы мен диаметріне, сонымен қатар құжаттағы дәнекерлеу тәсіліне байланысты болады.
355. 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қысымда жұмыс істейтін құбырлардың және басқа элементтердің тоғысқан жерін жинау астына салатын сақиналармен немесе жинап алынатын мыс сақиналармен орындалады.
2-параграф. Термиялық өңдеу
356. Пісірілген қосындылардың термиялық өңделуінің және оның тәртіптерінің (қызу жылдамдығы, шыдамдылық температурасы, шыдамдылық ұзақтығы, салқындату жылдамдығы, салқындататын орта және басқалар) орындау қажеттілігі құжаттарда көрсетіледі.
357. Пісіру қосындыларын термиялық өңдеу жұмыстарына арнайы дайындықтан өткен және тиісті тәртіппен емтихан тапсырған термист-операторлар жіберіледі.
358. Термо өңдеуге жатады:
1) қабырға жуандығы 36 мм жоғары көміртегілік болаттан элементтердің тоғысу қосулары;
2) жалғастықтардың көміртегілік болаттан құбырлармен штуцер және құбыр қабырғаларының жуандығы тиісті 36 мен 25 мм жоғары пісірілген қосындылар;
3) элементтердің тоғысу қосулары аз көміртегілік марганецті және кремний марганецті болаттан қабырға жуандығы 30 мм жоғары;
4) жалғастықтардың төмен қоспалы көміртегілік марганецті және кремний марганецті болат құбырлармен пісіру қосуында жалғастық және құбыр қабырғаларының жуандығы сәйкесінше 30 және 25 мм жоғары;
5) жалғастықтардың күкіртті сутегілік ортада қолдануға арналған, 0,0003 жоғары парциалдық қысымда болатты құбырлардың таңбасына және қабырға жуандығына қарамастан тоғысу қосулары мен пісіру қосындыларын;
6) жалғастықтардың хромды кремнийлі марганецті, хромды молибденді, хромды молибденді ванадийлі, хромды ванадий вольфрамды және хромды молибденді ванадий вольфрамды болатты құбырларды, қабырға жуандығына қарамастан, тоғысу қосулары мен пісіру қосындыларын;
7) жалғастықтардың коррозиялық жарылыс тудыратын (жобада көрсетілген) ортада жұмыс істеуге арналған көміртегілік және аз көміртегілік болатты құбырлармен тоғысу қосулары мен пісіру қосындыларын;
8) жалғастықтардың аустениттік болаттан, титанмен немесе ниобимен тұрақтандырылған, коррозиялық жарылыс тудыратын ортада жұмыс істеуге арналған, сонымен қатар 350оС температурасынан жоғары коррозиялық жарылыс тудыратын ортада тұрақтандырылған жандыруға (жобада көрсетілген) шалдығады;
9) бойлай түскен тігістердің көміртегілік және аз көміртегілік болаттан қабырға жуандығына қарамастан пісіру қосындылары.
359. Пісіру қосындыларын термиялық өңдеу үшін жалпы пеш қыздыруын да, пісіру тігісінің және оған қатысты негізгі металдың екі жағын барлық периметрі бойынша бір уақытты және біркелкі жергілікті сақина бойынша кез келген әдіспен қыздыруды да қолдануға болады. Керекті температураға дейін қыздырылатын жерінің ең кішкентай ені тігістің шетінен әр жаққа қабырғаның кемінде екі есе жуан, бірақ кемінде 50 мм болады.
360. Сақинаны термо өңдеуде қыздырған кезде, жанында орналасқан құбыр өткізгіштер ұзындығы бойындағы температураның толқынды өзгеруін қамтамасыз ету үшін жылу оқшаулаумен жабылады.
361. Хромды никельдік аустениттік болаттан жасалған құбыр өткізгіштер үшін, жұмыс қысымының көлеміне қарамастан, жалынды газ қыздыруды қолдануға болмайды.
362. Термиялық өңдеу жүргізген кезде, жеңіл жылу кеңейтуді және пластикалық деформацияның жоқтығын қамтамасыз ету шаралары сақталады.
363. Пісіру қосындыларын термиялық өңдеу үзіліссіз жүргізіледі. Термиялық өңдеу кезіндегі (электр қуатын өшірген кезде, жылытқыштың қатардан шыққын кезде) амалсыз үзілісте, пісіру қосындыларын 300оС дейін баяу салқындауды қамтамасыз етеді. Қайта қыздыру кезінде, пісіру қосындыларының ұстамдылық уақыты алғашқы қыздырудың ұстамдылық уақытымен қосылады.
364. Қабырғаларының жуандығы 20 мм көп құбырлар мен басқа элементтерді термиялық өңдеудегі қыздыру, ұстамдылық және салқындату тәртібі өзінен-өзі жазылытын аспаптармен тіркеліп отырады.
365. Бір пісіру қосындыларын термиялық өңдеуден үш реттен көп өткізуге рұқсат етілмейді.
3-параграф. Пісіру қосындыларының сапасын бақылау
366. Болат құбыр өткізгіштердің пісіру қосындыларының сапасын бақылауға қосылады:
1) операциялық бақылау;
2) көзбен шолу байқауы және өлшеу;
3) ультрадыбыстық немесе радиографикалық бақылау;
4) капиллярлық немесе магнитті ұнтақтық бақылау;
5) ферриттік фазаның құрамын анықтау;
6) стилоскопиялау;
7) қаттылықты өлшеу;
8) механикалық сынау;
9) жобада қарастырылған басқа әдістермен бақылау (металлографикалық зерттеу, тұрақтылыққа кристаллит аралық коррозияға сынау және басқалар);
10) гидравликалық немесе пневматикалық сынау.
Термиялық өңдеуден өтетін пісіру қосындыларының сапасын соңғы бақылау термиялық өңдеуден өткен соң жүргізіледі.
Пісіру қосындыларының құрылымы мен орналасуы, жобада қарастырылған әдістермен пісіру қосындыларының сапасын бақылауды жүргізуді қамтамасыз етеді.
367. Операциялық бақылау қарастырады:
1) құбырлар мен пісіру материалдардың сапасы мен сәйкестігін стандарттар талаптары және даярлау мен жеткізудің техникалық шарты бойынша тексеру;
2) дәнекерленетін құбырлар мен құбырөткізгіштердің бөлшектерінің аяғын дайындаудың сапасын және тоғыспа жинағының сапасын тексеру (жиектерінің шабындық бұрышы, жиектерінің сәйкес келуі, дәнекерлеу алдында тоғыспадағы саңылауы, құбырлардың ортасының дәл келуі, ұстатудың орналасуы және саны, ұстатуда жарылыстың жоқ болуы);
3) алдын ала қыздырудың температурасын тексеру;
4) дәнекерлеу сапасын және технологиясын тексеру (дәнекерлеу тәртібі, тігіс салудың тәртібі, күйіннен қабаттарының тазартылу сапасы);
5) пісіру қосындыларының термиялық өңдеу тәртібін тексеру.
368. Барлық пісіру қосындыларын, оларды ені кемінде 20 мм тігістің екі жағын күйінділерден, қабыршақтардан, металл бүркінділерінен және ластаулардан тазалаудан кейін, көзбен шолу тексеруімен және өлшеумен өткізеді.
369. Дәнекерленген тігістер көзбен шолу тексеруі және өлшеу нәтижелері бойынша келесі талаптарды қанағаттандырады:
1) тігістің түрі және көлемі стандартты болады;
2) тігістің үсті майда қабыршақты болады; құрт жеген жері, кеуектер жиналуы, күйген жері, балқытылмаған кратерлері, құбырдың негізгі металына дәнекерленген тігістің өту орындарына қалқып кетуіне рұқсат етілмейді.
100 мм дәнекерленген тігіске 3 артық емес көлемде, осы Талаптың 10-қосымшасында көрсетілген көлемдерден аспайтын-1 ұпай үшін бөлек кеуектер рұқсат етіледі.
370. Радиографикалық суреттердің шифрін ашқан кезде, егер олар жинаулар және ақаулар торын құрастырмаса, 0,2 мм және одан кем ұзындықты қосу (кеуектер) есептелмейді.
Ұзындығы осы Талаптың 10-қосымшасында көрсетілген бөлек қосулардың (кеуектер) саны аспайды: 10-1 ұпай үшін, 12-2 ұпай үшін, 15-3 ұпай үшін суреттің әрқайсы 100 мм жерінде, мұнда олардың жиынтық ұзындығы осы Талаптың 10-қосымшасында көрсетілген ұзындықтан артық болмайды.
Осы Талаптың 10-қосымшасында көрсетілген нормадан 100 мм кем ұзындықты дәнекерленген қосындылар үшін, жиынтық қосулардың (кеуектер) ұзындығы, сонымен қатар бөлек қосулардың (кеуектер) саны пропоционалды азайтылады.
Қосулардың (кеуектер) жиналуы байқалған, 10 МПа (100 кгс/см2) көп Ру құбыр өткізгіштердің дәнекерленген қосындыларының ұпайын бір ұпайға көтереді.
Қосулардың (кеуектер) тізбегі байқалған, барлық санатты құбыр өткізгіштердің дәнекерленген қосындыларының ұпайын бір ұпайға көтереді.
Балқытылған металдан негізгі металға ауысу толқынды болады. Тігістен негізгі металға өту жерлерінде кесулер құбырлардың қабырғасынан жуандығы 10 % көп емес тереңдікпен, бірақ 0,5 мм артық болмай рұқсат етіледі. Мұнда бір дәнекерленген қосындыда кесудің жалпы ұзындығы тігіс ұзындығынан 30 % аспайды.
10 МПа (100 кгс/см2) көп Р құбыр өткізгіштердің пісірілген қосындыларында, сонымен қатар-70оС төмен температурада жұмыс істейтін, I дәрежелі құбыр өткізгіштердің металл негізінде және термиялық ықпал жасау аймағында тігістердің жарықтары, кесулері, ал түзу сызықты пісірілген құбырлардың қосындыларының ауытқулары 359-тармақта көрсетілген талаптардың көлемінен аспайды.
371. Пісірілген қосындылардың ақаулары бекітілген тәртіп бойынша жойылады.
372. Қиратпайтын әдіс бойынша пісірілген қосындылардың сапасын бақылау, нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
373. Физикалық әдіспен пісірілген қосындыларды бақылауды тиісті мамандандырылған куәлігі бар, дефектоскопистер жүргізеді. Әр дефектоскопист куәлігінде көрсетілген әдісті бақылауға жіберіледі.
374. Ішкі тексеру қорытындысы бойынша барлық периметрімен құбырлардың пісірілген тігістерінің ең нашары қиратпайтын бақылаудан өтеді. Бақыланатын пісірілген тігістердің саны нысана бойынша техникалық құжаттармен анықталады, бірақ барлық жағдайда осы Талаптың 11-қосымшасында көрсетілгеннен төмен болмайды.
375. Радиографикалық немесе ультрадыбыстық әдіспен пісірілген тігістерді бақылауды ішкі тексеру және өлшеуден соң, ақауларды жойғаннан кейін, ал 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары Ру есептелінген құбыр өткізгіштер үшін және -70оС төмен температурада жұмыс істейтін I дәрежелі құбыр өткізгіштер үшін, магнитті ұнтақты немесе капиллярлы әдіспен үстіне ақаулары шыққанын айқындаған соң бақылау жүргізеді.
376. Бақылау әдістерін (ультрадыбыстық, радиографикалық немесе үйлесімде екеуінде) металл қасиеттерін ескере отырып, толық және нақ жіберілетін ақауларды айқындауды қамтамасыз етіп, сонымен қатар нақты нысан үшін және пісіру қосындысының түрі үшін бақылау әдісін игеру арқылы таңдайды.
377. Пісіру қосындылары бақылау алдында, олардың жайы бақылау картасынан, радиографикалық суреттерден оңай анықталатындай маркіленуі қажет және тиісті пісірілген тігіс орнына бақылау нәтижесі жазылған бауды қамтамасыз етеді.
378. Радиографикалық бақылауда 10 МПа (100 кгс/см2) көп Р I-II дәрежелі құбырөткізгіштер үшін-2 класс деңгейінде, III-IV және V дәрежелі құбырөткізгіштер үшін-3 класс деңгейінде сезімділік қамтамасыз етіледі.
379. Радиографикалық бақылау нәтижелері бойынша пісіру қосындыларының сапасын бағалау ұпай жүйесі арқылы жүргізіледі.
Пісіру қосындылары сапасының жалпы ұпайы қосындылардың сапасы бойынша жеке-жеке бағаланған жазықтық бойынша (жарылулар, балқытылмаған, пісірілмегендер) және көлемдік бойынша (кеуектер, күйінді қосулар) ақаулары осы Талаптың 10 және 12-қосымшаларына сәйкес, ең көп ұпайын қосу арқылы анықталады.
-70оС төмен температурада жұмыс істейтін I дәрежелі құбыр өткізгіштен басқа, I-IV дәрежелі құбыр өткізгіштер үшін түбір тігісінің майысқан көлемі және түбір тігісінің дөңескен көлемі регламенттелмейді.
Құрылымды пісірілмеген пісіру қосындыларына-0 ұпай беріледі.
Керек жағдайда пісірілмеген қосындылардың нақ тереңдігі суреттің тығыздығымен немесе мүмкін орнының ең үлкен көлемді профильдік радиографиялық жуандықты өлшеу әдісімен анықтайды.
Суреттердің шифрін ашқанда, ақаулардың түрін және олардың көлемін стандарт немесе НТҚ бойынша анықтайды.
Қорытындыда немесе радиографикалық бақылау журналына осы Талаптың 12-қосымшасында анықталған пісіру қосындысының ұпайын, осы Талаптың 10-қосымшасында анықталған пісіру қосындысы орнының ең көп ұпайын, сонымен қатар пісіру қосындысы сапасының жалпы ұпайы (мысалы: 0/2=2 немесе 6/6=12) көрсетіліп жазылады.
Аталған немесе көп ұпаймен бағаланған пісіру қосындылары түзетіледі және қайта бақыланады. 4 және 5 жалпы ұпайымен бағаланған, III және IV дәрежелі құбыр өткізгіштердің пісіру қосындылары түзетуден өтпейді, бірақ аталған дәнекерлеушінің жұмыстарын бастапқы көлемінен еке есе көлемін қосымша бақылаудан өткізеді.
Егер қосымша бақылауда III және IV құбыр өткізгіштер үшін, 4 және 5 ұпаймен бағаланған бір қосындысы болса, аталған дәнекерлеушінің жұмыстарының 100 % бақылаудан өтеді.
380. 10 МПа (100 кгс/см2) көп Ру құбырөткізгіштердің пісіру қосындылары және-70оС төмен температурада жұмыс істейтін дәрежелі құбырөткізгіштер ультрадыбыстық бақылау қорытындылары бойынша жарамды болып есептеледі, егер:
1) созылмалы ақаулары жоқ болса;
2) созылмалы емес (нүктелік) ақауларының жоқтығының эквивалентті көлемі төменгі көлемнен көп болса:
құбыр қабырғасының жуандығы 10 мм дейін, 1,6 мм;
құбыр қабырғасының жуандығы 20 мм дейін, 2,0 мм;
құбыр қабырғысының жуандығы 20 мм жоғары, 3,0;
3) созылмалы емес ақаулардың саны әр 100 мм тігісте екеуден көп болса, ішкі периметрінің эквиваленттік саны:
құбыр қабырғасының жуандығы 10 мм дейін,1,6 мм;
құбыр қабырғасының жуандығы 20 мм дейін, 2,0 мм;
құбыр қабырғасының жуандығы 20 мм көп, 3,0 мм.
I-IV дәрежелі құбыр өткізгіштердің (-70оС төмен температурада жұмыс істейтін I дәрежелі құбыр өткізгіштерден басқа) пісіру қосындыларының сапасының бағасы ультра дыбыстық бақылаудың қорытындылары бойынша осы Талаптың 13-қосымшасының талаптарына сәйкес болады.
Егер эхо-белгілердің амплитудасы көлемі ең үлкен шекті эквивалентті көлеммен анықталатын жасанды көрсеткішті эхо-белгілі амплитудадан асатын болса, нүктелік ақаулар мүмкін емес болып есептеледі.
Егер белгілер амплитудасы жасанды көрсеткіштен 0,5 эхо-белгілі амплитудадан асатын болса, созылмалы ақаулар мүмкін емес болып есептеледі. Нүктелі ақаулар тізбегінің шартты бойы егер эхо-белгілер амплитудасы көлемі ең үлкен шекті эквивалентті көлемді жасанды көрсеткішті эхо-белгілі амплитудадан олардан 0,5 және одан көп болса өлшенеді.
381. Ру құбыр өткізгіштерден 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі құбыр өткізгіштердің пісіру қосындылары капиллярлық (түрлі-түсті) әдіспен бақылау қорытындысы бойынша жарамды болып есептеледі, егер:
1) ақаулардың индикаторлық ізі жоқ болса;
2) барлық айқындалған индикаторлық іздер біреу және дөңгелек болса;
3) индикаторлық іздің ең үлкен көлемі 2 ұпай үшін осы Талаптың 10-қосымшасында келтірілген ені үшін үш еселік норманың мағыналарын;
4) ұзындығы 100 мм тігістің әр жерінде барлық индикаторлық іздердің жиынтық ұзындығы осы Талаптың 10-қосымшасында келтірілген 2 ұпай үшін жиынтық ұзындықтан аспайды.
Ең үлкен көлемнен 0,5 мм дейінгі дөңгелек индикаторлық іздер бақыланатын металл жуандығына қарамастан есептелінбейді.
Ру бастап 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары құбыр өткізгіштердің пісіру қосындылары және-70оС төмен температурада жұмыс істейтін I дәрежелі құбырөткізгіштер ақауларының индикаторлық іздері жоқ болса, олар жарамды болып есептелінеді. Мұнда бақылау сезімділігі 2 сыныпқа сәйкес келеді.
382. Пісіру қосындылары магнитті ұнтақты немесе магнитті графикалық бақылау қорытындысы бойынша созылмалы ақаулары жоқ болса, жарамды болып есептелінеді.
383. Ру жоғары 10 МПа (100 кгс/см2) есептелінген, 350оС жоғары температурада жұмыс істеуге арналған, жиынтық бірлікте 100 % көлемде, аустениттік болаттан жасалған құбыр өткізгіштердің пісіру қосындыларының құрамындағы ферриттік фазаны анықтау жүргізіледі, ал басқа жағдайларда жоба талаптары бойынша жүргізіледі.
384. Төменгі жағдайда Ру дан 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі қоспалаушы болаттан құбыр өткізгіштердің пісіру қосындылары құрамында негізгі қоспалаушы элементтердің бар екендігін тексеретін стилокөшірмеден өтеді:
1) ішінара, бір дәнекерлеушімен орындалған бір партиялы дәнекерлеу материалдардан кемінде екі қосынды;
2) егер пайдаланған дәнекерлеу материалдары сәйкестігі күдік тудырса;
3) егер термиялық өңдеуден соң, пісіру қосындыларының қаттылығы бекітілген талаптарға сәйкес келмесе.
Ру жоғары 10 МПа (100 кгс/см2) қоспалаушы болаттан құбыр өткізгіштердің пісіру қосындылары 100 % көлемде стилокөшірмеден өтеді. Егер балқытылған немесе негізгі металда сәйкес химиялық элементтердің бар (жоқ) екендігі бақылау кезінде дәлелденсе, стилокөшірме қорытындылары қанағаттанарлық деп саналады. Таңдап бақылағанда, егер бір пісіру қосындысына стилокөшірменің қанағаттанарлықсыз қорытындысы берілсе, дәнекерлеушінің қолданған сол дәнекерлеу материалдарының партиясымен жүргізген барлық пісіру тігістері стилокөшірмеден өтеді.
385. Хромды кремнийлі марганцевтік, хромды молибдендік, хромды молибденді ванадилік, хромды ванадилі вольфрамдық және хромды молибденді ванадилі вольфрамдық болаттан жасалған құбыр желілерінің пісіру қосындылары үшін қаттылықты өлшеу жүргізіледі.
Қаттылық өлшеуін әр термиялық өңдеуден өткен пісіру қосындысының тігіс ортасы, термиялық ықпал жасау аймағында негізгі металл бойынша жүргізіледі. Қаттылықты өлшеу қорытындысы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келеді. Мұндай талаптар қойылмаса, қаттылық мағынасы осы Талаптың 14-қосымшасында аталған көрсеткіштерден аспауы қажет; шектен жоғары қаттылық байқалса, пісіру қосындысын стилокөшірмеден, ал қорытынды қанағаттанарлық болса-қайта термиялық өңдеуден өткізеді. Сыртқы диаметрі 50 мм кем пісіру қосындыларының қаттылығын өлшеу жүргізілмейді.
Мұнда қаттылықты бақылау пісіру қосындыларында өлшенеді және құбыр өткізгіштердің төлқұжатына жазады.
386. Бұзылмайтын бақылау әдісімен айқындалған пісіру қосындыларының ақаулары бір дәнекерлеушімен орындалған құбырөткізгіштердің пісіру қосындыларының алғашқы көлемнен екі еселенген көлемі бақылаудан өтеді.
Егер қайта бақылау кезінде бір пісіру қосындысы жарамсыз болып табылса, осы аймақтағы құбыр өткізгіштердің пісіру қосындылары 100 % бақылаудан өтеді.
387. Бақылау кезінде айқындалған ақаулар жойылады, түзетілген аймақтары қайта бақылаудан өтеді.
Сыртқы тексеру мен өлшеуде, физикалық әдіспен бұзылмайтын бақылауда айқындалған пісіру қосындыларының барлық ақаулы аймақтары түзетуден өтеді. Радиографикалық бақылау қорытындысы бойынша жарамсыз тоғыспалардың ең жоғары ұпаймен бағаланған тігіс аймақтары түзетуден өтеді. Егер тоғыспаның жарамсыздығының жалпы сомасы бірдей бағаланса, тек пісірілмеген аймақтар түзетуден өтеді.
Егер пісіру тігістері аймақтарының сұрыптау өлшемдері тігіс аймақтарындағы ақауларды жойған соң, осы Талаптың 15-қосымшасында көрсетілген өлшемнен аспаса, пісіру тігістерінің аймақтары жергілікті сұрыптау және кейін қосымша пісіру жолымен (барлық қосындыны қайта пісірусіз) түзетуден өтеді.
Ақау аймағын жөндеу үшін, осы Талаптың 15-қосымшасында көрсетілген өлшемнен жоғары өлшемді сұрыптауды керек ететін пісіру қосындысы толығымен жойылады, ал оның орнына катушка пісіріледі.
388. Құбыр өткізгіштердің тоғыспа пісіру қосындыларының механикалық қасиеті, бақыланатын пісіру қосындылары механикалық сынау қорытындыларымен дәлелденеді.
389. Бақыланатын пісіру қосындылары біркелкі өндірістік тоғыспа партиясына пісіріледі. Партияға үш ай мерзімінде шекті диаметрі Dy ден 150 мм дейінгі жүзден көп емес біркелкі тоғыспа қосындылары немесе Dy 175 мм және жоғары елуден көп емес тоғыспалар жатады.
Бір технологиялық жүйемен және қабырға жуандығы бойынша 50 % кем емес айырмашылығы бар, бір дәнекерлеушімен орындалған, бір маркілі болаттан жасалынған қосындылар біркелкі болып есептеледі.
Қосындылар шекті диаметрі бойынша біркелкі болып есептеледі: Dy=6-32 мм, Dy=50-150 мм, Dy=175 мм және жоғары болады.
390. Механикалық және металлографикалық зерттеулер жүргізу үшін, бақыланатын пісіру қосындыларының саны төменгі көрсеткіштерге сай келеді:
Dy мм құбырының шекті диаметрі
|
Бақылау қосындыларының саны
|
6-32
|
4
|
50-150
|
2
|
175 және жоғары
|
1
|
Кристаллиттіаралық коррозияға қарсы тұрақтылыққа сынауды жүргізу қажет болған кезде, Dy=6–32 құбырлары үшін көрсетілген қосындыдан екі қосындыға және Dy =50 мм және жоғары құбырлары үшін бір қосындыға көбірек пісіріледі. Құбыр диаметрі Dy=450 мм және жоғары болса, бақылау пісіру қосындыларын пластинадан пісіруге болады.
391. Бақылау пісіру қосындыларынан төменгі сынау түрлеріне үлгілер дайындалады:
1) 20 оС температурада статикалық созылуға-екі үлгі;
2) 20оС температурада екпінді бүгіліске (КСU)-тігіс ортасында кесумен үш үлгі;
3)-20 оС және одан төмен температурада жұмыс істейтін құбыр желілері үшін жұмыс температурасындағы екпінді бүгіліске (КСU)-тігіс ортасында кесуімен үш үлгі;
4) статикалық бүгіліске-екі үлгі;
5) металлографикалық зерттеулер үшін-екі үлгі (жоба талаптары бойынша);
6) 20оС температурада екпінді бүгіліске (КСU)-термиялық ықпал аймағында кесуімен үш үлгі (жоба талаптары бойынша);
7) кристаллит аралық коррозияға тұрақтылыққа сынау үшін-төрт үлгі (жоба талаптары бойынша).
Екпінді бүгіліске сынауды «U» (КСU) түрлі концентратты үлгіде жүргізеді.
392. Үлгілерді металдың механикалық қасиеттері мен құрылымын өзгертпейтін әдіспен кесіп алынады. Үлгілерге, дайындауларға салқын түрінде де, ыстық түрінде де түзетулер жүргізуге болмайды.
393. Шекті өткелі 50 мм дейінгі құбырлардың қосындыларының статикалық созылуына сынауды қатаюы алынған бүтін тоғыспалардың созылуына сынаумен ауыстыруға болады.
394. Шекті өткелі 50 мм дейінгі құбырлардың қосындыларының статикалық созылуына бүтін тоғыспаларды сынаумен ауыстыруға болады.
395. Пісіру қосындыларын механикалық сынаудың қорытындылары осы Талаптың 16-қосымшасының талаптарын қанағаттандырады.
Пісіру қосындыларының механикалық қасиетінің көрсеткіштері бөлек үлгілердің сынауларының нәтижелерін қосу мағыналары сияқты анықталуы тиіс. Статикалық созылуға және статикалық бүгіліске сынаудың нәтижелері, егер бір үлгі бекітілген талаптардан 10 % төмен көрсеткішті көрсетсе, қағаттанарлықсыз болып саналады. Екпінді бүгіліске сынаудың нәтижесі егер бір үлгі бекітілген талаптардан төмен көрсеткішті көрсетсе, қанағаттанарлықсыз болып есептеледі.
Екпінді бүгіліске сынауды қабырғасының жуандығы 12 мм және одан жоғары құбыр өткізгіштердің пісіру қосындыларына жүргізеді. Негізделген жағдайда екпінді бүгіліске сынауды қабырғасының жуандығы 6-11 мм құбыр өткізгіштер үшін жүргізеді.
396. Әр түрлі қосындыларда беріктік болаттың төмен механикалық қасиеті бойынша, ал екпінді жабысқақтық және бүгіліс бұрышы одан төмен болаттың қасиеті бойынша бағаланады.
397. Металлографикалық зерттеулер жүргізгенде (жоба талабы бойынша), пісіру қосындыларындағы мүмкін емес ақаулардың бар екендігі және пісіру тігісінің көлемі мен түрі бекітілген талаптарға сәйкестігі анықталады.
398. Пісіру қосындыларының сапасы кристаллит аралық коррозияға қарсы беріктікке сынаудың (жоба талаптары бойынша) нәтижелері бойынша егер сынау нәтижесі бекітілген тәртіптегі нәтижеге сәйкес келсе, қанағаттанарлық болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |