12
3.
Топтар күрделігіне және олардың тағайындауына
байланысты құймаларды жіктеудіңмәні неде?
4.
Құю қалыбы дегеніміз не және оны қандай элементтер
түзеді?
5.
Құю қалыптары қандай топтарға бөлінеді? Қандай
қалыптар қандай топқа жататынын көрсетіңіз.
2 Құймалар өндірісінің физикалық негізі
2.1Құю қорытпаларының жіктелуі
Құймалар жасау үшін жоғарғы құю, механикалық және
пайдаланушылыққасиеттеріне
ие
арнаулы
құю
қорытпаларды
пайдаланады; қорытпаның қасиеттері,
құрамы және құрылымы дайын
бөлшектіңпайдаланупроцесінде өзгермейтін тұрақты болу керек, шамасы
келгенше қымбат компонентер саны минималдық болуы тиіс және т.б
Құю қорытпалардың әр түрлі жіктелу белгілері болады: химиялық
құрамы, металл құрылымы (негізі)
және олардың қасиеттері мен
тағайындаулары және т.б. Өндірістік жіктелуінде құю қорытпалары қара
және түсті қорытпалар деп бөлінеді. Қара қорытпаларға болаттар
(көміртектік және легирленген), шойындар (сұр, жоғары берікті, қақтауға
көнгіш және т.б.) жатады. Түсті қорытпалар ауыр- тығыздығы 5000кг/м
3
-
ден жоғарғы (мыс, никельді, мырышты және т.б)
және тығыздығы
5000кг/м
3
төмен жеңіл (литийлі, магнийлі, алюминді, титанды) деп
бөлінеді.
Құйылған бөлшектердің талап етілген механикалық және
пайдаланушылыққасиеттерінқамтамасыз
етуүшін
(беріктілікті,
қаттылықты,тозуға
төзімділікті,
қызуға
төзімділікті
және
т.б.)
қорытпаларға белгілі бір көлемде арнаулы қоспаларды қосады (легирлеу
компоненттер). Олардың қосылу
мөлшеріне қарай қорытпалар
төменлегирленген
(салмақтық
бойынша
2,5
%-ке
дейін),
орташалегирленген (2,5...10 %) және жоғарылегирленген (10 %-тен
жоғары) деп бөлінеді. Сонымен қатар құю қорытпаларда көп жағдайда
зиянды болатын тұрақты қоспалар болады (мысалы болаттармен
шойындарда күкірт және фосфор), және олардың болуын шектейді.
Достарыңызбен бөлісу: