Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет4/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#129836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

3 - параграф. Айналып жүру жүйесі
268. ТМГҚ-да бұрғылау қондырғыларының айналып жүру жүйелері 1-кестеге сәйкес пайдалы көлемге ие.

1-кесте



Бұрғылау тереңдігі,

м


Бұрғылау қондырғысының типі

Айналып жүру жүйесінің пайдалы көлемі, м 3

2500

3000


4000

5000


6500

8000


БУ-2500

БУ-3000


БУ-4000

БУ-5000


БУ-6500

БУ-8000


90

120


150

180


240

300

Ұңғыманы бұрғылау кезінде айналымға қатысатын, ұңғыма көлемінен бір есе жуу сұйығының қоры, топырақ ұнтағының, химреагенттердің және ауырлатудың қоры қарастырылады; осы қорды жасау уақыты және оның көлемі ұңғыманы салуға жобада қарастырылады және геологиялық-техникалық нарядта және технологиялық регламентте көрсетілген.

269. Бұрғылау қондырғысының порталындағы айналып жүру жүйесі келесімен жабдықталады:

1) бұрғылаушының көру алаңында орнатылатын, құралды көрсететін, қабылдау ыдыстарындағы бұрғылау ерітіндісінің деңгейін бақылау жүйесімен;

2) ұңғымадан шығатын бұрғылау ерітіндісінде газдың болуы туралы тұрақты бақылау жүйесімен; газды пайда болуы туралы дабыл белгісі бұрғылаушы орнында және орталық басқару орнында орнатылады;

3) бұрғылау ерітіндісінде газдың пайда болуының алғашқы белгілерінде қосылатын, бұрғылау ерітіндісін газсыздандыру жүйесімен.

270. Айналып жүру жүйесінің ерітінді өткізгіш еңісі ұңғыма сағасынан бұрғылау ерітіндісінің өздігінен тазарту құрылғылары жағына ағуын қамтамасыз етеді.

271. Бұрғылау ерітіндісін қысу желісі, тіреу, шланг және жетекші құбыр сорғының шекті рұқсат етілген жұмыс қысымында тығыздаумен сыналады. Бұрғылау сорғысында жұмыс қысымынан 10-15 % асатын, қысымды ұлғайту үлкейген жағдайда іске қосылатын қысымды түсіретін қорғаныс құрылғысы және сорғы автоматты ажырату құрылғысы бар.

4 - параграф. Сусымалы материалдардың пневмокөлігі
272. Жиі аршуға ұшырайтын пневмокөлікті жүйенің құбырларының учаскелерінің құрамалары тез шешіледі, қымталған және оларды құрастыру, бөлшектеу және пайдалану кезінде ыңғайлылық пен жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы құрамалар тез қол жетімді жерлерде орналасқан.

273. Биіктікте орналасқан, пневмокөлік жүйесінің құбырларындағы бекіткіш арматураның орналасу орындары жақтаулы қоршауларымен және жолдарымен (басқыштармен) қызмет көрсету алаңдарымен жабдықталады.

274. Сақтау бункерлерінің, бункер – өлшегіштердің және түсіру бункерлерінің түбі ауалау құрылғыларымен жабдықталады.

275. Сақтау бункерлерінде, бункер-өлшегіштерде және түсіру бункерлерінде тез ашылатын люк-лаздар қарастырылады.

276. Люк-лаздың қақпағында тығыздау және ашық күйде бекітіп ұстайтын құрылғы бар.

277. Сақтау бункерлерін, буркер-өлшегіштерді және түсіру бункерлеріне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану үшін люк-лаздан бункер түбіне апаратын жолдар орнатылады.

278. Пневмокөлік жүйесінің құбырларында өнімнің немесе ауаның қозғалыс бағыты көрсетіледі.

279. Пневмокөлік жүйесінің құбырларында ұнтақ тәрізді материалдың бөлінуі және тығынның қалыптасуы мүмкін орындарда қысылған ауаны өткізумен үрлеу қақпақтары орнатылады.

Үрлеу қақпағының корпусының ішінде ауалау құрылғысы орнатылады.

