Технологиясы



Pdf көрінісі
бет49/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125
 
11.3. Технология 
Балалар тағамына арналған ет консервілері өндірісі жалпы 
технологиясының сызбасы төмендегідей.
«Малыш» консервісін жасап шығару үшін, сіңірленген сиыр 
етіндегі майдың мөлшері 5 % аспауы тиіс, ал «Мясное пюре детское» 
консервісінде майлылығы 6-9%. Сіңірленген шошқа етінде май 
мөлшері 10-15% құрайды.


75 
Құс етін механикалық əдіспен сылуға жібергенде оны алдын ала 
0-4°С температураға дейін салқындатады, немесе – 2-3 °С дейін 
мұздатады. Бұл істе «Бихайв» типті сылу машинасы пайдаланылады. 
Сылу жұмысы жүргізілген уақытта сылынған еттің мөлшері жалпы 
шикізаттың 60% артпауын қадағалау қажет. 
 
11.4. Гомогенделген консервілер 
Балаларға арналған консервілер жасап шығару өндірісіндегі 
технологиялық процестің бір ерекшелігі бірыңғай жеңіл, біркелкі 
ұсақталған, ет шикізаты алдын ала термиялық өңдеуден өткізіледі. Ет 
шикізатын қыздырып өңдеуден өткізу суда пісіткілеу жолымен 
жүргізіледі, кейін оның сорпасы бөлініп алынады. Ет шикізатын 
алдын ала қыздырып өңдеу процесін жеделдету жəне дайын өнімнің 
биологиялық құндылығын көтеру мақсатымен пісіткілеу дəстүрлі 
процесс жылумен өңдеудің мейлінше прогрестік əдісі үзіліссіз жұмыс 
істейтін қондырғыларда бу арқылы түйістіріп қыздырумен 
алмастырылады. 
Балаларға арналған ет консервілері өндірісінің сызбасы 
Ет жəне ет басқа шикізатты əзірлеу 
Ет тартқышта ұсақтау 
Су қосып эмульсия дайындау 
Бумен түйістіріп қыздыру жəне дереу салқындату 
Қатты фазадан сорпа, майды бөлу 
Сорпаны майсыздандыру 
 
11.5. Етті ірілеп туралған жəне езбе тəріздес консервілер 
Бірыңғай, жұмсақ, біркелкі ұсақталған балалардың өңештерінен 
жеңіл өтетін масса алу мақсатымен экстрактты заттарынан айырмай 
алдын ала жылу арқылы өңделген ет шикізаттарын кідіріссіз жұмыс 
істейтін мамандырылған машиналарда өңдеуден өткізеді. 
Консервілерді шығару процесінің ұзақтығы яғни бумен 
түйістіру арқылы шикізатты қыздыру аяқталғаннан бастап
стерилизацияның басталуына дейін 50-60 минуттан аспауы тиіс, 
соның ішінде бөлшектеп өлшеу процесінен бастап, стерилизацияның 
басталуына дейінгі аралық 30 минуттан артпауы керек. Стерилизация 
тəртібі жəне өнімді одан əрі өңдеу, ыдыстарды əзірлеу жұмысы –
гомогенделген консервілер өндірісіндегі сияқты болып келеді. 


76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет