2 - тарау. Бұрғылау ерітіндісіне арналған материалдар
574. Персоналмен бұрғылау материалдарын, бұрғылау ерітіндісін, қоспаларды, химиялық, зиянды заттарды қолдану алдында қауіпсіз жұмыс жүргізу, аталған материалдарды қолдану және орналастыру бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Персонал әлеуеттік қауіптілік туралы ақпаратпен қамтамасыз етіледі және қажетті ЖҚҚ бар.
575. Зиянды химиялық заттар тұтану қаупінің алдын алу үшін басқа химиялық заттардан, және бір бірінен алыстатылады.
576. Қауіпті учаскелерде немесе олардың жанында графикалық орындалудағы ескерту белгілері немесе сәйкес зиянды жағдайларды көрсететін, жұмыс тілінде ілінеді.
577. Персонал бар объектіде алғашқы медициналық көмек пунктінде объектіде қолданылатын қауіпті химиялық заттардың тізімі, және теріге, көзге және ас қорыту мен дем алу органдарына түскен кезде олардың әсерін бейтараптау үшін дәрі-дәрмектер бар.
578. Химиялық реагенттермен өңдеу, дайындау, бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін ауырлату және реттеу жүйесі механикаландырылған және автоматтандырылған.
579. Шығарылған жыныс ұңғыманы салуға жобаға және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес пайдаға асырылады.
580. Ұнтақ тәрізді материалдарды (саз ұнтақ, цемент, химреагенттер) қолдану үшін пневмокөлік үшін құрылғыларымен қымталған жабдық орнатылады.
581. Мұнай газ көрінулері кезінде газсыздандырылған сұйық штуцерлі батарея арқылы сепарация және газсыздандыру жүйесіне түседі. Сепарацияланған газ шамшыраққа жіберіледі, ал сұйық – айналма жүйесіне жіберіледі, ол жерде өңделеді және қажетті көрсеткіштерге дейін жеткізіледі.
14 - бөлім. Су асты өндірістік жабдықтың және құбыр желісінің құрылымы, пайдалану, жөндеу және бөлшектеу
1 - тарау. Жалпы талаптар
582. су асты құбыр жолдары мен кәбілдерін салу, тарту және пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 901 қаулысымен бекітілген, «Суасты құбыр» жолдары мен кәбiлдерiн салу, тарту және пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау ережелеріне» сәйкес жүргізеді.
583. Күкіртсутегі және меркаптан бар мұнайды тасымалдау үшін жер асты құбыр жолдарын салуға, төсеуге және пайдалануға жоба келесі саладағы уәкілетті органдармен келісуге жатады:
қоршаған ортаны қорғау;
халықтың тазалық-індетті саулығы;
өнеркәсіптік қауіпсіздік;
су қорын пайдалану және қорғау;
көлік және коммуникация;
жануарлар әлемін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану.
584. Салу және пайдалану кезінде су астындағы объектілерді бойлай әрбір жағынан 100 м су асты объектілерінің шеткі жіптерінің білігінен кететін, екі паралельді жазықтықтар арасында алынған, су бетінен түбіне дейінгі су кеңістігінің учаскесі түрінде қорғаныс аймағы енгізіледі.
585. Бірнеше кемелердің су асты объектілерін салу, төсеу немесе жөндеуге қатысу кезінде су асты объектілерін салуды, төсеуді немесе жөндеуді жүзеге асыратын ұйым жұмысты жалпы басқару үшін капитан-тәлімгер бөлінеді.
586. Су асты объектілерін салуға, төсеуге немесе жөндеуге қатысатын кемелер, және жағалаудағы базалар арасында үзіліссіз радиотелефонды немесе спутниктік байланыс орнатылады.
587. Су асты объектілерін салу, төсеу және пайдалануды жүзеге асыратын ұйым, оны алаңында тікұшаққа қызмет көрсету болған жағдайда, өз құрылымына тікұшақты отырғызу және ұшыруға қызмет көрсететін штаттық қызметкерді енгізеді.
588. Теңіз толқыны үш баллдан артық болған жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсету алаңында отырғызу, түсіруге жол берілмейді.
Адамдарды отырғызу және түсіру кеме капитанының командасы бойынша жүргізіледі.
589. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсету алаңдарынан немесе кемеден сүңгуір түсулерін жүргізу кезінде келесі жұмыстарға жол берілмейді:
қызмет көрсету алаңдарына бөтен кемелерді арқандап байлау;
заттарды беткейден тыс лақтыруға;
кемелерден крандардың тиеу-түсіру жұмыстары;
сүңгуір порттарында бөтен заттар мен жабдықтардың орналасуы.
590. Суасты техникалық жұмыстарға алғаш рет жіберілетін сүңгуірлер бір жыл бойы су асты объектілерін салу, төсеу немесе пайдалануды жүзеге асыратын, объект басшысының бұйрығымен тағайындалатын, тәжірибелі сүңгуірлердің тікелей бақылауында жұмыс істейді.
2 - тарау. Жолды дайындау
591. Су асты объектілері Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 212 Жер кодексінің және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес, берілген ауданда су асты объектілерін және олардың желілерін, болашақты тереңдікті қазу жұмыстары орнындағы су ортасының режиміне әсер ететін, әрекеттегі және жобаланатын гидротехникалық құрылыстарды ескере отырып, гидрогеологиялық, метеорологиялық, инженерлі-геологиялық мәліметтер мен топографикалық зерттеулер негізінде жобаланады.
592. Су асты объектілерін төсеу жобалауға техникалық тапсырманы, шарттарды ескере отырып, теңіз түбіне (өзен, арна) тереңге түсумен жүргізіледі. Ұсақ суларда су асты объектілері кеме қатынасының қауіпсіздігін, балық аулау тиімділігін және балықтарды мекендеуі мен ауысуына табиғи экологиялық жағдайды қамтамасыз ететін белгіге дейін тереңге түсіріледі.
593. Су асты объектілерін салу кезінде үрдісті адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз жағдайға қауіпсіз ауыстыру немесе тоқтатуды қамтамасыз ететін, жарылысқа қауіпті ортаның және өзге апаттық жағдайлардың пайда болуының алдын алатын автоматты апаттық қорғаныс жүйелері қарастырылады.
594. Жобада төтенше және апаттық жағдайларда, және алдын алу және жөндеу жұмыстары кезінде су асты құбыр жолдарының және олардың жеке учаскелерінің бекіткіш арматурасын кедергісіз ажырату мүмкіндігі ескеріледі.
595. Су асты объектілерін салу және төсеу кезінде, ақпаратты құбыр төсейтін кемеге бере отырып, жартылай тәуліктік, тәуліктік және үш тәуліктік ауа райы болжамы негізінде жұмыстар жүргізу аймағындағы метеорологиялық жағдайлардың мониторингі жүзеге асырылады.
596. Осы климаттық аудандағы, жұмыстар тоқтатылатын немесе жұмыста үзілістер ұйымдастырылатын сыртқы ауаның температурасы, желдің жылдамдығының шекті мәні, аварияны болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес су асты объектілерін салу және төсеуді жүзеге асыратын, объект басшысымен белгіленеді.
597. Су асты объектілерін төсеу жолының түсін құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге кедергі келтіретін объектілердің бар-жоғына тексеру ені 20 м кем емес учаскеде жүргізіледі (белгіленген жолдан әр жағынан 10 м-ден).
598. Түбіндегі қалдықтарды дірілдеп нығыздау бойынша жұмыстар жүргізу кезінде су астына сүңгуірдің түсуі жүргізілмейді. Түбіндегі қалдықтарды нығыздау учаскесін қарау дірілмен нығыздау агрегаты тоқталғаннан кейін орындалады.
599. Су асты объектілерін салу және төсеу кезінде қолданылатын жабдық олардың қауіпсіз пайдалануын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін реттеу, одақтасу құралдарымен жабдықталады.
600. Су асты құбырларын балласт және бекіту бойынша жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру және технологиясы құрылыс жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
3 - тарау. Құбыр жолдарын сынау
601. Құбыр жолдары пайдалануға берілгенге дейін сыртқы қараудан және беріктікке сынамадан, қымталуға тексеруден өтеді. Әрбір құбыр үшін сынама түрі және сынау қысымдарының көлемі жұмысты ұйымдастыру жобасында көрсетіледі.
602. Жұмыстар толық аяқталғанға және құбыр қуысын тазалау нәтижелері туралы актіге қол қойылғанға дейін құбырларға сынама жүргізуге жол берілмейді.
603. Құбырларды сынау жобаға және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
604. Құбырларды сынау тығыздау үшін жұмыс реагентін дер кезінде беру және оны дұрыс пайдалану үшін жауапты тұлғалардың басшылық етуімен орындалады.
605. Құбырларды сынау гидравликалық (сумен, қатпайтын сұйықтармен) немесе пневматикалық (ауамен, табиғи газбен) әдістермен жүргізіледі.
606. Табиғи газ құбырлары үшін сынақты қолдануға жол берілмейді.
607. Құбырдың сынауға түсетін учаскесі аралас учаскелерден ажыратылады және тіреу эстакадасына жобалық жағдайға орналасқан.
608. Су асты мұнай газ өткізгіштерге сынама жүргізу орны мен уақыты алдын ала ұйымның диспетчерлік қызметі мен кеме жүргізушілерді құлақтандыру үшін флоттың гидрографикалық қызметіне хабарланады. Сынама алдында жақында жатқан жерлердің халқы құлақтандырылады.
609. Сынама ортасын қолданумен барлық санатты учаскелерді қымталуға тексеру беріктікке сынама жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
610. Құбырларды сынау үшін қолданылатын ауа құбырлардан мүмкін болатын ағуларды анықтау үшін қысылады.
611. Жолды қымталуға тексеру кезінде қарауды жұмысшыдан сынама қысымын төмендеткеннен кейін жүргізеді.
612. ағуды көзбен шолып, дыбысы, иісі бойынша немесе құралдардың көмегімен анықтаған жағдайда құбырдың учаскесі жөндеуге жатады.
613. Құбырларды беріктікке сынау және қымталуға тексеру бойынша жұмыстар жүргізу тәртібі жұмысты орындау әдісі мен кезектігін, ағуды анықтау әдістері мен құралдарын, өрт, техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қарастыратын технологиялық регламентпен белгіленеді.
614. Пайдалану кезінде қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін ұйым су асты объектісін пайдалануға құрылыс жобасымен, электрохимиялық қорғаныс, технологиялық байланыс құралдарымен, автоматика және телемеханика құрылғыларымен қарастырылған, жұмыстар кешені аяқталғаннан кейін қабылдайды.
4 - тарау. Құбыр жолдарын жөндеу
615. Құбыр жолдарын, бекіту және тарату арматурасын жөндеу ұйымның техникалық басшысымен бекітілген, жүргізілген зерттеулер негізінде жоспарлы – алдын алу жұмыстарының кестесі бойынша жүзеге асырылады.
616. Даңғыл және технологиялық құбыр желілерін жөндеу үшін, апаттық қор үшін жобамен қабылданған құбырлар қолданылады.
617. Құбырлар мен бұрулардың желілі бөлігінің жабдығын жөндеудің жоспар-кестесіне бекіту және тарату арматурасы қосылады, жөндеу және жоспарлы қызмет көрсету мерзімдері құбырлардың жеке жабдықтарының мерзімдерімен келісіледі.
618. Жоспар-кесте бойынша жөндеу арасындағы қызмет көрсетулер ұйымдастырылады және арматураны тексеру, техникалық қарау, ағымдағы, орта және күрделі жөндеу жүргізіледі.
619. Негізгі жұмыстар басталғанға дейін құбырдың жөнделетін учаскесінде қауіпсіз жұмыс үшін шаралар қолданылады:
катодты және құрғатудан қорғау қондырғылары өшіріледі;
желілі крандар жабылады және орта шығарылады;
жөнделетін учаскеден орта шығарылады;
құбыр екі жағынан кесіледі;
жөнделетін және жанасып жататын құбырлардың ашық ұштарында бұқтырмалар орнатылады.
620. Құбырларды жөндеу теңіздің толқуы үш баллдан көп емес болғанда жүргізіледі.
621. Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін жауапты басшы учаскені жөндеуге жататын учаскені сүңгуірмен тексеру актісімен танысуға міндетті.
622. Құбырға жөндеу жүргізу алдында қысым атмосфералыққа дейін төмендетіледі.
623. Құбырлардың учаскелерін оқшаулауды жөндеуге сәйкес біліктілігі бар сүңгуірлер жіберіледі.
624. Желімді құрылымдады тасымалдау, сақтау және дайындау кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын жұмыс жетекшісі қамтамасыз етеді.
625. Ауада полимерді желімді құрылымдарды дайындауға ашық оттан 10 м кем емес қашықтықта жол беріледі.
626. Су асты өткелінің учаскесінде құбыр беткейіндегі тесікті зақымданған учаскені құрсаулау арқылы жояды.
627. Құрсау дайындамаларын зақымданған беткейге төсеу және фольгадан құрсауды бекіту бойынша жұмыстар ЖҚҚ орындалады.
628. Құбырлар жөндеу аяқталғаннан кейін технологиялық регламентке сәйкес сыналады.
15 - бөлім. Көлік операциялары
1 - тарау. Мұз бойынша тасымалдау
629. Ұйым материалдарды мұз бойынша қауіпсіз тасымалдау бойынша технологиялық регламент жасайды, және қысқы уақытта қауіпсіз тасымалдау үшін сәйкес жабдықты қамтамасыз етеді.
2 - тарау. Теңіз тасымалы
630. Теңіз тасымалымен байланысты операциялар Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі № 265-І бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау ережесіне» сәйкес орындалады.
631. Ұйым персонал мен жүктерді тасымалдау тәртібін, қауіпті жағдайларда әрекет ету тәртібін көрсетумен, теңіз тасымалының қауіпсіздігі бойынша технологиялық регламент жасайды.
632. Теңіз объектісі қосымша көлік кемелерін арқандап байлау үшін арқанмен және персоналды қауіпсіз отырғызу немесе эвакуациялау үшін жоғарғы палубаға апаратын басқыштармен жабдықталады.
3 - тарау. Әуе тасымалы
633. Әуе тасымалымен байланысты операциялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігінде ұшудың негiзгi ережесiне сәйкес орындалады.
634. Теңіз қондырғысынан немесе одан тікұшақпен тасымалданатын персонал ұшу болу қауіпсіздігі бойынша ұшуға дейінгі нұсқаулықтан өтеді.
635. Тікұшақты су астында тастау бойынша тәжірибелік оқыту теңіз объектісінде жұмыс істейтін персонал үшін теңізде тірі қалу бойынша оқу бағдарламасына кіреді.
636. Персонал үнемі болатын тікұшақ алаңы әрбір ұшу және отыру кезінде өрт командасының мүшесінің қатысуымен, өрт командасымен қамтамасыз етіледі. Көбікті өрт сөндіргіштер дере қолдануға арналған режимде болады.
637. Тікұшақты адамдар үнемі болатын теңіз қондырғысына отырғызу және ұшыру тікұшақты отырғызу бойынша диспетчердің жетекшілік етуімен жүзеге асырылады.
16 - бөлім. Күкірт сутегінің әсер етуінен
негізгі қауіпсіздік талаптары
1 - тарау. Алдын алу шараларының жоспары
638. Күкіртсутегі күтілетін теңіз құрылыстарында сақтықтың қажетті шараларын анықтаумен, H2S жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік бойынша технологиялық регламент және алдын алу шараларының жоспары, персоналды H2S улы әсерінен қорғау және жабдық пен қоршаған ортаға агрессивті әсерін төмендету үшін қолданылатын шаралар жасалады.
639. H2S жұмыс істеу кезінде алдын алу шараларының жоспары жабдықты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, персоналды оқыту және тәжірибелік сабақтарды қамтиды.
640. Күкірт сутегінің көп мөлшерде ағуымен байланысты жағдай пайда болған кезде – оқиға болғаннан кейін алғашқы сағаты көлемінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне хабарлау.
641. Жұмыс аймағының ауасындағы H2S шоғырлануы анықталады, оған 3 мг/м3 тең ШРК жоғары жеткен жағдайда қорғаныс керек-жарағы мен ЖҚҚ пайдалану мен әсер ету шаралары қолданылады.
2 - тарау. Жабдықты қорғау
642. Күкірт сутегінің болуын күту кезінде сульфидті жарылудың алдын лау бойынша ТҚЖ, сағалық, технологиялық жабдық және коррозиялық-берік орындалған құбырлар қарастырылады.
643. Қондырғыда автоматты тұтандырғышпен жабдықталған, шамшырақ желісі орнатылады.
644. Объектіде күкірт сутегінің ауадағы шоғырлануы 0,5 ШРК жеткен кезде, барлық объект бойынша дабылдың дыбыстық және көзбен шолу белгісін берумен H2S анықтау және мониторинг жүйесі қарастырылады.
645. Теңіз құрылыстарында, күкіртсутегі күтілетін кезде ТҚЖ мен науаны қосатын бүркеніште, дірілді електе, бұрғылау ерітіндісін тасымалдау және сақтау учаскелерінде, желдету жүйесі үшін ауаны жинау учаскесінде, газдың ағуы мүмкін, сағалық жабдықтан, манифольдтан, қысыммен жұмыс істейтін үрдісті жабдықтан тікелей жақын жерде орнатылған H2S стационарлы тетіктері қарастырылады. Әлсіз желдетілетін немесе жабық учаскелерде жұмыс істеу кезінде персонал H2S ауыспалы газ талдағыштарымен қамтамасыз етіледі.
646. Теңіз құрылысында H2S анықтаудың негізгі жүйесі істен шыққан жағдайда пайдалануға дайын, H2S анықтау бойынша ауыспалы құралдар орнатылады.
647. H2S шоғырлануы ШРК 50 % асатын, сұйықты қайта өңдеу бойынша учаскелерде жұмыс істейтін персонал көмірсутекті газдардың немесе күкірт сутегінің шоғырлануы газ қоспасының жарылатын шоғырлануының минималды мәнінің 20 % жақындаған жағдайда, дыбыстық және жарық белгісін беретін жеке тетіктермен қамтамасыз етіледі.
3 - тарау. Жеке және ұжымдық
қорғаныс құралдары
648. Күкірт сутегінің ШРК асатын шоғырлану деңгейі кезінде, газдалу жағдайларында жұмыс істейтін персонал ауаны мәжбүрлеп берумен өңешті газға қарсы құралдарда немесе дем алу аппараттарымен жұмыс істейді.
649. Персонал баллондағы ауа қысымы персоналдың газдалған аймақтан кетуіне жеткілікті жұмыс ұзақтығына есептелген, өзін өзі құтқаратын дем алу аппаратурасының жиынымен қамтамасыз етіледі. Персоналға күкірт сутегінің маска астындағы шашты жабынмен қалыптасатын кеңістік арқылы дем алу жолдарына түсуінің алдын алу үшін сақал өсіруге жол берілмейді, беті тегіс қырылған.
650. Күкірт сутекті газдалу жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеу кезінде үнемі ауаны беруді қамтамасыз ету үшін ауа коллекторларының, өңештердің және маскалардың жүйесі қарастырылады.
651. H2S жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына сәйкес, эвакуациялау үшін арналған қосымша кемелер (теңіз кемелері, тікұшақтар) адамдарды орналастыру және сәйкес қауіпсіз ауа беруге арналған бөлікке ие. Эвакуация кезінде палубада жұмыс істеуге мәжбүр персонал дем алу аппараттарымен қамтамасыз етіледі.
652. Объектіде келесіні қамтитын, қосымша қорғаныс жабдығы орнатылады:
газға қарсы құралмен қарым-қатынас жасау үшін сыныптық тақталар;
анемометрлер;
сиреналар;
реанимациялық жабдық;
құтқару арқандары және байланған қауіпсіздік белдіктері.
653. Бұрғылау учаскелерінде H2S шоғырлану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Қорғаныс дем алу аппараттары келесі жағдайда, 30 секунд көлемінде қолданылады:
құралды көтеру;
бұрғылау ерітіндісін айналдыру;
цементтеу бойынша жұмыстарда;
шегенді жұмыстарда және перфорациялау;
ұңғыманы сынау;
іске қосу-реттеу, пайдалану мен жөндеу, мұнай газ өндіру жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізу.
17 - бөлім. Құтқару құралдары, жеке қорғаныс құралдары
1 - тарау. Жалпы ережелер
654. Құтқару құралдары және құрылғылар, құтқару құралдары мен құрылғыларын жабдықтау заттары мен жабдықтар платформаны пайдаланудың макроклиматтық жағдайлары кезінде пайдалануда сенімді.
655. ТМГҚ-да теңіз кемелерінде қолданылатын құтқару құралдарын қолдану кезінде, олардың нұсқаулығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 «Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы «Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі» сынау қоғамын тану туралы» қаулысына сәйкес қауіпсіздік шаралары пайдаланылады.
656. Жеке құтқару құралдарының саны (құтқару күртешелері және гидрокостюмдер) объектіде болатын барлық тұлғаларды бір уақытта құтқару үшін қажетті, екі есе норманы қамтамасыз етеді (ұйықтау бөлмелерінде және эвакуация кезінде жинау пунктерінде штаттық жиын бойынша). Жеке құтқару құралдарында суға түскен кезде жандандырылатын, люменесцензияланатын сызықтармен және белгі шамдарымен қызғылт сары бояуы бар.
657. Тұрғылықты бөлмелерде сақталатын, минималды жеке апаттық құтқару жиыны: гидрокостюм, құтқару күртешесін (жүзетін гидрокостюм), түтінге қарсы капюшон, отынға тұрақты қолғаптар және шамды қамтиды.
658. Бөлмеден тыс орналасатын, әрбір жұмысшының ЖҚҚ кешені келесіні қамтиды:
дулыға (шлем);
металл тұмсықтар мен ұшы бар қорғаныс аяқ киімін;
ұшқыннан қорғайтын комбинезон;
қолғаптар немесе жеңдер;
кем дегенде 10 мин қысылған ауамен өзін өзі құтқарғыштар (газдан құтқарғыштар), қорғаныс көзілдіріктері және құлақшындар.
659. Қорғаныс құралдары (арқандар, қайықтар, салдар, гидрокостюмдер, күртешелер және басқа) бекітілген кесте бойынша сыналады және тексеріледі. Қорғаныс құралдарын тексергеннен кейін келесі сынақ мерзімі туралы белгі (мөр, қалып) жасалады.
660. Құтқару және қорғаныс жабдығының тізімі жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетіледі.
2 - тарау. ТМГҚ ұжымдық құтқару
Достарыңызбен бөлісу: |