280. Цементті беру және өңделген ауаны әкететін құбырлардың жүйесі құбырлардың бітелуінің алдын алу үшін бұрғылау ерітіндісіне цементтің пайда болуын болдырмау үшін жұмыстар аяқталғаннан кейін ауамен үрлеу мүмкіндігіне ие.

281. Циклондардан өңделген ауаны шығару төменгі қабаттың төсемі астындағы желдің бағытына байланысты ТМГҚ қарама қарсы жақтарының біреуінен жүргізіледі.

282. Пневмокөлік жүйесінің компрессорлы қондырғысы компрессорды авариядан қорғауды, электр қозғалтқышын өшіруді және бір мезетте жарық және дыбыстық дабыл белгілерін беруді қамтамасыз ететін автоматика жүйесімен жабдықталады.



7 - бөлім. Жүзетін бұрғылау қондырғысын (ЖБҚ) пайдалануға қойылатын талаптар

1 - тарау. Жалпы талаптар
283. ЖБҚ құрылымы тасымалдау, берілген нүктеде орналастыру және пайдалану кезіндегі жүктемеге есептеледі.

284. ЖБҚ мөлшері, бұтадағы ұңғымалар саны, ұңғымалар арасындағы қашықтық және олардың өзара орналасуы осы Талаптарды, экономикалық факторларды, кен орнының геологиялық құрылысын, ұңғыманы бұрғылаудың, мұнай мен газды өңдеудің және гидротехникалық құрылыстардың құрылысының техникасы мен технологиясының қол жеткізген деңгейін, мүмкін болатын қиындықтарды сәтті жою үшін жағдайларды, ұңғымаларды ары қарай пайдалану және жөндеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жеке кен орнын игеру үшін жобамен анықталады.

285. Көп қабатты ЖБҚ құрылымы пайдалану ұңғымаларының сағаларын және пайдалану кешенінің жабдығын платформаның төменгі қабатында, ал бұрғылау ұңғымаларының сағаларын платформаның жоғарғы қабатында орналасуын қамтамасыз етеді.

286. ЖБҚ қондырғы шегінде жүктер мен жабдықтың алмасуы бойынша көтеру-тасымалдау үрдістерінің механикаландыруын қамтамасыз ететін машиналардың, механизмдердің және құрылғылардың (көпірлі, оқты, консольды-бұратын крандар) кешенімен жабдықталады.

287. Жобадан ауытқулар мен шегінулер жобалау ұйымымен және сәйкес уәкілетті органдармен келісіледі.

288. Мұнара асты портал механизмдер мен жабдықтарға қызмет көрсетуші персоналды шығаруға қарастырылған жолдармен де қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етумен орналастырылады.

289. ЖБҚ-да кез келген бағыттағы жел кезінде кемелерге адамдарды отырғызу және түсіру мүмкіндігі ескеріле отырып орналасқан, кем дегенде төрт отырғызу алаңдары бар.

290. Құрылым отырғызу және жағалаудағы алаңдардың ауқымынан асатын, консольды алаңдарға ие.

291. Шабатын біліктердің құрылымы отырғызу алаңдарына арқандап байлайтын кемелердің жүктемесін берместен жобаланады.

Шабатын біліктер қызмет көрсетуші кемелері айлақтаған кезде пайда болатын соққыларды жұмсартатын, жұмсартқыш құрылғыларына ие.

292. Байлайтын құрылғылардың құрылымы пайдалану кезінде қарастырылатын, неғұрлым су ығыстырғыш кемелерді байлауды қамтамасыз етеді.

ЖБҚ-да байлайтын құрылғыларды орналастыру қызмет көрсету ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

293. ЖБҚ әрбір қабаттың өлшемі бойынша еденнен төмендегі биіктігі 150 мм беткейімен биіктігі 1,2 м кем емес қауіпсіз қоршауға ие.

294. Төсемде қарастырылатын ойықтар мен тесіктер қоршалады және люктер бар.

295. ЖБҚ тіреу блогының құрылымы жоғарғы бөлігінде металл құрылымдарын суға түсіргеннен кейін тік жағдайға келтіру үшін қосымша понтондарға және тік жағдайға ауыстыру (оларды қалқып тасымалдау кезінде) және берілген нүктеде топырақта орнату мақсатында төменгі секциялардың көлемін сумен толтыру үшін құрылғыға ие.

296. Зауыт жағдайында құрастырылатын немесе ЖБҚ құрылысы кезінде орнатылатын ұңғыманың суды бөлетін бағаналары тігінен 30º көп емес ауытқуға ие.

Тексеру орталықтандырылған еңіс өлшегіштермен жүзеге асырылады.

297. Әрбір қабатта ағатын сұйықтарды жинау үшін төсем қарастырылады. Төсемде биіктігі 150 мм, платформаның барлық өлшемі бойынша жиектеу бар.

298. Порталдың мұнара асты бөлігінің төсемі ағаштан жасалады және ағындарды әкету және өнеркәсіп ағындарының блогы бар.

299. Бұрғылау және пайдалану ұңғымаларының оқпандарының, шыңырау құбырларының және алаң төсемімен бұрғылау құбырларын ауырлатуға арналған кассеталардың түйіндесу орындары қымталады.

300. Роторда жұмыс алағының төсемінде бұрғылау ерітіндісін шашыратуға қарсы құрылғы, шлангаға қарсы тесік қарастырылады. Тесік шешілетін қақпақпен жабылады.

301. ЖБҚ металл құрылымдары және блок-модульдер кранды-құрастыру кемесінің (әрі қарай - КҚК) палубасына немесе тіркелетін жүзу құралына бекіту үшін құрылғылармен жабдықталады.

302. Блок-модульдердің салмақтық сипаттамасы ЖБҚ құрылысы үшін қарастырылған, КҚК жүк көтерімділігін ескере отырып орналастырылады.

303. Жеке блок-модульдің құрамында технологиялық құбырлар және желілер қарастырылады.

304. Блок-модульдердің құбырларында тез шешілетін құрамалар бар.

305. Жеке блок-модульдердің түйісу орындары теңіздің ЖБҚ пайдалану кезінде бұрғыланған жыныспен, сусымалы материалдармен, мұнай және мұнай өнімдерімен ластануын жоққа шығарады.

306. Құрылым қондырғының жоғарғы құрылысының бұрғылау блок-модульдерін бөлшектеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, тез құрастырылады (бөлшектенеді), ЖБҚ-да орналасқан жүк көтергіш құралдарының көмегімен технологиялық жабдықты алмастыруды мүмкін етеді.

307. Блок-модульдердің құрылымы блок-модульде құрастырылған, жабдықтар мен желілерді созу кезінде арқанның ұзындығы арқандармен соқтығысу мүмкіндігін жоққа шығаратындай болатын арқанды бекіту құрылғыларын орналастыратын орындарға ие.



2 - тарау. ЖБҚ тасымалдау, орнату және шешу
308. Құрылыс нүктесінде ЖБҚ тірек блоктарын орнату бойынша жұмыстар күндізгі уақытта жүргізіледі.

Тірек блоктарын орнатуға жол берілетін метеожағдайлар ЖБҚ жобасында ескеріледі.

309. ЖБҚ жоғарғы құрылысы бір мезетте ұңғымаларды бұрғылауды және пайдалануды қамтамасыз ететін жабдығымен блок-модульді, тұрғылықты, қызметтік және тазалық бөлмелер блогы мен тікұшақ алаңын қамтамасыз ететін жабдықпен жобаға сәйкес келеді.

Жобамен қарастырылмаған жабдықты құрастыруға жол берілмейді.

310. Тіреу блогының жоғарғы бөлігінің құрылымында жүк асып қоятын арқандарды, және оларға өтетін жерлерді бекітуге арналған құрылғылар қарастырылады. Арқандар тіреу блогын тасымалдау жұмыстары басталғанға дейін бекітіледі.

311. Тіреу блогын байлау жүйесі құрылыс нүктесіне орнату кезінде қайта байлау қажеттілігін жоққа шығарады.

312. Тіреу блогын түсіру кезінде тасымалданатын жүзу құралында адамдардың болуына жол берілмейді.

313. Тіреу блогы жүзуде тасымалданатын көлденең жағдайдан тік жағдайға қызмет көрсету кемелерін жобада көрсетілген қауіпсіз қашықтыққа әкеткеннен кейін ауыстырылады.

314. Блок аяғының секциясында балласт қабылдауды басқару КҚК беткейінен қашықтықтан басқарумен қамтамасыз етіледі.

315. ЖБҚ тіреу блоктарының жоғарғы бөліктері бір біріне қатысты бір көлденең жазықтықта орнатылады.

316. Тіреу блогының арқанын шешу оны құрылыс нүктесінде орнатқаннан және оның жоғарғы бөлігінің көлденеңдігін қамтамасыз еткеннен кейін жүргізіледі.

317. Қосымша понтондарды бөлшектеу және блоктың жоғарғы панелінің элементтерін бойлай су асты бөлігінің көтергіш құрылымын құрастыру үшін биіктігі 1 м бір жақты жақтаулы қоршаумен құрастыру тұрғысы қарастырылады.

318. Тіреу блогын бекіту бағаналы жабдықпен жабдықталған, КҚК жүзеге асырылады.

319. Тіреу блоктарын нүктеде орнатқаннан кейін, металл құрылымдарының мүмкін болатын өзгерулерін анықтау бойынша құрылыстарға су асты қарау жүргізіледі.

320. ЖБҚ қабылдау бұрғылау жабдығын және технологиялық кешенді құрастырғаннан және сынағаннан кейін қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.

3 - тарау. Ұңғыманың су асты сағасы
321. Ұңғыманың жер асты сағасын қалыптастыру жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі. Жоспар теңіз түбінің жағдайын, бұрғылау тақтасының, бағыттайтын негіздеменің, түсірілетін обсадты бағананың типі мен түсіру әдісінің және қондырғысын және дайындаушы құралын ескереді.

322. Ұңғыма сағасын қалыптастыру бойынша дайындау жұмыстары басталғанға дейін бұрғылау қондырғысының жетекшісі жұмыстың негізгі технологиялық ерекшеліктері бойынша, ұңғыманың су асты сағасын қалыптастыру, және ЖБҚ бұрғылау кешенін қауіпсіз пайдалану бойынша ЖБҚ персоналына нұсқаулық жүргізеді.

Жүргізілген нұсқаулық журналда жазумен тіркеледі.

323. ЖБҚ жетекшісі бұрғылау кешенінің жабдығының, қосымша жабдықтың, құралдың жұмысқа дайындығы туралы сәйкес орындаушылардың баяндамалары негізінде ұңғыманың жер асты сағасының қалыптасуына ЖБҚ-ның дайындығы туралы шешім қабылдайды.

324. ЖБҚ жетекшісінің ұңғыманың су асты сағасын қалыптастыру бойынша жұмыстың басталғандығы туралы нұсқаулық кемелік және бұрғылау журналдарында көрсетіледі.

Бұрғылау нүктесінде ЖБҚ тұрақтандырусыз (бағдарсыз) ұңғыма сағасын қалыптастыру бойынша жұмыстарға жол берілмейді.

325. ЖБҚ-да тіреу блогын түсіруге ЖБҚ тік алмасуы 1,5 м көп емес кезде жол беріледі.

326. Дәнекер алаңдарының жармасында тіреу тақтасын орнатуды тақта ортасын түсірілетін құралдың білігімен (ротордың ортасымен) түйістіріп жүргізу керек.

327. Дәнекер алаңдарының жармасында олардың ауысуы кезінде персоналдың болуына жол берілмейді. Персонал қоршаудан тыс шығарылады.

328. Превенторлы (дәнекер) алаңдағы жұмыстар құтқару күртешелерінде жүргізіледі.

329. Тіреу тақтасын 3 градустан көп емес еңіспен теңіз түбінің бірдей беткейіне орнатады.

330. Топыраққа тіреу тақтасын отырғызуды тақтаның бір қалыпты отырғызуын және соққының алдын алуды қамтамасыз ету үшін шайқалыс компенсаторын қолданумен жүргізеді.

331. Су асты тастамаға қарсы жабдығының (ары қарай - ТҚЖ) блогын құрастыру ұңғыма сағасын орап байлау сызбасы бойынша ППВО блогын құрастыру және пайдалану бойынша құралға сәйкес жүргізіледі.

ЖҚБ-да ТҚЖ блогын құрастыру және пайдалану бойынша технологиялық регламент жасалады.

332. ТҚЖ басқару шлангасыммен даңғыраны қосу алдында даңғыраны гидрокүшейткіш қондырғымен байланыстыратын, даңғырадан шланганың біріктіру қорабын ажыратады.

333. ТҚЖ блогын және теңіз бағанын түсіруді ЖҚБ 1,5 м көп емес тік ауысуы кезінде жүргізеді.

334. ТҚЖ-мен теңіз бағанын түсіру және ұңғыма сағасына жинақты отырғызу үшін бұрғылау бағанасының компенсаторын қолдану кезінде компенсатор алдын ала теңіз бағанының 80 - 90 % салмағын ұстауға реттеледі.

335. ТҚЖ блогын 8-10 м арқылы түсіру кезінде тұншықтыру және кедергі желілеріне немесе коллектор арқанына қамыттардың көмегімен басқару шлангосымдарын бекітуді жүргізеді.

336. Теңіз бағанын түсіру кезінде ТҚЖ тығыздау қысымына әрбір секцияны арттырғаннан кейін тұншықтыру және кедергі желілерін тығыздауды жүргізеді.

337. Ұңғыманың су асты сағасына ТҚЖ отырғызуды үрдісті су асты телевизиялық камераның көмегімен бақылай отырып, бұрғылау бағанасының компенсаторы қосылған жағдайда жүргізеді.

338. Су асты телевизиялық бақылау жүйесін басқару блогының барлық шығатын электр құрамалары шекті түрде механикалық зақымданулардан қорғалады, ал электр сымы – ысқыланудан қорғалады.

339. Су асты телевизиялық жүйенің құрама бөліктерін тексеру кезінде кернеудегі сым құрамаларын қосуға немесе ажыратуға, судан тыс шамды қосуға жол берілмейді.

340. ТҚЖ-тан теңіз бағанын түсіргеннен кейін және дивертор корпусын ерітінді өткізгішпен қосқаннан кейін қымталу тексеріледі.

341. ТҚЖ-тың ұңғыма сағасымен түйісу сенімділігін тексеруді ТҚЖ құрастыру және пайдалану бойынша басшылыққа сәйкес жүргізеді.

342. Теңіз бағанының, ТҚЖ блогының құрамаларына су астында көзбен шолып бақылауды су асты телекамерасының көмегімен жүзеге асыру.

4 - тарау. Бұрғылау кемелерін (БК) пайдалану кезіндегі

қосымша талаптар
343. Бұрғылау кемесін (әрі қарай - БК) жаңа нүктеге өткізуге дайындау кезінде келесіні қарастырады:

БК нүктеден шығару және бұрғылау нүктесіне қою жоспары;

отынның, судың қорын, тағам мен қажетті материалдардың шығыс қорын қабылдау;

гидрометеорологиялық қызмет көрсетуге тапсырыс;

мұзды оюды сүйемелдеуге тапсырыс (қажет болған жағдайда);

кемежайға кіру құқығына тапсырыс (қажет болған жағдайда);

өту жол бағытын қарау, карталардың, лоцияның және навигациялық құралдардың жинағы болу;

кеме жабдығының, құрылғылар мен БК жүйесінің болуын, дайындығы мен дұрыстығын тексеру;

бұрғылау және технологиялық жабдықтың, құралдардың, құрылғылардың және материалдардың дайындығы мен дұрыстығын тексеру;

компенсаторымен білікті блокты төменгі жағдайға келтіру және бекіту;

кеменің шайқалуы кезінде ауысуын болдырмау үшін білікті йенің элементтерін және құбырды беру үшін құрылғыларды бекітеді;

жабдықтың ығысуының алдын алу үшін шаралар қабылдайды.

344. БК бұрғылау нүктесіне жеткізу жоспары келесіні қамтиды:

бұрғылау нүктесінің координаты;

қою аймағындағы гидрометеорологиялық жағдайлар;

инженерлік-геологиялық жағдайлар, теңіз түбінің жағдайы, БК қауіп туғызатын сымдардың, құбырлардың және объектілердің болмауы.

345. Санының өзгеруін және қорлар мен технологиялық материалдарды орналастыруды есепке алу, кеме өксігін бақылауды капитанның вахталық көмекшісі жүзеге асырады.

346. Кемеде үнемі келесі мәліметтер тіркеледі және бақыланады:

теңіз тереңдігі;

желдің жылдамдығы мен бағыты;

беткейлі, кильді және тік шайқалыстың өлшемі;

ақтару (тік білікті айнала айналу);

көлденең ығысу;

кеменің шөгуі;

теңіз бағанының еңіс бұрышы;

толқын биіктігі;

ағыс жылдамдығы.

347. Бұрғылау және технологиялық операцияларды орындау кезінде бұрғылаушы ұңғымада кеменің орналасу жағдайына, кеменің көлденең ауысуларына және теңіз бағанының еңіс бұрышына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

348. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу БК пайдалану бойынша технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

349. Жеке технологиялық операцияларды орындауға және бұрғылау жабдығын пайдалануға шектеулерді қолдануға рұқсат, ауа райы жағдайлары бойынша бұрғылауды тоқтату және теңіз бағанын ажырату туралы нұсқаулар технологиялық регламентке сәйкес бұрғылау қондырғысының басшысымен беріледі.

350. Теңіз бен желдің толқыны күшейген кезде, технологиялық регламентте белгіленген шектен тыс шығатын бұрғылау нүктесінен кеменің ауысуы кезінде, ауытқыған мұзды алаңдар пайда болған жағдайда бұрғылау тоқтатылады және бұрғылау құралын ұңғымаға қайта енгізуді немесе БК нүктеге қайтаруды қамтамасыз ететін, шараларды орындаумен, БК кету үшін сағадан теңіз бағанын ажырату жүргізіледі және бұрғылау тоқтатылады.

351. Бұрғылау кезінде қабатты қысымдарды болжау және анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

352. ГМСК алғашқы белгілері кезінде ұңғыма сағасы қымталады және ұңғыманы бітеу бойынша шаралар қабылданады.

БК басшысы болған оқиға жайлы капитанға және ұйым басшысына хабарлайды.

353. Кемеде барақ иттердің қалыптасу мүмкіндігіне бақылау ұйымдастырылады. БК орналасу ауданында барақ иттердің пайда болуы және БК үшін қауіп туған жағдайда капитан бұрғылау қондырғысының басшысымен бірге БК-нің бұрғылау нүктесінен кетуі үшін шаралар қабылдайды.

Сағадан ажырату және ұңғыманы қымтау бойынша жұмыстарды БК басшысы басқарады.

354. Ұңғымамен қалыптан тыс жоғары қабатты қысыммен қабаттар немесе тиімді деңгей жиектер ашылған жағдайға ұңғыманың су асты сағасынан кету қажет болған жағдайда, ұңғыма сағасын қымтауды бұрғылау құралы соңғы обсадты бағананың кебісінде болған жағдайда жүргізеді.

8 - бөлім. Геофизикалық операциялар

1 - тарау. Геофизикалық зерттеулер
355. Тиімді қабатты ашқан, ұңғымадағы шегенді сымның көмегімен операциялар бір майланған қақпақтан кем емес лубрикаторды қолданумен жүргізіледі.

356. Лубрикатор ұңғыма сағасына күтілетін, шекті мүмкін болатын қысымға тығыздалады.

357. Геофизикалық зерттеулер үшін қолданылатын, радиобелсенді материалдарды сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

358. Радиобелсенді материалдар қорғалған, жеке тұрған, қымталған және батпайтын контейнерлерде сақталады.



359. Зерттеулер үшін жобаға, технологиялық регламентке сәйкес радиобелсенді заттар (ары қарай - РЗ) және ионды сәулелену көздері қолданылады.

360. Ұңғымаларда (алаңдарда) радиобелсенді изотоптарды қолданумен зерттеулер жүргізу кезінде технологиялық регламентке сәйкес алынатын флюидтің радиобелсенділігін бақылау жүзеге асырылады.

2 - тарау. Атқылау-жару жұмыстары
361. Жарылыс заттарын тасымалдау, сақтау және пайдалану Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген, Жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

362. Жарылыс заттарын қолданумен қызмет түрлеріне Мердігермен технологиялық регламентпен жасалады.

363. Бағананы перфорациялау бойынша жұмыстар өндірісі атқымаға қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Қабатқа жабығумен перфорацияға сәйкес қысымға атқыма арматурасының және сәйкес саға орамына бекітілген және тығыздалған кезде жол беріледі.

364. Жазалаумен перфорацияға ТҚЖ немесе перфораторлы ысырманы және лубрикаторды қолданумен жол беріледі. Ұңғыманы жаншу үшін құрылыста ұңғыманың екі есе көлемінен кем емес, бұрғылау ерітіндісінің қоры сақталады.

365. Алаңдарда орнатылған, ауыспалы контейнерлерде ату-жару жұмыстарын жүргізу уақытына теңіз қондырғысында жарылыс материалдарын уақытша сақтауға жол беріледі. Алаң апаттық жағдай немесе өрт кезінде теңізге контейнерлерді апаттық лақтыру үшін құралдармен жабдықталады.

9 - бөлім. Ұңғымаларды сынау және қарқындату

1 - тарау. Ашық оқпанда және бағанада сынау
366. Күкіртсутегі бар ұңғымаларды сынау кезінде жұмысты ұйымдастыру жоспары (әрі қарай - ЖҰЖ) жасалады.

367. Ұңғыманың отырғызылмаған және отырғызылған оқпандарын сынау кезінде Жұмысты ұйымдастыру жоспарының құрамдық бөлігі болып табылатын жұмыстар технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

368. Қабатты сынағышпен немесе кейіннен ағынды шақырумен бағананы перфорациялаумен ұңғыманы іске қосу күндізгі уақытта жүргізіледі. Құйылуға зерттеудің қалған бөлігі жеткілікті жарықтандырылу болған жағдайда қараңғы уақытта болуы мүмкін.

369. Сағалы жабдық, ТҚЖ, бекіткіш арматура, манифольдты блок, штуцерлі батарея, лақтыру желілері, сепараторлар және байлау элементтері күтілетін сағалы қысымға тығыздалады.

370. Атқылайтын ұңғыманың жұмысын бақылау үшін құбырдан тыс және құбыр кеңістігінде манометрлер, және қабатты флюидтің шығысын көрсететін құралдар орнатылады.

371. Ұңғыманың сағалы байлауының қатуының алдын алу үшін қатты аяз кезеңінде, қатудың жоғарғы температурасымен мұнайды өндіру немесе газконденсатты ұңғымалардың өнімінде көп мөлшердегі судың болуы кезеңінде ұңғымаларды қыздыру бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі. Ашық жалынды қолдануға жол берілмейді.



2 - тарау. Ұңғымаларды қарқындату
372. Қарқындату бойынша операциялар кезінде қолданылатын жабдық (гидроажырау, қышқылды өңдеу) технологиялық регламентке сәйкес қолданылады.

373. Қысыммен жұмыс істейтін жабдық жоспарланған жұмыстар үшін күтілетін, жұмыс қысымынан шекті асатын қысыммен тексеріледі.


3 - тарау. Қысымды ұлғайту ұңғымалары
374. Қысымды ұлғайту құбырлардың обсадты бағаналарымен қамтамасыз етіледі және жобаға сәйкес цементтеледі.

375. Ұңғыма сағасы ұңғыманың шегелеу кеңістігі үшін жеке, қысымды реттеу ысырмаларымен жабдықталады.

376. Обсадты бағана, лифтілі бағана желісі және қабатқа қысымды ұлғайту өтетін пакер шекті рұқсат етілген қысымға тығыздаудан өтеді.

377. Қысымды ұлғайтуды және жеке қысымды ұлғайту жүйесінің дебитін бақылау журналда жазыла отырып, айына бір реттен кем емес жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет