Технологиясы


 Қақталған шойыннан жасалатын құймалар өндірісі



Pdf көрінісі
бет34/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

5.5 Қақталған шойыннан жасалатын құймалар өндірісі


77 
Ақ шойыннан жасалатын құймаларды ұзақ суару арқылы қақталған 
шойынды алуға болады. Өңдеген кезде алынатын графит шағын үлпек тәрізді 
пішінге ие болады. 46-суретте ақ (a) және қақталған (б, в) шойындардың 
микроқұрылымы көрсетілген. 
Қақталған шойынды ҚШЗО-6, ҚШЗЗ-8, ҚШ35-10, ҚШ37-12 және т.б. 
таңбалайды (тек тоғыз белгі). Әріптер осы қорытпаның қақталған шойынға 
қатыстылығын көрсетеді, алғашқы екі сан уақытша кедергіні, екіншісі - бір 
немесе екі - салыстырмалы ұзындығын көрсетеді.
Қақталған шойынның жоғары уақытша кедергісі (300 ... 630 МПа), 
салыстырмалы ұзындығы (2...12%) және қаттылығы (HB 149 ... 269) болады; 
жоғары тозуға төзімділік және соқпа жүктемелеріне қарсылықты қамтамасыз 
етеді, кесу арқылы жақсы өңделеді. 
46-сурет. Ақ (a) және қақталған (б, в) шойындардың микроқұрылымы: 
1 - перлит, 2 -суаруграфитты; 3 - феррит; 4 – цементит 
Металдық салмақтық құрамы бойынша қақталатын шойын ферриттік 
(46-сурет, б) немесе перлиттік (сурет 46, в) болуы мүмкін. Соңғысының 
уақытша кедергісі жоғары болады, бірақ иілгіштігі төмен.
Қақталған 
щойыннан 
құймаларды 
өндіру 
технологиясының 
ерекшеліктерінің бірі - ақ шойынның - сұйықтай аққыштығы төмен болады. 
Бұл жұқа қабырғалы құйма өндірісінде құюдың жоғары температурасын 
қажет етеді. Ақ шойынның шөгуі сұр шойыннан гөрі әлдеқайда үлкен, 
сондықтан ақ шойын құймаларында молырақ шөгіндік қаяулар, кеуектілік 
және сызаттар пайда болады.
Құйма өндірісінде шойынды дуплекстік үдеріспен балқытады 
(вагранка + доғалық немесе индукциялық пеш), ол шойынды 1500 ... 1550 ° C 
температураға дейін қыздыруға және оның химиялық құрамын жеткізуге 
мүмкіндік береді. Суаруды азайту үшін ақ шойын алюминий, бор, висмутпен 
өзгертіледі. 
Ақ шойын құймаларын негізінен құмды қалыптарда, сондай-ақ 
қапталған қалыптарда және темір қорабыңда шығарады. 
Шөгіндік қаяулардың пайда болуына жол бермеу үшін балқытылған 
ақ шойын құйманың қалың орындарына қосылым арқылы апарылады (47-
сурет). Қосылымдарды жабдықтандыратын түйінге мүмкіндігінше жақын 
орнатылып, онымен қысқа бірақ өте кең арнамен қосылады. 
Тоңазытқыштарды жиі қолданады. Құюжол жүйелерде қожды ұстау үшін 
сүзгіш торлар орнатылады. 


78 
Құймалардағы сызаттардың пайда болуын ескерту үшін жоғары 
иілгіштік қасиеті бар қалыптық және өзекшелік қоспалар қолданылады.
Ақ шойынның төмен сұйықтай аққыштығы құйманың жоғары 
температурасын қажет етеді (1390 ... 1450 ° C), сондықтан қалыптау қоспасы 
қызуға төзімді және жоғары газ өткізгіштігі болуы қажет.
Құрылымсыз еркін цементиті жоқ шойынның түпкілікті құрылымын 
суарудан кейін алынады. 
Ферриттік құрылымды алу үшін құймаларды 950 ... 1000 °C (I аймақ) 
температурасына дейін баяу қыздырады (48-сурет) және ұзақ сақталады (II 
аймақ), сонымен бірге ақ шойынның цементиті аустенит пен графитке 
ыдырап кетеді. Кейін 740 ... 740 °C температураға дейін аралық 
салқындатылады (III аймақ), сол уақытта аустенит перлитке айналады. Кейін 
47-сурет. Қақталған шойыннан жасалған кронштейннің құю жол 
қалыбы: 1, 2 төменгі және жоғарғы жарты қалыбы; 3 - өзекше; 4 - кіріс; 5 – 
құю жол жүйесі 
740 ... 720 °C температурада (IV аймақ) ұсталған кезде перлиттің 
құрамына кіретін цементит, феррит пен суару көміртегін құрастырып 
ыдырайды, содан кейін «ақ үзіліс» қалыптасуын болдырмау үшін тез 
суытулуын (V аймақ) қамтамасыз етеді. Ферриттік қақталатын шойынды 
суару 22 ... 32 сағатқа созылады. 
Перлит құрылымын жасау үшін, ақ шойыннан жасалған құймаларды 
48, б суретте келтірілген режим бойынша қыздырады. Суару уақыты 17 ... 24 
сағ.
Қақталған шойыннан қабырғаның қалыңдығы 3 ... 50 мм, бірнеше 
граммнан 250 кг-ға дейін құймаларды автокөлік өнеркәсібі (доңғалақ 
күпшектері, кронштейндер, тұтқалар, дифференциалды қораптар, ілінісу 
қораптары және т.б.); ауылшаруашылық машина құрылысы (шасси 
бөлшектерін, қорап бөлшектерін, тұтқаларын, кронштейндерін) және басқа 
салаларға үшін дайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет