71
құймалық қасиеттерін жақсартады. Күкірт құймалардың жұқа бөліктерін
ағартады және сұйықтықты азайтады. Фосфор шойынға сынғыштық қасиетін
береді. Сондықтан сұр шойындағы күкірт пен фосфордың мөлшері ең
төменгі болуы керек. Салқындату жылдамдығының
көтерілуін құйманың
қалыңдығын азайту және құйма қалыптың жылу өткізгіштігін арттыру
арқылы қол жеткізіледі. Құйманың жұқа бөліктерінде графит кіші
қосылыстарымен перлиттың жоғары мөлшерлі ұсақ құрылысы пайда
болады, ол құйманың жоғары механикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Құйманың қалың бөліктерінде перлиттің аз мөлшердегі және ірі графит
қосындылары бар ірі түйіршікті құрылым пайда болады. Бұл аймақтардың
механикалық қасиеттері төмен.
Сұр шойынның механикалық қасиеттері легирлеумен,
өзгертумен
және термиялық өңдеу арқылы артады.
Балқытылған шойын легірленген кезде, қажетті химиялық құрамды
алу және қажетті механикалық және пайдалану қасиеттерін қамтамасыз ету
үшін қатты немесе балқытылған легирленген элементтер (никель, хром,
титан және т.б.) енгізіледі.
Шойын өзгерту кезінде құрастыраушы бөліктерді майдалау үшін және
оларды көлемде біркелкі тарату үшін модификаторлар (ферросицилий,
силико - кальций және т.б.) енгізіледі осымен құймалардың механикалық
қасиеттерін арттырады.
Сұр шойын қабырғасының қалыңдығы 3 ... 4 мм болатын құймалар
алуға мүмкіндік беретін жоғары сұйықтай аққыштыққа ие; шөгіндік қаяусыз,
кеуектілік пен жарықтарсыз құймаларды өндіруді қамтамасыз ететін, шағын
шөгуга ие (0,9 ... 1,3 %).
Қазіргі уақытта сұр шойынның 90%-ы вагранка пештерінде
балқытады. 41-суретте балқыту кезеңі ішінде
белгілі бір бөліктермен
(колошалармен) 1 салатын құрылғысы арқылы кокс және флюстармен
(әктаспен) баламалы түрде шихтаны тиейтін шахта 3 түрінде жабық типті
вагранка көрсетіледі. Жанармайдың (кокс, табиғи газдың) жануына арналған
4 фурмалық белдікпен және 7 фурма арқылы 450 ... 550° C-ға дейін
қыздырылған ауа-оттегі вагранкаға беріледі. Жанармай жану кезінде
шығарылған жылудың арқасында металдық шихта балқытылады.
Балқытылған шойын 5 астаушымен ішіндегі құю шөмішке шығарылады,
содан кейін құюға қалыптарға барады. Шойын балқытқыш газдары 2 іріктеу
түйін арқылы оларды кейіннен тазарту, жағып бітіру және қыздырғыштарда
қолдану үшін сорылады. Вагранканы 6 тірек құрылғыға орнатады. Мұндай
шойын балқытқыштарда балқу процесі толығымен автоматтандырылған.
Металдық шихта ретінде құйылатын
және қайта қолданылатын
домналық шойын, меншікті өндіріс қалдықтары, шойын және болатты
сыңықтары, ферро балқытпалар қолданылады.
Доғалық және индукциялық пештер сапалы сұр шойынды балқыту
үшін қолданылады.
72
Сұр шойыннан құйылған құймалардың басым саны құмды қалыптарда
құюға арналған. 42-суретте СШ15 шойыннан жасалған тежегіш қалыптың
құйма қалыптың сұлбасы келтірілген. Құмды қалыптағы
сұр шойыннан жасалған құймалар, әдетте, түсім табусыз алынады.
41-сурет. Газ тазартатын және үрлемені жылытатын жабық түрді
шойын балқытқыш
Темір қорамда сұр шойыннан жасалған құймаларды өндірген кезде,
құймалардың қатаюында салқындау жылдамдығының жоғары болуына
байланысты цементит шығу бастайды - ағартылма пайда болады.
Ағартқышты болдырмау үшін, темір қораптың
жұмыс бетіне төмен жылу
өткізбейтін қорғаныш жабындары қолданылады, темір қорамдар жұмыс
алдында қыздырылады және шойын өзгертіледі. Сонымен қатар,
құймалардағы ағартқышты жою үшін суаруға болады.
42-сурет. Сұр шойыннан жасалған тежегіш қалыптың құймалық
қалыбы: 1,2 - төменгі және жоғарғы жартылай форма; 3 - сүзгі торы; 4 -
құйма жол жүйесі
Айналу дене типті құймалар (құбырлар, гильзалар, төлкелер және т.б.)
ортадан тепкіш құю арқылы жасалады.
73
Сұр шойыннан құйылған құймалар білдек жасауда кеңінен қолдана
бастады:
білдектің тұғыры, таған, жылжыма, қысқұрылғы, сүмбілді
қысқыштар мен беріліс қорабының корпусы, сорғы корпусы, төлкелер,
астарлар және т.б.; автоөнеркәсіпте: цилиндрлі блоктар, гильзалар,
поршеньдік сақиналар, кронштейндер, картерлер,
тежегіш барабандар,
қақпақтар және т.б.; ауыр машина жасауда: тегершіктер, блоктар, белбеу-
тегермештер
және
т.б.;
электротехника
өнеркәсібінде:
электр
қозғалтқыштардың тұғырлары, мойынтіректер және фланецті қалқандар және
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: