Технологиясы



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

3.4 Құю жол жүйелері
Құю жол жүйелері – бұл балқыған металдар қалыптың қуысына 
келіп ағатын арналар жүйесі. Құю жол жүйесі құю қалпын қажетті 
жылдамдықпен толтыруын, шлактар мен басқада металды емес 
қоспаларды ұстап қалу, булардың және газдардың қалып қуысынан 
шығуы, қатып тұрған құймаға балқыған металлды үздіксіз беруді 
қамтамасыз етуітиіс. 
Гидродинамикалық белгісі бойынша тарылатын және кеңейтетін 
құю жол жүйелері болып бөлінеді.
Таратылатын құю жол жүйелері үшін тұрғыштың, шлакұстағыштың 
және қоректендіргіштің сіңгіріштің F
ст
˃ F
шл
˃ F
пт
көлденең қима 
аудандарының кезекті төмендеуі тән. Бұндай құю жүйенің балқымамен тез 
толтырылуын және шлакты жақсы ұстауды қамтамасыз етеді. Алайда 
қорытпа құю қалыптың қуысына жоғарғы сызықтық жылдамдықпен 
түседі, ол қорытпаның шашылуына және қышқылдануына, ауа ұстауына 
және қалыптарды бұзылуға әкеліп соқтырады. Бұндай құю жол жүйелері 
шойын құймалар дайындауда қолданады .
Кеңейтетін құю жол жүйелерінің тұрғыштың төменгі қимасы тар 
орны болып табылады: F
ст
< F
шл
< F
пт
. Бұндай құю жүйелерінде 
қорытпаның ағу жылдамдығы төмендейді, тұрғыштанқоректендіруге дейін 
нәтижесінде балқыған металл қалып қуысына баяу, аз шашыратып, аз 
қышқылдана және құю қалыптарының қабырғаларын бүлдірмей түседі. 
Бұл құю жол жүйелерін болат құймалар, алюминийден, магнийден және 
басқа жеңіл қышқылданатын балқымалардан құймалар жасауда 
қолданады. 

құймалардың 
қабырғаларының 
конфигурациясы 
мен 
қалыңдығына, құятын қорытпаның құрамына және оның қалып қуысына 
ағызу бағытына байланысты құю жол жүйелерін бүйірлі (сурет. 11, а), 
төменгі (сурет. 11, б) және жоғарғы (сурет. 11, в) деп бөледі 
Бүйірлі құю жол жүйесіүшін(сурет. 11, а)қоректену мен шлак 
ұстағыштар қалыптың көлденең жазықтық жалғағышта орналасқаны,
осындай орналасуы қалыптауға ыңғайлы болатыны тән болып табылады. 
Төменгі құю жол жүйелерінде (сурет 11, б) балқыма шашыратусыз, 
қышқылдаусыз және көбіктенусіз төменгі жақтан батқан деңгей астына 
түседі. Осылай орналасуы тез қышқылданатың қабық түзегіш 
балқымалардан құймалар жасағанда өте маңызды болады (алюминийлік, 
магнийлік және т.б.). 
Жоғарғы құю жолжүйелерінде (сурет11, в)барлық құю өту кезінде 
қорытпаның ыстық айнасы қамтамасыз етіледі, ол төменнен жоғары 


30 
бағытталған тұнуды қамтамасыз етеді. Бұндай құю жол жүйелері 
шойынды және болатты құймалардан жасағанда пайдаланады.
Құю жүйелерінің негізгі элементтері болып келесілер (сурет 11) 
табылады. 
Құю кесесі(шұңғыма)4 құю шөміштен ағатын балқыманың ағының 
қабылдауға және кесеге қорытпамен бірге түсетін шлакты ұстауға 
арналған. 
11-сурет.Балқытылған металды қалыптың қуысына жеткізу тәсілдері 
3 тұрғыш–құю кесесінен құю жол жүйелерінің басқа элементтеріне 
балқытпаны беретін тік арна. 
Жоғарғы 
жартылай 
формада 
көлденен 
орналасқан
шлакұстағыш,шлакты ұстауға және тұрғыштан қоректендіргіштерге 
балқытпаны беруге арналады.
1қоректендіргіштер 
- балқытпаны құю қалпының қуысына бірден 
беруге арналған арналар.Коректендіргіштер балқытпаның қалып қуысына 
бікелкі түсуін қамтамасыз ету керек. Әдетте қоректендіргіштер жартылай 
қалыптың төменгі бөлігінде орналасады.
6 итергіш қалып қуысынан газдарды шығару үшін, құю аяқталғанын 
хабарлайды, қалыпқа балқытпаның динамикалық қысымын төмендетеді, 
қатқылдануы кезінде қорытпамен құймаларды қоректендіруге мүмкіндік 
беру қызметтерін атқарады.
7 коллектор–құйманың әр түрлі бөліктеріне балқытпаны бағыттау 
үшін таратқыш арна. Оны қалып жалғағыш бойынша көлденең 
орналастырады. Ол әрқашан балқыған металдармен толып тұруы қажет.
Құю жол жүйесінің элементтер қимасың олардың (әдетінше тұрғыш, 
шлакұстағыш және қоректендіргіш арасындағы) арасындағы қатынасты 
анықтауға мүмкіндік беретін жуық есеп негізінде таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет