Технологиялыќ есеп



бет1/8
Дата13.12.2023
өлшемі187 Kb.
#486498
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8
курсовой вышка 111111111111


«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

«Инженерлік-технологиялық факультет» факультеті


«Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы» кафедрасы
«Жоғары геодезия» пәні бойынша
курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған
әдістемелік нұсқаулар
6В07301-Геодезия және картография мамандығының/білім беру
бағдарламасының білім алушылары үшін

Семей 2023


«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ


«Инженерлік-технологиялық факультет» факультеті


«Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы» кафедрасы





КУРСТЫҚ ЖОБА















Пәні: «жоғарғы геодезия»

Тақырып:« Мемлекеттік геодезиялық торлар құрылымын талдау:


қолданыстағы геодезиялық желінің құрылымын талдау,
пункттердің біркелкі таралуын бағалау.
Триангуляциядағы алдын-ала есептеулер.













Орындаған


Тексерген

Студент группы: ГК-101

Руководитель: Сейтказина Г.С.

_______________________
қолы

Қанагатова Б.А.
ФИО















_______________________
Оценка



_______________________
Дата



___________________ _________________
Подпись Дата

















Нормоконтроль:






__________________ Сейтказина Г.С.
Подпись ФИО










Семей, 2023 г.

Мазмұны


Кіріспе
І Пландық геодезиялық торлардың классификациясы
1.1.Геодезиялық тор ІІ.Триангуляция
2.1.Триангуляция туралы жалпы мәлімет. І,ІІ,ІІІ,ІV класс триангуляциясының сипаттамасы
2.2.Бірінші класстың триангуляциясы торы
2.3.Екінші және төменгі класс торлар жүйесі
2.4. Триангуляциондық жүйенің жобасын құрудың жалпы мәліметтері
2.5. Трангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала есептеу 2.6.Триангуляция пункттерінің рекогносцировкасы
2.7. Пункттердің центрлері III Базистер және базистік жүйелер


Кіріспе
Геодезия Жер туралы ғылым ретінде ежелгі көне ғылымдардан келді және грек тілінен аударғанда «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. ХІХ ғасырдан бастап жалпы геодезияны геодезия және жоғарғы геодезия деп бөле бастады.
Жоғарғы геодезия – Жердің өлшемдерін, пішінін және гравитациялық өрісін анықтаумен, мемлекеттік геодезиялық тірек тораптарын құрумен, геодинамикалық құбылыстарды зерттеумен, Жер эллипсоиды бетіндегі және кеңістіктегі геодезиялық есептерді шешумен айналысатын ғылым.
Жоғарғы геодезияның шешетін есептері ғылыми және ғылыми-техникалық болып екіге бөлінеді. Жоғарғы геодезия мен оған қатысты ғылымдардың (гравиметрия және Жер пішіні теориясы, ғарыштық геодезия және астрономия) негізгі ғылыми мәселесіне Жер пішінінің параметрлерін, сыртқы гравитациялық өрісін және олардың уақыттық кеңістіктік өзгерістерін анықтау болып табылады. Қазіргі кезде жоғарғы геодезияда Жер пішіні ретінде Жердің физикалық бетімен, яғни құрлықтың қатты қабығымен және мұхиттар мен теңіздердің тыныштық күйіндегі деңгейімен шектелген фигура қабылданған. Жердің гравитациялық өрісі деп Жердің тәуліктік айналуынан туындайтын центрден итеруші күш пен тартылыс күшіне тең болатын ауырлық күшінің өрісі қабылданады.
Жоғарғы геодезия мен оған қатысты ғылымдардың негізгі ғылыми-техникалық мәселесіне жоғары дәлдікті ғаламдық (жалпы Жер шары) және ұлттық (мемлекет аумағында) геодезиялық тірек тораптарын құру жатады. Ұлттық тірек тораптарына мемлекеттік геодезиялық тораптар (негізгі торап, жиі жоспарлы деп аталады), мемлекеттік нивелирлік (биіктіктік) және мемлекеттік гравиметриялық тораптар кіреді. Бұл тораптар өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Сонымен қатар, астрономиялық-геодезиялық және гравиметриялық өлшеулерді қатар орындағанда пункт координаттары мен биіктіктерін мемлекет аумағында бірыңғай жүйеде және Жердің пішіні мен гравитациялық өрісін сипаттайтын параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді. Осы тораптарда өлшеулерді қайта жүргізген кезде пункт координаттары мен биіктіктерін нақтылап отыруға, сонымен қатар геодинамикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік туады.
Жоғарғы геодезия үздіксіз жаңартылуда және жақсартылуда. Ол Жер пішіні теориясы, гравиметрия, геодезиялық астрономия, ғарыштық геодезия сияқты ғылыми пәндермен тығыз байланыста.
Жоғарғы геодезия өз зерттеулерінде физика, математика, астрономия және басқа да іргелі ғылымдардың жетістіктерін, ал жоғары дәлдікті өлшеу техникасын құрастыруда қолданбалы оптика, аспаптар құрастыру, радиоэлектроника, лазерлік техника сияқты қолданбалы пәндердің жетістіктері кеңінен қолданылады. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеуде ықтималдылық теориясы, математикалық статистика, ең кіші квадраттар әдісі қолданылады. Барлық есептеулер жаңа электрондық есептеу техникасы арқылы орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет